Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқас (роман)


ШАПАЛАҚПЕН ТАРТЫП ЖІБЕРДІ



Pdf көрінісі
бет23/45
Дата19.05.2023
өлшемі1,68 Mb.
#94921
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45
ШАПАЛАҚПЕН ТАРТЫП ЖІБЕРДІ 
Біздің дивизияның артиллерия начальнигі Виталий Иванович Марков келді. Омыраулы, 
сауыры кең, бура санды, бота тірсекті күрең төбелдің үстіндегі ол маған торғайдай болып 
көрінді. 
Белі шойрылып қалғандай, ол атынан сүйретіліп зорға түсті. Марковтың көзі кіртиіп, 
бетін жирен түк басқан. Түрі өте солғын, еңсесі төмен түскен, тыржиған. Барлық 
бейнесінен қайғы басқан тұрпаты аңғарылады. Жасы қырықтан жаңа асқан Марков шал 
болып көрінді. 


155 
Марковті. менің Панфилов қаза тапқаннан кейін көріп отырғаным осы. Оның еңсесін 
төмен түсіріп, жүдетіп, жаншып қартайтқан соғыс үстінде әрі ағасы, әрі жауынгер дос-
жолдасы генералдың қай тыс болғандығының күйігі. 
Серкесін, серігін жоғалтқан ақбөкендей, Марковтың тұла бойын қайғының зілі басқан. 
Марков бұрын сайғақтай сымбатты да, сыпайы да үлкен офицерлердің бірі еді. Ал бүгін, 
менің алдымда, еңсесі төмен түскен қырық жасар шал.тұр 
— 
Тағы да кейін шегін деген бұйрық бар, — деді ол. Одан соң біраз мүдіріңкіреп 
тұрып, — ал шегініс кезінде жолымызда жаудың пайдасына қалып бара жатқан кез келген 
мүлікті өртеуге де бұйрық алдық. 
— 
Егер өртемесек ше? 
— 
Мемлекет пен мемлекет соғысып жатыр, ал, сіз бен біз тек қатардағы жауынгерміз. 
— 
Құп! Өртейміз! 
...Москва өлкесіндегі деревнялардың үйлері ылғи ағаштан салынады. Коп жылдардан бері 
үй қабырғасы болып қаланған қарағай бөренелері, от тигенде қурайдай жанады. Біздің
өртшілер қолдарындағы тамызықтарын көтере ұстап, әр үйге .от қойып келеді. Қуарған 
бөрене от тиген бойда - ақ сатырлап жана бастайды. Жалын өрлей шапшып, үй 
қабырғасын өрмелеп, шатырды шарпи жөнеледі. Сықырлаған.қатты аяз, бұлтсыз аспан, 
жалтыр түн. Деревня жанып, жалыны аспанға шапшып, қоралар, үйлер от құшағында 
қалды. Көше жап-жарық, ың-жың, айқай-шу, . ызалы дауыс, жылап-сықтау мен қарғау. 
Адамдар көрпе-төсегін құшақтап, сасқалақтап аласұрып, жүгіріп жүр. 
Марков екеуміздің қасымызға аяғын асықпай басып бір егде тартқан әйел келді. Бурыл 
шаш, басы жалаң бас, иығында түбіт орамал, сұңғақ бойлы, тік иық, келбетті, сымбатты 
әйелдің тұла бойы булыққан ашу, көзқарасы — қарғыс пен лағынетке толы. 
— 
Бұларың не? — деді ол тістене сөйлеп Марковқа. Ол төмен қарады. 
— 
Соғыс, Отан соғысы, шеше! —дедім мен. 
— 
Біздің баспанамыз, от - ошағымыз, көрпе-төсегіміз сеніңше Отандікі емес, 
дұшпандікі ғой. Қандай есерсоқ сені командир cені тағайындады екен! —деп маған 
жақындап келіп, шапалақпен тартып кеп жіберді. Бетім ду ете қалып, көзім қарауытқандай 
болды... 
Марков мені қолтықтай жөнелді... 
Қыстақ жанып жатыр. Біз кетіп бара жатырмыз. Марков менімен қатар келеді. Жаяумыз. 
Екеуміз де үн жоқ. Соңымызда аяқтарын сүйрете, сылп-сылп басқан батальон. Батальонда 
бұрынғыдай күбір де, сыбыр да естілмейді. Әйел түгіл еркектен таяқ жеп көрмеген жазған 
басым дың-дың. Марков түнде қар үстінен ине іздегендей, еңкейе түсіп, менен жарты 
адымдай алда келеді. 
— 
Дұрыс, — деді Марков күрсініп. 
— 
Нені дұрыстап келесіз? 
— 
Дұрыс! — деді ол тағы да күрсініп. — Әйел сені... 
— 
Дұрысында мен емес, шапалақты сіз жеуіңіз керек еді, дедім мен оның сөзін бөліп, 
— шын өртеуші сізсіз, біз сіздің бұйрығыңызды орындадық. 


156 
— 
Қызбалыққа жол беріп өктем-өктем сөйлеп келесің, шырағым. Сенікі де дұрыс. 
Таяқ жеген сен екенің рас. Мен де оңып келе жатқаным жоқ. Ал енді бұдан былай өртеуші 
болмалық. 
Жоғарғы жақтың алдында жауапкершіліктің барлығы да менің мойнымда болсын, — деді 
Марков. 
Марков генерал Панфиловтың сенімді серігінің бірі еді. Бір сөз кезегінде Марковтан мен 
генералдың қалай қайтыс болған жайын сұрадым. Жол жүріп келе жатыр едік. Марков 
әңгімесін орағыта алыстан бастады. 
—Бір жолы жоғарыдан хабар келді. «Командир Панфиловтың жауынгерлері нағыз 
табандылық көрсетіп, дұшпанмен айқасуда. Күші басым дұшпан қаншама аянбай 
әрекеттер істегенімен, қажырлы қақтығыстарда қатты тойтарыс алып, атака үстіне 
атакалап жүріп, әзер дегенде тәулігіне бір жарым километрдей - ақ ілгері басты» депті. 
Совинформбюроның бір хабарында. Жаңағы жағдайдың мазмұны екен. 
— 
Мынау біз туралы ма? - деп сұрады генерал оқып тұрып. 
— 
Я, біз туралы. Осылай жазыпты, жолдас генерал. 
— 
Ақ теңізден Қара теңізге дейінгі майдан шебіндегі жалғыз Панфилов мен емес 
шығармын, менен басқа да Панфилов атты командирлер бар шығар, солардың біреу і боп 
шығып жүрсе, кейін ұятқа қалып жүрмелік. Сондықтан бұл жағдайды әзірше ешкімге 
айтпай-ақ қойыңыз. Ертең бүрсігүні газет те келіп қалар. Елдің содан оқығаны дұрыс 
болар, — деп генерал штаб офицеріне хабарды қайтарып жіберді. 
Тағы бір хабар алынды, онда былай депті: «КСРО Қорғаныс Халық Комиссарының 
бұйрығы, 18 ноябрь, 1941 жыл, № 339. Москва. Коп соғыстарда біздің Советтік 
Отанымызды гитлершіл басқыншылардан қорғауда, 316-атқыштар дивизиясы ерлік, 
табандылық, тәртіптілік пен ұйымшылдықтың енегелі үлгілерін көрсетті. 316-атқыштар 
дивизиясы жаудың торт жаяу әскер дивизиясы мен бір танк дивизиясының атакаларын 
батыл ерлікпен тойтарып тастады. Дивизия жауынгерлері дұшпанмен қасарыса айқасып, 
өрекпіген, күші мол жаудың сағын сындырып тоқтатты да, оны ізінше кейін қуып, көп 
шығынға ұшыратты. Дұшпанның сексен танкісін, бірнеше батальон жаяу әскерін жойды. 
Жоғарыда айтылғанға сүйеніп, КСРО Жоғарғы Советі Президиумның қаулысына сәйкес, 
Жоғарғы Бас Командашының Ставкасы бұйырады:
1. 
Соғыстарда табандылық, батылдық және ерлік көрсеткені үшін 316-дивизия бұдан 
былай 8-гвардиялықатқыштар дивизиясы деп аталсын. 
Дивизия командирі генерал-майор Панфилов И. В. 
2. 
КСРО Жоғарғы Советінің қаулысына сәйкес дивизияға Гвардия Туы 
тапсырылсын». 
Майдан шебінде ауыр халде болсақ та, генерал өте көңілді еді. Шай үстінде бізбен 
әзілдесіп, әрқайсымызды «Гвардеец» деп мадақтап отырды. Түні бойы телефон дамыл 
тапқан жоқ: алғы шептен қауіпті хабарлар айтылып жатса, жоғарғы орындар мен 
көршілерден құттықтау сөзбен телефондар соғылып жатты. Бәрімен де генерал қалжың - 
шынын араластырып, сөйлесумен болды. «Жалғыз батыр майданға қалай тұлға бола 
қойсын. Сіздер сияқты беделді көршілеріміз болмаса бізге мұндай атақ қайда. Сол сенімді 
келешекте де ақтауға тырысамыз ғой. Атақты да, ордерді де кішкене бұрынырақ алып 


157 
қойдық па дейміз. Кешікпей - ақ сізді де осындай абыроймен құттықтаймыз ба деген 
үміттеміз. Ия, шын тілектеспіз!» деп сөйлеседі ол, құттықтап телефон соққандармен. 
Біреумен сөйлескенде: «Ия, Орта Азия — менің екінші туған жерім. Аз ба, көп пе, 17-18 
жыл сонда қызмет еттім. Сонда балалы - шағалы болдым. Балалардың туған жері де, елі де 
сол жақта. Халқы өте сабаз, ержүрек келеді. Ия, солай.» «Мен ешкімді көзінше 
мақтамайтын адаммын. Қазақта мынадай мәтел бар, Сергей Петрович: «Ұлың өссе — ұлы 
жақсы мен, қызың өссе — қызы жақсы мен ауылдас бол», «жақсы мен көрші болсаң 
жарисың, жаманмен көрші болсаң арисың» деген. Ия, сізбен іргелестігімізге қуанамыз, 
шарапаттарыңыз тиді. Рахмет!». 
Алдыңғы шептен соғылған телефонға генерал тұжырымды жауап қатумен болды. «Бәрі 
баяғы келісім бойынша болсын. Ешнәрсені өзгертуге болмайды. Бір түннің ішінде алмалы 
- салмалы шешім қабылдап, ұшқалақтық істей алмаймын. Білемін, бірақ мен сіздің ғана 
қамыңызды ойлап істегенім жоқ, жалпы жағдай көптің қамына байланысты болғандықтан 
солай істелсін дегенмін. Бәрімізге де оңай соғып отырған жоқ. Көршіңізге «көже өкпені» 
қойып, онымен қойын - қолтықтаса, ауызбірлікпен іс істеңіз. Ия, барыңды аяп отырғам 
жоқ. Тағы да біраз көмек көрсетерміз. Адамдар тамақтанды ма? Жарақаттанғандарды 
тезден тоқтатпай жіберіп отырыңыздар. Жолда тоңып қалып жүрмесін. Ия, солай 
етіңіздер». 
Бір кезде немістер Гусеновоны алыстан зеңбірекпен атқылай бастады. 
— 
Әне, неміс те бізді құттықтауын бастады, —деді Панфилов телефонды текшеге қоя 
беріп. 
Таң ата мен генералдың бөлмесіне кірдім. Ол қырынып болып, бетін шайып тур екен. 
Менің сәлемімді алды да, алдындағы айнаға, өзін сынаған адамдай, біраз тесіле қарап 
турды. 
— 
Гвардеецтің сыртқы бейнесі тап - тұйнақтай болғаны дұрыстау болар еді, бірақ 
мына әжімі құрғыр ертерек түсіп қалған ба, қалай?! —деп бетін сипай күлін, — көрдіңіз 
бе, қатпарланып тұрғанын, — деді маған. 
— 
Әжімнің әр қатпарында өмірдің ізі ғана емес, сырлары да жатыр ғой, — дедім мен. 
— 
Құдайға шүкір, сіз бен біз жып - жыпматай гвардеец емеспіз. Оған өмірдің салған 
таңбасы, жаудың салған ені куә. Айтпақшы, мен сізге айттым ба, айтқаным жоқ па? 
— 
Нені, жолдас генерал? 
— 
Бір гвардеец кеше мені қатты қысымға салды. 
— 
Қалайша? 
— 
Бір ротаға барып, олардың шебін аралауға тура келді. Окопта бір топ жауынгерлер 
отыр екеу.-«Хал қалай, жолдастар? Көңіл көтеріңкі ме?» деп сұрадым. Орта бойлы жуан 
дауысты сержант орнынан тұрып: «Халіміз мақтанарлық емес, жолдас генерал. Көңіліміз 
де көтеріңкі деп айтуға аузым бармайды», — деп салғаны бар емес пе? Мен сасқалақтап 
қалуым керек. «Неге? Неліктен?» — дей беріппін. «Сізге қояр кінә жоқ, жолдас генерал. 
Бірақ өзіңіз сұраған соң, бізден адал жауап керек. Окопта отырудан дұшпанның қайдан 
соғарын білмей жалтақтаудан, шегінуден зеріктік, жолдас генерал», — дегені ғой. Мен не 
айтарымды білмей біраз дағдарып қалдым. «Қорғана білген кісі шабуыл жасай да біледі, 
сіз, сержант, менің байқауымша сәтін күтіп жатқан қажырлы, ызалы арыстанның біреуі 
көрінесіз. Жақында біз де жау ордасына ойран салып атойлаймыз. Оған мен де сенемін, сіз 
де сенесіз», — дедім. Осы жауынгердің сөзі маған өте ауыр тиді, Виталий Иванович. 


158 
— 
Сенсеңіз, маған да жеңіл тиіп отырған жоқ. 
— 
Қорғанып жүріп, қаймыға шегініп, шабуылды көксеген жауынгер — ел азаматы, 
намыстың құлы... Біздің гвардия атағына ие еткен сондайлар, Виталий Иванович... 
— 
Ол сержанттың аты-жөні кім екен? 
— 
Сұрамадым, сұрай да алмадым. Себебі, сұрасам үркітіп алып жүрем бе деп 
қорықтым. Бірақ оның бейнесі менің көз алдымда. Аманшылық болса шабуылда кездесіп: 
«Енді қалай, батырым!» — деп онымен шындап таныспақшымын. Мен өзім — қатардағы 
жауынгер, ефрейтор, сержант, фельдфебель міндеттерінің тұз-дәмін бірінші жиһангерлік 
соғыстан татқанның бірімін. Алдыңғы шептегі тұтқа солар болады. Олар жаман болса
мың жерден ақылды бұйрығың түкке аспайды. Сержант қателессе,—бөлімше қырылады, 
олармен бірге сержанттың өзі де кетеді. Взводта да солай. Ал ротадан бастап, әңгіме 
басқа. Менің қуанғаным: біздің дивизияда ер тұлғалы азамат сержанттар бар екен. Оған 
үш дәлелім бар: біреуі — жаңағы сержант; екіншісі — сондайлардың жауынгерлік 
тұлғаларының жеңісі — біздің гвардия деген абыройлы атағымыз; үшінші дәлелім — 
біздің партияның еңбек жеңісі — советтік патриотизм әр жауынгердің жүрегінде нық 
ұялаған. Сіз де оған жете түсінесіз. 
Генерал киінді. Біз далаға шықтық. Алдағы шептің жағдайын болжау үшін бақылау 
төбесіне (НП) бет алып бара жатырмыз. Жау жағы тағы да атқылай бастады. Алдымыздан 
саперлер ротасының бір сапы шықты. Рота командирі капитан генералды көре салып: 
«Смирно! Равнение направо!» деп команда беріп генералға рапорт айтты. Генерал 
жауынгерлер сәлемдесіп болған соң, капитанға былай деді: 
— 
Оқ астында сап құрып жүрмес болар, жолдас капитан. Бет алған жақтарыңызға 
бытырап ентелеңіздер. 
— 
Жаңағы жерден коп болса 150-200 қадамдай-ақ ұзағанымызда, бізден 4-5 құлаш 
жерге, ұли келіп, бір ауыр мина гүрс етіп жарылды. Алдымда келе жатқан генерал 
теңселіп барып екі-үш қадам басты да құлады. Мен жүгіріп барып, басын сүйей 
бергенімде, маған қарап: «Буду жить!» деді де қалғып кетті. Әлгі минаның бас бармақтың 
басындай жаңқасы генералдың жүрегін тесiп өтіпті... Ер ажалы құмалақтай қорғасыннан 
дегендей, генерал қайтыс болды, — деп сөзін аяқтай беріп, Марков бір күрсініп алды да, 
— сабаз ойға да, ақыға да терең, адамгершілігі мол, үлкенді үлкендей, кішіні кішідей 
сыйлай білетін кісі еді марқұм. Сыймай кетті маңдайға! — деді ол сөзін аяқтап, тағы да 
бір күрсініп. 
Екеуміз біраз жерге дейін үн қатыспадық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет