Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқас (роман)



Pdf көрінісі
бет21/45
Дата19.05.2023
өлшемі1,68 Mb.
#94921
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45
 
 


141 
КОМИССАР ЛОГВИНЕНКО 
Таң ата өзіміздің адамдарға жеттік. Калпаки деревнясы. Штабтағылардың көңілі пәс екен. 
Дивизияның жаңа командирі, полковник Шелудкон тұнжыраған адам екен, мені 
салқындау қарсы алды. Оның қасындағы комиссар Егоров, штаб бастығы полковник 
Серебряковтардың да ұнжұрғасы түскен. Менен ешкім ешнәрсе сұраған жоқ. Шелудкон 
батальонды өз полкіңізге апарып қос деді. Батальонный қажығанын, аш екенін мен 
баяндағаным жоқ. Дивизия штабының оперативті бөліміне кіргенімде капитан Гофман 
ұйқысы қанбай, кілбиген көзін уқалап отыр екен. Менімен сүлесоқ амандасты да «иә, 
қалай, келдіңдер ме?» деп әйтеуір сұрай салды. Содан кейін аласа төсекте жатқан адамды 
көрсетіп «сіздің аға адъютантыңыз» деді. Қарасам жаңағы аласа төсекте шынында 
Рахимов ұйықтап жатыр. Сөйтсек, ол кеше кешке мұнда тура тартыпты. Оны ояттым да, 
батальонға бар деп бұйырдым. «Тағы қандай нұсқауларыңыз болады» деген сұрауына 
«бар деймін қазір» деп қана қатқыл жауап бердім. Ол шығып кеткеннен кейін Гофман: 
— 
Сіз ол кісіге неге зекідіңіз? — деп сұрады. 
— 
Жау тылынан өз атқосшыңмен салт ат шыққан жеңіл ме, әлде бүкіл батальонды — 
артиллерия, пулеметтер, ат - арбаларымен алып шығу жеңіл ме?.. — деп мен үшін 
Толстунов жауап берді де, — Е, болмаса «жақсы келіпсіңдер» — деген сөз естімедік қой, 
— деп Толстунов шығып кетті. 
Гофман үлкен қара папкадан алып маған екі-үш парақ қағазды ұсынды. Мен орындыққа 
орналасып оларды оқуға кірістім. Олар біздің дивизияның соғыс қимылдары туралы 
жазылған ақпарлар екен. 
Олардың ішінен біздің батальон туралы кейбір үзінділерін өз бойынша келтірейін: 
«...Батальон вел упорные бои в районе станции Матренино, Горюны. Связь с батальоном 
нарушена, местоположение его неизвестно...» деп жазыпты 18 ноябрьдің түнгі сагат 
екісіндегі жазылған № 24 ақпарда. Сол күнгі азанғы сағат алтыда жазылған ақпардың 
бірінде: 
«...Батальон занимает прежнее положение: Горюны, станция Матренино, отметка 151,0. В 
течение дня он отразил несколько атак противника, подбив 1 танк, захватив орудие ПТО, 
миномет, тягач с груженой автомашиной и другое оружие и имущество...» 
— 
деп жазған екен. 
— 
Бұл ақпардағы жазғандарыңыздың көп жерлері олқылау екен, — дедім мен. 
— 
Сол кездегі менің қолымдағы мағлұматтың бары солай еді, 
— 
деді менің сөзімді жақтырмай Гофман. 
9 ноябрьдің кешкі сағат сегізінде жазылған № 25 ақпарында: «...батальон, занимая 
оборону в районе станции Матренино, отметки 151,0, Горюны, вел бои в течение трех 
суток несмотря на окружение. Противник потерял 3 танка, 1 орудие, 2 автомашины, 
захвачено много оружия и до 100 человек убитыми. 19.11.41 батальон попал в 
окружение...» — депті. 
Гофманға мен қағаздарды қайтарып бергенде ол тағы бір папкасын реттей отырып: 
— 
Генерал сағат сайын сіздер туралы сұрап, қатты қынжылып қиналып еді, — деді 
Гофман. 


142 
Жоғарыда келтірілген документтердің тым қысқа сөздеріне қарап «оқтың тілі — қысқа 
тіл» екенін, оның адамдар тағдыры мен жағдай құбылыстарын талдап, жатуға өрісінің бір 
тұтамдығын оқушылардың өздері-ақ байқаған болар. Соғыс кезіндегі әскери 
документтерде тіл жағынан жұмыр, нейтрализмдер мол болады. «Жүрдім, бардым, 
жеттім, соғыстым, жойдым...» сияқты жеке сөзді келеді. Қалай жүріп, нені аралап, нені 
көріп... т. б. жағдайды суреттеуге сараң келеді. Ол әскери тіл мен стильдің заңды мерзімі. 
Мені дивизия штабының барлау бөліміне шақырып алып, қай - қайдағы сұрақтарды 
қойды. Олардың мылжың сұрағынан Толстунов құтқарды. 
— 
Жүріңіз, кеттік, жолдас комбат. Батальон әбден шаршап, қалжыраған батальон, 
оның үстіне аш, бізді орманның ішінде 30 градустың аяз да күтіп тұр. Жүр кеттік, үсітіп 
алармыз. 
Өз полкымызға келе жатырмыз. Полк дивизия штабынан 10 километрдей жерде. 
Рахимовке және барлық атшыларға мен колоннаның ең соңында аттарын жетектеп жаяу 
жүруге бұйырдым. Толстунов екеуміз сап алдында жаяу келеміз. Үн жоқ, бәріміз де 
көңілсіздеу келе жатырмыз. 
Полк комиссары Логвиненко жұрт алдында көрінуді сүйетін мансапқор адам еді. Цитатты 
жаттау жағына келгенде ешкімге жеткізбейді. Жамбылдың, Сүлеймен Стальскийдің саяси 
өлеңдерін жатқа білетін. Егер оның взвод командиріндік бір жылдық тәжірибесі болса, 
дивизия командирінің қызметіне үміттенген болар еді. Оз басына пайдалы, қолайлы сәтті 
ешуақытта қаза жібермейтін қасиеті де бар-ды.Үш тілді жақсы біледі. Қандай тілдерді 
десең ғой? Өзінен жоғары бастықтармен сөйлесу тілін, одан кейін өзімен қатарлас 
адамдармен сөйлесу тілін жетік білетінді. Ал, шыптуайтқа келгенде құдай біледі 
балаларымен де, әйелімен де сөйлесе алмайтын адам. 
Деревняға жақындай бергенде полк штабының жанында сапта тұрған жауынгерлерді, 
полктың командирі мен комиссарын көрдік. Олардың алдына келіп батальонды тоқтаттым 
да, «Смирно! Равнение направо!» деп команда бердім. Аяғымды нық - нық басып, полк 
командирі мен комиссарына рапорт бердім. 
— 
Жолдас командир, жолдас комиссар! (Устав бойынша соңғысын атамайтын, бірақ, 
мен оны Логвиненко дардай боп қалсын деп әдейі айттым). Сіздердің 
қарамақтарыңыздағы бірінші батальоны генерал Панфиловтың жауынгерлік тапсырмасын 
орындап, қарауларыңызға келіп тұр. 
Полк командирі майор Елин рапортты қабылдады да, маған қолын берді, ал комиссар 
Логвиненко тарпа бас салып құшақтап бетімнен сүйді. Сөйтті де, бізді қарсы алу үшін 
салтанатты сапта тұрған әскерлерге қарлыққан даусымен: 
— 
Біздің әкеміз генерал Панфиловтың жауынгерлік тапсырмасын абыроймен 
орындаған қаһарман жауынгер достардың құрметіне «ура!» жолдастар! Рота «ура!» деп 
айқай салды. Ал, менің шаршаған батальоным ешбір бұйрықсыз - ақ жаңағы «ураны» 
қуаттап, созып ала жөнелді.
Оң жағыма қарасам Федя Толстунов көзін орамалмен сүртіп тур екен. 
Логвиненко қатты толқулы. Ортаға шықты да, малақайын қолына алды. Аязды ауада оның 
айдар сияқты дудар шашы жан - жағына бытырап, желбіреп турды. 
— Жолдастар! Жауынгер қырандар! Қымбатты жігіттер, -— осы сөздерді айтқанда оның 
даусы дірілдеп, бір рет жөтеліп те алды. — Мен сіздердің полктарыңыздың комиссары 
ретінде осы арада сіздермен дидарласып тұрғаныма өте қуаныштымын (ду қол 


143 
шапалақтау). Қымбатты ерлерім! Бәріңді де құшақтап беттеріңнен сүйемін! Шын 
жүрегімнен табыстарыңмен құттықтаймын. Соңғы күндері сендердің көрген азаптарың аз 
емес, жігіттер. Генерал Панфиловтың жауынгерлік тапсырмасын гвардияшыларша 
абыроймен орындадыңдар. Сендерден жасыратын ешнәрсе жоқ, жолдастар, біз сендерді 
енді көрмейміз ғой деген қауіпті ойда да болдық. Бірақ, жолдастар, міне, алдымызда есен-
сау турсыңдар, көрісетін күн бар екен. Аталарымыз айтпақшы «құдайға шүкір!» (Ду қол 
шапалақтау.")Г Сіздердің араларыңыздан да, біздің арамыздан да бірқатар жолдастар 
ұрыста қаза тапты. Отан жолында ерлікпен құрбан болған достар әр уақытта да есімізде 
болсын. Барлықтарыңыз да бас киімдеріңізді алыңыздар (саптағылар бас киімдерін 
алады), үнсіз ерлерді еске түсіріңіздер. Іштеріңізден «құрбан болған қаһармандар мәңгі 
есімізде» деңіздер (жұрт бір минут үнсіз тұрады). Мен сіздерге жауынгерлердің Отан 
алдындағы борышы жөнінде айтып жатпай-ақ қояйын. Біздің халіміз қиын, мүшкіл деуге 
де болады. Бірақ, біздер большевиктерміз, біздер — қызыл әскерлерміз. Москваға тақал 
келіп қалдық, жігіттер. Фашисті шынымен-ақ 1812 жылғы француздар сияқты қарт 
Кремльдің ішіне енгіземіз бе? Жоқ енгізбейміз! 
Неміс басқыншыларымен ұрыста көрсеткен ерлігі үшін біздің командир генерал Иван 
Васильевич Панфилов бірінші азамат соғысына қатынасқан жауынгер, Ұлы Отан 
соғысының айбынды командирі Қызыл Ту орденімен үшінші рет наградталды (ду қол 
шапалақтау). Біздің дивизия 316 дивизиядан 8-гвардиялық дивизия болып аталды. Бұл 
абыройға командир ретінде Панфиловтың және сіздердің сіңірген еңбектеріңіз мол, 
жолдастар! Ерлік істерің үшін рақмет! Ура, жолдастар! 
Жолдастар, біздің үш Қызыл Ту орденді даңқты командиріміз, генерал-майор Иван 
Васильевич Панфилов 18 ноябрь, 1941 жылы Москва облысы, Гусеново деревнясының 
түбінде ерлікпен қаза болды. Құрамында көп ұлттың өкілдері бар біздің дивизияның 
барлық жауынгерлері, адамдары ол кісіні қадірлеп әрқайсысы өздерінше құрметтеп 
атаушы еді. Орыстар — әке, украиндар — батько, қазақ пен қырғыз — ақсақал, өзбек пен 
ұйғыр — дада деуші еді. Мұндай зор құрметке кез келген генерал не болып отырған жоқ! 
Жолдастар, сол генерал қаза тапты! Ол арамыздан кетіп бара жатып даңқты Қызыл 
Армияның жауынгерлік дәстүрін қасиеттеп сақтаңдар, әскери міндеттеріңе адал 
болыңдар, жауды біздің жеңетіндігімізге сеніңдер деп өсиет айтып кетті. 
Одан соң Логвиненко марқұмның өмірбаянынан қысқа шолу берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет