Гуссерль үшін басты проблема: Сана өзінің өзара байланысып, әрекеттесетін күрделі кұрылымды актілерінде өз тәжірибесінде істес болатыи нәрселерді қалайша табады? Бұл сұраққа «сана - өзі үшін пән болып табылатын, өзі бағытталатын нәрсенің бәрін қараңғыдағыға жарық шашып айқын көрсететін прожектор іспеттес» деп жауап беруге болады. «Біз істес болатын бір ғана қайнар бар, ол сана» деп атап көрсетеді Гуссерль. Түптеп келгенде, біз мағыналармен істеспіз. Бүкіл реалдылықты дәстүрлі дихотомиялық бөлініс бойынша: физикалық құбылыстар дүниесі және психикалық феномендер әлемі деп екіге бөлу орынды. Гуссерль сана мағыналарынын принципиалды түрде өзгеше екеніне назар аударады. Сана - тіпті басқа реалдылық -психикалық сферамен шарттылығына қарамастан, өз мазмұны бойынша психикалықтан тәуелсіз, дербес. Осыған байланысты Гуссерль философиядағы «психологизм» атаулыны қатаң сынға алады (кейін бірақ райынан кайтады). Ол «ойлау мен сананың мазмұнын психикалық процестерден туындату мүмкін емес» деп есептейді.