Батыс тарих философиясыныњ негізгі


ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет23/32
Дата05.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#90520
түріМонография
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
Байланысты:
қazaқtanu-tarih-filos.

3 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ 
 
3.1 Қазақ халқы тарихи санасының қалыптасу ерекшеліктері мен 
оның зерттелу бағыттары 
Қазақ халқының төл тарихын XV ғасырдың орта тұсында өз алдына 
дербес хандық құрып, мемлекеттілігін қалыптастырған кезден бастасақ, 
оның тарихнамасы қалай түзілді деген заңды сұрақ туындайды. 
Қазақ халқы тарихының ғылыми-тарихи тұрғыда зерттелуі, егер біз 
тарихи ауызекі дәстүрді есепке алмасақ, XVIII-XIX ғасырлардан бастау 
алады. Батыс Еуропаның Шығыс елдерін жаппай отарлауынан кейін бұл 
бодан елдердің өткенін зерттеу мақсатында метрополия ғылымның 
шығыстану немесе ориенталистика деген салаларын қалыптастырды. 
Қазақтың және Орталық Азияны мекен еткен өзге де түркі тілдес 
халықтардың тарихын қалпына келтіруде еурославяндық шығыстанушы 
тарихшылар мен тіл мамандарының едәуір еңбек сіңіргенін теріске 
шығаруға болмайды. Олардың арасында Н.А. Аристовтың, В.В. 
Бартольдтың, К. Босворттың, В.В. Вельяминов-Зерновтың, А.И. 
Веселовскийдің, Е. Кальдің, А.И. Левшиннің, Лэн Пуль Стенлидің, Г.Н. 
Потаниннің, В.В. Радловтың, В.Г. Тизенгаузеннің, А.П. Чулошниковтың 
[130] және т.б. есімдерін ерекше атап өтуге болады.
Бұл зерттеушілердің еңбектері Кеңес дәуірінде онан ары 
жалғастырылды. Қазақ хандығының құрылуы мен даму тарихына 
қатысты қалам тартқан танымал тарихшылар қатарына мыналар 
жатқызылады: Е.Б. Бекмаханов, М.Х. Әбусейітова, К.М. Байпақов, З. 
Самашев, А. Қалышев, Ә. Төлеубаев, В.В. Востров, М. Вяткин, Ю.А. 
Зуев, Н. Ибрагимов, С.Г. Кляшторный, Н.Н. Мингулов, М.С. Мұқанов, 
К.А. Пищулина, Т.И. Сұлтанов, В.П. Юдин және т.б. Осы ғалымдар өз 
зерттеулерінде шығыстық жазба ескерткіштердің үзінділерін мейлінше 
көбірек пайдаланып, оларды ғылыми айналымға енгізе отырып, отандық 
деректану ғылымының қалыптасуына елеулі үлестерін қосты. Тарих 
философиясымен және тарихи зерттеулердің методологиясымен, 
деректанумен айналысатын еліміздегі тарихшы-медиевистердің бір тобы 
белгілі шығыстанушы-ғалым В.П. Юдиннің төңірегіне шоғырланды. 
Олар ортағасырлық шығыстық жазба деректерді салыстырмалы-мәтіндік 
талдау, оларды идеялық-саяси және текстологиялық ерекешеліктері 
бойынша жіктеу сияқты деректанулық мәселелерге үлкен көңіл қойды. 
Осының нәтижесінде ортағасырлық қазақ тарихына қатысты жазылған 
он жеті парсы және түркі деректерін жинақтаған «XV-XVIII ғғ. Қазақ 
хандығы бойынша материалдар» атты ұжымдық аударма-еңбек 
жарияланды. Қазақ хандығы дәуірінен мәлімет беретін бұл маңызды 
жазба ескерткіштер мыналар еді: «Тауарих-и гузидайи нусрат-наме» 
(«Жеңістер кітабының таңдамалы тарихтары», авторы белгісіз); «Фатх-
наме» («Жеңіс туралы кітап», авторы – Молла Шәді); «Шайбани-наме» 


160 
(«Шайбан туралы кітап», Камал ад-дин Бинаи); «Зубдат ал-асар» 
(«Жылнама қаймақтары», Абдаллах Балхи); «Та рих-и Абу-л-хайр-хани» 
(Әбілқайыр ханның тарихы», Мас уд бен Усман Кухистани); «Бадаи ал-
вакаи» («Таңғажайып оқиғалар», Зайн ад-Дин Васифи); «Та рих-и 
Рашиди» («Рәшидтің тарихы», Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати); 
«Тазкира-йи Ходжа Мухаммад Шариф» («Қожа Мұхаммед Шәріптің 
тұрмысы, авторы өзі); «Шараф-наме-йи шахи» («Шахтың даңқы 
кітабы», Хафиз Таныш); «Сығанақтан шыққан грамоталар»; «Бахр ал-
асрар фи минакиб ал-ахйиар» («Ізгі кісілердің биік қасиеттері 
құпиясының шалқар көлі», Махмұд бен Әмір Уәли); «Та рих-и Шах 
Махмуд бен Мирза Фазыл Чорас» («Шах Махмұд бен Мырза Фазыл 
шорастың тарихы», авторы өзі); «Та рих-и Кыпчаки» («Қыпшақ 
тарихы», авторы Қыпшақ-хан деген атпен белгілі Қожамқұли-бек 
Балхи); «Та рих-и Кашгар» («Қашқар тарихы», авторы белгісіз); «Ислам-
наме» («Ислам кітабы», авторы Шаир Ахун деген лақап атпен белгілі 
Молла Әбд-әл Әлім); «Фирдаус ал-икбал» («Бақыттың жұмақ бағы», 
Шир-Мұхаммед бен Әмір Ауаз-бий мираб, лақап аты – Му нис); «Та 
рих-и амнийа» («Аманшылық тарихы», Молла Мұса бен Молла Иса-
қожа Сайрами). 
Қазақ хандығы мен қазақ халқының саяси тарихынан, шаруашылық 
және әлеуметтік-мәдени өмірінен хабар беретін бұл жинаққа енбей 
қалған маңызды жазба деректер қатарына Қадыр Әлі би Қосымұлының 
«Жәмиғ ат-тауарихын», Захир ад-Дин Бабырдың «Бабыр-намесін»,
Фазлаллах ибн Рузбихан Исфаханидің «Михман-наме-йи Бухара» 
(«Бұхар қонағының жазбасы») еңбегін, Құрбанғали Халидтің «Тауарих-и 
Хамсасын» және т.б. жатқызуға болады.
Алайда бұл жазба деректердің басым көпшілігінің тимуридтік, 
шайбанидтік, аштарханидтік әулеттердің тапсырысымен жазылған-
дықтан, олар тарихты осы әулеттердің ыңғайына қарай бейімдеп жазуы-
мен, өздерінің тенденциялық, компилятивтік сипатымен ерекшеленеді. 
Олар да, кейінгі отаршылдық мүддесін көздейтін тарихнама да тарихи 
уақиғалардың хронологиялық тұрғыдан маңызды даталардың дәлдігін 
бергенімен, өткенді бұрмалап түсіндіруге жол береді. Осыдан ғылымда 
қазақтың төл тарихнамасы туралы мәселе келіп шығады. 
Ал шындығына келгенде, аталмыш кезеңнің, яғни XV-XVI 
ғасырлардың тек қазақ даласының ғана емес, бүкіл Еуразия кеңістігінің 
тарихы үшін маңызы бар екені даусыз. Бұл дәуір – моңғолдардың 
түріктеніп біткен кезеңі; Батыс және Шығыс Дешті Қыпшақты құрамына 
енгізген орасан зор империя Алтын Орданың ыдырап құлаған кезі; 
қазіргі түркі тілдес халықтардың – қазақтардың, өзбектердің, татарлар-
дың, башқұрттардың, ноғайлардың, қарақалпақтардың және т.б. қалып-
тасу уақыты. Бұл уақытта Бату әулетінің ұрпақтары жойылып, саяси-
тарихи аренаға қазақ, аштархан, қазан, қырым хандары әулетінің тегін 


161 
құрайтын Тұқай-Темір ұрпақтары мен Сібір мен Орта Азияға билігін 
жүргізген Шайбан ұрпақтары шығады. Бұл дәуірде қазақ және өзге 
ұлттық мемелекеттік бірлестіктер өз алдына дербес құрылды. Сондық-
тан да ортағасырлық Қазақстанның тарихын қалпына келтіру үшін екі 
тарихнаманы да, яғни көршілес отырықшы елдердің жазба деректерін 
де, өзінің өткен туралы тарих субъектілерінің өзінің жадын – даланың 
ауызша тарихнамасын да қосып біріктіре пайдаланған абзал.
Кез-келген дәуірдің қоғамдық санасының ажырамас бөлігі ретіндегі 
тарихи ойдың қоғамдық-саяси көзқарастар мен ғылыми білімдер 
жүйесін қалыптастырудағы рөлі мен орны барша жұртқа белгілі. Тарихи 
ой сол әрбір дәуірдегі тарихи оқиғаларды қалпына келтіріп қана қоймай, 
оның барысына, қоғамдық пікір мен дүниетанымға да өзінің ықпалын 
тигізері анық.
