Батыс тарих философиясыныњ негізгі



Pdf көрінісі
бет31/32
Дата05.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#90520
түріМонография
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
 


252 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
Сонымен, бұл монографиядағы зерттеу жұмысын қорытындылай 
келе, оның басты тұжырымдарын түйіндер болсақ. Біріншіден, тарихи 
сананың объекті болып табылатын тарихты зерттейтін ғылым 
салаларының пәндік айырмашылықтарын айқындап, тарихи санаға 
қатысты ғылыми әлемдегі тұжырымдамаларды талдау барысында 
зерттеу тақырыбының дүниетанымдық және әдіснамалық негіздері 
анықталды.


253 
Екіншіден, 
тарихтың 
кеңістік-уақыттық 
сипаттамаларын 
философиялық және ғылыми тұрғыда қарастырудың, уақыттың 
статикалық және динамикалық, субстанционалды және реляционалды 
тұжырымдамаларын, 
уақыттың 
объективті 
және 
субъективті, 
айналмалылығы мен бірбағытты қайтымсыз, абсолюттілігі мен 
салыстырмалылығы, үздіксіздігі мен дискреттілігі, шектеулілігі мен мен 
мәңгілігі сияқты қасиеттерін сараптау негізінде тарихи сананың 
қалыптасуы мен дамуына уақыт туралы көзқарастардың тигізген әсері 
зерделенді. 
Үшіншіден, тарихи сана ұғымына анықтама бере отырып, өзінің 
қалыптасуы барысындағы әр алуан формаларынан тарихи сананың 
көрініс беру ерекшеліктерін сипаттаудың нәтижесінде тарихи сананың 
мәні мен мазмұны, оның құрылымы мен деңгейлері айқындалды. 
Сондай-ақ, зерттеуде тарихи сана мен тархи таным арақатынасының 
диалектикасынан шыға отырып, қазіргі қоғамдық ғылым мен әлеуметтік 
философияда үстемдік етіп отырған екі әдіснаманың – дәурені өтіп бара 
жатыр деп саналатын формациялық парадигма мен жалпы ортақ 
теориясы болмаса да, негізгі субстанция ретінде өркениетті 
мойындайтын өркениеттік парадигманың аясындағы көшпенділік 
құбылысы 
талданды. 
Бесіншіден, 
шежіремен 
сипатталатын 
көшпенділердің тарихи білімі мен танымы, әлеуметтік жады мен санасы 
пайымдалып, ауызекі дәстүр мен шежіренің дүниетанымдық синкреттік 
сипаты, тарихи деректемелік қыры, тарихи әлеуметтік қызметтері 
сараланды.
Зерттеу жұмысының үшінші бөлімінде тарихи сана ұғымын 
әлеуметтік жады, мәдени ес, этностық зейін, мнемониялық уақыт пен 
кеңістік, әлеуметтік, мәдени, тарихи, этностық амнезия түсініктерімен 
байланыстырып, еуразиялық көшпелі өркениет тарихының тарихи 
реконструкциясын беруге талпыныс жасалды. Жетіншіден, тарихи сана 
феноменінің өзіндік әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, 
дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі тарихи сана көрінісінің формалары
тарихи 
сана 
қалыптасуы 
мен 
дамуының 
этномәдени 
және 
этноәлеуметтік компоненттері қазақ тарихы аясында қарастырылды. 
Мұның барысында еркіндікпен тәуелсіздік идеяларының қазақ халқы 
тарихи өзіндік санасының эволюциясының мазмұнын құрайтыны 
айқындалды. 
Келесі кезекте, тарихи сана қалыптастырудың ғылыми формасы – 
тарих ғылымының Қазақстанда қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу 
қазақтың 
дәстүрлі 
төл 
тарихнамасы 
шежірелерден 
бастап, 
шығыстанушы 
ориенталистердің 
және 
қазақстандық 
кәсіби 
тарихшылардың 
еңбектеріне 
тарихнамалық 
және 
әлеуметтік 
философиялық шолу жасау арқылы жүзеге асты.


254 
Тоғызыншыдан, бүгінгі тарихи сана мен тарихи танымға үлкен 
әсерін тигізіп отырған ғаламдық өзгерістер мен әлеуметтік үдерістермен 
қатар, әр алуан баламалық, историософиялық, әдіснамалық идеялар бой 
көрсетіп отырған қазіргі тарихи теориялық ой дамуының әлеуметтік 
философиялық астарлары, ойлы концептуалды тұстары да, даулы 
риторикалық тұстары да талдаудан өткізілді.
Ақырында, тарихи сана қазіргі қазақстандық қоғам болмысында 
сипатталып, жаңарту және жаhандану үдерістерінің жалпы тарихи 
санаға және ұлттық тарихи өзіндік санаға тигізіп отырған жағымды және 
жағымсыз әсерлері түйінделді. Жаhанданудың кері әсерінен аман қалып, 
мәдени төлтумалық пен рухани дербестікті сақтап қалудың кепілі 
тарихи өзіндік сананы жаңғырту екендігі тұжырымдалды. 
Әрине, тарихи сана тәрізді өте бір күрделі құбылыста барлық 
мәселелерді бір монографиялық зерттеудің көлемінде толығымен 
қамтып шығу мүмкін емес. Тарихтың дөңгелегін кері айналдырудың да 
ықтималдығы жоқ, сондықтан оның дәл бүгінгідей шапшаңдығында, 
тарихи сананың дәл қазіргідей тұрақсыздығында аталмыш тақырып 
талай зерттеулердің нысанына айналары даусыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет