Батыс тарих философиясыныњ негізгі



Pdf көрінісі
бет18/32
Дата05.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#90520
түріМонография
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32
тарихи үдеріске енгізудің факторларының бірі түрінде көрінеді.
Тарихи сана өзінің антиномияларымен ерекшеленеді. Ең алдымен 
бұл «өткен шақ – осы шақ» оппозициясы, мұндағы өткен шақ ұзақ 
мерзімділік, үдерістік, орнықтылық, қалыптасқандықты білдірсе, ал осы 
шақ тез ағымдылық, ахуалдылық, қозғалмалылық, беймазалықты 
білдіреді. Мұның шеңберінде барлық сәттері бойынша өзара 
терістеушілік орын алады, қаншалықты мызғымас, маңызды болса да 
өткенге бүгінгі күннің күйкі тіршілігі, мазасыздығы қарсы тұрады. Бұл 
полюстердің арасында түпкі алшақтықты бірте-бірте игеру орын алады, 
өйткені қазіргі заман оған қатынасына қарамастан қашанда жалпы 
қозғалыстың бөлігіне айналады, ал оның рухани бейнелері тәжірибені 
тасымалдау мен бекітудің шартына айналады. Тарихтың күрделі бетте-
рін ескермеуге, ұмытуға ұмтылу әрқашанда болады, бірақ тарихи 
қызығушылық ақыры соңында сананың көкжиегін кеңейтеді. Тарихи 
сананы үнемі құрастыру үдерісі, қазіргіні интеграциялау арқылы 
«ақтаңдақтарды» алып тастау болашаққа жол ашатын және онымен 
сіңісіп кететін өзектілік факторының ерекше рөлін ашады. Бейнелеп 
айтқанда, қазіргі заманның шуылының арасынан өткеннің жаңғырығы 
ғана емес, болашақтың үндеуі де естіліп жатады.
Тарихи сананың қалыптасу үдерісінің мейлінше айқын өзегі, негізі 
болады. Осыдан барып өзге оппозиция туындайды: сананың тасымал-
даушысын, субъектін айқындайтын «ұлттық – ұлттықтан тыс» 
(«өзіміз – бөтен»). Тарихи сананың қалыптасуының өзі туыстық 
байланыстармен қабысқан қоғамнан этногенез үдерісімен біріккен және 
сонымен бір мезгілде әлеуметтік-таптық әртектілікпен бытыраған 
адамдардың 
ұжымшылдығына 
өтудің, 
яғни 
өзге 
әлеуметтік 
динамиканың салдары болып табылады. Осы шешуші бұрылыстың 
нәтижесінде тарихи сананың негізгі субъектілері ретінде тұрақты және 
салыстырмалы түрде айрықша әлеуметтік-этникалық қауымдасты-
қтар түзіледі. Түпкі бастауларға, тамырларға қайта оралу, оттан ыстық 
отанына деген сүйіспеншілік онан ары оны қайта өндірудің, дамыту мен 
жаңғыртудың тұрақты қайнарына айналады. Бұл тұрғыдан алғанда 
тарихи сана этникалық өзіндік санамен теңгеріледі.


124 
Ұлттық төлтумалылықтың басымдылығы бір этникалық қауымның 
өзге жақын және алыс этникалық бірлестіктерге деген қатынасынан 
байқалады. Тарих салыстырудың сергектігін береді. Шындығында 
әртүрлі этностар мен халықтардың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, 
өмір тәртіптері тарихи қызығушылықты қалыптастырып, кейінірек 
тарихнамалық талдаудың деректік базасына айналған бастапқы 
фольклорлық ауызша және жазбаша мәтіндерден көрініс тапты. Тек 
мазмұны, баяндалуы жағынан ғана емес, тілі жағынан да «өз» және 
«өзгетілді» мәтіндерді салыстыру шарасы тарихнама шеңберіндегі 
ұлттық қондырғылар мен дәстүрлерінің қалыптасуының алғышартта-
рына айналады. Кейбір қосымша факторлардың ықпалымен бұл 
алғышарт кейде ұлтшылдықтың шегіне өтіп те кетеді. Сонымен, 
«ұлттық – ұлттықтан тыс» қатынасы тарихи сананы түзуші бастау 
түрінде көрінеді. 
Тарихи сана дәстүрмен тығыз байланысты. Өткеннің қоғамдық 
байланыстар жүйесін қайта өндіруге қабілетті, орнықтылыққа ие дәстүр 
қазіргі заман мен болашаққа ашық болып келеді.
Еңбек бөлінісінің пайда болуы, рухани өндіріс пен әлеуметтік 
әртектіліктің қалыптасуы сабақтастықтың тетіктерін өзгертеді, мәнді 
тәжірибені қайта өндіру мен өзектілендіру тарамдалады, тарихи сана 
өмір сүруінің арнаулы формалары пайда болады. Әрине бұл формаларды 
қоғамдық сана формаларының дәстүрлі бөлінісіне сәйкес, саяси, 
құқықтық, моральдық, діни, көркем, ғылыми-теориялық формалар деп 
атауға да болады, бірақ бұл жоғарыда айтылып кеткендей, тарихи 
сананың өзіндік феноменінің арқасында бірқатар түзетулерді қажет 
етеді.
Ең алдымен барлық бұл формалар белгілі бір рухани қызмет 
саласында бола отырып, одан тәуелділігін сақтайды. Бірақ енді қандай 
да бір халықтың саясатының, заңдарының, моралі мен дінінің, 
метафизикасының және т.б. нақты тілі әрбір осы аймақтардағы төлтума 
ұлттық сипатты анықтайтын мәдени дәстүр ретінде көзге түседі. Бұл 
аймақтардың әрқайсысын идеялық қамтамасыз ететін өздерінің «ойлау 
материалдары» болады, оларды сәйкесінше қандай да үлкен жүйенің 
ішіндегі бір танымдық жай жүйе рационалдайды, пайымдайды, мәселен: 
саяси ілімдер тарихы, құқық тарихы мен теориясы, теология, өнер, 
ғылым, философия тарихтары. Бірақ оларды төмендегіше жіктеуге де 
болады: қазіргі ахуалмен, оның міндеттерімен тікелей байланысты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет