182
Бөлмеге орта бойлы,толықша реңді сары әйел кіріп келеді. Сыртқы бейнесі өте жұпыны
Көздері кіртиіп, жүзі солғынданып, азап шеккен әйел.
—
Балаларыңыз қайда?
—
Балалар осында ғой, жолдас командир. Мені неге шақырдыңыз. Менің бір тілегім:
мына бишара жәндіктерді далаға лақтырып тастатпаңыз. Олар бізге өте керек, құнды
жәндіктер.
—
Оларды даладағы аязға лақтыру менің ойымда да жоқ. Алайда, бұларды бұрынырақ
алып кету керек еді ғой.
—
Өзіміз де солай ойлап едік. Мен осылармен, үш баламен машина күтіп, жертөлеге
тығылып отырғаныма үш күн болды. Иегі кемсеңдеп, әйел еңіреп жылап жіберді.
—
Жыламаңыз, жыламаңыз, құрбым.
—
Мені құрбым дейсіз бе?
—
Менің де жасым жаңа ғана отызға толды. Шамалас болуымыз керек.
—
Ал маған не демексіз? — деді әйел сұстанып.
—
Сізге мен қырындайын деп тұрғаным жоқ, құрбым, — дедім күліп. Әйел де күліп
жіберді. — Ия, енді күліп отырып сөйлесейік.
—
Ия, оныңыз дұрыс қой.
—
Жағдай өте ауыр. Оған сіз түсінесіз. Атылып жатқан оқтар мен снарядтар баланы
да, ананы да, мына жәндіктерді де аямайды. Майданның алдыңғы шебі екі-ақ қадам. Сіз
дереу кетіңіз бұл жерден.
—
Қалай кетемін. Қалай тастап кетемін. Маған жәрдемдесіңіз, жолдас командир.
—
Жәрдемдесеміз. Даярланыңыз. Сізге енді кешігуге болмайды!
—
Фу, жолдас командир, егер маған бір деревняны көшір деп бұйырсаңыз, ол оңай
орындалған болар еді,—деді терлеп-тепшіп, ентігіп кіріп келген штаб бастығының
жәрдемшісі Курганский. — Әйтеуір аттандырдық жаңағы әйелді. Балаларын көрпеге
орадық, жәндіктерін сабанмен, пішенмен қоршадық. Жолазық тамақпен қамтамасыз еттік.
Өзі қызық әйел екен: бізге сенбестен тышқандарын өзі көтеріп, өзі орналастырды,
тышқандар мен қояндарды балаларымен бірдей көре ме деп ойлап қалдым, — деп Иван
Данилович қарқ-қарқ күлді.
—Мамандық құштарлығы, Иван Данилович,—деді комиссар.
Демек, ол адал қызметкер. Ол — совет әйелі. Ол өз еңбегін, мемлекет меншігін сақтай
біледі. Ол оз постысындағы ұстамды, табанды кісі екен.
Достарыңызбен бөлісу: