2-тапсырма. Тапсырма сипаттамасы: • Ғылыми білім саласы: Тірі жүйелер
• Құзіреттілік: құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру
• Мәнмәтін (контекст): жеке
• Танымдық деңгейі: орташа
• Ғылыми білім түрі: мазмұндық білім
• Жауап формасы: бір дұрыс жауапты таңдау
Тапсырма: Үйіне келген соң Самал құбырдан ағызып алынған
сумен сатып әкелген өсімдіктерін суарғысы келді. Бірақ, анасы бұл
сумен өсімдіктерді сәл кейінірек суарған дұрыс екендігін ескертті.
Неге өсімдіктерді құбырдан жаңа ағызылған сумен сауруға
болмайды? Бір жауапты таңдаңыз.
А) судың кермектігін азайту үшін қайнатып алу керек
В) суды қатты салқындатып алу үшін балконға шығару керек
С) құрамындағы зиянды заттары буланып кетуі үшін су біраз
тұруы керек
D) суды кішкене жылытып алу керек