Жаңа Заман дәуірінде тіршілікті қабылдаудың бірден-бір, жалғыз парадигмасы табиғи дүние заттарының болмысы түрінде ғана болғандықтан сана болмысының табиғаты да заттар дүниесінің болмысы ретінде қабылданды. Декартта бірде «геs соgіtаns-пен» істес болсак, екінші жағдайда «геs ехtensа» түріне кез болатынымызды айтқан болатын. Яғни болмыстың негіздері ұқсас, сондықтан сана табиғи дүние болмысының үлгісі бойынша тіршілік етеді деп саналды. Мұндай «заттық» онтология сана болмысының өзіндік ерекшелігін, бірегейлігін ескермейді. Дәл осы ескермеушілікті, елемеушілікті болдырмау мәселесінде Гуссерль новаторлық көрсетті.