XVIII ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап, XIX ғасырдың 
орта шеніне дейінгі аралықта бытыраңқылыққа душар болған қазақ 
жүздері патшалық Ресей империясының толық боданына айналды. XV 
ғасырдың бел ортасында өз мемлекеттілігін құрған Қазақ хандығы 
дербестігін жоғалтып, отаршылдықтың қамытын мойнына артты. Егер 
ерте замандағы Қазақстанның территориясындағы саяси тарих ежелгі 
грек, иран, қытай дереккөздерімен дәйектеліп, ортағасырлардағы түркі-
моңғол дәуірі мен Қазақ хандығы кезеңіндегі тарихи оқиғалар араб, 
парсы, қытай деректерімен қатар, түріктердің төл жазба деректерімен 
айшықталса, ал отаршылдық замандағы саяси-этникалық, әлеуметтік-
саяси тарихы қазақтың ауызша тарихи білімімен қатар, орыстың тарих-
намалық ғылымы арқылы да сарапталынады. Алайда қазіргі заманғы 
мәселелерді шешуге ықпал ететіндей өткенді пайымдауда, одан тарихи 
тәжірибені алып пайдалана білуде тарихпен қатар тарих ғылымының да 
маңызы зор екендігін ескерсек, онда осы отаршылдық дәуірде жасалған 
ғылыми тарихи зерттеулерге көзқарастардың қайта бағалануы 
тұрғысынан сыни бағытта қайта қарау өзінің қажеттілігімен көзге түседі. 
Біз бұл жұмысымызда патшалық Ресей мен кеңестік дәуірлердегі 
қазақтың тарихнамасының кейбір маңызды мәселелерін қарастыруға 
тырысамыз.
Қазан төңкерісіне дейінгі тарихи мәселелерді зерттеумен айналы-
сып келген зерттеушілердің көпшілігі сол заманғы саяси жүйенің идео-
логиялық жамылғысын айтпағанда, аталмыш дәуір авторларының қал-
дырған тарихи-этнографиялық материалдарын ақпараттылық пен репре-
зентативтіліктің әртүрлі деңгейінде бір-бірімен байланыссыз, тұйық 
күйінде қарастырады. Тарихи деректер мен жекелеген еңбектерді сол 
дәуірдегі жалпы ғылыми танымның, философиялық және қоғамдық-
саяси, жаратылыстанымдық-ғылыми және тарихи ойдың даму ерекше-
ліктерінен тыс, осылайша фактографиялық тұрғыда сәулелендіру көп 


162 
жағдайда құрғақ эмпиризммен шектеліп, тарих ғылымының әдістемелік 
және танымдық қырларын жемісті түрде негіздеуді қиындатады.
Қазақстанның орысша тарихнамасы жаңазамандық дүниетанымдық 
және ғылыми төңкерістің нәтижесінде пайда болған ойлау логикасы мен 
еуроцентристік дүниетанымдық жүйені басшылыққа алып, зерттеуле-
рінде мұны методологиялық арқау ретінде пайдалана отырып, оны өз 
танымдық мәдениетіне енгізгенін айта кету керек. Тарихты филосо-
фиялық тұрғыда пайымдаған белгілі ғалым М.А. Баргтың атап 
өткеніндей, өткен тарихи дәуірлердің тарихнамасын түсіну «бір мәдени-
тарихи дәуірден екіншісіне өту барысында жүзеге асатын және 
тарихнамадағы «төңкерістердің» алдын алатын әлеуметтік-тарихи және 
дүниетанымдық құбылыстарды қаншалықты танығанымызға қарай ұлғая 
түседі» [131]. Ресейде Батыспен тығыз байланыстар бекіп, капиталистік 
қатынастар орныға бастаған бұл дәуірде орыстың зиялы қауымы 
батысеуропалық ойлау формасы және рухани мәдениетімен қатар, 
бұратана халықтарға қатысты империялық-шовинистік пиғыл-дармен де 
қаруланғаны жасырын емес. Дегенмен, қазақ тарихына байланысты 
орыс тарихнамасының сіңірген еңбегін де теріске шығаруға болмайды.
Еуропалық ғылыми білімнің шығыстану тармағы ретіндегі орыс 
тарихнамасы аталмыш кезеңде негізгі екі бағытпен сипатталады: прак-
тикалық және академиялық. Бұл екі бағыттың өкілдері үшін де белгілі 
бір методологиялық ұстанымдар ортақ болғанымен, олардың ғылыми 
әрекеттерінің нақты мазмұнына келгенде кейбір ерекшелік белгілер 
табылады.
Қазақстан тарихнамасының академиялық тармағының өкілдері, 
әдетте, жаратылыстанымдық және гуманитарлық білімдердің белгілі бір 
деңгейін игеріп, жалпыеуропалық ауқымда кеңінен танымал болған 
зерттеушілер еді. Олардың қатарына В.Н Татищев, Г.Ф. Миллер, П.С. 
Паллас, И.П. Фальк, И.Г. Георги, Х. Барнадес, Г.И. Спасский, А.И. 
Левшин, Я.П. Гвардовский, Г.С. Карелин, И. Сиверс, К. Мейер және т.б. 
жатқызуға болады. Олардың көпшілігінің ғылыми-зерттеу қызметтері 
Ресейдің орталық ғылыми мекемелерінде немесе Ғылымдар академиясы, 
Азиаттық мұражай, Петербор, Мәскеу, Қазан, Харьков университеттері, 
кейінірек, Орыс географиялық қоғамы (1845 жылы ашылды) сияқты 
ғылыми орталықтармен тығыз байланыста өрбіді.
Қазан төңкерісіне дейінгі тарихнаманың келесі – практикалық 
бағытын негізінен ресми лауазымды адамдар - әскерилер мен шекаралық 
әкімшіліктің шенеуніктері құрады. Патшалық өкімет оларға әкімшілік-
шаруашылық қызметтеріне қоса, жергілікті жерден тарихи-этногра-
фиялық ақпараттарды жинауды жүктеді. Өз еңбектерімен қазақ тарих-
намасында іздерін қалдырған бұл тарихшылардың қатарында П.И. 
Рычков, И.Г. Андреев, С.Б. Броневский, Г.Ф. Генс анағұрлым танымал.


163 
Жергілікті тарихи өлкетанудың ғылыми-танымдық мақсаттар мен 
міндеттерге жауап бергенімен, отаршылдық саясаттың прагматикалық 
мүдделерін орындап, күшті саяси конъюнктураның да ізін қалдырып 
отырды. Қазақстанды тереңірек зерттеу үшін осы аймақтың материал-
дық және адами ресурстарын анықтау, басып алынған территорияның 
өндіргіш күштерін зерттеу сияқты прагматикалық мақсаттарға сәйкес 
академиялық экспедициялар жіберіліп отырды. Сол кездері бұл акаде-
миялық экспедицияның материалдары сияқты, жергілікті тарихнамалық 
шығармалар да түземдіктердің өмірінің барлық алуан қырын қамтыған-
дықтан кешенді сипатқа ие болды. 
Шеткері аймақтарды ғылыми зерттеудің тақырып ауқымы кеңейген 
сайын ғылыми әдебиетте саяхаттың беллетристикалық жанры да терең 
тарала бастады. Бұл жанрдың кең танымалдығы сол дәуірдің сәнімен 
ғана түсіндірілмейді, бұл – жаңадан басып алынған территорияларды 
кешенді игерумен сипатталатын отаршылдық пен буржуазиялық 
кәсіпкерліктің мүдделеріне жауап беретін әлеуметтік-экономикалық 
мұқтаждықтан да туындаған еді. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы 
бірқатар батысеуропалық саяхатшылардың аудармаларымен қатар, қазақ 
халқы туралы жазған П.С. Палластың (Путешествия по разным 
провинциям Россиийской империи. Спб.,1809. ч. 1-3), И.П. Фальктың 
(Записки путешествия. Полн. Собр. соч. ученых путешествий по России. 
Спб.,1824. т. 6.), Н.П. Рычковтың (Дневные записки путешествия в 
киргиз-кайсацкой степи. Спб., 1776) «күндізгі жазбалары» басылып 
шықты. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан туралы жазған 
бірқатар ғалымдар да өз ғылыми еңбектерін саяхатнама формасында 
жазды: А. Вамбери, К. Лебедур, А. Бунге, К. Мейер, А.И. Шренк, П. 
Гельмерсен, Т.Ф. Базинер, П.А. Словцов, Г.Ф. Генс және т.б. Бұлардың 
көпшілігінің еңбектері Ресейде ғана емес, шетелдерде жарияланған-
дықтан, еуропалық ғылымның игілігіне де жарады. 
Қазан төңкерісіне дейінгі орыс тарихнамасында қазақ тарихына 
қатысты шығыстанушы-ориенталистердің еңбектерін ерекше атап өтуге 
болады. Бірқатар зерттеушілер осы уақытқа дейін ғылымға беймәлім 
болып келген араб, парсы, қытай деректерін орыс тіліне аударып
ғылыми айналымға енгізді: Н. Бичурин, В. Тизенгаузен, И. Березин, В.В. 
Вельяминов-Зернов, В.В. Бартольд және т.б. Тікелей қазақ тарихы үшін 
төмендегі ғылыми еңбектердің маңызы жоғары: «Печенеги, половцы и 
тюрки до нашествия татар», «Заметки об этническом составе тюркских 
племен и народностей и сведения об их численностей» (Аристов Н.А.), 
«Исследование о касимовских царях и царевичах» (Вельяминов-Зернов 
В.В.), «Очерки по истории казак-киргизского народа в связи с общими 
историческими судьбами других тюркских племен» (Чулошников А.), 
«Военно-статическое обозрение земли киргиз-кайсаков» (Бларамберг), 
«Область сибирских киргизов» (Красовский М), «История Сибири» 


164 
(Миллер Г.Ф.), «Записки о киргиз-кайсаках Средней Орды» (Броневский 
С.Б.) және «Описание киргиз-казахских или киргиз-кайсацких орд и 
степей» (Левшин А.И.). Осы дәуірде өмір сүріп қазақ халқынан шыққан, 
өз халқының және қырғыздардың, Жоңғария мен Шығыс Түркістанның 
тарихы мен этнографиясын терең зерттеген талантты жас ғалым Шоқан 
Уәлиханов осы соңғы еңбектің авторын «қазақ халқының Геродоты» деп 
бағалағаны белгілі. Қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық ахуалын 
зерттеу үшін XIX ғасырдың соңында осы өлкеге арнайы жабдықталып 
жіберілген Щербинаның экспедициясының маңызы зор болды. Сондай-
ақ қазақтардың тілі мен дәстүрлі мәдениетін зерттеуде Алекторовтың, 
Потаниннің, Семенов-Тянь-Шаньскийдің, Радловтың еңбектері ерекше 
болды.
XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың бірінші 
жартысындағы қазақ халқы туралы тарихи-этнографиялық білімдердің 
жинақталуы бұл зиялы қауымның өкілдеріне осы халықтың әлеуметтік 
жағдайының, шаруашылық өмірінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің, 
жалпы мәдениетінің ерекшеліктері туралы теориялық тұрғыда ой 
қозғауға мүмкіндік берді. Қазақ халқының этникалық стереотиптері 
менпсихологиялық ерекшеліктері И. Сиверстің, Ф. Назаровтың, А. 
Янушкевичтің, С. Трофимовтың еңбектерінде мейлінше жақсы сипат-
талған. Қазақстандық тарихшы И.В. Ерофеева Қазақстандағы шетелдік 
екі тарихнамалық үрдістің де – отаршылдық және гуманистік үрдіс-
тердің де философиясы мен әдістемелік негізін француз ағартушы-
лығының идеялары, оның ішінде Монтескье мен Руссоның көзқарастары 
айқындайтынын жазады [132]. Жалпы алғанда, қазан төңкерісіне дейінгі 
қазақ тарихына қатысты жазылған орыс авторларының жұмыстарын 
бірнеше бағыттарға немесе теориялық бағдарларға жік-теуге болады. 
«табиғи шектер» теориясы (мысалы, Л.Ф. Костенко, А.И. Макшеев, М.А. 
Терентьев және т.б.) Ресейдің Қазақстан мен Орта Азияға дендеп кірген 
үдемелі қозғалысын еуропалық нәсілдің таралуы үшін адамзат тарихы 
дамуының табиғи барысы ретінде түсіндіреді. Бұл теорияға жақын 
келесі бір тұжырым Ресейдің жаулап алу саясатын этнографиялық және 
географиялық факторлармен негіздеуге тырысады, ол бойынша жазық 
жерге орналасқан орыс мемлекеті үнемі жер бетіне жайылуға ұмтылады.
Орыс тарихнамасындағы келесі бағыт Ресейдің агрессиялық пиғы-
лын қазақ сияқты тағы да басқа бұратана халықтарды ағарту деген 
желеудегі олардың «өркениеттік миссиясымен» бүркемелейді. Бұл 
авторлар өз жұмыстарында еуропалық өркениеттің басымдылығын атап 
көрсетіп, оны Шығыс өркениетінен жоғары қояды. Ал тағы бір келесі 
бағыт өзінің түп-тамырын тереңнен алады. Адасқан адамзатқа «ең дұрыс 
ілім – православиелік христиан дінін» таратудағы орыс халқының 
тарихи ұлы миссиясы туралы көзқарас өзінің бастауын XVI ғасырда 
пайда болған «Мәскеу – үшінші Рим» тұжырымдамасынан алады. Бұл 


165 
славянофилдік көзқарас XIX ғасыр мен XX ғасырда орыстың қоғамдық 
ойының өн бойын алып жатты десек, қателеспейміз. Орыстың қоғмадық 
ойындағы түбіршілдер мен батысшылдар полемикасының филосо-
фиялық талдау орыс ойшылы Николай Бердяевтің «Тарихтың мәні», 
«Ресейдің рухы» еңбектерінде біршама терең сипатталады.
Ал либералдық бағыттың өкілдеріне келсек, олар қазақ халқының 
отаршылдыққа қарсы қарым-қатынасын түсіністікпен қабылдауға 
тырысып, жергілікті халықтың тарихын, тұрмысы мен шаруашылығын 
зерттеуге көңіл қойды.
Ресейдің қол астындағы қазақтардың тарихына қатысты жазылған, 
әсіресе, әртүрлі басылымдарда жарияланған мақалалармен сипатталатын 
материалдардың көп мөлшерде болуы аталмыш мәселенің көкейтес-
тілігінен туындайды. Бірақ жергілікті халықтың тарихы мен мәдениетіне 
деген бұл қызығушылық патшалық өкіметтің отаршылдық саясатын іске 
асыру мақсатына бағындырылды.
Жарияланған материалдардың көпшілігі арнайы тарихи зерттеу 
деңгейіне көтеріле алмады және көбіне тек Рычков, Левшин сияқты 
білгір мамандардың еңбектеріне ғана жүгінетін компилятивті және 
тенденциялық сипатта болды. Көптеген мақалаларда айғақтық қателік-
тер, нақтылық пен қалаудың арасындағы сәйкессіздіктер кездесіп 
отырды. Бұл материалдардың маңызды құндылығы кәнігі зертеушінің 
өзге тарихи деректерде кездеспейтін сол заман үшін де, қазіргі заман 
үшін де мәнді айғақтарды аңғара білуімен сипатталады.
Орыс тарихнамасында Қазақстанның Ресейге қосылуы немесе 
Ресейдің қазақ даласын біртіндеп жаулап алуы екі жаққа не пайда береді 
деген сұрақтың төмендегідей жауаптары беріледі. Патшалық Ресей 
үшін: орыстардың сауда айналымының күшеюі; басып алған жерлердің 
табиғи ресурстарын пайдалану; жаулап алған территорияны Еуропа мен 
Азия арасындағы транзит ретінде пайдалану; орыстардың мануфактура-
лық өнімдерін өткізу рыногын дамыту; коммуникациялық байланыс-
тарды дамыту;переселендер үшін жер беру. Мұндай ой Л.Ф. Костенко-
ның, А. Семеновтың, Ф. Лобысевичтің, Ф. Щербинаның, Н.Н. 
Балкашиннің және т.б. еңбектерінде ұшырасады. Ал қазақтар үшін: 
орыстардың қолтығының астында сыртқы қауіп-қатердің жойылуы; 
руаралық қырқыстың тоқтатылуы; сауданы дамытып, отырықшылыққа 
көшу; әскери міндеткерліктен босату; өмір деңгейін көтеру; еуропалық 
өркениетке тартылу (И. Львов, Н.Л. Мордвинов, О. Шкапский және т.б.).
Ал қазақ тарихнамасында бұл кезең мүлдем басқаша реңмен 
сипатталады. Көшпелі қазақтардың ауызша тарихи білімінің негізінде 
қағазға түсіріліп жазылатын ортағасырлық шежірелік (арабша шаджарад 
бұтақ, тармақ дегенді білдіреді) дәстүр бұл дәуірде де маңызын 
жоғалтпай, онан ары жалғасын тапты. Аталмыш кезеңдегі ірі тарихшы-
лардың бірі Құрбанғали Халиди өзінің белгілі «Тауарих-и хамса» 


166 
еңбегінде қазақтың саяси-этникалық тарихынан біршама мағлұматтар 
береді. «Бес тарих» деп те аталатын бұл еңбектің бір тарауы «Ресейдің 
Шығыс Түркістанға аяқ басуы» деп аталады [126]. Қазақтың дәстүрлі 
тарихнамасындағы бұл стиль кешегі кеңес дәуіріне дейін азаматтық 
тарихпен бірге сақталып келді. Орталық Азияның тарихына қатысты ірі 
жазба дерек Әбілғазының «Түрік шежіресінен» кейін XVIII ғасырдағы 
қазақ тарихына қатысты жазба деректер аз. Бірақ бұл ақтаңдақтардың 
орнын Есім ханның, Тәуке ханның, Сәмекенің, Әбілмәмбеттің ұрпақ-
тарында сақталып келген шежірелер толықтырады. Қазақ халқындағы 
мұндай шежірелерге патша үкіметі саяси мән беріп, жергілікиі 
әкімшіліктиер арқылы жинатып отырды. Мұндай шежірелер архивтерде 
молынан ұшырасады. Осындай шежірелерді Т. Андреев, А. Андре, Н. 
Аристов, Б. Броневский, Н. Веселовский, Н. Городеков, В. Григорьев, Ә. 
Диваев,М. Ладыженский, Л. Мейер, Г. Потанин, Г. Саблуков, А. Ягман 
және т.б. орыс әрпіне көшіріп жинаған. Қазақ халқының өзі 200-ден 
астам ру-тайпалардан тұрса, солардың әрқайсысының өз шежіресі 
болды. Әр рудың өзінің шежіреші-насабшы ақсақал қарттары болды. 
Олар қары сөзге жетік болатын. Аталмыш дәуірдегі халық арасына 
танымал шежірешілер қатарына Ахмет Жантөринді, Мұса Шормановты, 
Абдолла Ниязов, Өтей Бөжейұлы, Қорғанбек Біржанұлы, Диқанбай, 
Саурық, Ережеп, Қылышбай, Күзембай, Торғай би және т.б. жатқызуға 
болады. Абай Құнанбайұлының, Мәшкүр Жүсіп Көпеевтің, Шәкәрім 
Құдайберді-ұлының, Нұржан Наушабаевтың, Алдаберген Нұрбек-
ұлының, Мұхамеджан Тынышпаевтың, Ибрагим Халфиннің және т.б. 
бұл шежірелік дәстүрді жазба деректермен, азаматтық ғылыми 
зерттеулермен шебер ұштастыра білгені белгілі.
Дегенмен, отаршылдық дәуірдегі қазақ тарихнамасының өзіндік 
ерекшеліктері болды. Батыстың белгілі ойшылы Бенедетто Кроченің 
тарихты филологиялық (компилятивті), поэзиялық (эстетикалық), 
риторикалық және тенденциялық тарих деп бөлетіні бар [133]. Көшпелі 
өмірқамын берік ұстанып келген қазақ халқының замана талабына ілесе 
алмай, бодандық бұғауын киген бұл заманда осы тарихнамалардың 
барлық түрлері де қабатынан кездесетін сияқты. Тарих пен 
тарихнаманың арасынан шыға отырып, жалпылай айтқанда, қазан 
төңкерісіне дейінгі қазақ тарихнамасында көрініс тапқан үш 
дүниетанымдық-мәдени бағдарды аңғаруға болады: дәстүршілдік бағ-
дарды ұстанған қазақтың зар-заман ақындары (Шортанбай Қанайұлы, 
Дулат Бабатайұлы, Мұрат Мөңкеұлы); батысшыл бағдар ұстанған қазақ 
ағартушылары (Шоқан, Ыбырай, Абай) және тәуелсіздік арқылы 
модернизация міндетін шешуге ұмтылған қазақтың ұлтшыл либерал-
реформаторлары (Алаш қозғалысы).
Шортанбай Қанайұлы дербестіктен айрылып, бодандық бұғауына 
түскен заманның құбылуын былайша суреттейді: 


167 
«Анты жұқпас бойына, 
Әрне түсер ойыңа 
Жалмауыз болды өлкенің 
Қазақ, сенің сорыңа. 
Арқадан дәурен кеткен соң, 
Қуғындап орыс жеткен соң, 
Тіпті амал жоқ, қазақтар, 
Енді сенің торыңа. 
Орыс – бүркіт, біз – түлкі, 
Аламын деп талпынды. 
Орыстан қорлық көрген соң 
Отырып билер алқынды» [134].
Дулат 
Бабатайұлы 
метрополиядан 
енген 
жаңалықтардың 
ықпалымен дәстүрлі құндылықтардың құлдырағанына қынжылады: 
«Кешегі бір заманда, 
Қасиетті еді хан, қараң, 
Қайран қазақ, қайтейін 
Мынау азған заманда 
Қарасы – антқор, ханы – арам. 
Төсекте жатып керіліп, 
Түзге отырса ерініп, 
Аяғын буған қойға ұқсап,
Мойынсұнып беріліп, 
Қол созбайды азатқа» [134].
Ал Мұрат Мөңкеұлы патшалық орыс мемлекетінің отаршылдық 
саясатын жеріне жеткізе әшкерелей түседі: 
«Еділді алса – елді алар, 
Енді алмаған нең қалар? 
Жайықты алса – жанды алар, 
Жанды алған соң нең қалар? 
Ойылды алса – ойды алар? 
Ойлашы, сонда нең қалар? [134].
«Зар-заман» поэзиясының бұл үш алыбының шығармаларының 
мазмұны терең пессимистік сарынға толы. Олар заманның дағдарысын 
айшықтап ашып бергенімен, ата дәстүрді көксегенімен, тығырықтан 
шығатын жаңа бағытты көрсетіп бере алмады. 
Ал XIX XIX асырдағы қазақтың рухани мәдениетінің көрнекті 
өкілдері Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин және Абай Құнанбаев 
өмірдің дәстүрлік формаларынан гөрі батыстық сананың формаларын, 
Батыстың қоғамдық институттары мен құндылықтарын игеруге 
шақырды. Егер зарзаман өкілдері дәстүршілдікке бой ұрса, ағартушылар 
Батыстан енген жаңашылдықтарды қабылдай отырып, білім мен 
ғылымды бақытқа жеткізер күш ретінде жоғары қойды. 


168 
Осы тұрғыдан алғанда, дәстүр мен жаңашылдық арасындағы 
тартыстың кезкелген ұлттың әлеуметтік-мәдени динамикасында, әсіресе, 
транзитті деп аталатын қоғамдарда орын алып, күрделі де қайшылықты 
мәселелердің қатарына жататыны белгілі. Олардың өзара әсерінің негізгі 
үш формасын анықтауға болады: біріншісі – жаңашылдыққа қарсылық 
көрсете отырып, оны теріске шығару және көне тәртіптерге сүйену; 
екіншісі – жаңашылдыққа бейімделе отырып, ескі дәстүрді бұзу; 
үшіншісі – жаңашылдықты құбылта отырып, оны дәстүрге сиятындай 
қалыпқа келтіру. «Тарих философиясының мәселелері: әлеуметтік-
мәдени үдерістегі дәстүр мен жаңашылдық» деген жинақтың ішінде 
қазіргі заманғы поляк зерттеушісі Е. Шацкий «дәстүр» мен 
«дәстүршілдік» 
ұғымдарының 
арақатынасын 
ашып 
көрсетеді. 
Дәстүршілдіктің, әсіресе оның екі формасының – консерватизм 
(консервация) мен архаизмнің (реставрация) дәл осы дәстүрдің бұзыла 
бастаған кезінде ғана орын алатындығы айтылып, дәстүр уақыты мен 
тарих уақытының арасындағы алшақтық, дәстүрдің бірмәнділігі мен 
тарихтың көпмәнділігі зерделенеді [215, 41 б.]. Бұл екі құбылыстың 
арасындағы тартыс Ресейде бірнеше ғасырға созылған славянофильдер 
мен батысшылдар арасындағы идеялық күрестен көрінсе, Қазақстанда да 
жоғарыда аталған екі бағдардың айырмашылығынан анық байқалып, 
бүгінгі тәуелсіздік тұсында да осындай полемикалық айтыс-тартыстың 
созылып келе жатқаны рас. 
Сонымен, ағартушылық тек элитарлық бағытта жүріп, отаршылдық 
жағдайында қазақтардың әлеуметтік-саяси мәселелерін, ұлттық 
бірегейлену мен ұлттық азаттық мәселелерін шеше алмады. Дегенмен 
бұл ағартушылық идеялар реформаторлықпен бірігудің нәтижесінде 
қоғамдық санада жаңа идеялық ағымдардың пайда болып, қазақтардағы 
Алаш қозғалысының сипатынан айшықты көрінетін, отаршылдық езгіде 
қалған елдердің әлеуметтік-саяси және рухани дамудың жаңа сатысына 
жету жолындағы саяси және мәдени модернизация үшін болған күреске 
жол ашты. «Қазақ» газеті мен «Алаш» қозғалысының төңірегіне 
топтасқан қазақ зиялыларының бір тобы (Ә. Бөкейханов, А. 
Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытовтар) либерал-
демократиялық нұсқаларды ұлттық дәстүрге лайықтай отырып, 
тәуелсіздік үшін күресіп қана қоймай, өз шығармаларында сол 
замандағы қазақ тарихының ең өзекті мәселелерін көтерді. Олардың 
жан-жақты қызметінің бір қыры қазақ тарихнамасын да қамтиды. «Оян 
қазақ!» (М. Дулатов), «Тәңірі», «Түркістан», «Мен кім», «Тез барам» (М. 
Жұмабаев), «Қазақ өкпесі», «Тәні саудың жаны сау», «Қазақша оқу 
жайында» сияқты шығармалардың атауының өзі осыны меңзейді.


169 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет