Батыс философиясы Қазіргі заманғы философияның жалпы сипаты және бағыттары



бет54/86
Дата31.12.2021
өлшемі474,66 Kb.
#21198
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   86

Бұлардың барлығынан туатын сұрақ бар. Ол мынадай: Таным әрекеті процесінде сана өзін қалайша жүзеге асырады? Сананың көрініс беретін, әрекет ететін режимі көп түрлі. Мысалы, «мен бір нәрсе жөнінде пікір айтамын, бір нәрсе туралы армандаймын, қиялға батамын, түс көремін, өмірде жоқ нәрселерді елестетемін (мысалы, кентаврды)».

Гуссерль үшін басты проблема: Сана өзінің өзара байланысып, әрекеттесетін күрделі кұрылымды актілерінде өз тәжірибесінде істес болатыи нәрселерді қалайша табады? Бұл сұраққа «сана - өзі үшін пән болып табылатын, өзі бағытталатын нәрсенің бәрін қараңғыдағыға жарық шашып айқын көрсететін прожектор іспеттес» деп жауап беруге болады. «Біз істес болатын бір ғана қайнар бар, ол сана» деп атап көрсетеді Гуссерль. Түптеп келгенде, біз мағыналармен істеспіз. Бүкіл реалдылықты дәстүрлі дихотомиялық бөлініс бойынша: физикалық құбылыстар дүниесі және психикалық феномендер әлемі деп екіге бөлу орынды. Гуссерль сана мағыналарынын принципиалды түрде өзгеше екеніне назар аударады. Сана - тіпті басқа реалдылық -психикалық сферамен шарттылығына қарамастан, өз мазмұны бойынша психикалықтан тәуелсіз, дербес. Осыған байланысты Гуссерль философиядағы «психологизм» атаулыны қатаң сынға алады (кейін бірақ райынан кайтады). Ол «ойлау мен сананың мазмұнын психикалық процестерден туындату мүмкін емес» деп есептейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет