Сананың болмыстық тіршілік ету тәсілі - ең алдымен оның әрекеті, белсенділігі, спонтандылығы. Сана - өзі-өзінде тынығып жатқан, өзіне өзі тең, өзіне-өзі барабар нәрсе емес, сана субстанция емес; оның басқа деңгейде тіршілік ететіні соншалықты, «тіршілік ету» ұғымы бұрынғы, қалыпты, өзімізге белгілі мазмұнда қолдануға мүмкін болмай қалады. Гуссерль пікірінше, сана болмысына – сананың әрдайым өз шекараларынан, өз шегінен асып-аттап отыру тән. Философиялық тілмен айтар болсақ, сана әрдайым трансценденеді - сана өз мазмұнын ұғына отырып өз шегінен аттап - асып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |