Батыс тарих философиясыныњ негізгі


 Тәуелсіз Қазақстандағы тарихи сана және жаңару мен



Pdf көрінісі
бет28/32
Дата05.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#90520
түріМонография
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
қazaқtanu-tarih-filos.

4.3 Тәуелсіз Қазақстандағы тарихи сана және жаңару мен 
жаhандану үдерістерінің оған әсері 
Кеңестік дәуірде «тоталитарлық тарихи сана» үстем болғаны белгілі. 
Тарихи сананың мазмұнын құрайтын негізгі конституенттер, яғни 
тарихи сезімдер, тарихи таным мен тарихи білім бұл кезеңде саяси 
идеялар мен мемлекеттік идеологияның тікелей ықпалында болды. 
Тарихи сананың басты функциясы тоталитарлық мемлекеттің саяси 
мақсаттарын ақтау болды. Тоталитарлық тарихи сана да тарихи 
болмысты қабылдаудың ерекше бір типі болатын. Бұл типке тарихтың 
прогрессивті барысының қайтымсыздығына деген сеніммен, әсіресе 
«бақытты болашақ» деп түсіндірілетін коммунистік қоғамның 
келешегіне үмітпен сипатталатын мессиандық идея тән еді. Бұл тарихи 
сананың бұқаралық деңгейінде утопиялылықтың басымдылығын бекітті. 
Бәрі де «жарқын болашақпен» сипатталатын қияли арман-аңсардың 
жетегінде болды. 
Алайда, тоталитарлық тарихи сана өмірдің барлық қырын түсіндіріп 
беруге дәмелі болған әмбебап марксшіл-лениншіл дүниетанымның 
ықпалымен өткеннің тарихи тәжірибесін теріске шығарды. Осының 
салдарынан әлеуметтік тарихи дамудағы сабақтастық бұзылды. Тарихи 
мәдени тәжірибе үдерісіндегі ескі мен жаңа арасындағы объективті 
қажетті байланысты білдіретін сабақтастықтың үзілуі ескінің, яғни 
тарихи қалыптасқан қоғам үшін пайдалы ұрпақтан ұрпаққа беріліп және 
белгілі бір уақыт аралығында сақталып отыратын адамзат тәжірибесінің 
жалғастығы мен жиынтығы – дәстүрдің тамырына балта шабылуы 
есебінен жүзеге асты.
Бұл үрдістің тауар, ақша, пайда құндылықтарын алдыңғы орынға 
шығарған батыстық қоғамдарда да қарқынды жүргенін ескеру қажет. 
Дәстүр мен қазіргі заман арақатынасы ХХ ғасырдың 70-жылдары 
көптеген зерттеулердің нысанына айналды. Бұл екінші дүниежүзілік 
соғыстан кейін отаршылдық жүйенің күйреп, саяси дербестіктеріне ие 
болған дамушы елдердің дәстүрлі құндылықтарының батыстық 
либералды құндылықтармен қайшылыққа келуімен де байланысты болса 
керек. Капиталистік типтегі жаhандық модерндеу (жаңарту) үдерісінің 
әлемге таралуымен, онымен функционалды байланыста болған 
прагматикалық ғылым, әсіресе позитивті әлеуметтанудың бағыттары 
өткенге көз жұма қарады. Кеңестік қоғамда үстемдік еткен маркстік 
бағыттағы әлеуметтану болса, коммунистік жаңа формацияны 
қалыптастыру барысында дәстүр - ескішілдік, артта қалушылық, 
жетілмегендік рудименттері деп саналғандықтан, ол - жойылуы тиіс деп 
түсіндірді. Қалың бұқараның қалыпты өмірі мен әлеуметтік дамудың 


212 
алғышартын қамтамасыз ететін дәстүр, осылайша, надандық пен 
анайылыққа теңгерілді.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақстандық қоғамды модерндеу 
барысында туындаған қайшылықты үдерістерден, Г. Шалабаеваның 
пікірінше, мынадай тұжырымдар жасауға болады: «бүгінгі күні қоғамды 
жаңарту үшін жаңа технологиялар мен жаңа саяси және әлеуметтік 
құрылымдар қалыптастырумен салыстырғанда, рухани факторлардың 
маңызы бір де кем емес; қазіргі модернизация – ішкі де сыртқы да, 
төлтума да, кірме де факторлар өзара әрекетке түсетін қоғам өзгеруінің 
күрделі әрі қайшылықты тәсілі; модерндік өзгерістердің нәтижесінде 
қазақстандық әлеумет үшін мәдениетті өндірудің, таратудың және 
сақтаудың жаңа типі пайда болады» [167, 139 б.].
Кеңестік кезеңде тарихи уақиғалар формация, тап, құрылыс сияқты 
мейлінше жалпы және абстрактылы категориялар арқылы түсіндірілді 
де, тарих тұрлаусызданып, өзінің индивидуалды белгілерінен айрылды. 
Бәрінен бұрын, адамдардың көңіл-күйі, ойлау қыртысымен, яғни 
менталитет деген жалпы терминмен атауға болатын нәрселермен 
түсіндірілетін адамдардың шынайы болмысының қыртысы, яғни рухани 
қырының, рухани мәдениеттің зор зардап шеккенін айта кету керек. 
Қазақтың кәсіби философиясының өте көрнекті өкілдерінің бірі Ағын 
Қасымжанов халқымыздың өзіндік санасының тарихына қатысты қазіргі 
аянышты жағдайының себептерін былайша түсіндіреді: «Қазақтардың 
рухани мәдениетінің тарихын түсіну және жаңғырту жұмысындағы 
жағдайды сипаттайтын мәселелердің біріншісі оқыту мен білім беру 
үдерісі үшін іргетасты құрайтын тарихи зерттеулердің жалпы 
бағдарымен байланысты, ал ол, дәлірек айтқанда, жоқ болып отыр. 
Екіншіден, жоғары оқу орындарының тарих факультеттерін есепке 
алмағанда, қазақтардың рухани тарихының ғана емес, қазақ тарихының 
жалпы мәселелері де оқу-білім беру пәндерінің жалпы тізіміне кірмей 
қалды. Басқа көп нәрселер туралы айтылды (бұл керек те), көне Рим мен 
ортағасырлық Еуропа туралы, Бабыл мен Жаңа дүниені отарлау туралы 
көп айтылады, ал өзімізге жақын төңірек туралы, өлкенің тарихы мен 
халқымыздың өзіндік санасы туралы мүлдем ештеңе айтылмайды.
Үшіншіден, жалпы алғанда тарихшылардың, жекелей алғанда 
мәдениет тарихшыларының күш-жігері «тарих дегеніміз өткенге қарай 
төңкерілген саясат» ұстынымен бағдарланды, яғни оларды тарихты 
ыңғайға қарай бұрмалап пайымдауға, партияның негізгі бағытындағы 
«тербелістерге» сәйкес «тарихты қайта көшіріп жазуға» бағдарлады. 
Адамдардағы айғаққа деген, жауапкершілікті жұмысқа деген, дербес 
ойлауға деген талғамды өшіріп тастады, оның есесіне «сізге не 
жағымды» 
ұстынына 
сәйкес 
жағымпаздықты, 
субъективизмді 
қалыптастырды» [168, 5 б.].


213 
Кеңестік 
империяның 
ыдырауынан 
кейін 
оның 
бұрынғы 
территориясында тәуелсіз мемлекеттер достастығы қалыптасты. 
Кеңестік тоталитарлық жүйенің ыдырауы, дүниежүзін екі саяси лагерьге 
бөлген екі жүйе теке-тіресінен кейінгі жаңалықтар лебі, қоғамдық өмір 
мен адам болмысындағы терең өзгерістер посттоталитарлық немесе 
посткеңестік тарихи санадағы құбылыстарға да өз ықпалын тигізді.
Тәуелсіздік пен еркін дамуға деген ұмтылыс әрбір халыққа, ұлтқа, 
елге тән табиғи құбылысы. Мұны қазақ халқының отаршылдық пен 
тоталитаризмге қарсы шыққан үш жүзге жуық көтерілістерінің өзі 
дәлелдесе керек. 1991 жылы Қазақстан да өзге мемлекеттермен қатар, 
саяси тәуелсіздігіне қол жеткізді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі төмендегідей 
саяси аса маңызды шаралармен айшықталған оның атрибутикасынан 
айқын көрінеді: 1990 ж. 25-қазандағы Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі 
туралы 
Декларациясы 
(елдің 
территориясында 
республика 
Конституциясы мен заңдарының үстемдік етуі, республиканың жерге, 
жер 
қойнауындағы 
ресурстарға, 
халықтың 
мәдени-тарихи 
құндылықтары мен экономикалық, ғылыми-техникалық потенциалға – 
жалпы ұлттық байлықтарға иелік етуі және халықаралық қатынастарда 
Қазақстанның дербес субъект ретінде қимылдау құқығы сияқты аса 
маңызды мемлекеттік-құқықтық нормаларды бекітті); 1991 ж. 16-
желтоқсандағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі 
туралы Конституциялық Заң (Қазақстанды тәуелсіз, демократиялық 
және құқықтық мемлекет ретінде бекітті); 1993 ж. 28-қаңтардағы және 
1995 ж. 30-тамыздағы тәуелсіз Қазақстанның Конституциялары (ол 
бойынша Қазақстан – президенттік басқару формасындағы республика, 
унитарлық мемлекет); 1992 ж. 2-наурызынан БҰҰ толыққанды мүше 
ретінде қабылдану; қарулы күштерді құру; көпбағытты сыртқы саясат 
жүргізу; мемлекеттік шекараның бекітіліп бітуі және т.б.
Тарихта саяси тәуелсіздікке ие болғанымен, өз халқының әлеуметтік 
мәселелерін шеше отырып, әлемдік экономикадан өз орнын да тапқан 
елдер некенсаяқ, көпшілігі экономикалық тұрғыда сол бұрынғы 
метрополияға тәуелді болып қала береді. Қазақстан Республикасы 
тоталитаризм шырмауынан босап шығысымен өзінің тарихи таңдауын 
нарықтық қатынастары бар мемлекет құруға бағыттады. Бұл таңдау ескі 
кеңестік жүйенің қондырғыларынан арылып, мемлекет пен қоғам 
өмірінің барлық салаларын реформалауды талап етті. Экономикалық 
тәуелсіздікке жетуді көздейтін бұл реформалардың іске асырылуы 
мемлекетіміз бен халқымыз үшін кезек күттірмейтін мәселе болды. 
Және оның басты мақсатына мыналар жатады: қоғам мен мемлекеттің 
озық дамуы, халықтың тұрмысын сапалық тұрғыдан жақсарту 
мақсатында ұлттық экономика мен саяси өмірді, оның құрамдас 
бөліктерін замана ағымына лайықтап қайта құру және өзгерту. 


214 
Әлеуметтік бағдардағы толыққанды нарықтық экономикаға қол жеткізу 
үшін экономикалық реформалар төмендегі міндеттерді шешуі тиіс: 
еңбек, кәсіпкерлік түрлерін таңдау еркіндігі, әр түрлі меншік 
формаларының дамуы, толыққанды бәсеке, адамдардың экономикалық 
тұрғыдан өзін-өзі айқындауы, кәсіпкерліктің құқықтық-заңдылық 
негіздерін қалау; бюджет, салық, кеден салығы арқылы тұтыну рыногын 
қалыптастыруда мемлекеттік реттеуді белсенді пайдалану; табиғи 
ресурстарды орынды пайдалану негізінде әлемдік рынокқа ену, 
экономиканы қайта құру арқылы дайын өнім өндіруге көшу, технология 
мен техниканы дамыту; тауар мен қызмет түрлеріне бай рынок құру, 
кәсіпкерлікті өркендете отырып адамдардың материалдық және рухани 
қажеттіліктерін қанағаттандыру. 
Осы реформаларды жүзеге асыру барысында аса маңызды 
экономикалық өзгерістерге қол жетті. Жоспарлы, тәуелді экономикадан 
нарықтық ашық экономикаға өтіп, мемлекеттік иеліктен жекешелендіру 
процесі аяқталды. Ұлттық тәуелсіздіктің мәнді белгісінің бірі ретінде 
ұлттық валюта табысты енгізіліп, еліміз әлемдік нарық жүйесіне кірді. 
Ұлттық қаржы институттары, қалыпты екі деңгейлі банк жүйесі, тең 
құқықты меншік түрлері қалыптасып, кәсіпкерлік өмірге енді. Соған 
сәйкес қоғамның әлеуметтік құрылымы да өзгерді.
Алайда бұл реформалардың салдары терең әлеуметтік күйзеліспен 
сипатталды. Бұл түсінікті де, өйткені осыған дейін біз үшін таңсық 
болып келген нарықтық экономикаға өту өзгерістердің тек формальды 
сипатын ғана білдірмейді, рухани әлемдегі құндылықтарды қайта 
бағалаумен де сипатталады. Мемлекеттің саяси тәуелсіздігі қоғамның 
рухани еркіндігімен сипатталуы қажет. 
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ халқының қоғамдық санасындағы 
түбегейлі өзгерістер тарихи тағдырдың тәлкегімен ұмыт болған ұлттық 
дәстүр мен мәдениетті қайта жаңғыртуымен сипатталды. Бірнеше ғасыр 
бойы отаршылдық пен тоталитаризмнің ықпалымен мәдени деградация 
мен трансформацияға ұшыраған ұлттық мәдениетті қайта өркендету 
мемлекеттік деңгейде төмендегі міндеттерді шешуді жүктейді: ең 
алдымен 
ұлттық 
мәдениеттің 
негізін 
құрайтын 
түбегейлі 
(фундаменталды) құндылықтарды қайтару, яғни адамдарды рухани 
тұрғыда оятатын ұлттық тіл мен дәстүрді қайта жаңғырту; ғасырлар 
бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы – мәдени-рухани мол 
мұрасын игеру; осы уақытқа дейін тыйым салынып келген халықтың 
тарихи өткенін толығымен, жан-жақты зерттеулер арқылы қалпына 
келтіру, тарихи сананы қалыптастыру арқылы мәңгүрттік жағдайдан 
арылу. 
Бұл бағытта көптеген игі іс-шаралар атқарылды. 1995 жылы Абай 
мен Жамбылдың 150 жылдығының кең ауқымда атап өтілуі, 1997 
жылдың «Қоғамдық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске 


215 
алу жылы», 1998 жылдың «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы», 1999 
жылдың «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы», 2000 жылдың 
«Мәдениетті қолдау жылы», 2001 жылдың «Қазақстан тәуелсіздігінің он 
жылдығы» деп жариялануының, 2004 жылдан бастап «Мәдени мұра» 
мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырыла бастауы нәтижесіндегі 
атқарылған қыруар жұмыстар, сөз жоқ, елдің мәдени төлтумалылығы 
мен тарихи өзіндік санасын қалыптастыруға үлкен әсерін тигізді.
Ұлттық құндылықтары мен дәстүрлер жүйесін сақтаған халық қана 
өзінің рухани мәдениетін мен өзіндік дүниетанымын таныта алады. Ата-
бабадан қалған дәстүрге, мәдени мұра мен рухани құндылықтарға деген 
немқұрайлылық 
ассимилияциямен 
сипатталатын 
ұлттық 
трансформацияның келеңсіз құбылыстарына әкеліп соқтырады. Ал 
мәдени мұраға деген ілтипаттық қатынас пен оны байыту жалпы 
адамзаттық, әлемдік мәдениетке қосылған үлес болып табылады. 
Әлемдік өркениетке ену және өзіндік атсалысу осы ұлттық 
ерекшеліктерді сақтай отырып, дамыту арқылы ғана жүзеге асады.
Ұлттық мәдениетті түлетуде ана тілі түбірлі мәнге ие болады. Тіл 
ұлттық болмыстың өзекті тірегі және этностық тұтастықтың түпнегізі 
болып табылады. Тіл – халықтың барлық өткен мәдениеті мен тарихи 
өзіндік санасы материалданып жинақталып сақталатын негізгі кілтипан. 
Қазақы ойлаудың ұлттық ерекшелігі оның тіліндегі «әдеби 
демократизмнен де, қорғасындай салмақты даналықтан» да көрінеді. 
Көшпенділік өмірдің сан ғасырлық және сан салалық тәжірибесін тал 
бойына сіңірген ұлттық тіл жиырмасыншы ғасырда жойылудың аз-ақ 
алдында қалды. Қазақтардың көпшілігі ана тілін ұмытуына байланысты 
қазақ тілінің қызметтік өрісі тарылып, соның салдарынан ұлттық 
мәдениеттің жалпы қуаты кеми бастады. 1989 жылы қабылданған «Тіл 
туралы заңда» қазақ тілі мемлекеттік деп, ал орыс тілі ұлтаралық 
қатынас тілі деп жарияланды. Бұл тілдік мәртебелер 1993 жылғы 
Қазақстан Республикасының Ата заңында бекітілді.
Еркіндіктің самал лебін сезінген қазақ халқы ұзақ уақыт бойы 
нұқсан шеккен сананы емдеуге бет бұрды. Тұншығып келген дәстүрлі 
әдет-ғұрыптар жаңғыртылып, «Наурыз», «Ораза айт», «Құрбан айт» 
мерекелері жыл сайын тойлана бастады. Шындыққа шөліркеген халық 
тарихи ақтаңдақтардың бетінің ашылуына орай кезінде кеңестік 
идеологияның қысымымен бұрмаланған жәйттермен және тарихи 
жадыдан зорлықпен өшіртілген есімдермен қайта қауышты. Сан 
ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы – мәдени-
рухани мұрасы қайта игеріле бастады.
Бұрыңғы кеңестік идеологиялық схемалар мен рухани қондырғылар 
қирағаннан кейін орын алған дүниетанымдық вакуумның орнын 
толтыру үшін халықтың өткен заманның мәдени-рухани мұрасына қайта 
бет бұруы заңды құбылыс болып табылады. Қазақ халқы үшін осы асыл 


216 
қазынаның ішіндегі жақұты, рухани кемеңгерлердің ішінде шоқтығы 
биігі Абайдың орны ерекше еді. Абайдың шығармашылық кезеңі 
дәстүрлі қазақ қоғамын өз дамуының жаңа деңгейіне және әлеуметтік 
болмыс тәсілін түбірімен өзгертуге әкелген тарихи уақыттың аяқталған 
сәтіне дөп келді. Бұл жерде біз патшалық Ресейдің отаршылдық 
саясатының барлық жерде енгізіліп, казақ қоғамының саяси және 
мемлекеттік дербестігінің айрықша белгілерінің біртіндеп жойылуымен 
сипатталатын Қазақстанның Ресейге күштеп қосылу үдерісін айтып 
отырмыз. Түбегейлі төңкеріс қазақ қоғамының тек өмірқамының 
тәсілінде, экономикалық және шаруашылық өмір тәртібінде, 
мемлекеттік-аумақтық басқарылуында ғана емес, сонымен қатар 
психологиясында, мәдениеті мен көңіл-күйінен де орын алды. Бұл осы 
ойшыл-ақынның дүниетанымын қалыптастырған жағдай бүгінгі күні де 
өз өзектілігімен тарихи тұрғыда қайтадан алдыға шықты.
Абай дәурені өтіп бара жатқан көшпелі өркениеттің сыншысы және 
туып келе жатқан жаңа отырықшы өркениеттің куәгері болды. Ол 
осыған орай туындайтын қайшылықтарды, бір дәуірден екіншісіне 
өтудің адам үшін қаншалықты ауыр болатынын бар жан-тәнімен, 
жүрегімен терең ұғынды. Бұл бүкіл халықтың менталитеті мен 
психикасын сапалы түрде өзгертеді. Бұл үдеріс міндетті түрде үлкен 
қасіреттермен, шығындармен қатар, қабылданатын жаңашылдықтармен 
қосыла жүреді. Абай өз халқын оларды түбірімен өзгертетін ғылым мен 
білім, жоғары өркениет әлеміне шақырады. ХХ ғасыр таңының атуын 
көрген Абай осы белгісіз болашақтың барлық ауыртпалықтарын өз 
бойында көтере отырып, адамдардың осы қиыншылықты жеңуіне, 
адамнан жоғары руханилық пен табандылықты талап ететін осы күрделі 
жолға олардың өздерін дайындауына көмек қолын созып, «Адам бол!» 
деген үндеу тастайды. Бүкіл жиырмасыншы ғасыр ұлы ойшылдың 
болжамдарын дәлелдеп берді. Белгілі философ Ғарифолла Есімнің 
«Хакім Абай», «Сана болмысы» (он кітаптан тұратын философиялық 
проза 
сериялары) 
монографиялары 
дала 
данышпанының 
шығармашылығын 
жаңа 
қырынан 
талдаған 
еліміздің 
гуманитаристикасындағы елеулі құбылыс болды [168].
1996 жылы жыр алыбы Жамбылдың жүз елу жылдығы мен 
заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың жүз жылдығы 
елімізде кеңінен аталып өтті. Осы 90-жылдардың орта тұсынан бастап 
ТМД кейбір елдерінде қалыптасқан саяси-этностық ахуал мен елдің ішкі 
этноәлеуметтік және этнолингвистикалық жағдайларына байланысты 
Қазақстанның мемлекеттік ұлттық және мәдени саясатында кейбір 
өзгерістер 
байқалады. 
Саяси 
тұрақтылық 
пен 
ұлтаралық 
ынтымақтастықты сақтауға бағытталған бұл саясат мәдени плюрализмді 
жетекшілікке алды. Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасының 1995 


217 
жылы қабылданған Ата заңында көрініс тауып, онда тілге қатысты 
мынадай қалыптар бекітілді:
«7 бап. 1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі 
болып табылады. 
2. Мемлекеттік мекемелер мен жергілікті басқару органдарында 
қазақ тілімен бірге ресми түрде орыс тілі қолданылады. 
3. Мемлекет Қазақстан халықтарының тілдерін үйрену мен дамытуға 
жағдай қалыптастыруға қамқорлық етеді» [169].
Тіл саясатындағы мұндай бағыт республика тұрғындарының 
полиэтностық сипатымен қатар, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде 
функционалды, коммуникативті және мәдени-ғылыми қажеттіліктерді өз 
дәрежесінде өтей алмауынан да туындады. Бұл мәселенің қақтығыссыз 
эволюциялық жолмен шешілуі Президенттің қолдауымен жарияланған 
Қазақстан Республикасы тіл саясатының Концепциясынан (қараңыз, 
«Казахстанская правда» газеті, 6 қараша, 1996 ж.) және 1997 жылдың 11 
шілдесінде қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» 
заңынан көрініс табады.
Осы жылдардан бастап елімізде бейбіт өмір мен азаматтық келісімді 
насихаттау арқылы мәдениеттің дамуы мен қайта өрлеуін қамтамасыз 
ету саясаты жүгізілді. Бұл саясаттың маңыздылығы нарық 
қыспағындағы экономикалық-әлеуметтік жағдай тудырған адамды 
ашындырушы 
және 
дау-жанжалдық 
ахуалдардың 
этносаралық 
қатынастарға аударылып, соның салдарынан туындайтын саяси қауіп-
қатердің алдын алумен айқындалды. 
1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі одақтас 
республикаларда жарияланған егемендік жалпыхалықтық референдум 
негізінде емес, бұрынғы саяси жетекшіліктің шешімімен жүзеге асты. 
Нәтижесінде тарихи тағдырларына орай мәдени және этностық тұрғыда 
әртекті 
мемлекеттік 
бірлестіктерге 
айналған 
республикаларда 
бірегейліктің (идентичность) қалыптаспауы салдарынан егемендік 
идеясы ауада қалқып қалғандай әсер де туғызады. Бірегейлікті 
қалыптастырудың бірнеше ең басты тетіктері болуы мүмкін: діни 
бірегейлік, мәдени төлтумалылық және саяси бірегейлік. Қазақстанның 
жағдайында бірегейліктің нақты үлгісін табу ең бір қиын мәселелердің 
бірі болып қалды. Осы себепті де ұлттық идеяны табу бұқаралық 
ақпарат құралдарынан бастап, арнайы ғылыми жобаларға дейінгі өзекті 
тақырыптың нысанына айналды.
1995 жылы құрылған Қазақстан халықтары ассамблеясының үшінші 
сессиясында және өзінің «Тарих толқынында» еңбегінде ел басы 
Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселені шешуде екі деңгейлі көзқарас 
керектігін айтады. Оның алғашқысы «азаматтық әрі саяси бірлікті 
қазақстандықтарда қалыптасқан саяси құндылықтарды басым тетікке 
айналдыру арқылы қалыптастыру... Оның мәні - өзіміздің азаматтық 


218 
саяси тағдырымызды барша азаматтардың тағдырымен бірдей дәрежеде 
қорғайтын Қазақстан мемлекетімен ұштастыруда жатыр. Бұл біздің 
бірлігіміз бен орнықтылығымыздың іргетасы. Бірегейліктің екінші 
деңгейі қазақтардың өздерінің ұлттық бірегейлігіне байланысты... Бұл 
қазақтың ұлт ретінде өзін өзі түсінуі мен рухани өрістерін анықтау 
мәселесімен байланысты» [170, 192 б.]
90-жылдардың екінші жартысынан ұлтаралық келісімді сақтау мен 
дамытуға негізделген мемлекеттік саясат логикалық жалғастықпен 
дәйекті түрде жүргізілді. Бұл сөз жоқ, мемлекеттік тәуелсіздіктің негізгі 
өзегі болып табылатын жаңа ұлттық сананың, жаңа азаматтық 
сәйкестіліктің және жаңа отаншылдықтың орнығуына үлкен ықпал 
ететін маңызды шаралар болды. 
1937 
жылғы 
жаппай 
қуғын-сүргіннің 
алпыс 
жылдығына 
байланыстыра отырып, 1997 жылдың «Қоғамдық келісім және саяси 
қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып жарияланғаны ел үшін 
де, халық үшін де ауадай қажет шешім болғандықтан барша 
қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болды. Тоталитарлық 
биліктің өктемдігі тұсында тауқыметті халқымыздың басына түскен 
орасн зор зұлматтың қанқұйлы қасіретінің енді қайталанбауын көзі тірі 
ұрпақ келер ұрпаққа аманат етіп тапсырды. Тоталитарлық өткеннің бұл 
тақсыретті тағылымы осыдан дұрыс қорытынды шығарып, ел дамуының 
өркениетті де ізетті үрдісін ұстануға, өшпенділік пен кекшілдіктен гөрі 
жарастық пен кешірімді ұстануға үндейді. Жазықсыз құрбандар рухына 
бас ию қазақтарға тән аруақ ұғымын, тәубеге келу мен обал-сауап 
ұғымдарын қайта тірілткендей болды. Тарихи әділет үстемдік алып, 
зерде жаңарды және сана сауықты. 
Келесі 1998 жылдың «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп 
аталуы жоғарыда келтірілген саясаттың заңды жалғасы болды. Төл 
тарихты тану арқылы Қазақстан халықтарының береке-бірлігін, 
ынтымағы мен жарастығын, достастығы мен туыстастығын одан әрі 
нығайту мақсат етілді. Жетпіс жыл бойы халқымыздың өзіне лайық 
тарихы тұмшаланып айтылмай келген, айтылса да саясаттың ыңғайына 
қарай бұрмаланып, теріс түсіндіріліп келгені белгілі. Сондықтан да 
тәуелсіздік тынысымен арқаланған халықтың өз тарихы мен тағдырына 
бет бұруы заңды құбылыс. 
Бұл жылдың көтерген жүгі де, атқарған ісі де ауқымды да аумақты 
болды. Бұл жылы төл тарихымызды, елдік дәстүр, халықтық тағдыр 
талайымызды танып-білуде, ескерткіш мұрағаттарымызды жинастыру 
мен сараптауда біраз жетістіктерге қол жетті. Бұған дейін қол жетпей 
жүрген деректер, білмей жүрген рухани қазыналар жарыққа шыға 
бастады. Шетел мұрағаттарынан да туған тарихымызға қатысты 
құжаттар жинақталып, оқырман игілігіне ұсыныла бастады. Осы 
жинақталған мәдени мұра мен рухани қазынаның дәнін тауып, сөлін 


219 
сүзіп ұлттың кәдесіне жарату зиялы қауым мен ғылымдарға жүктелетін 
шаруа. 
Келесі жылдың «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп 
жариялануының аса саяси мағыналық астарымен қатар үлкен 
символикалық мәні де болды. Қазақстандықтардың тұтастығын мақсат 
ете отырып, өткен тарихтың тағылымдарын терең ұстанып, оның 
өміршең дәстүрлерін өрнекті түрде жалғастыра білу шынайы ұрпақтар 
сабақтастығы бар жерде ғана мұратына жете алады. Осы жолда 
халықтардың бұдан да қиын сындар тұсында қалыптасқан, алайда 
рухани қажетіне сай тиісінше кәдеге асырылмай, қоғам мүшелерінің 
сұранысына толық ие бола алмай, сыртқары қалып отырған ішкі 
құндылықтарды қайтадан пайымдап, қазіргі заман қажетіне дер кезінде 
жарата білудің маңызы зор.
Нарықтық қатынастардың қыспағында қалған осы тұста аталған 
жылға байланысты құрылған Мемлекеттік комиссия төмендегі 
міндеттерді арқалап, оны орындауға күш салды:
- нарық өзгерістері мен қоғамдағы демократиялық үдерістерді 
тереңдетудің әлеуметтік негізін нығайту;
- Қазақстан халқының барлық әлеуметтік және ұлттық, діни 
топтарын елімізді жүргізіліп жатқан реформалардың идеясы төңірегіне 
жұмылдыру; 

жаңа саяси, этностық, кәсіпкерлік іс-әрекет мәдениетін 
қалыптастыруда түрлі саяси партиялар, қозғалыстар мен үкіметтік емес 
ұйымдар арасында өзара үйлесімді қарым-қатынастарға қол жеткізу;
- бірлік, ізгілік, әділет қағидаларын әлеуметтік мейірбандық және 
ұрпақтар сабақтастығымен ажырамас тұтастықта қарастыруға жетілуінің 
түпкілікті орын иеленуі.
Ал 2000 жылы, ғасырлар тоғысындағы жылдың ел басы жарлығымен 
«Мәдениетті қолдау жылы» деп жариялануы жалпы көпшіліктің 
тарапынан кең қолдау тапты. Халық пен ұлттың болашағы, оның 
мәдениеті мен білімділігінің деңгейі ғасыр басында қаланған іргетастың 
беріктілігіне байланысты. Қазіргідей қиын қыстау жағдайда қоғамдық 
өмірдегі рухани ізгілік пен мәдени құндылықтарды жаңғыртуға деген 
үміт осы жылды өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияға ауқымды 
міндеттер жүктелді: қоғамымыздың әлеуметтік және қоғамдық-саяси 
өмірінде мәдениеттің үстемдік құруын қамтамасыз ету; шығармашылық 
процестерді терең сезіну, қоғамның рухани салауаттылығына қолдау 
көрсетудің маңызды тетігі ретінде эстетикалық тәрбие беруді жақсарту; 
ұлттық тарих пен мәдениетті зерттеу және насихаттау, оны дамытуды 
ынталандыру.
2001 жылы отанымыздың тәуелсіздік алғанына он жыл толды. 
Тәуелсіздік шын мәнінде қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған 
арманы еді. Қазақтарға тән еркіндік оның дәстүрлі қоғамындағы дала 


220 
демократия үлгілерінен, тіпті оның этнонимінің этимологиясының 
өзінен де көрінеді. Сондықтан Тәуелсіздік Қазақстанның бүкіл тарихи 
дамуының сабақтастығын, республиканы мекендейтін барлық ұлттар 
мен халықтардың дамуының ортақтастығын қалыптастыратын, оларды 
өз мемлекетіне қызмет етуге бағыттайтын, мемлекеттіліктің өзегін 
құрайтын идея болуы тиіс. Тәуелсіздіктің негізгі принципіне Отанға 
деген шынайы сүйіспеншілікпен, мемлекеттік тіл мен ұлттық дәстүрге 
деген құрметпен, өз елінің егемендігі мен тәуелсіздігін жан аямай қорғау 
қабілетімен сипатталатын патриотизмді жатқызуға болады.
Елбасының бастамасымен қабылданып, бүгінгі күні іске асырылып 
жатқан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының бұл бағыттағы 
атқарар еңбегі ұшан теңіз. Өткеніне шекеден қарап, өз тамырын өзі 
қиғанның келешегі де болмайтынын ескерсек, ата-бабадан қалған 
рухани бай мұраны жоғалтып алмай, өскелең ұрпаққа табыстау елдің 
болашағын қамтамасыз етуге, қол жеткен тәуелсіздікті онан ары 
орнықтырып, бекіте түсуге орасан зор септігін тигізері сөзсіз.
Мәдени мұра халықтың тарихи санасын қалыптастыратын 
тыңайтушы орта болып табылады, ал әрбір халықтың өзіндік «Менін» 
ұғынуы оның өзінің тарихын, дамуындағы батырлық және қасіреттік 
кезеңдерін ескермей, оның әдейі жабылған беттері үшін өкініш пен 
қайғы, оның жетістіктері үшін қуаныш пен шаттық сезімдерін бастан 
кешірмей көзге елестету мүмкін емес. Тарихи өзіндік сананың мәдени 
мұраға деген сезімталдығы соншалықты, ол бір кездегі ұлы 
халықтардың ұрпақтарының рухани жалаңаштығы мен азғындығы үшін 
жауапты деген пікірді бекітуге болады. Халықтың өзіндік санасы мәдени 
және тарихи тамырдан ажыратылған болуы мүмкін емес және оның 
үстіне, ол жаңашылдық даму үрдісіне «сіңірілген» берік мәдени және 
философиялық дәстүрге сүйенбей дамуы мүмкін емес, дәл сол сияқты 
дәстүрді ескермеген қандай да бір мәдени жаңалық та болуы мүмкін 
емес. Халықтың өзіндік санасы мәселесімен сәйкестендірілген 
мәдениеттегі дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесімділігі мәселесінің 
дұрыс 
шешілуі, 
ол 
адамның 
іскерлік, 
шығармашылық 
мүмкіншіліктерінің 
дамуына, 
еркін 
шығармашылық 
тұлғаны 
қалыптастыруға негізделгенде ғана іске асады және бұл егеменді 
Қазақстанның тәуелсіз дамуының алғышарты болып табылады. 
Халықтың өзіндік санасын қалыптастыру мен дамытуда маңызды 
рөл ойнайтын мәдени мұра қоғамдық дамудың да аса маңызды 
катализаторы болып табылады» дейді академик Ә. Нысанбаев. Ұлттық 
қауіпсіздік ұғымы гуманитарлық қауіпсіздік түсінігі сияқты тек ішкі 
немесе сыртқы қауіп-қатерді ғана білдірмейді, сонымен бірге өткеннің 
ұлы құндылықтарына деген, мәдени дәстүрге деген лайықты қатынас 
қалыптасқан және қолдау табатын қоғамның толыққанды және 
мазмұнды рухани өмірін қамтамасыз ететін шарттардың, шаралардың 


221 
бүтіндей кешенін білдіреді. Сондықтан қоғамның қауіпсіз өмір қамын 
қамтамасыз етуде мәдени мұраның рөлі орасан зор, бірақ оның бағасын 
түсірумен қатар, асыра бағалауға да болмайды. 
Қоғамдағы мәдениетсіздік мәселесі де академикті алаңдатады. 
Қазіргі қоғамдағы гуманитарлық, рухани-адамгершілік қауіпсіздігі 
барлық жерде эрзац-мәдениеттің, ал кейде мәңгүрттік феноменінің өмір 
сүруінен, өзге көзқарастар мен идеологияны, дүниетаным мен жүріс-
тұрыс стереотиптерін таңудан байқалатын айқын мәдениетсіздіктің 
орын алуынан көрінеді. Бұл қауіп-қатердің шоғырының кеңдігі 
соншалық, ол бұқаралық мәдениет пен экстремизм идеяларының 
қысымынан бастап ашық шовинистік үндеулерге дейін, қазіргі 
мемлекеттердің көпшілігінің тарихындағы саяси модернизациялау 
процестері барысында бірнеше мәрте қайталанып отыр. Және біздің 
республикамыздың кезек күттірмейтін міндеттерінің бірі – өзге 
халықтардың мәдени мұрасымен сұхбат барысында қалыптасқан 
өзіміздің жинақтаған мәдени-тарихи тәжірибемізді сақтау және көбейту, 
сондай-ақ 
қазақстандықтардың 
болашақ 
ұрпақтарын 
дәстүрлі 
мәдениетке де, қазіргі мәдениетке де деген құрмет рухында тәрбиелеу, 
тұрғылықты халықтың білімділігінің жалпы деңгейін арттыру. Бұл 
мазмұны Қазақстанда демократияның гуманистік құндылықтарын 
бекітуге жалпы адамзаттық құндылықтарға қайшы келетін идеялар мен 
көзқарастардың 
кең 
таралып 
кетуіне 
мүмкіндік 
бермейтін 
«идеологиялық сүзгінің» негізгі шарттарының бірі болып табылады.
Қоғамдық дамудың құндылықтық негіздерін іздеу және оның 
салдарынан құндылықтардың белгілі бір жүйесін таңдау – бұл күрделі 
әрі қайшылықты, бірақ табиғи үдеріс. Жүйесі әлеуметтік реттелімнің 
анағұрлым жоғары деңгейі ретінде көрінетін құндылықтардың сатысы 
мен арнаулы жиынтығынсыз ешқандай қоғам да өмір сүре алмайды. 
Өйткені құндылықтар жүйесінде соның негізінде нормативтік 
бақылаудың мейлінше нақты және ерекшелендірілген жүйелері, сәйкес 
қоғамдық институттар және түбінде қоғамда белгілі бір тәртіп пен 
әртүрлі 
қоғамдық 
субъектілердің 
өзіндік 
«құндылықтық 
ынтымақтастығын» қамтамасыз етуді мақсат тұтатын адамдардың әрі 
индивидуалды, әрі ұжымдық мақсатты істерінің өзі жүзеге асатын 
әлеуметтің (қоғамның, топтың, индивидтің) мойындаған өлшемдері 
белгіленеді. Құндылықтардың осындай түсінігі адамдарды бір-бірінен 
бөлектендірмейді, ыдыратпайды, керісінше, «адамзаттық тұтастыққа» 
біріктіреді. 
Қазіргі 
Қазақстан 
жағдайында 
мұндай 
құндылықтық 
ынтымақтастыққа негіздер қалыптастыру қоғамның жаңа жағдайға 
өтуіне орай туындайтын объективті және нақты өмір сүретін 
қайшылықтарды, негізсіз амбицияларды, тамырлап алған келте ойлауды, 
әртүрлі идеологиялық конструкцияларды игерумен байланысты болып 


222 
отыр. Алайда бұл үдерістің маңыздылығын қайта бағалау өте қиын, 
өйткені жаңа құндылықтық өлшемдер мен бағдарларды анықтау тікелей 
оның тұрақты және жүйелі дамуын сипаттайтын қоғамның біріктіруші 
күшін айқындауды аңғартады.
«...Ұлттық сана, - дейді Н.Ә. Назарбаев, - бүгінгі таңда, кейбір 
ымырашыл (либералдық) идеяларды үстірттеу игерген қалпында 
социалистік және дәстүрлі көзқарастардың қойыртпағы болып отырған 
кезде айрықша мән-мағынаға ие. Қарапайым ақиқатты түсінетін мезгіл 
жетті, жаңғырған (модернделген, жаңартылған Б.С.) сана әсте ұлттық 
аңсарға қайшы келмек емес. Керісінше, ұлттымыздың «МЕН» дегізерлік 
қасиетін сақтауға жаңғырған сана ғана кепіл бола алады. [170, 53-54 бб.]. 
Н.Ә. Назарбаевтың бұл қағидасы қазақтардың ұлттық санасын 
модернизациялау қажеттілігіне қатысты айтылған еді. Бұл қазіргі 
жаhандану және жаңарту үдерістерінің тарихи санаға әсері туралы сөз 
қозғауға мүмкіндік береді.
Әлемдік даму соңғы онжылдықтарда әр алуан мәдениеттер мен 
әлеуметтік институттардың күшейе түскен өзара ықпалымен, бұрын-
соңды 
болмаған 
динамикасымен 
сипатталатын 
белсенді 
трансформациялар кезеңін бастан кешіріп отыр. Жүзеге асып жатқан 
үдерістердің нәтижесінде жекелеген елдердің, аймақтардың және 
тұтастай алғанда әлемнің бет-бейнесі өзгеріске түсті. Бүгінгі күні бұл 
айғақты ешкім теріске шығармайды, бірақ, сонымен бір мезгілде, 
трансформация үдерістері мен оның соңғы нәтижелерінің мәніне 
қатысты пікірлер мен бағалардың мейлінше шашыраңқылығы 
аңғарылады. 
Қазіргі қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарда әлемдік даму 
үрдістері деңгейінде талданатын осы болып жатқан өзгерістерді 
пайымдауға арналған тәсілдердің бірі әрі бірегейі жаhандану теориясы 
болып табылады. Бұл теория бойынша, әлемдік қауымдастықтың дамуы 
жекелеген қоғамдар мен мемлекеттердің бүкіл әлемді қамти бастаған 
ғаламдық үдерістер мен қатынастарға тартылуы бағытында жүріп 
келеді. Әлемдік қауымдастық дамуының негізгі үрдістерінің бірі бола 
отырып, жаhандану экономикалық және саяси үдерістерге де, мәдени-
өркениеттік саладағы өзара қатынастарға да ықпалын тигізеді. Ол 
мемлекеттердің, мәдениеттер мен өркениеттердің алдына өздерінің 
дәстүрлі ерекше құндылықтық бағдарларын сақтай отырып, ғаламдық 
сипатқа ие болған қазіргі заманғы үдерістерге сіңу міндетін қойып отыр.
Соңғы кездері жаhандану және жаhанданушылық үдерістер барған 
сайын зерттеушілердің жіті назарына ілігіп, зерттеу нысанына айналып 
кетті. Жаhандану теориясы олардың шеңберінде әлемдік жүйе немес 
әлемдік қауым тұжырымдамасы белсенді түрде қалыптастырылған 
әлеуметтанымдық жүйелік теория мен халықаралық қатынастардың 
саясаттанымдық теориясының тоғысқан тұсында пайда болды. 


223 
«Жаhандандық» (кейде «ғаламдық» сөзі де қолданылады) термині ХХ 
ғасырдың 60-жылдарында В. Мурдың («жаhандық әлеуметтану» 
терминін айналымға енгізген) және М. Маклюэннің («жаhандық 
деревня» терминнін тұңғыш рет қолданған) жұмыстарында, осыған 
дейін «әлемдік», «халықаралық», «интернационалдық» ұғымдарының 
төңірегінде қалыптасқан қоғамдық өзгерістер дискурсында қолданыла 
басталды.
1980-жылдардың орта тұсында «жаhандану» ұғымын қалыптастыра 
және жұртшылыққа танымал ете бастаған Р. Робертсон болды және 
1980-жылдардың аяғында жаhандану теориясының төңірегіне әлемдік 
трансформациялану теориясы саласындағы зерттеулердің көпшілігі 
шоғырланды. 1990 жылы «Жаhандану мәдениеті» деп аталатын 
бағдарламалық мақалалар жинағы жарық көрді де, онда жаhандану дың 
негізгі теоретиктерінің жұмыстары жарияланды: И. Валлерстайннің, М. 
Арчердің, Р. Робертсонның, М. Фезерстоунның, А. Аппадураидің, Б. 
Тернердің және өзгелерінің еңбектері. Сол сәттен бері жаhандану 
туралы іргелі монографиялар бірінен соң бірі жарық көре бастады. 
Әсіресе Иммануил Валлерстайн мен Жак Атталидің еңбектерінің 
мейлінше танымал екендігі белгілі.
Біздің пікірімізше, әлемнің тұтастануы туралы тұжырымның 
пайдасына, біріншіден, бүгінгі күні жаhандық деп сипаттау қабылданған 
құбылыстардың өздерінің қандай да бір формада Жаңа және Қазіргі 
замандар кезеңіндегі әлем демуының магистралды бағыттарына тән 
екендігі 
айғақ 
ретінде 
шешіледі. 
Екіншіден, 
жаhанданудың 
индустриалдандыру, интернационалдандыру және модерндеу сияқты 
жалпы таралған үдерістердің нәтижесі екендігі күмәнсіз. Оның үстіне 
жаhандану 
үдерістерінің 
жеделдеуі 
осы 
үдерістердің 
интенсификациялануының салдары болып шықты. Енді осы модерндеу 
немесе жаңарту құбылысына қысқаша тоқтала кетсек. 
Әлемде, ең бергісін айтқанда, соңғы төрт ғасыр бойы жүзеге асып 
жатқан әлеуметтік, экономикалық және мәдени үдерістердің барлық 
алуан түрлілігін дәстүрден қазіргі заманға (модернге) қарай азды-көпті 
деңгейде біртұтас үдемелі қозғалыс аясында қарастыруға болады деген 
идея Жаңа замандағы бүкіл еуропалық әлеуметтік оймен тығыз 
байланысты. Бұл қозғалысты сипаттау мен талдап шығудың кезекті 
ұмтылысы ХХ ғасырдың 50-жылдарының аяғында орын алды және 
модерндеу теориясы деп аталды. Әдетте жаңарту (модерндеу) ұғымына 
бірқатар елдерде капиталистік даму басталған әлемдік тарихта «Жаңа 
заман» деп аталатын дәуірге енуді және буржуазиялық қайта құруларға 
сәйкес өзгерістерді білдіретіндей мағына беріледі.
Қазірде дамыған деп атау қабылданған елдердің көпшілігі жаңарту 
кезеңін Жаңа заман дәуірінде, XVII - XIX ғасырларда бастан өткізді. Дәл 
осы уақытта Англияда, Америкада, сондай-ақ Батыс Еуропаның 


224 
көптеген елдерінде шаруашылық жүргізудің жүйесі ретіндегі 
капитализмнің, сондай-ақ оны негіздеуші идеология мен этиканың 
қалыптасуы жүзеге асты. Дамушы елдер деп қабылданған қалған елдер 
қатынастардың капиталистік жүйесінің қалыптасу кезеңін сәл кейінірек 
бастан кешірді және еліктеудің үлгісі ретінде дамыған елдерді алып, 
олардың қоғамдық практикасының тәжірибелерін сіңіріп алды. 
Сонымен, біз ХХ ғасырда бақылап отырған модерндеу, әдетте, 
«соңынан қуушы» сипатқа ие болады. Буржуазиялық төңкерістердің 
отаны Батыс Еуропа болғандықтан, модерндеу көбіне «вестерндеу» 
(батыстандыру), яғни Батыстың тәжірибесін қарапайым қабылдап алу 
ретінде ұғынылады. ХХ ғасырда модерндеу өзінің құбылысты 
географиялық қамтуы мен уақыттық сипаты бойынша әмбебаптық 
сипатқа ие болады, өйткені батыстық қоғамдардың ұсынатын даму үлгісі 
мейлінше оңай өндірілетін және сондықтан жалпыға ортақ болып 
шығады.
Модерндеудің мақсаты modernity жағдайы немесе қазіргі заман деп 
белгілеуге болатын белгілі бір жағдайға жету болып табылады. Бұл 
жағдайдың дамыған формасы ретінде азаматтық қоғам мен нарық 
принциптеріне негізделген әлемдік экономика, басқаша айтқанда, 
қатынастардың капиталистік жүйесі көрінеді. Капитализмнің өзі 
нарықтық экономика аясында табиғи түрде пайда болған тиімді 
шаруашылық әрекеттің жай формасы ғана емес, бұл per se нарығы ғана 
емес, оның өзгеше ұйымдасуы. Басқаша айтқанда, капитализм қайратты 
әлеуметтік стратегия, тұтас идеология және сонымен бір мезгілде, мәні 
өндірістің немесе сауда операциясының өзі емес, жүйелі табысты 
перманентті түрде алу болып табылатын арнайы әлемдік құрылыстың, 
ақша құрылысының алысты орайтын схемасы. Бұл жағдайда нарық 
(рынок) капитализм мәнінің көрінісі ретінде байқалады.
Қоғам мен экономиканы капиталистік ұйымдастыруға сәйкес келетін 
қатынастардың 
нарықтық 
экономикалық 
үлгісінің 
таралуының 
жаhандану үдерісінің де, жаңарту үдерісінің де жалпы негізі болатыны 
даусыз. 
Осылайша, 
нарықтық 
экономика 
қазіргі 
заманғы 
моноформациялық жаhандануды және жаңартуды батыстандыру 
формасымен (соғыстан кейінгі дәуірдегі Үшінші әлем елдерінің даму 
практикасында ең кеңінен таралған) байланыстырады. 
Қатынастардың капиталистік жүйесі осы жаhандану және жаңарту 
үдерістерінің негізінде жатыр. Бірақ, егер жаңартуды дәстүрден қазіргі 
заманға өту қозғалысы үдерісіндегі капитализмнің бастапқы қалыптасуы 
ретінде түсіндіруге болса, ал жаhандану үдерістері – бұл қазіргі заман 
жағдайынан (modernity) кейінгі қазіргі заман жағдайына (postmodernity) 
өту бағытындағы қатынастардың капиталистік жүйесінің онан арғы 
сандық, ал кейінірек сапалық дамуы. Осындай түсіндірмеде жаhандану 
қоғамдардың прогресс жолындағы модерндеудің табиғи жалғасы 


225 
түрінде көрінеді, ал модерндеу, өз кезегінде, ғаламдық өзгерістердің бір 
нұсқасы ретінде қарастырыла алады.
Модерндеу теориясының терминологиясында да, жаhандану 
теориясының терминдеріндегі сияқты әлемдік дамуды түсіндірудің, шын 
мәнінде, нақты өмірде болып жатқан үдерістерді сипаттауға және 
түсіндіруге қабілетті жүйені құрастырудың ұмтылыс екендігін 
ұмытпаған жөн. Бұл жүйелердің әрқайсысының өз ұғымдық және 
категориалдық аппараттары бар және олар қоғамдық үдерістерді зерттеу 
үшін әдістемелік схема ұсына алады. Бірақ, мұның үстіне, олар тек 
теориялық жүйелер ғана болып қалғандықтан, бұл теорияларды 
түпкілікті түсіндіріп беруші құрылымдар ретінде бұл теорияларды 
қолдануға шектеу қояды.
Жаңарту 
теориясы 
салынған 
іргетастың 
негізі 
ретінде 
әлеуметтанудың барлық дерлік классиктерінің жұмыстарын көрсетуге 
болады, өйткені олар қандай да бір деңгейде мына мәселелерді 
қозғайды: О. Конттың адамзат дамуының үш кезеңі идеясы, К. Маркстің 
тарихи материализмі, М. Вебердің «рационалдандыруы», Г. Зиммельдің 
абстракциясы, Ф. Теннистің «қауымы» мен «қоғамы», Э. Дюркгеймнің 
«механикалық ынтымақтастықтан» «органикалық ынтымақтастыққа» 
өту идеясы, Т. Парсонстың «әлеуметтік дифференциация» рөлін 
талқылауы және өзгелері.
«Модернделу» деп аталатын үдерістің мәнін және оның 
аяқталуының өлшемдерін айқындайтын «модерндеу теориясының» 
өзінің қалыптасуы ХХ ғасырдың 50-жылдарының соңы мен 60-
жылдарының соңында жүзеге асты. Жаңа теория әртүрлі ғылымдардың 
түйісінде пайда болды: модерндеудің төлтума тұжырымдамасының 
қалыптасуына әлеуметтанушылар ғана емес, экономистер қомақты үлес 
қосты. 1960 жылы Ұлыбританияда басылып шыққан «Коммунистік емес 
манифест» деген өзіне тән тақырыпшасы бар У. Ростоудың 
«Экономикалық өсім кезеңдері» атты еңбегі ерекше маңызға ие болды.
Жаңарту теориясындағы негізгі ұғымдар «дәстүр» мен «қазіргі 
заман» ұғымдары болып табылады. Бұл ұғымдар тарихи уақыттың 
ерекшеліктерімен 

өткеннің, 
қазіргінің 
және 
келешектің 
ерекшеліктерімен 
сипатталған 
әлеуметтік-мәдени 
жүйелердің 
жағдайымен сипатталады. «Дәстүр» - бұл көптеген «қазіргі 
замандардың» жиынтығы, бұл тарихи метаморфозалардың сүзгісінен 
өтіп әлеуметтік жадыда жинақталған рухани тәжірибе.
«Дәстүр мәдениетте қоюланып қана қоймай, одан сұйылып та 
шығады, мәдениеттің тәнінде бұрынғы және болашақ дәстүрлердің 
өзектері қиылысады, осылайша мазмұндардың алмасуы жүзеге асады. 
Мәдениет бұл жерде әр алуан желілер тұтасқан таңбалаушы құрылғы 
ретінде де, диірмен ретінде де, тоқыма өрмегі ретінде де көрінеді. 
Тарихи жағдайлардың бір келбетінде олардың кез келгені өзекті болып 


226 
шыға алады» [260, 101 б.]. Бұл зерттеушінің пікірі «дәстүрдің озығы да 
бар, тозығы да бар», деген қазақтың мақалына дәл келіп тұр. Дәстүр мен 
қазіргі 
заман, 
уақыт 
пен 
кеңістіктің 
синхрондылығы 
мен 
диахрондылығына сәйкес, өзара бір-біріне өте алады. Дәстүрде қазіргі 
заманның бастаулары болатын болса, ал қазіргінің бойында дәстүрдің де 
ізі бар.
Жаңартушылық аясындағы дәстүр мен қазіргі заманды әлеуметтік 
жадының қалыпты және қозғалмалы бөлігі деп қарастыруға болады. Бұл 
қырынан алғанда дәстүр – бұл орныққан білімдер, тәжірибе, 
институттар, қатынастар, құндылықтар, ал қазіргі заман – бұл осы 
құрамдастардың жаңа бір нәрсеге қол жеткізуге, өзгеруге бағдарланған 
әлеуеті. Қоғамды жаңарту барысында бұлар өзгерістерге түседі, тарихи 
әлеуметтік жадының тұрақты константалары болса, жаңарту барысында 
да өзгеріссіз қала береді. Мысалы, дәстүрлі қазақ қоғамы кеңестік 
дәуірдегі жаңартушылықтан кейін де көптеген дәстүрлі институттары 
мен қатынас типтерін сақтап қалды. Олар тіпті бүгінгі посткеңестік 
жаңартушылық барысында қайта жаңғыра бастағандай көрінеді. Бұл Ф. 
Теннистің сөзімен айтқанда, әлеуметтік ұйымның екі типінде де – 
қауымда да, қоғамда да жүзеге асатын үдерістерді білдіреді. Бұл қарама-
қайшы екі үрдіс Қазақстанда да байқалады: бір жағынан дәстүрге 
ұялаған рушылдық, қандас-туыстық қатынастардың өзектіленуі, 
шежіреге деген қызығушылықтың оянуы, екінші жағынан, адам мен 
қоғамды әлемдік экономикалық және саяси кеңістікте аман қалуға 
мәжбүрлейтін рационалдық қатаң жағдайлар. Бұл жағдайлар белгілі 
мәдениеттанушы Сәдуақас Темірбековтың еңбектерінде сөз болады 
және ол «қазақтардың басым көпшілігінде, аграрлық халық екендігімен, 
олардың рушылдық, трайбалистік қатынастарды жоюға жағдай 
жасайтын индустриалды қалалық мәдениеттің қазанында қайнаудан 
өтпегенімен, 
нарықтық 
өркениет 
тәжірибесінің 
жоқтығымен, 
технологиялық менталитеттің қалыптаспағанымен» [171, 84 б.] 
түсіндіріледі.
Қазіргі көзқарастар бойынша, жаңартушылық дәстүршілдікті 
толығымен теріске шығармайды. Жаңартушылық теоретиктерінің 
айтуынша, жаңартылған дәстүршілдік дәстүрлі және қазіргі қоғамдарда 
тұлға мен әлеуметтік қатынастардың, институттар мен құндылықтардың 
әр алуан типтері қалыптасқанына қарамастан, жаңартуға игі ықпал ете 
алады. Өткен ғасырлардағы ахуалды сипаттай келе, Ф. Теннис қоғамдық 
прогресті 
қатынастардың 
мәдени 
негіздерінің 
жойылуымен 
байланыстырып еді. Бұл дәстүрлі байланыстардың үзілуімен, адами 
қатынастардағы туыстық пен жылылықтың бәсеңдеуінен аңғарылады, 
салқын есеп пен рационализм әлеуметтік қатынастардың негізгі 
көрсеткішіне айналады. Бүгінгі біздің қоғамда «жүз досың болғанша, 
жүз сомың болсын» («жүз сомың болғанша, жүз досың болсын» деген 


227 
мақалдың теріс айналуы) деген мәтелдің алдыңғы орынға шығуының өзі 
тарихи сана мен әлеуметтік жадының бүгінгі заманға сай 
модернделгенін көрсетеді.
Жаңартушылық үдерісі барысында тек саяси жүйе ғана емес, 
қоғамның барлық тіректері де құбылады. Демек, әлеуметтік модерн 
тарихи сана мен әлеуметтік жадының да қорын қозғалтып, шайқалтады. 
Бүгінгі күннің ащы шындығына жауап беретіндей жаңа парадигмаларды 
іздеу барысында өзіңдікін тәрк етіп, өзге халықтардың мәдени-
әлеуметтік қорына көз тігу басталады. Мұның мысалын американдық 
пуританизм мен прагматизмге деген қызығушылықтың өсуінен, 
бұрынғы қоғамдық құрылымдардың барысында пайдакүнемдік табысқа 
жеткізеді деген үмітпен Д. Дьюидің, Ч. Пирстің, Б. Франклиннің 
философиялық еңбектеріне деген қызығушылықтың белең алуынан 
байқалады. Тез өзгермелі қазіргі әлемде көнерген көшпелі өркениеттің 
дүниетанымдық құндылықтарынан гөрі ақша мен пайдаға негізделген 
прагматизм тиімді көрінеді.
Тамыры көшпенділікте ұялаған біздің халқымыздың дәстүрлі 
құндылықтары мен батыстық бүгінгі либералды құндылықтардың 
арасындағы түбірлі айырмашылықтарды төмендегі дихотомиялармен 
сипаттауға болады: өмір сүру тәртібінде отырықшылық – көшпенділік, 
шаруашылық жүргізу әдісінде интенсивтілік – экспансивтілік, саяси 
басқарылуында бір орталыққа бағынған мемлекет – этатизмнің 
бәсеңдігімен сипатталатын конфедерациялық құрылым, мекендеу 
аймағында қала – дала, әлеуметтік қатынастарында таптық байланыс – 
қандас-туыстық байланыс, құқық жүйесінде заң - әдет, табиғатқа 
қатынасында эксплуатация – экология, рухани мәдениетінде жазба 
дәстүр – ауызекі дәстүр, дамуында өзгерістер – тұрақтылық, 
құндылықтар жүйесінде индивидуализм – ұжымшылдық, ұят – ар, 
прагматизм – жомарттық, рационализм – гедонизм және т.б. 
Метрполиядан ене бастаған жаңашылдықтардың салдарынан 
дәстүрлі мәдениеттің эрозияға ұшырауы барысындағы құндылықтар 
жүйесіндегі өзгерістерді он тоғызыншы ғасырдың зар заман ақындары 
мен ұлы Абай жырлаған еді. Халқымыздың бойына жат қылықтарды 
саралай келе, «ел қыдырып, ас ішіп», еркек арын сататын, ел бұзатын 
тентектерді Абай «пысықтар» деп атап, оның типін даралайды, құбылған 
заманның бейнесін береді:
«Пысық деген ант шықты 
Бір сөз үшін жау болып, 
Бір күн үшін дос болып,
Жүз құбылған салт шықты» [172, 96 б.].
Ұлы ақынның бұл сөздері бүгінгі күні де өзінің өзектілігін 
жоғалтқан жоқ. Ұзаққа созылған трансформациялық үдерістерден соң 
дәстүрлі 
құндылықтар 
жүйесі 
үлкен 
өзгерістерге 
ұшырады. 


228 
Нәтижесінде, «халқымызға тән қанағатшылдық («қанағат қарын 
тойғызады») – пайдакүнемдікке, ибалы имандық – ештеңеден таймайтын 
имансыздыққа, жанынан жоғары тұратын ар – көрсеқызар арсыздыққа, 
байтақ даласындай кең пейіл – күншілдікке, жайсаң жомарттық – бақай 
есепке, қонақжайлылық – сараңдыққа, қара қылды қақ жаратын 
әділеттілік – пәлеқорлық пен жалақорлыққа, батырға тән аңғалдық – 
қулық-сұмдыққа, жаңалыққа құштарлық - өсек-аяңға, сабыр мен 
байсалдылық – ашу мен күйгелектікке, уәде мен антқа беріктік (ең 
жаман қарғыс «ант ұрсын») - өтірік пен сатқындыққа, ер мінезділік – 
пысықтыққа, үлкенге деген құрмет – көпе-көрінеу көргенсіздікке, 
төзімділік – шыдамсыздыққа, қарапайымдылық – даңғойлыққа айналып 
шыға келгендей болды. Бүгінгі әлеуметтік және мәдени энтропия 
жағдайында жоғарыдағы жат қасиеттерге бұрын құлақ естіп, көз 
көрмеген қылықтар мен құбылыстар қосылды: жыныстық бағдарын 
өзгерту, жезөкшелік, саудагершілік, зинақорлықпен қатар, нақақтан кісі 
өлтіру, әйел зорлау сияқты қылмыстардың, өз-өзіне қол жұмсаудың 
жиілеуі және т.б.» [172, 69-70 бб.]. Кейінгі ұрпақтың мәдени, тілдік және 
тарихи нигилизмін де осы жаңартушылық пен жаhанданудың жойқын 
үдерісімен түсіндіруге болады.
Жоғарыда айтылғандай, жаңарту мен жаhанданудың тамыры бір. 
Оның ұлттық тарихи өзіндік сана мен мәдениеттерге ықпалының 
салдары көз алдымызда өтіп жатыр. Жаhандану үдерістері барған сайын 
үдемелі ырғақта ағып бара жатыр; сондықтан бұл үдерістерге кейіннен 
қосылған елдерге ерекше қиын болады; барлық қолайлы орындар 
егеленіп қойылған және тек сол бойынша жаhандық әлемдік үдерістерге 
қатысуға болатын ережелердің қалыптасу кезеңі аяқталып та үлгерді. 
Артта қалған елдердің бағытын түзеуге уақыты қалмады десе де болады 
және, сондықтан, «көш барысында» қайта құрылуға және бағдар 
ұстануға тура келгендіктен, міндетті түрде қателіктерге ұрынып, одан да 
күрделі жағдайларға ұшырайды. Бұл ахуалдан оңтайлы шығудың аз ғана 
жолдарының бірі ретінде төмендегіні ұсынуға болады: елдің қолда бар 
және келешектегі мүмкіндіктерін салауатты бағалап, жаhандастырушы 
үдерістердегі өз орнын анықтап алу, өзіне тән ұтымды жолды табу. 
Оның үстіне, әңгіме тек экономика мен саясат жайлы ғана емес, 
сонымен қатар идеология туралы да, динамикалы және тұрақсыз қазіргі 
әлемде ел үшін аса қажет келісім мен азаматтық әлемге кепілдік беретін 
қалың әлеуметтік қабаттардың бірігуін өз төңірегіне топтастыратындай 
құндылықтар жүйесі туралы болып отыр.
Жаhанданудың рухани салаға жағымсыз әсеріне қалай қарсы тұруға 
болады, мұндай жағдайларда ұлттық мәдениеттер не істей алады? Бұл 
сұраққа қазақстандық философтар жауап табуға тырысады. «Мәдениетке 
лайық келе қоймайтын терминдерді пайдалана отырып, өздері үшін 
ұлттық мәдениеттер қандай болашақты қалар еді, нені ұнатар еді деген 


229 
сұрақтарды қоюға болады. Біздің ойымызша, ұлттық мәдениеттер, ең 
алдымен, өздерінің бірегейлігін сақтауды қалайды, екіншіден, әлемдік 
қауымдастық үшін тартымды болуды қалайды. Бұл екі ниет те бір-біріне 
қайшы келмейді және бірін-бірі теріске шығармайды. Бірақ көзге 
қарапайым көрінгенімен, оларды біріктіру де оңай емес: өйткені ұлттық 
мәдениеттердің дәл осы төлтумалылығы оларды әлем үшін тартымды 
етеді. Алайда үңіле қарайтын болсақ, егер бұл мәдениеттер көп ғасырлар 
ішінде өзін мойындата қоймаған болса және әлемдік мәдениеттің 
«құрамына» 
кірмеген 
болса, 
әлемдік 
қауымдастық 
ұлттық 
мәдениеттердің төлтумалылық мазмұнына енжарлық танытады. Тек 
бүгінгі күні ғана өздерін бүкіләлемдік ауқымда жариялай бастаған 
ұлттық мәдениеттерге деген қатынас, басым көпшілігінде, тек бар 
болғаны, ізін қалдырмай бір сәттік қана болатын экзотикалық қатынас 
болып қала береді» [173, 435 б.]. Бұл пікірден кеңестік жүйе 
ыдырағаннан кейін тәуелсіздігіне қол жеткізген елдердің, оның ішінде 
Қазақстанның да келешек мәдениетіне күмәнмен қарайтын мысықтілеу 
жатқандай көрінеді.
Дегенмен, дәстүр түптеп келгенде, адамның материалдық және 
рухани қажеттіліктерін өтеуге негізделген, сол себепті де ол замана 
талаптарына сай, өзгеріске түсіп немесе жаңартылып отырады. Қазіргі 
техногендік 
өркениет 
«функционалды 
рационалдығымен, 
тартымдылығымен, 
ыңғайлылығымен 
ерекшеленіп, 
адамның 
өмірқамының жеңілдігі мен қолайлылығын қамтамасыз етеді» [171, 85 
б.]. «Капиталистік қоғамда адамды нарыққа тәрбиелеу, оның нарықтық 
менталитеті мен санасын қалыптастыру тым жас кезден басталады, 
жеткіншекті икемділікке баулиды, іскерлік белсенділік пен бәсекеге 
үйретеді. Материалдық байлыққа, өмірлік жақсы жағдайға деген 
қажеттілік, өзінің тұрмыстық жағдайын түзеуге деген ұмтылыс 
адамзаттық өркениет дамуының қуатты ынталандырушы күші болып 
табылады» [174, 19 б.]. 
Тарихи уақыт қайтымсыз, ол өткеннен болашаққа қарай ағады. 
Сондықтан да табысқа жетуі қоғамның жинақтаған білімі мен 
тәжірибесіне тәуелді болатын әлеуметтік құбылыстарда кеңістіктік-
уақыттық фактор аса маңызды рөл ойнайды. Мұны посткеңестік 
кеңістікте қалыптасқан бүгінгі ахуалдан да аңғаруға болады. Қоғамдық 
санада посткеңестік қоғамдардың келешегіне қатысты қандай да бір 
айқын бағдар қалыптаса қоймағанын мойындау да керек. Қайта құру 
кезеңінен бастап кейінге лақтырылған кейбір құндылықтар мен 
әлеуметтік институттар қоғамдық сананың аясына қайта оралып, 
көзқарастар қайта бағаланып жатқанын аңғару қиын емес.
Кеңес дәуірі тұсында ұлттық мәдениет пен тарихи сана орны толмас 
шығындарға ұшыраумен қатар, еуропалық мәдениетті игере отырып, 
рухани мәдениет салаларында – ғылым, білім, әдебиет пен өнер 


230 
салаларында аса ірі жетістіктерге жетті. Қазақстанның мәдени өмірінде 
ұлттық опера, балет, драма, симфония, кескіндеме, кино және т.б. жаңа 
өнер түрлері пайда болып, тарихи сана дамуына өзіндік ықпал етті. 
Кеңестік заманда қатардағы адамның әлеуметтік жағынан қорғалуының 
- адамның еңбекке, демалуға, тұрғын үйге, тегін білім мен медициналық 
қызметке құқылығының, мектепке қамқорлық пен жоғары білімнің 
бағалануының және т.б. жоғары деңгейде болғандығы ешкімде де күмән 
туғызбайды.
Жалпы алғанда, салыстырмалы түрде, кеңестік қоғамда дәстүрлі 
сипаттың белгілері де басым болды деп тұжырымдауға болады. 
Қауымдық және ұжымдық ұстындарындағы коммунистік идеология 
батыстық қоғамның эгоистік идеологиясынан түбегейлі айрықшаланды. 
Кеңес дәуірі тұсында қазақтар өздерінің дәстүрлі шаруашылығымен 
айналысып, белгілі бір ұлттық құндылықтарын сақтай алды. Бүгінгі күні 
болса, қоғамның рухани тіректері түбірімен шайқалып, дәстүрлі 
құндылықтарды либералдық құндылықтармен үйлестіру қиынның 
қиыны болып отыр.
Мәдениеттердің ұлттық ерекшеліктерін жонудың, оларды қандай да 
болмасын экзотикалық, архаикалық құбылыс ретінде «кері итерудің», 
«қырқудың» түрлі үдерістерімен сипатталатын әлемдік өркениеттің 
қазіргі дамуы барлық халықтар үшін, олардың тұрмысы, өмір сүру 
тәртібі, 
қоршаған 
ортасы 
үшін 
біркелкі 
болып 
келетін 
ортақтандырылған бір «бұқаралық-техникалық» мәдениеттің түзілуіне 
әкелетін үрдіс алып отыр. Ағын Қасымжановтың пікіріне сүйенер 
болсақ, «көбіне бұл «әлемдік өркениеттілік», қарапайым мысал үшін 
айтар болсақ, кинодағы Голливудтың үлгілері сияқты, басқа 
«мәдениеттің» үлгілерін таңуды ғана білдіреді. Біздің ойымызша, 
жалпыадамзаттық бұл - әрқайсысы адамгершілікке өзінше бір үлесімен 
үн қосқан барлық халықтардың мәдениеттерінің бастаулары мен 
қойнауларынан тарихи тұрғыда келе жатқан құбылыс. Руханилық 
халыққа тіршілік етуге мүмкіндік беретін, өмір сүруге деген құқығын 
бекітетін өзек болып табылады. Халықтың руханилығы тарихи тұрғыда 
сынаққа түседі, шығынға ұшырайды, тоқырауға түседі, бірақ ол өмір 
сүргендіктен, халық та өмірін жалғастырады. Руханилық – саналылық 
пен бейсаналылықтың қоспасы, халық болмысының адамгершілік 
қабаты. Әрине, руханилық халықтың жалпы санасының терең тамыры 
ретіндегі, кәдуілгі сана мен пайым ретіндегі әртүрлі формаларда да, 
интеллектуалдар мен ақындардың абстракциялары мен арман-
аңсарларының мейлінше биік формасында да көрініс табады. Ұлы 
тұлғалардың абыройын 
түсірушіліктің барлық ұмтылыстарына 
қарамастан, біз руханилық саласында, ой мен қиял саласында да 
шынайы және жалған ұлылық болады деп түйіндейміз» [175, 4 б.].


231 
Посткеңестік кезеңдегі жаңартушылық пен қазіргі жаhандану 
жағдайында ұлттық және өркениеттік бірегейлік мәселесі өткір қойылып 
отыр. Бұл мәселе сыртқы суперөркениеттердің тоғысу нүктесінде 
орналасқан 
геосаяси 
жағдайымен 
ғана 
емес, 
ішкі 
мәдени 
гетерогенділігімен, яғни халқының көпэтносты және көпдінді 
құрамымен ерекшеленетін Қазақстан үшін ерекше көкейтестілікке ие 
болып отыр. Батысшылдық пен дәстүршілдіктің күресімен сипатталатын 
әлеуметтік-мәдени ахуал қоғамды тұтастықтан айырып, ұзақ уақыт 
трансформациялық үдерістерді бастан өткізген титулды ұлт қазақтардың 
өзіндегі бірлік мәселесіне нұқсан келтіріп отыр. Мақал-мәтелдерінің 
басым тақырыбын құрайтын, бірі бірінен ажыратылмай қосақталып 
айтылатын бірлік пен береке, ынтымақ пен ырыс бүгінгі қазақ халқы 
үшін күн тәртібінен түспей отыр. Ұлтты ұйыстырушы тетіктердің бірі 
дін десек, ислам дініне деген жаппай бет бұрушылықтан ынтымақтың 
ұйытқысын аңғаруға болады. Орталық Азия халықтарының әлеуметтік-
мәдени қалыптасуындағы исламның рөлін ретроспективті бағалау 
бүгінгі күндері өзінің жаңа қырларын танытып отыр. Ойлау мен жүріс-
тұрыс қалыбының жүйесін бойына жинақтаған ислам діні әлеуметтік 
белсенділікті жақтай отырып, қазіргі құндылықтардың көпшілігіне 
қайшы келмейтіндігімен сипатталады.
Жалпы алғанда, өркениеттер арасындағы айырмашылықтардың 
арнасы кең, ол әсіресе, осы тарих пен мәдениет, салт-дәстүрлер мен дін 
саласында айқын байқалады және бұл өзгешеліктер бірден жойылып 
кетпейді. Өркениеттерді жіктеп, бөлуде діннің рөлі барған сайын күшейе 
түседі. Сананың жаhандануына қарамастан, оқшау өркениеттік сана-
сезім «мәдени тамырларға қайта оралу» құбылысына байланысты жаңа 
сатыға 
көтеріледі. 
Мәдени 
немесе 
діни 
ерекшеліктер 
мен 
айырмашылықтар тұрақты болғандықтан, оларды шешу саяси және 
экономикалық мәселелерді шешуге қарағанда әлдеқайда күрделі болып 
келеді. 
Адамзат тарихында қашанда өзекті болып келген дін бүгінгі күні де 
көкейтестілігімен алға шығып отыр. Алдымен ол адамзаттың 
экзистенциалды болмысымен, руханилығымен байланысты. Бұл 
тұрғыдан алғанда дін қашанда өзекті. Екіншіден оның өзектілігі, бүгінгі 
әлемде қалыптасқан ахуалда діннің саясатпен астасуымен байланысты. 
Көпшілік дінді тазалық пен нық сенімнің нәтижесінде адам жүрегінен 
орын алатын ілім ретінде қабылдағанымен, теріс пиғылды саясатшылар 
оны өзге мақсаттағы құралға айналдырып отыр. Үшіншіден, 
тоталитаризм тұсында атеистік бағытта тәрбиеленген біз үшін діннің 
өзектілігі тәуелсіздік тұсындағы дүниетанымдық және рухани 
ізденістермен байланысты. 
Бүгінгі қазақстандық қоғамдық санада дінге деген көзқарас өзгеріп 
келеді, әсіресе жастар дінге, имандылыққа және ислам дініне жаппай ден 


232 
қоюда. Бұл қоғамның келешегіне зор үмітпен қарауға мүмкіндік береді. 
Шындығында, ислам діні бейбітшілік пен еркіндіктің, ізгілік пен 
әділеттіліктің діні еді және ол өзінің канондарында білім мен ғылымға 
құштарлықты құптайды.
Еуропада Ағартушылық дәуірінен бері, ал біздің елімізде кеңес 
заманында атеизм үстемдік етіп, дінге деген теріс көзқарас басым 
болғаны белгілі. Ал қазіргі біздің заманымызда, әсіресе ХХ ғасырдың 
соңы мен үшінші мыңжылдықтың қарсаңында діни сана қайта 
жаңғырып отыр. Бұған, әрине, діни сипаттағы болсын, зайырлы 
сипаттағы болсын эсхатологиялық көңіл-күйлердің, милленаризмнің 
әсері де көп себеп болғаны даусыз. Адамның өзімшілдігі мен 
тойымсыздығы планетамыздың өзінің өмірін қауіпті жағдайға қойып, 
діндерде айтылатын қияметтің белгілері мен тарихтың ақыры туралы - 
Мессия 
патшалығының 
(иудейлік 
дәстүрде), 
Парусияның 
(христиандықта) және ақырзаманның (исламда) келуі туралы ой-
қиялдарды алдыңғы орынға шығарды. Өкінішке орай, материалистік 
дүниетанымның имансыздықты жайып, адамзат пен табиғат және 
адамдардың өздерінің арасындағы тепе-теңдікті бұзатынын тарих 
айқындап отыр, ал діннің пәни дүние мен бақи әлем, материалдылық пен 
руханилық, жан мен тән, тіпті соңғы уақытқа дейін қарама қарсы 
қойылып келген сенім мен білім секілді кереғарлықтарды табыстыруға 
тырысатыны мәлім болды. Сондай-ақ ахлақсыз білімнің де ақсайтыны 
белгілі болды. 
Атауының өзі «бейбітшілік» пен «мойынұсынуды» білдіретін ислам 
діні әр түрлі саяси мүдделердің «жау бейнесін» қалыптастыруы әсерінен 
«ислам 
лаңкестігі», 
«ислам 
фундаментализмі» 
деген 
жалған 
айыптаулармен (діннің рухани тазалығын бұрмалайтын экстремистік 
бағыттар мен секталардың бар екенін жоққа шығаруға да болмайды) 
жазғырылып келді. 
Адамзат тарихындағы ең қасіретті жиырмасыншы ғасыр бізге оңай 
мұра қалдырған жоқ: діни экстремизм мен лаңкестік, ұлтаралық 
соғыстар мен қақтығыстар, рухани азғындық, экологиялық және 
антропологиялық апаттар. Бірақ, үміттің сәулесі, адамдардың санасы 
мен ізгілікті еркіне деген сенім бізге өмір сүруге және болашаққа 
қатысты жоспарлар құруға көмек береді. Бейбітшілікті, тұрақтылықты, 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету әлемдегі адамзаттық болмыстың рухани 
негіздерін сақтап қалатын өзара сұхбат арқылы іске асатыны даусыз. 
Осыған дейінгі қарым-қатынаста орын алып келген келіспеушіліктер 
мен қақтығыстарды күшпен және әскери үстемдікпен реттеудің тарихи 
қалыптасқан практикасы көнеріп, жаңа әлемдік тәртіпке сай, қатар өмір 
сүріп араласудың баламалы құрылымдарына деген қажеттілік туындады. 
Қақтығыстардың жаhандануына сұхбатқа негізделген өзара келісімді 


233 
жаhандандыруды қарсы қою керектігі сезілді, адамзаттың мұнан басқа 
таңдауы да болмай тұр.
Сұхбат сөзінің араб лексиконынан ( схб – түбірінен шығады) енгенін 
айта кету керек және бұл қазіргі қолданылып жүрген халықаралық 
термин - диалогтың полисемантикалық мағынасының тағы бір қырын 
айқындайды. Сахаба сөзінің өзі Мұхаммед пайғамбар заманындағы 
кеңес құрудың қаншалықты маңызды болғанын көрсетеді. Әрбір 
жауапты шешім қабылдардың алдында пайғамбарымыз өзінің 
жанындағы серіктерімен ақылдасып отырған. Қазақ халқының «кеңесіп 
пішкен тон келте болмас» деген мақалы да, дана Абайдың «жолдастық, 
сұхбаттастық бір үлкен іс, оның қадірін жетесіз адам білмес» дегені де 
сұхбаттың осы бір мағынасына көңіл бұрып тұрған тәрізді. 
Жер бетіндегі барлық діндер өздерінің түпкі негіздерінде 
бейбітшілікке, қауіпсіздік пен ғаламдық үйлесімділікке үндейді. 
Олардың бір мақсаты рухани бірлік пен келісімді жүзеге асыру болып 
табылады. Дін иманға, жүрекке негізделгендіктен («тірі адамның 
жүректен аяулы жері бола ма?», Абай), ол сенімнің барлық түрлерін 
қамтиды. «Имансыз адамның аяғының асты тайғанақ», «Дінсіз қоғам – 
компасы жоқ кеме» деген қанатты сөздер де бар. Иманды адам әртүрлі 
жамандықтардан, тәкәппарлық пен өзімшілдіктен, өшпенділік пен 
кекшілдіктен, өтірік-өсек айтып, ғайбат сөйлеуден, қатігездік пен 
ызақорлықтан, ашу мен күйгелектіктен, арамдық пен әділетсіздіктен 
тыйылып, барлық жақсылықтарға, сүйіспеншілік пен бауырмалдыққа, 
қайырымдылық пен мейірімділікке, шыншылдық пен ақиқатқа, 
бейбітшілік пен кешірімге, қанағат пен сабырлылыққа, адалдық пен 
әділетке ұмтылады. Кез келген адамның жүрегіне жамандық пен 
зұлымдықтан гөрі, жақсылық пен ізгілік жақын. Міне, діннің адамдарды 
ортақтастырып, өзара сұхбатқа шақыратын тұсы да осы. Кезінде 
Абайдың заманындағы «өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, бекер мал 
шашпақ» сияқты әрі дарақылық, әрі анайылық жаман әдеттер, сондай-ақ 
өзгеге құлақ түрмей, өзімшілдікке салынып, өркөкіректену бүгінгі 
қоғамды да жайлап отырғаны жасырын емес. Ал мұның астарында 
діннен, иманнан теріс айналудың жатқанын аңғару соншалықты қиын да 
емес.
Адамдар арасындағы сұхбатқа жетелейтін жолды ислам дінінің 
негіздерінен де табуға болады. Бұл дін бойынша, Мейірімділік 
Аллаhтың негізгі сипаттарының бірі және оның шуағы адам баласының 
бейкүнә жаратылған сәтінен де, тіпті мал екеш малдың төліне деген 
аналық махаббатынан да, тамылжыған табиғаттан да көрініс беріп тұр. 
Мейірім мен сүйіспеншілік сезімі кез келген күшті тойтарып, оны жеңе 
алатын ұлы қуат әрі толассыз нұр.
Біздің елімізде жүргізіліп отырған дінаралық келісім мен төзімділік 
саясаты әр алуан секталардың көбеюіне, ынтымақтың бұзылуына ықпал 


234 
етпей ме деген мазасыз ой да қоғамда көп айтылып жүр. Әрқилы діндер 
мен мәдениеттерді ұстанатын әртүрлі ұлт өкілдері мекен ететін біздің 
унитарлы мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясаты да дінаралық, 
ұлтаралық, мәдениетаралық сұхбат пен келісімді қолдайды. Елбасы 
Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Әлемдік және дәстүрлі діни 
конфессиялардың Бүкіләлемдік съездерінің Астанада өткізілуі де 
осының куәсі. Иә, елімізде әртүрлі діни секталардың жаңбырдан кейінгі 
саңырауқұлақтай көбейгені рас. Олардың көпшілігінің теріс пиғылы мен 
бетперделері де ашылып жатыр, бірқатарының әрекетіне экстремистік 
деген айып тағылып, заңмен тыйым салынды. «Бәріне де уақыт сыншы» 
демекші, қарапайым халықтың өзі кімнің кім екенін білетіндей деңгейге 
жетіп қалды. Сондықтан да дұрыс саясат пен әділ жаза жүргізілген 
жерде іріткі мен бүліншілікке жол берілмейді. 
Қазіргі ақпараттық қоғамда исламның шынайы құндылықтары 
көпшілікке белгілі болып отыр. «Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір 
имандыға ғибадат парыз» (Абай) екендігі де санаға сіңіп келеді. Соңғы 
кездері қоғамымыздың рухани-психикалық өмірінде орын алып жатқан 
оң өзгерістер, жаппай дінге бет бұрумен қатар дін мен ғылымның өзара 
жақындасу үрдісі болашаққа үмітпен қарауға үндейді. Тарихи сана мен 
қазіргі сананың диалектикасында дін мен ғылым, жалпы қоғамдық сана 
мен бүгінгі постклассикалық емес ғылымда діни сана мен ғылыми сана 
жақындасып 
отыр. 
Бұл 
тұрғыдан 
алғанда, 
біздің 
елімізде 
«интеллектуалдық ұмтылыстың» осы арнада жүзеге асуы әбден мүмкін.
Қазіргі тарихи санаға тән белгілердің бірі біртұтас әлеуметтік тіннің, 
біртұтас тарихтың сөгілуі болып табылады. Әлеуметтік жады 
жағдайлардың үнемі өзгеріп отыруына қарамастан, дамудың 
үздіксіздігін сақтаудағы қоғамның қажеттілігін өтейтін құрал және, 
демек, қоғамның қалыпты қызметінің шарты болып табылады. Алдыңғы 
дамумен сабақтастық жойылған жағдайда, сабақтастықтың жаңа 
жағдайларға бейімделе алмаған тұстарында тарихи байланыс үзіліп, 
тарихи ұмыту тетігі іске қосылады. Бұл ұмыту анағұрлым әлеуметтік 
маңызды ақпаратқа орын беруі тиіс. Алайда ұмытушылық идеологиялық 
догмалар мен саяси күштердің араласуынсыз, табиғи түрде жүзеге асуы 
керек. Олай болмаған жағдайда әлеуметтік жады зорлықпен 
«тазартылып», жасанды, саясиланған, формалданған тарихи сана 
бекітіледі.
Әлеуметтік жады ретіндегі тарихи сана қоғамның шоғырлануында 
орасан зор рөл ойнайды. Сондықтан тарихқа деген немқұрайлы қатынас, 
оны уақытша саяси құмарлықтардың пайдасына шешу қоғамның 
рухани-интеллектуалдық өміріне нұқсан келтіреді. Сондай-ақ «өткен 
үшін таласып-тартысып, оны меншіктеп алумен» сипатталатын да 
шектен шыққан тарих та бүгінгі күні орын алып отыр. Қазіргі заманда 
жүзеге асқан түбегейлі экономикалық, саяси және әлеуметтік 


235 
өзгерістердің тарихи санаға, оның қызметіне әсерін тигізгені даусыз. 
Тарихи сана сол бұрынғысынша адамның рухани әрекетінің 
нәтижелерінің жиынтығын – тарихи білімдер мен бағалауларды 
білдіргенімен, оның сапалық деңгейі, соңғы екі компонентінің мазмұны 
адам танымастай өзгерді. Қазіргі тарихи санада тұрақсыз белгісі басым 
бола бастады, «теориялықтан» психологиялық» үстем түсе бастады, 
тарихтың өткен және қазіргі құндылықтарын «инициативті түрде қарама 
қарсы қою», біржақты ақтау мен күйе жағып қаралау әдетке айнала 
бастады.
Тарих пен рухани өткен шақ объективті, қадірлі қатынасты күтеді. 
Өткеннің сенімін арқалаушы ғалым тарихшы ешкімге де, оның ішінде, 
тіпті билікке де (мүмкін, оған мүлдем) өткенді айыптаудың, ақтаудың 
адвокаттық, кінәлаушылық, прокурорлық, соттық функциясы берілмеуі 
керектігін жариялап айтуы керек. Тарихтың өзі құнды. Қамаумен, асып-
атумен танымның мәселелерін ешқашан шеше алмайсың.
Осы орайда, қазақ ойшылы Ағын Қасымжановтың ұтымды ойларына 
құлақ түруге тура келіп тұр: «Ақиқат пен шыншылдықтың қарапайым 
дауысын жаңғыртатын кез келді, тек сол ғана өткеннің нобайын 
анықтап, ақырында сенімді түрде өмірді жаңартуға мүмкіндік береді, 
өйткені оң мен солды, жақсылық пен жамандықты айырып алмай, оны 
жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл туралы қазақ халқының өткенін жалған 
патриоттық жарнамалаудың тұтастай толқынын туғызған демагогия мен 
спекулятивті эйфориядан бойды барынша аулақ ұстап, үлкен 
жауапкершілікпен айту керек. Даңқы жер жарған тарихымыздың бар 
екеніне қарамастан, біздің шынайы ұлттық өзіндік санада соншалықты 
құлдырағанымызға таң қалуға тура келеді, біз әлі бұрынғыша 
«интеграцияның» жоғары мүдделері деген желеумен өзіміздің көз 
алдымыздағы экономикалық мүдделерімізді құрбан ете саламыз және 
құлау стихиясынан тысқа шығуға шамамыз жетпейді. Төменгі 
әлеуметтік топтардан бастап, зиялы қауым мен билік басындағы элитаға 
дейінгі тұтас қоғам өзінің жеке ар-ұяты мен тарихтың соты алдында 
шыншылдық пен әділеттіліктің құтқарушы сезімін бойына сіңірмей, 
өзімшілдік пен қорлық қатар жүре береді және олардан арыла 
алмаймыз».
Қазақ халқының рухани дамуының уақыты мен кеңістігін 
айқындаудың осы маңызды мәселелерін өткір алға тарта отырып, бұл 
автор тарихтың жанды тарих екендігін де ескертеді: «Қазіргі тірі 
жүргендер үшін берік әрі құнарлы іргетас ретінде (шынайы) тарихқа 
сүйену үлкен игілік болар еді, одан сусындаған біз бабаларымыздың 
жеңген және жіберген қателіктерін қайталамас едік, жаңадан 
«жаңалықтар» ашпас едік - өйткені тарих шеңберді айнала қозғалу емес, 
бір ғана құбылыстардың жай қайталануы ғана емес, оның әрбір кесіндісі 
бұл – алға қарай бағытталған түзу. Бір мезеттік қызықтар үшін 


236 
бабалардың аттарымен, тарихпен ойнаудан асқан арсыздық жоқ. Мұндай 
іске барған адамдарға «әруақ ұрсын!» деуге болады... Тарихтың 
тұлғасыз үдеріс емес екені белгілі, ол - белгілі бір тарихи мұраны 
бойына сіңірген әртүрлі қондырғыдағы, өмірлік құндылықтардағы, 
менталитеттегі әр алуан адамдардың іске асырған және асырып жатқан 
адами жанды тарих» [175, 11 б.].
Қазіргі тарихи сананың өзгерісінде тарих ғылымы үлкен рөл ойнауы 
тиіс. Тарихи таным мен тарихи сананың диалектикалық арақатынасында 
тарихи сананың мазмұнын нақты толтыратын тарихи таным алдыңғы 
орында болады. Тарих ғылымын бүгінгі әдіснамалық хаостан шығару 
үшін әлемдік тарих ғылымын, ондағы танымдық құралдар мен 
тәсілдерді терең әрі жүйелі талдап зерттеу қажет. Ғылымды жаңарту 
қоғамды жаңартудан бір де кем түспейтін ұзақ та күрделі үдеріс.
Қоғамның тарихи санасын жаңарту тарих ғылымын дамытуға қоса, 
әлеуметтік-тарихи қауымның бұқаралық субъектінің де тарихи санасын 
өзгертуді білдіреді. Қазіргі адамның санасы тарихи болғаны маңызды, 
өйткені тарихтың өзі бүгінгі күні алдыңғы қатардағы функцияны 
атқарып отыр. Тарихты оқып үйрену адамның өзін-өзі тануына, 
тамырдан ажырамай өсуіне септігін тигізеді, алайда мұның барысында 
тарих мифологияланбаған, шынайы, ақиқат болғаны абзал.
Айтылғандарды түйіндей келе, жаңарту мен жаhандану дәуіріндегі 
тарихи сана мен ұлттық өзіндік тарихи сана тағдыры туралы айтқанда, 
әлеуметтік-мәдени уақыт пен кеңістіктегі әртүрлі халықтардың барлық 
дерлік жетістіктерінің ұлттық-рухани дәстүрлерге негізделетінін 
ұмытпау қажет. Ұлттық мәдениет оны тасымалдаушылар үшін ерекше 
психологиялық тартымдылыққа ие болады, ұлттық айырмашылықтар 
мен ұлттық мәдениеттер-ді сақтау, тарихи өзіндік сананы жаңғырту ұлт 
өкілінің 
терең 
эмоционалдық-психологиялық 
және 
рухани 
қажеттіліктеріне жауап береді. Егер адамзатты күрделі әлеуметтік жүйе 
ретінде қарастырар болсақ, онда айрықша көзге түсетін ерекшеліктері 
бар ұлттар мен ұлттық мәдениеттердің болуы эволюция үдерісінде 
табиғи өміршеңдіктің негіз-құраушы тетіктерінің бірі болып табылатын 
алуан түрлілікті қамтамасыз етеді. 
Жаhандану біртұтас өзара келісілген және өзара байланысты әлемді 
қалыптастыра отырып, бүкіләлемдік тарихтың жаңа дәуірін ашады деген 
сенім мол. Бұл тұтастықтың шеңберінде ұлттық өзіндік тарихи сана 
және ұлттық мәдениеттердің айырмашылықтары мен қайталанбас 
тәжірибесі ескерілуі тиіс. Жаhандану алдындағы қорқыныш тұтастық 
айырмашылықты сіңіріп жұтып қоятындай жалпылық пен жалқылық 
арақатынасының көнерген ескі үлгісінен туындайды. Мұндай ахуалда 
қазіргі заманның ең маңызды мәселесі Батыс мәдениеті мен дамушы 
елдердің дәстүрлі мәдениеттері арасындағы сұхбатты құру болып 
шығады. Рухани тәуелсіздік пен дәстүр сабақтастығын сақтай отырып, 


237 
өркениеттік мұраттарға жету үшін бізге ұлтты ұйыстыратындай идея 
керек және бұл «демократиялық және күшті Мемлекетпен, әділ әрі 
гүлденуші Қоғаммен, сондай-ақ еркін әрі құрметтелетін Тұлғамен 
сипатталады» [176, 70 б.]. «Бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы елу 
елдің қатарына ену», «зияткерлік ұлт қалыптастыру», «индустриалдық-
инновациялық даму» тәрізді ұрандар осындай идеяны іздестіруден 
шығып отыр. Ал бұл идеялар біржақты технологиялық мақсатта болмай, 
жаһандану мен жаңару жағдайында оның терең рухани мазмұны да 
болуы қажет.
Бүгінгі жағдайда, желігу мен еліктеудің салдарынан батыстану мен 
жаhандануды бастан өткізгеннен кейін, қазіргі қаржылық-экономикалық 
дағдарыстың бір түбірі атлантизмнің рухани тоқырауында жатқанын 
ескере отырып, бойымызға табиғи тән ұлттық жаратылысымызға, 
дәстүрлі тарихи-рухани тамырымызға оралуымыз қажет. Басқаның 
жетістігін 
ретімен 
пайдалану 
үшін 
өзіңнің 
басқалардан 
айырмашылығыңды білдіретін өздік ұлттық «МЕНіңе» ден қою керек, 
яғни қазіргі жағдайда алдымен қазақ болуың керек. Бұл зияткерлік ұлт 
қалыптастырудың, бәсекеге қабілетті қауым тәрбиелеудің, алдыңғы 
қатарлы елу елдің қатарына қосылудың, ең бастысы жаhанданудың 
жойқын ықпалынан аман қалып, мәдени төлтумалық пен рухани 
дербестікті сақтап қалудың кепілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет