Гуссерль уақыттағы ішкі сана - жалпы уақытты қабылдаудың негізі екенін тұжырымдады. Өйткені, түптеп келгенде уақыт деген нақтылық жоқ. Біздің санамызда біздін, мәдениет жасап берген категория ғана бар. Физикалык уакытты өлшеудің негізінде сана өмірінен туындайтын процестер жатыр. Сана өмірі, түптеп келгенде, уақыттың айкын да нақты феномен ретінде орын алуына негіз болып шығады.
Сана тұжырымының механизмдерін талдауға бетбұра отырып, Гуссерль философия қатаң ғылым екендігі пікірін ұстанады. Бүл пікір философия - нақты ғылымдардағы ғылыми білімдердің құрылымының қағидалары мен үлгілері бойынша кұрылуға тиістілігімен байланысты емес. Гуссерль үшін философия - «бірінші пән». Философия -адам санасының өмірін құрап, жүйелеп, өте терендегі, фундаменталды мағыналардың пайда болуы мен туылуы процесіндегі іске бағытталады. Мұндай мағыналар нақты ғылымдар құрайтын, сүйенетін мәндерге қарағанда алғашқы болып табылады. Нақты ғьлымға әрдайым бастапқы кағидалар алғышарт болады, мысалы, астрономия саласы -физика ғылымы зерттейтін, бірақ астрономия мәселесі болып табылмайтын планеталар козғалысының зандарынан туындайды.