Батыс тарих философиясыныњ негізгі



Pdf көрінісі
бет29/32
Дата05.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#90520
түріМонография
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
4.4 
Заманауи 
Қазақстанның 
тарих 
философиясындағы 
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы
 
Қазақстанның болашақ бағдарлары «Мәңгілік Ел» және «Ұлы 
Дала» идеяларында, Елбасы Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: 
қоғамдық сананың жаңғыруы» мен «Ұлы Даланың жеті қыры» 
мақаларында сарапталған. Елімізде «Рухани жаңғыру» мемлекеттік 
бағдарламасы мен «Мәңгілік Ел» Стратегиясы қабылданды. Енді осы


238 
бағдарды ұлттық идея тұрғысынан философиялық түрде тұжырымдап 
өтелік.
Ғалымдар ұлттық идеяны ақыл таразысынан өтіп халықтың басым 
бөлігі қабылдаған ұлттық құндылықтар жүйесі деп түсінеді. Ұлттық 
идея Қазақстанда жүріп жатқан мәдени мұраларды жаңғырту үрдісі мен 
әлемдік өркениет ықпалымен туындаған жаһандану процесінің 
арақатынасында қарастырылуы тиіс. Соңғы үдерістің объективтік 
негіздеріне өркениеттің ақпараттық толқынының қарыштауы, Кеңес 
Одағы тарқағаннан кейін батыстандыру мен америкаландырудың жаңа 
пәрменге ие болуы, бұқаралық мәдениет үлгілерінің жаңа тәуелсіз 
елдерде 
барынша 
таралуы, 
этникалықтан 
өркениеттіліктің 
басымдылыққа ие болуы т.т. жатады.
Қазақстанда 
ұлттық 
идеяның 
қалыптасуына 
үш 
суперөркениеттердің 
тоғысуында 
орналасуы 
(православтық, 
мұсылмандық және конфуцийлік), мәдени-әлеуметтік транзиттік, 
тоталитарлық және атеистік сана қалдықтары, номадалық діл 
архетиптері ықпал етеді. Басқа да ТМД елдерінде сияқты, Қазақстанда
ұлттық идеяны іздеу амбивалентті құбылыс болып табылады. Қазіргі 
өркениеттік және ұлттық-рухани құндылықтарға қарай бетбұрыс
әлемдегі елу озық елдердің қатарына қосылуға себебін тигізе алады.
Шығыс халықтары ұлттық идеяларының құндылығы мәселесін
қарастыруда бірінші тұғырнамаға баяғыдан белгілі
еуропоцентризм жатады. Егер классикалық еуропоцентризим тек
жалғыз Батыс өркениеттілігі бар, басқалары «аборигендік»,
«жабайылық», «варварлық» деңгейден шыққан жоқ және Шығыс
мәдениеттерінің болашағы жылдам вестернизацияға енумен
айқындалады деген пікірлер төңірегінде өрбісе, онда қазіргі
жаһанданып келе жатқан және мозаикалы өркениеттерде аталған
ұстаным, әрине, мимикрияға ұшырайды.
Қазақтың ұлттық идеясына қатысты батысшылдық
ұстындармен қатар әсіре-исламдық тұғырнама туралы да айтып
өткен жөн, әрине, біз бұл жерде исламның қазақ мәдениеті
үшін құндылығына, өркениеттік функциясына күмән келтіріп
отырғанымыз жоқ. Алайда, діннің өзіндік құндылықтары мен діни 
қайраткерлердің пікірін ажырата білген дұрыс. Айталық, логика 
пәнінен дәріс оқитын ұстаздың қателіктері логиканың өзін 
төмендетпейді. 
Тарихтан Орта ғасырларда христиандық теологияның Еуропада 
білімнің барлық түрлерін өз қолжаулығына айналдырғаны белгілі. 
Сол себептен секуляризация қозғалысы Батыс Еуропада ой 
еркіндігіне де жеткізе алды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, 
әрине, діни қайта өркендеу басталғанын және осының оң құбылыс 


239 
екендігін бәріміз білеміз. Атеистік және тоталитарлық санадан арылу 
өте маңызды үдеріске жатады. Бірақ басқа мұсылман елдеріне діни 
білім алуға барған жастар көбінесе сол біліммен қатар бөтен 
өркениеттік сананың ықпалына да енді, төлтума мәдени 
құндылықтарға деген оларда нигилистік көзқарастар қалыптасты.
ХХ ғасырда қалыптасқан жаңа гуманизм идеялары бойынша 
«тұрпайы», «жабайы», «қиратушы», «дөрекі», «анайы» сияқты 
бағалау үлгілерін ежелгі тарихи нормаларға қолдану қазіргі адамның 
өзінің арғы тектеріне деген шовинизмі болып табылады. Осындай 
ұғымдардың орнына ежелгі қоғамды адамзаттың сәбилік шағы деп 
бағалау, қай жағынан алсаңда, әбден орынды. 
Тағы бір тарихи-мәдени паралельге назар аударайық. Х-ХІ
ғасырларда Орталық Азияда Ислам Ренессансының өзінің
шарықтау шегіне жеткенін «көзқамандардан» басқалардың бәрі
аңғара алады. Алайда моңғол шапқыншылығынан басталып,
түркілердің өзара этникалық тартыстарымен жалғасқан бұл
үрдістер, Ш. Уәлихановтың сөздерімен айтқанда, бұрын білім
ордаларына, обсерваторияларға, т.б. бай өлкеде кертартпа
билеушілер мен дінибасыларына, «зындандар» мен «кенеханаларға»
толы иеліктермен аяқталды. Бұл тарихи санадан айырылудан
айдын көрінісіне жатады. 
Ежелгі көшпенділерге танылған «соғысқұмарлық» және «кісі 
өлтірушілік» туралы бірер сөз айтайық. Э. Фромм өзінің «Адамдық 
қиратушылықтың анатомиясы» атты еңбегінде «алғашқы қасқыр-
адам» туралы мифті этнографиялық деректермен бекерге шығарады. 
Мәселе көнені идеализациялау туралы болып тұрған жоқ. Сұрақты 
былай қоюға болады: адам туа біте, өзінің табиғаты бойынша 
жақсылыққа ма, әлде зұлымдыққа ма бейім? Шынайы теология мен 
ғылым бұл жерде бірауызды жауап береді: адам – құдайдың таңдаулы 
пендесі, ең жетілген форма; жасанды кедергі жоқ жағдайда ол 
міндетті түрде өзінің адамгершілік мәнісін жүзеге асырады. Ал 
соғысқұмарлық пен кісіні өлтірудің сұмдық көріністерін ежелгі 
заманнан гөрі қазіргі тарихта көбірек кездестіреміз (ХХ ғ. екі 
дүниежүзілік соғыстар, этникалық геноцидтер, Балқан түбегіндегі, 
Камбоджадағы т.б. қырғындар). 
Ежелгі түркілік немесе арийлік көшпенділерде «бірге жерлеу» 
рәсімі болған шығар. Бірақ діни соғыстарда адам қанының судай 
тасығаны тарихи куәлік. Алайда, мәселе қатігездік деңгейінде емес, ал 
нақтылы тарихи-мәдени типтің адамдық өркениеттілік қорына қосқан 
үлесінде тұр деп білеміз. Сол «қатал дәстүрлің сақтар атақты «аң 
стиліменң өздерін бүкіл әлемге паш еткен, олардың арасынан шыққан 


240 
ғұлама философ Анахарсисті ежелгі гректер «Әлемдегі жеті дананың 
бірі» деп мойындаған (қараңыз: Қазақ халқының философиялық 
мұрасы. 1 т. – Астана: Аударма, 2005).
Ұлтымыздың тарихи-мәдени тұлғасы мен табиғи өркениеттік 
болмысын ғылыми тұрғыдан тану заман талабына орай күрделеніп, 
тереңдей түсуде. Қазіргі кезде қазақ өркениетіне қатысты мәселелер 
шыңырау 
шегіне 
жетіп, 
Қазақстандық 
философтарының 
қызығушылығын тудырып, теоретикалық пікірталастардың зерттеу 
объектісіне айналып отырған шағы. Демек, сындарлы дәуірлерде қуаң 
тарта бастаған төлтума мәдениетімізге жан бітіріп одан әрі нәрлендіре 
түсу, сондай-ақ ғасырлар қойнауының қалтарысында ескерусіз қалған 
ұлттық мәдениетіміз бен өркениетіміздің баға жетпес асыл мұраларын 
заңды иесіне қайта ұсынуға талпынған Қазақстандық ғалымдардың 
еңбегі зор. Сондықтан біздің философиялық ізденісіміздің негізгі міндеті 
- әлемдік өркениеттер тарихынан ерекше орын алатын және өзіндік 
шежіресі 
мол 
көшпелілердің 
даланың 
өркениетіне 
тарихи-
философиялық және методологиялық түсіндірме беру. 
Қазақтың және оның ата-тектерінің әлемдік өркениеттілік дүниесіне 
қосқан басты құндылықтарға жататындары:
1) Еуразиялық көшпелілер кеңістікті игеруде адамзат тарихындағы 
бірінші жетістікке жетті.(К. Ясперс атап өткен жылқыны үйрету)
2) Номадалар адамдандырылған қоршаған ортаны кеңейтті, шөл мен 
шөлейттерді үйлесімді игере алды.
3) Еуразиялық көшпелілер тарих катализаторлары қызметін атқарды, 
олардағы 
миграциялық 
үрдістер 
жаңа 
өркениеттердің 
қалыптасуының себебі болды. 
4) Ұлы жібек жолы және басқа да мәдени коммуникациялық жүйелер 
арқылы ілкі түркілер мен түркілер Батыс пен Шығыстың арасында 
дәнекерлік қызмет атқарды, олардың сұхбатына себепкер болды. 
5) Қазақтың арғы тектері әлемдік өркениеттіліктің шалбар, алдаспан, 
киіз үй, күйме, металл өңдеу, зергерлік, ұсталық сияқты 
артефактыларын алғашқылардың бірі болып енгізді.
6) Түркілердің әмбебапты дүниетанымдық жүйесі – тәңіршілдік 
адамдық ынтымақтастықпен келісімдіктіңғ маңызды формасы 
болды.
7) «Адам бол» ұстанымы, әлемді жарық деп түсіну адамның көңіл 
күйіне мән беру, ғарыш және басқа адамдармен үйлесімділікте 
болу жасы келгендер мен баланы қастерлеу сияқты қазақ дәстүрлі 
әдебінің құндылықтары қазіргі руханиятта ерекше орын алады.
2014 жылы 11 қараша күні Қазақстан халқына арнаған өзінің 
«Нұрлы Жол» Жолдауында Президент Н.Ә. Назарбаев ел тағдырын 
алдағы күрделі жылдарда айқындайтын терең идеяларды ұсынады. 
Экономикалық мәселелерді айта келе, Елбасы, бұрын өзі ұсынған,


241 
«Қазақ елі мәңгілік» ұстанымын ұлттық идея ретінде тағы да дәлелдеп 
береді: «Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, 
тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы 
еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, 
аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, 
ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» стратегиясының 
ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық 
тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! 
Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы» [178]. 
Елбасының ойына сүйенсек, ұлттық идея тек бүгін пайда болған
жаңалық емес, ол миллиондаған адамдардың өздерінің міндеттерінің 
түсінуінің жемісі болып табылады. Біздің міндетіміз – қоғамның көп 
ұлттылығын тұрақты бірлестіруші факторға айналдыру, яғни мықты 
ұлттық идея қалыптастырып, бүкіл халықтың арман-мүддесін жүзеге 
асыру. Елдер мен елдердің, ұлттар мен этностардың мақсат мұраты 
ескерілмеген жағдайда, бір елдің екінші елге дұрыс қарамауы, бір 
халықтың екінші халықты кемсіту, намысын қорлау, бір тілдің екінші 
тілді қыспаққа алу, бар болмысын, құндылықтарын аяқ-асты ету орын 
алса, ұлттық идеяға қауіп төнері анық. Сондықтанда ондай өрескелдікке 
жол бермеуіміз керек. Сол себепті еліміздің ұстанымы өз-ара тату, 
бейбіт өмір сүру, ауызбіршілік, ынтымақтастықта әр халықтың рухани 
үйлесімділігін сақтап, еліміздің абыройын асқақтата отырып, әлемдік 
деңгейге көтеру үшін елімізідің әр бір азаматы бойындағы бар күш 
жігерін салып, жаңа заманда жаңаша өмір сүруі қажет.
Ұлттық идея – ұлттық мүдденiң туындысы. Идеология сол ұлттық 
мүдденi мейлiнше анық белгiлеген идеяға қол жеткiзудiң нақты әрекет-
қимылына сiлтеу жасап, бағыт-бағдар беретiн үгiт-насихат мазмұны. 
Қазақтың ұлттық мүддесi не? Ұлттық мүдде – ұлттық 
құндылықтар. Құндылықтар ұлтқа берiлетiн анықтаманың әр 
параграфынан құралады: атамекенi, ана тiлi, қалыптасқан дiлi, бiр дiнi, 
ортақ салт-дәстүрi, төл әдет-ғұрпы, жалғыз тарихы. Ұлттық идея – 
ұлттық құндылықтардың жаһандастыру дәуiрiнде қауiпсiз өмiр сүре 
алатын жағдайын көксеген мұраттың көрiнiсi. Ұлттық идея – талай 
ұрпақтың еңбегімен, қуаныш – қайғысымен сараланған рухани дүние. 
Бұл қайталанбас байлық өмірге ұлттық өзіндік тарихи болмысымен 
келген, сол себептен де ол ұлттық дүниетанымның айнасы. 
Тәуелсіздікті нығайта түсудің басты шарттарының бірі – 
адамдардың бойында еліміздің тәуелсіздігін айрықша қастерлейтін 
қасиет – ұлттық рухты нығайту. Енді рухани мәселелерге ден қоятын 
уақыт та келіп жетті. Себебі, рухани тамырымыз терең болса ғана 
өзгелер бізбен санасады. Кім көрінгеннің таптаурын болған ескі жұртын 
шиырлап жүрсек, дамыған елу елмен иық тірестіру түгіл, егемендікті 
сақтап қалудың өзі қиынға соғады. Өйткені, материалдық байлығымен 


242 
танылған ғана емес, рухани құндылықтарын дәріптеген, ұлттық 
ерекшелігі сақталған, тарихы таза мемлекет қана ертеңгі күні 
халықаралық қауымдастықтың ортасында зор беделге ие болады. Ұлтты 
ұлт ретінде анықтайтын тек, оның қоныстанған мекені ғана емес, оның 
тілі мен ділі, діні мен рухани дүниесі, салт-дәстүрлері мен философиясы, 
әрине ұлттың рухы. Өткеннің бай рухани мұрасын тал бойына дарытқан 
озық өнегелі дәстүрімізді, дінімізді, тілімізді, ділімізді айтпау мүмкін 
емес. Бүгінгі күндегі біздің қоғамымыздағы рухани дүниедегі, елдік пен 
бірлікке негізделген жоғарыдағы келтірілген қасиеттер ұлттың 
құндылық бағытына айналуы қажет. Әсіресе егер ұлт – ол ашық 
әлеуметтік жүйе екендігін ескеретін болсақ, онда өзіндік ұлттық 
ерекшелігі мен өзіндік сананы сақтап қалу күрделі жағдай екенін түсіну 
қиын емес. Өйткені қоғамда әртүрлі процесстер жүріп жатады, ол жасау, 
сақтау, қирату сияқты процесстер, онда дәстүрлі құндылықтар, салт-
дәстүрлер, институттардың жаңғыруы мен дамуымен қатар, жаңа 
институттардың енуі, басқа мәдени идеялардың орнығуы, басқа 
халықтардың тәжірибесін пайдалануы сияқты процесстер де жүріп 
жатады. Сол себептен де әсіресе жаһандану кезеңіндегі өзіндік ұлттық 
ерекшеліктерді сақтап қалу күрделі де, қажетті болып табылады. Ол 
ұлттық идея, ұлттық идеология мен ұлттық рухтың негізінде, қазіргі 
қоғамға сай қаншалықты ыңғайланса да, өзіндік өзегін сақтайтын 
мызғымас құндылықтарымызды жоғарғы дәрежеде қалдыру міндет. 
Рухани мұрамыз неғұрлым бай болса, алуан арналы болса, өткен мен 
бүгіннің мәдени мұралары жарасымды жалғасып жатса, соғұрлым 
өміріміздің мән мағынасы терең, мақсатымыз айқын, ұлттық 
идеологиямыз жоғары, тарихи үлгі өнеге тұтар парасатты, ой 
толғаныстары күшті ел болу еш күмән тудырмайды. 
Ұлттық «Менді» қалыптастыратын тетiктер мен жағдаяттар сан 
алуан. Оған көшедегi қаптаған жарнамалардан бастап, ендi ғана дүние 
есiгiн ашқан сәбидiң құлағына естiлетiн ән мен үнге дейiн кiредi. 
Солардың бәрiнiң басын қосатын, бәрiн өгiздей өрге сүйрейтiн құдiрет 
Ұлттық Идея деп бiлгенiмiз жөн. Ойы онға, санасы санға бөлiнiп 
отырған қазаққа ортақ ұлттық идеяны таба қою оңай мiндет емес. Ол 
шiркiн әлi күнге дейiн жоқ та. Ал қажеттiгiн отансүйгiш рухтағы әрбiр 
қазақстандық азамат сезiнiп отырғаны айдай ақиқат. Армансыз адам - 
қанатсыз құспен тең, дейдi халқымыз. Ендеше ұлттық идеясыз қала 
берсек қанатсыз ұлтқа айналарымыз сөзсiз. Ұлттық идеяны таппайынша 
елде жүрiп жатқан реформалар қарын тойдырудың ғана мiндетiн 
атқарып шығатындай көрiнедi. Ұлттық идеясы жоқ қазақстанда өмiр 
сүру қазақтан басқаның бәрiне майдай жағатын шығар, бiрақ түптiң 
түбiнде өкiнiште қалатыны – қазақтар. Өзiн-өзi жарылқамағанды 
басқалар ұшпаққа шығарады деудiң еш қисыны жоқ. Көлдей жайылып 
келе жатқан жаhанданудың табанында жаншылып қалмау үшiн де 


243 
ұлттық идеяның өзектiгi мен қажеттiгi күн санап артып келедi. Демек 
қарап отыруға болмайды.
Алдымен бiзге қажет ұлттық идеяға қойылатын талаптарды 
пысықтап алу керек. Бiрiншiден, ол идея Ата Заңымызға қайшы 
келмеуге тиiс. Яғни нәсiлдiк, ұлттық, дiни, жыныстық кемсiту немесе 
дәрiптеуден алыс тұрғаны абзал. Екiншiден, ұлттық идея қазақстанның 
атын анықтап отырған қазақ халқының мұратын ұлықтаумен қоса, басқа 
диаспоралардың тарихи, дәстүрлi, этникалық ар-намысына тимейтiнi 
былай тұрсын, қайта соған қуат беретiн факторға айналуын қамтамасыз 
ететiн болсын. Үшiншiден, ұлттық идеяның хронологиялық бастапқы 
сәтi белгiлi болғанмен, бүгiн де, ертең де шексiз жүзеге аса беретiнiн 
баса көрсеткенi жөн. Елдiң iшiндегi, жер-жаhандағы нақты ахуалға 
байланысты оның көздегенi өзгерiп, нақтыланып отыратыны айтпаса да 
түсiнiктi жайт.. 
Ұлттық идея құндылықтары мен ұстанымдарын әлеуметтiк қауым 
арасында мейлiнше дәйектi бекемдеу қажет. Бiрi – бала бақшада 
тәрбиеленушi бүлдiршiндерден бастап, университет аудиторияларында 
отырған жастарға жеткiзуден ештеңенi аяуға болмайды. Екiншiсi – 
мамандар мен зиялылардың ұлттық идеяға қалтқысыз берiлгендiгiн 
қалыптастыру. Осылардың санасына, өмiр салтына сiңген ұлттық идея 
кiмдi болсын өз иiрiмiне ала жөнелетiнiне күмән жоқ.
Көптеген батыс ойшылдары әлемнің тұтастануын Батыс қоғамының 
жеңісі ретінде қабылдайды. Мысалы, заманымыздың белгілі ойшылы К. 
Поппер еркін демократияның елдері, Батыстың ашық қоғамы жеңді 
дейді. Тоталитарлық қоғамдар бар болғанын ешқашан, ешкімнен 
жасырмаған, орасан зор ішкі күштердің әсерінен құлады. Алдымен 
өзінің қалдықтарының астына біріңғай Кеңес империясының темір 
жұдырыған көміп, өте топтасқан және мызғымастай болған шығыс 
еуропалық диктатура жойылды. 
ХХ ғасырдың ішінде Батыс-Шығыс қарым-қатынасында үлкен 
өзгерістер болды, Батыстың өзі күрделі эволюция үстінде еді. Батыс 
Шығыс руханиятының даналығын тани бастады, ғалымдары буддизм, 
үнді философиясын зерттеп, Батыс суфизмді өзіне "ашты". Өз 
философиясын байытты. Жоғарыда айтылған К. Юнг, т.б. дүниеге 
көзқарас батыс рационализмінен терең болу керек екенін мойындады 
және материализм, дінсіздік, техноцизмді, беймәдени "демократиялық" 
болмыстың ("көпшілік мәдениеті") зиянын өздері өздеріне әшкереледі. 
Әрине, ойшылдардың Бұл тұжырымдары нақты саясатқа әзірге шейін 
үлкен әсер ете алмай отыр. Дінді, этиканы мойындау, әлемдік 
интеграцияны рухани жағынан толықтырып, шынайы "жүректер 
интеграциясына" айналдыру, әр бір ұлттық қайталанбас келбетін 
сыйлау, "жанын" түсінуге тырысу, сол арқылы шынайы бауырмалдыққа 
жету – міне Батыс пен Шығыс ойшылдарының, жалпы прогрессивтік 


244 
ниеттегі адамдардың келген қорытындысы. Қандай халық болмасын, 
жалпы бүкіл адамзат ендігі жерде этикаға, руханиятқа бет бұрмаса, 
адамды түземесе – жер бетіне үлкен қасірет жақын екені енді анық 
сезіледі. 
Осының барлығын ескере отырып біз мынаны айтуымыз керек: 
"американдану", "еуропалану" да біздің жол емес, ескішіл, фанатик 
болып, қайтып келмес көшпенділікті аңсау да орынсыз. Біз екі бұрынғы 
рухани элитаның екі буынының да тәжірибесін, тәсілдерін ұштастырып 
қолдануымыз қажет. Тура ХІХ ғасырдың рационалист-ағартушылары 
сияқты ойлауымыз жөнсіз. Олардан гөрі біз дәстүршілміз, 
руханилығымыз, мұсылмандығымыз, шығыстығымыз олардан күшті. 
Жаппай вестеризация, рухани азу ықпалы күрт өскен жағдайда 
(өкінішке орай, бізде Батыстың биік мәдениетін, философиясын емес, 
азғындық жағын насихаттау басым), оған төтеп беру үшін руханият, өз 
дәстүріміз бізге қорған. Сөйтіп қана ұлтты дағдарыстан алып шыға 
алады зиялылары, басшылары. 
Қазіргі «вестернизацияның» мынадай қиындықтарын атап өтейік: 
– руханилық пен материалдықтың арасындағы ажыратылу; 
– эскапистік және дүниетанымдық ұстанымдардың араласып кетуі; 
– нонконформизм, конформизм мен девианттық қылықтың өрістеуі; 
– рационалдықты 
шектеу, 
тылсым 
сана 
қабаттарымен 
манипуляциялар жүргізу, жалғыздық, үрей, шарасыздық сенімдерінің 
өрістеуі; 
– стандартты қарапайымдалған тіршілік ету баламаларын жасанды 
ұсыну.
Біз ұлттық идеяны ақыл таразысынан өтіп халықтың басым бөлігі 
қабылдаған ұлттық құндылықтар жүйесі деп түсінеміз. Ұлттық идея 
Қазақстанда жүріп жатқан мәдени мұраларды жаңғырту үрдісі мен 
әлемдік өркениет ықпалымен туындаған жаһандану процесінің 
арақатынасында қарастырылуы тиіс. Соңғы процестің объективтік 
негіздеріне өркениеттің ақпараттық толқынының қарыштауы, Кеңес 
Одағы тарқағаннан кейін батыстандыру мен америкаландырудың жаңа 
пәрменге ие болуы, бұқаралық мәдениет үлгілерінің жаңа тәуелсіз 
елдерде 
барынша 
таралуы, 
этникалықтан 
өркениеттіліктің 
басымдылыққа ие болуы т.т. жатады. Қазақстанда ұлттық идеяның 
қалыптасуына үш суперөркениеттердің тоғысуында орналасуы 
(православтық, мұсылмандық және конфуцийлік), мәдени-әлеуметтік 
транзиттік, тоталитарлық және атеистік сана қалдықтары, номадалық 
діл архетиптері ықпал етеді. Басқа да ТМД елдерінде сияқты, 
Қазақстанда ұлттық идеяны іздеу амбивалентті құбылыс болып 
табылады. Қазіргі өркениеттік және ұлттық-рухани құндылықтарға 
қарай бетбұрыс әлемдегі елу озық елдердің қатарына қосылуға себебін 
тигізе алады.


245 
Қазіргі әлемде әрбір елдегі ішкі процестер мен дүниежүзілік 
сахнадағы жаңа құбылыстардың өзара әсері барған сайын күшейіп 
келеді. Соңғы уақытта жалпықамтушы жаһандану ішкі және сыртқа 
саясаттың арасындағы қырды өшіріп келеді, бұл ең алдымен 
дүниежүзілік жаһандық ағымдармен және үдерістермен қаржылық, 
әлеуметтік, экономикалық және басқа да салаларда анықталады. Бұл 
шұғыл және кенеттен келген қаржы дағдарыстарының әлемнің тұтас 
аймақтарында жақсы тұрмыс халы мен тіпті әлеуметтік және саяси 
тұрақтылықтың тамырына балта шаба алатынын білдіреді. Осындай 
жағдайларда мемлекет әлсірей бастайды, билік пен үкіметтік емес 
ұйымдардың қызу араласуы іске асады. Бір мезгілде қоғамдық пікірдің 
рөлі артады. Осының нәтижесінде әлеуметтік-саяси үдерістер барған 
сайын қоғамдық қысымға ұшырайды.
Модернизация деп индустриялық және әлеуметтік өрістегі артта 
қалуды жеңіп шығуға деген талпыныста көрініс табатын қоғамдағы 
жаңғырту процесі түсініледі. Модернизацияға деген қажеттілікке тек 
дамушы елдер ғана емес, сонымен бірге дамудың жетілген деңгейінен 
шыға отырып, өзінің мақсатты мен міндеттеріне сай, батыс елдері де тап 
болады. Модернизацияның классикалық үлгісі әлеуметтік батыстық 
өркениеттің бейнесі және баламасы түрінде, бірбағытты даму ретінде 
ұғынылып келді. Бүгін бұл түсінік өзгерді және модернизация тек дайын 
үлгілерді қарапайым қабылдауға келіп тірелмейтін, ал дәстүр мен 
қазіргінің элементтерін синтездеуді іздестіретін, күрделі және көпқырлы 
процесс ретінде түсініледі. Халықтың дәстүрлері мен салттарын елемеу 
мәдени-әлеуметтік дағдарысты туындатады.
Бүгін бір өлшемді батыстық әмбебаптылықтың орнына, түрлі 
өркениеттердің өзара әрекетімен құралатын, әмбебаптылықтардың 
күрделі қиылысуы пайда болды. Жаһандық өркениеттік қатынастардың 
жаңа парадигмасы құрылып келеді, осында шаруашылық жүргізу мен 
әлеуметтілік 
типтерінің 
түрлі 
бағытталғандығы 
қоғамның 
интеграциялануы мен қоғамның өзіндік бірегейленуі функцияларының 
мәдениетке жатқызылатындығына әкеледі. Шығыстық және еуразиялық 
мәдениеттер үлгілерін модельдей отырып, мәдениеттің болмыстық 
нақтылығы ретіндегі өркениет әлдебір өлшемдер сәйкестігін 
бекітетіндігін және түрлі этникалық, әлеуметтік, саяси жақтарды 
біртұтас қоса отырып, сол арқылы интеграциялық функцияны да 
атқаратын айғақтылығын елемеген дұрыс емес. Посткеңестік 
мемлекеттердегі 
дағдарыстық 
жағдай 
барлық 
сословиелердің, 
топтардың, индивидтердің әрекетін белсенділеу етпей, КСРО-дағы 
басым құндылықтар мен бағдарларды өзгертпей, ешқандай қозғалыстың 
мүмкін еместігін көрсетті. Бірақ ұлттық өзіндік санада сақталып қалған 
дәстүршілдік те, әсіресе модерндеу процестері шарттарында, жағдайды 
бір


246 
Тек халықтың мәдени өзіндік бірегейленуі оның әлемдегі орнын 
көрсетеді. Тек ұлттық мәдениет жоғары эстетикалық, этикалық, 
әлеуметтік талаптарға жауап береді. Бұл тұрғыдан өзгермей берілген 
ретіндегі жалпыадамдық мәдениетке ұмтылыс негізсіз. Ұлттық 
мінездердің әр түсті көптүрлілігінде осындай жалпыадамдық мәдениет 
немесе руханилықты толық ескермеумен қатар жүретін таза материалды 
мұқтаждықтарды өтеуге, немесе қайсыбір жалғыз «этнографиялық 
дербестің» ұлттық мінезінен шығарылған тіршілік формаларын басқа 
барлық халықтарға күшпен тануға келіп тірелер еді. Ұлттық мәдениет 
өзін сақтауға жоспарланған, оның кеңістіктік қуаты «шекара» ұғымымен 
шектеледі. Осындай шекараны жарыққа шығару оның ерекшілігі мен 
қайталанбайтындығын айқындау процесі бола бастайды. Еуразиялық 
концепцияға сай мәдениетке үйренуге болмайды, ол қабылдана да 
алмайды. Мәдени дәстүрді жалғастырушы – бұл оны өзінің рухани 
болмысының бөлігіне айналдырушы, яғни оны ол қайтадан құрады. 
Әрбір адамда мәдениет өткен шақтан қазіргіге секіріс жасайды. Мәдени-
тарихи даму бірбағытта емес, ол айналмалы. Мәдениет эволюциясы 
тұйық мәдени шеңбер шектерінде жүріп жатады. 
Посткеңестік 
кеңістіктегі 
ұлттық 
мәдениеттерге 
қатысты 
әмбебаптандырушы руханилықтың бірнеше парадигмалары бар. Бұл 
батыстық, шығыстық (исламдық), орыстықтың тек бірін ағарту, 
гуманизм, зерделіліктің жалғыз иегері ретінде сипаттау, ұлттық 
мәдениетті тек бір руханилықтың әмбебапты үлгісінде саналы түрде 
қайтадан жасап шығару талабына жатады. әрине, тек бір мәдениетті 
таңдап алудың жүзеге асуы неғайбыл, оның үстіне қазіргі жағдайларда 
мәдени экспанция жиі саяси экспанциямен теңестірілді, оның 
алғышарты ретінде қарастырылды. «Идеологиялық текетірестің соңы 
болып табылатын және қарама-қарсы тұру мәдени шекаралар, 
өркениеттік арқылы өттетін, әлемдік саясаттың жаңа кезеңіне ене 
отырып, Қазақстан үшін айрықша, өркениеттік деңгейіндегі бірегейлік 
барған сайын маңызды бола бастайды» (Жандәулетов Т. Қазақ ұлттық 
идеологиясы мәселелері.  Алматы: ХКАА, 2004. – 164 б.). 
Қазіргі кездегі өркениет қоршаған ортаны, әлеуметтік сипаттағы 
тұрмыстық жағдайды қайтарымсыз түрде өзгертуде. Осы тұрғыда 
мәдениет көбінесе қоғамдық жаңару бастауы, шығармашылық өмірді 
қалыптастыру факторы ретінде көрініс табады. Мәдениетті адамның 
өзін-өзі жүзеге асыру құралы ретінде қарастыру арқылы, ондағы тарих 
пен адамға айтарлықтай әсер ететін импульстарды анықтай аламыз. 
Әлемге жетудің эвристикалық құралы идеология, экономика немесе 
саясат емес, мәдениет болып табылады. Жер жүзінде өзіндік мәдениет 
нұсқасын қалытастырмаған халық жоқ. Өзін-өзі сезіну, өзіндік сананы 
түсіну мәдениетке әу бастан-ақ тән, ол адам болмысының өлшемсіздігі 
мен тереңдігін білдіреді.


247 
Қазіргі кездегі өркениет қоршаған ортаны, әлеуметтік сипаттағы 
тұрмыстық жағдайды қайтарымсыз түрде өзгертуде. Осы тұрғыда 
мәдениет көбінесе қоғамдық жаңару бастауы, шығармашылық өмірді 
қалыптастыру факторы ретінде көрініс табады. Мәдениетті адамның 
өзін-өзі жүзеге асыру құралы ретінде қарастыру арқылы, ондағы тарих 
пен адамға айтарлықтай әсер ететін импульстарды анықтай аламыз. 
Әлемге жетудің эвристикалық құралы идеология, экономика немесе 
саясат емес, мәдениет болып табылады. Жер жүзінде өзіндік мәдениет 
нұсқасын қалытастырмаған халық жоқ. Өзін-өзі сезіну, өзіндік сананы 
түсіну мәдениетке әу бастан-ақ тән, ол адам болмысының өлшемсіздігі 
мен тереңдігін білдіреді.
Төлтума мәдени типтің ділін айқындау үшін шығыстық, батыстық 
және 
қазақи 
дүниетанымдар 
мен 
дүниелік 
қатынастардың 
ерекшеліктерін кестелік тәсілмен келтірейік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет