Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқас (роман)


ЖОЛДАСТЫҚТЫ ЖАУҒА ТАСТАМА



Pdf көрінісі
бет28/45
Дата19.05.2023
өлшемі1,68 Mb.
#94921
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45
Байланысты:
199Бауыржан Момышұлы-Москва үшін шайқас 230330 123802

ЖОЛДАСТЫҚТЫ ЖАУҒА ТАСТАМА 
Қалың орман ортасындағы алаңға жеттік. Алаңның арғы шетінде тұрған бір топ кісілердің 
қасына бардық. Жағаларындағы белгілеріне қарағанда, тұрғандардың көбі үлкен 
офицерлер. Біреуінің жағасында ұшы шала, біреуінде екі, кейбіреуінде бір... Олардың 
ішінде тұрған майор Стариковтан басқаларын мен танымаймын. (Логвиненко барлығымен 
қол алысып амандасты да, мені өз командирі ретінде оларға таныстырды. 
— 
Полкты қақ жарып екіге бөліп тастады. Жартысынан көбі жолдың арғы жағында 
қалып кетті. Комиссар мен штаб начальнигі солардың ішінде, — деді маған майор 
Стариков. 
— 
Жаяу эскадронның командирі, — деп өзін өзі таныстырды жаңа келген бір капитан. 
— 
Жаяу да эскадрон болушы ма еді? 
— Соғыста әрқилы нәрсе болады, жолдас үлкен батальон комиссары, — деп жауап қатты 
капитан. — Астымыздағы аттарымызды ұрыстарда жоғалтып, жаяу қалдық. 
— 
Қанша адамдарыңыз бар? 
— 
Бір жүз он қол қылышымыз бар. 
Әр әскери қауымының өзіне жарасарлық аттары бар, өздерінің мамандық намыстары бар. 
Жаяу әскерлер «мұншама найзамыз» бар деп айтады, ал жаңағы атты әскердің капитаны 
жаяу қалғанына қарамастан, адамды: қылыш санымен есептейді. Ол басына түскен 
жаяулыққа әлі де көнер емес. Оз тобын ол рота деп атауға аузы үйренбеген. Олар жаяу да 
болса, капитан үшін — эскадрон. 
Біз соңғы шегінгендерді күтіп тұрмыз. Барлығының басын қосып, жиналып болған соң 
жүрмекпіз. Комиссар жаңағы топтың ішінде қалды. Мен өзіміздің полктың адамдары бас 
қосып жиналып жатқан орманға бардым. 
Орман шетінде, қос басында, пар ат жегілген шанада көрпеге оранып лейтенант 
Торопьпин отыр екен. Ол мені көре салысымен иегі кемсеңдеп көзі жыпылықтап, 
жыламсырай бастады. 
— 
Жарақаттанғаннан сау емессің ғой, мына түріңе қарағанда? 
— 
Екі аяғымнан да жараландым, жолдас аға лейтенант! — деді дірілдеген даусымен 
жауап беріп, шыдай алмастан еңіреп жіберді. 
— 
Тәйт! Өшір үніңді! Командир болмай кеткір! Ұрыста бәрімізді де минут сайын 
ажал аңдып жүр. Берік бол! 


179 
— 
Жарайды, жолдас командир. Лейтенант Б. екеуміз бір ұядан ұшқан, көптен бері дос 
едік. Ол көріп тұрып мені тастап кетті. Соның ызасына шыдай алмай, көзімнен жас 
шығып кетті. 
« Лейтенант Б. ұзын бойлы, ашаң, бетінде сирек шешектің ізі бар, бес-алты қадам жерде 
бір ағашқа сүйеніп тұр екен. Мен оған қарағанымда ол үн қатпастан қалт тұра қалды. 
— 
Лейтенант Б... Сдать оружие, — деп бұйырдым. 
Ол наганын қабынан шығарып, тұмсығын өзіне қарата ұстап, жақындап келді де, жарағын 
маған ұсынды. Мен наганды алып, қасымдағы Сулимаға бердім де, лейтенант Б.- ға: 
— 
Вы арестованы, лейтенант! —дедім. 
Ол үн қатқан жоқ. Торопыгин да, Б. да соғыс басталғанда ғана училищені бітіріп, тура 
менің қарамағыма келген лейтенанттар еді. Екеуі де бір ротада взвод командирі болатын. 
Училищеден бастап, екеуі бір-бірімен дос еді. Оларды батальонда әзілдеп кейде «егіз 
қозылар» деп те атайтын. Екеуі де жақсы жігіттер еді. Училищеден кейінгі қызмет 
жағынан да, ұрыс кезінде де олар мені өздерінің ұстазы деп санайтын. Екеуі де біздің 
батальонның барлық ұрыстарының ішінде болған жауынгер жігіттер. Міне, мен енді полк 
командирі болғанда біреуі ауыр жараланып орнынан қозғала алмай отыр, бірі болса, оның 
қазір мен өзім жарағын сыпырып алдым. Бұл маған ауыр соғып тұр. 
Мен олардың қасынан кеттім. 
Менің пысық, ақкөңіл жәрдемшім, майдандағы үзеңгі жолдасым, көпті бастан бірге 
өткізген Хабибулла Рахимовтың аяқ-қолы дірілдеп, көздері бозарып, бет-аузы теңбілдене 
көгеріп, бір құлағынан қан сорғалап тұрғанын көріп: 
— 
Әй, мынаған не болған, жігіттер - ау?! — деп едім. 
— 
Бомбалағанда қатты контузия алды, жолдас командир, — деді оның қасында тұрған 
Бозжанов. — Өзін құлаған үйдің астынан әрең суырып алдық. 
— 
Торопыгиннің қасына алып барып, шанаға отырғызыңдар. 
Политрук көмекшісі Ю. шегінгенде алды-артына қарамай, дегбірсіздене, жападан жалғыз 
қашады. Алдынан шығып тәртіпке шақырған полк партия ұйымының секретарына ол: «Өз 
басыңды аман сақтау қамын ойла! Әйтпесе мына гранатамен күліңді көкке ұшырып 
жіберемін!» — деп ұмтылып, оған бағынбағанын маған баяндады. 
— 
Дереу Ю.- ді тауып, қару - жарағын сыпырып алыңдар! — деп мен Сулиманы 
жұмсап жібердім. 
Бір жерде алдымнан шыққан атқосшым Николай Синченко қиналған түрде біраз бата 
алмай тұрып: 
— 
Жолдас командир, мана самолеттер атқылап жүргенде жирен қасқаның 
омыртқасынан оқ тиіп өлді. Міне, мен соның ер - тоқымын арқалап келдім, — деді. 
Менің әскери тол атым да жауынгерше мерт болып, майдан шебінде орнынан тұрмай 
қалып қойды. 
Комиссар келді. Оған көрген - білгенімді айттым. Ол сұп-сұр болып, біраз үн қатпай 
турды да: 


180 
— 
Бұл жолсыздықты дереу тоқтату керек. Біз қайда тұрғанымызды, алдымызда не 
барын білмейміз. Мұндай олқылықпен ілгері жылжуға болмайды, — деді. 
— 
Мен де солай ойлап тұр едім, Петр Васильевич! Басқа жағдайларда кешірілетін 
нәрсені мұндайда кешіруге болмайды. 
— 
Олай болса, сіз командирсіз ғой, шешімге келіңіз! 
Басқа да келісімсіз жандайларымыз аз емес еді. Ұрыста көргендердің бәрін бірдей айта 
беруге болмайды, айтылғандарды жаза беруге болмайды, жазылғандардың бәрін бірдей 
баспаға ұсына беруге болмайды. 
Мен шешімге келдім. Ол шешім орындалды. 
Аға офицерлердің кеңесінің шешімі бойынша маған сол маңайдағы өз полкімді — 
Стариковтың полкінің үштен бірін, «Жаяу эскадронды», бір саперлер батальонын басқару 
тапсырылды. Түн жарымы ауа бастағанда бәріміз де Дедешино совхозына келіп жеттік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет