Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқас (роман)



Pdf көрінісі
бет27/45
Дата19.05.2023
өлшемі1,68 Mb.
#94921
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
МАҚТАМЕН БАУЫЗДАУ 
Москва іргесінде үлкенді-кішілі деревниялар да аз емес. Соколово — солардың 
орташалауының бірі. 
Соколово — орман ортасында. Айнала қоршаған орман оның кен, қос етекті көйлегі 
сияқты. 
« 
Подполковник Курганов — бір жерде отыра алмайтын, әрі мазасыздау кісі. Оның 
бармайтын жері жоқ. Батареялар мен дивизионда, бақылау пункттері, зеңбіректердің 
тұрған жері, біз сияқты атқыштар полктарының бақылау пункті — оның аралайтындары 
осылар. Артиллерияда «Не вижу — не стреляю» деген ереже бар. Подполковник анасынан 
артиллерист болып туған. «Өз көзім көрмесе — күмәндімін» деген серт оны күш - туш 
шапқылатып жүрген. 
Таң атардың алдында Курганов бізге келді. Аттан түсе салысымен ол бізді жалпы 
жағдаймен таныстырды да: 
— 
Немістер Соколовоны орағытып тастап кете алмайды. Айналаның бәрі қалың 
орман. Дұшпан күшін жинап алып, сендерді маңдайдан соғады да, бастарыңның миын 
шашады, — деді. 
— 
Айтқаныңыз келсін! — дедім мен күліп. 
— 
Сенің өзіңнің тілің ащы екен той! — деп Курганов шаж ете қалды. 
— 
Кімнің тілі ащы екенін, қудай бар болса, естіп тұрған шығар! 
Логвиненко қарқ-қарқ күліп: 
— 
Сіз жеңілдіңіз, Георгий Федорович. Мойындаңыз. Жеңіле білу де ерлікке жатады, 
— деді. 
— 
Солай ма... Апырм - ай... Солай ма? 
— 
Солай, жолдас подполковник, — деп Логвиненко тағы да күлді. 


173 
— 
Солай болса мейлі, мен жеңілдім. Ал, дұшпанды қалай жеңбексіңдер? 
— 
Дұшпанның сыры бізге мәлім, күшін жинап, салмақтанып дайындалып жатыр. Біз 
оны көріп отырмыз, — деді комиссар. 
— 
Онда неге қол қусырып қарап отырсыңдар? 
— 
Күтіп отырмыз. 
— 
Нені күтіп отырсыздар? 
— 
Қай жақтан шыға келіп миымызды шашар екен деп күтіп отырмыз. 
— 
Ай, өздеріңнің дендерің сау ма?! 
— 
Құдайға шүкір, біздің деніміз сау... Қорамсақта ешнәрсе жоқ. 
— 
Сіздің бізге берген дивизионыңызда жүз - ақ снаряд бар. Онымен мен кімді 
отырып, кімді күйретпекпін? — дедім мен. 
— 
Құр қол қарсы шабуылға шық демексіз бе? — деді комиссар. 
— 
М-мм-да! — деп Курганов желкесін қасыды. — Сіздердікі дұрыс, — деді де, шөгіп 
қалды батыр артиллерист. 
— 
Сабыр етіп, байқап, ақылға салып көрелікші, комиссар. Сендер мені оңдырмай 
төмпештеп алдыңдар ғой, — деді подполковник. — Ақылдасалық. Соколово бізге оңай 
тиіп отырған жоқ. 
Курганов орнынан ұшып тұрды да, телефон соқты: 
— 
Иван Иванович. У Момыша положение швах... Я сам видел, я говорю от него... Он 
ждет атаку с часа на час... я здесь у него сижу... Алло, алло. Алло!.. Тьфу, черт, связь 
прервалась! 
— 
Неге қарсы шабуыл жасамайсыңдар? 
— 
Таяқпен танкке қарсы шық деп ешкімге бұйыра алмаймын, жолдас подполковник. 
— 
Тағы жеңдің! Дұрыс! 
— 
Жоғарымен тағы да сөйлесіп көрейік. Олар не дер екен?!
— 
Дұрыс... Бізде, менімше, аздаған резерв бар еді. Соны осында жұмсамағанда қайда 
жұмсамақпыз. 
— 
Алло! Алло!.. Иван Иванович. Мен Курганов... Бізді үзіп жіберді... да... Иә... 
Момыштан сөйлеп тұрмын. Марков біледі. Біздің аздаған резервіміз бар. Соны дереу 
Момышқа жөнелтуіңізді өтінемін... Иван Иванович, олар өте қажет... Өзімнің көзім 
жетті... Иә, иә, түсініп тұрмын. Әрбір сағат қымбат, Иван Иванович! 
Курганов телефонды тастай беріп: 
— 
Ал, командир мен комиссар, сіздердің тілектеріңіз орындалмақ, — деді қуаныш. 
— 
Қалайша? — деп сұрады комиссар. 


174 
— 
Бізге тағы да 250 снаряд беретін болды. — 250... Олармен кімді қырып-жоймақпыз, 
чепуха! 
— 
Тоқта, командирім!.. Оған да шүкірлік ет. 
-— Комиссар, сіз либералсыз. Сіз түсінбей турсыз! 
-Біраз суи тұршы, командир. 
— 
Екі жүз елу снаряд!.. Бұл қорлағандық!.. 
— 
Ей, тентек! Сенен басқаға жиырма бес снаряд беруге де мүмкіндігіміз жоқ. Енді 
оттама! — деп айқайлады Курганов. 
— 
Онда қойдым, жолдас подполковник... Екі жүзбен біз кімді мұқатамыз. Өте аз! 
— 
Білем, қарағым, білем. Аз екенін мен білем. 
— 
Оларды қалай жұмсамақпыз? 
— 
Оларды шоғырланып жатқан фашистердің басына дәлдеп атамыз. Біраз 
үрейлендіреміз. 
— 
Оныңыз дұрыс, подполковник. Тек үрейлендіреміз. 
— 
Енді өздеріңіз келісе беріңіздер. Мен кеттім. Алда қандай жаңалық бар екен, — деп 
комиссар шығып кетті. 
— 
Егерде бізден бұрын неміс қимыл жасаса қайтеміз? — деп сұрады менен Курганов. 
— 
Мен солай еткенін күтіп отырмын. Қолдағы аз снарядтарды біртіндеп атпастан, 
бірден атқым келеді. 
— 
Егер сәті түссе, оның атакасын бір сағат кешіктірсек те, бізге олжа емес пе? 
— 
Егер солай болса. 
— 
Солай етіп көрелік, полк командирі. 
— 
Атқылай беріңіз, жолдас подполковник. Курганов атқылай бастады. 
— 
Жолдас командир! Біздің артиллерия дәлдеп атып жатыр!.. Тас-талқанын шығарып 
жатыр! — деп Семен Краев маған ентіге телефон соқты. 
Мен дүрбімен қарап турмын. Краевтың айтқаны шын екен. 
— 
Тағы да төмпештеуге дәрмен жоқ. Қап, тағы да жүз снаряд болар ма еді! — деді 
тісін қайрап Курганов. — Ол біздің зеңбіректердің тұрған жерін байқап қойды. Енді тез 
орын ауыстыру керек, — ден Курганов асыға - аптыға аттанды. 
Ол кетті, біз қалдық. 
Азанғы сағат 9... Сағат 10. Жаудан әлі хабар жоқ. 
— 
Манағы Кургановтың атқылауы өте жойқын емес еді. Жаудың ешнәрсесін жапыра 
қоймайтындай атқылау еді. Жау неге сонша күйгелектеді екен? — деді комиссар. 
— 
Сіз жауды сағынып, сарғая күтіп тұрғаннан саусыз ба, Петр Васильевич? 


175 
— 
Орағытып, басқа бағытпен кетіп қала ма деп қауіптеніп тұрмын. 
—Оған мына даңғыл жол керек, Петр Васильевич. Орағытса да қайтып келіп бізге соғады. 
Меніңше, ол бізді бопсалап шошытып, Соколовоны аз күшпен алғысы келіп еді. 
Кургановтың екі жүз елу снарядтары сол аз күшіне ойран салды. Енді ол сізбен... 
— 
Иә, мен де солай ойлап тұрмын, — деп менің сөзімді бөлді комиссар. — Ол енді 
бізге шындап, күш жинап тиісуге бел байлады. 
Күндізгі сағат 12-де жау артиллериясы дабыл қаққандай, бізді атқылауын бастады. Снаряд 
үстіне снарядты жаудырып жатыр. Айнала тарс - тұрс, ың-жың, қаптаған қара түтін, 
құйын. Жарқ - жұрқ еткен от, аласапыран. 
Есімді жинап алып қарасам: жау Соколовоньщ алды емес, шетін төмпештеп жатыр екен. 
Мұнысы несі деп таңданып тұрмыз. Әскер қатарында тыл бөлімшелерінің адамдары 
бейқам, олбыр - солбыр, тәртіп жағынан салақтау келеді. Біздің тылдағы бөлімдер түнде 
Соколовоның бір шетіне келіп орналасып, әрқайсылары әр жерден не сабаннан, не 
пішеннен, не мақтадан күркешелер істеп алып, арбаларын доғарып, жүктерін түсіріп, 
қазан-ошақтарын бұрқыратып асып жатыр екен. Жау соларды нысанаға алып, әкелерін 
таныта ойран салуда. 
— 
Е, байғұс тыл, быт-шыты шығып жатыр, не қалар екен, — деп комиссар күрсіне 
бұрылып қарады. 
— 
Алдағыларға тимегеніне шүкір етелік, Петр Васильевич. 
Алдағылар былқ етпестен қар мен мақтаға көміліп жатыр. 
Кенеттен жау тағы да құлашын соза атқылауға кірісті. 
— 
Мұнысына жол болсын? Ол жақта ешкім жоқ емес пе? 
— 
Кургановтың дивизиондарының орнын сипап жатыр ғой. 
— 
Олар әлдеқашан-ақ орын ауыстырмап па еді? Олар ол жерде жоқ. Әлдеқашан көшіп 
кеткен. Жұртын атып неге жынданып тұрсың деп, барып айтсаңызшы жауға. 
— 
Ха-ха-ха, қауіпті жағдайда орынды айтылған қалжың үлкен ғанибеттің бірі. Мен 
сенің сырыңды бұрын білмейді екенмін ғой, командирім, — деп Логвиненко күліп менің 
аркамнан қойып қалды да: — өз көзіңмен қасірет көріп тұрғанда күлсең де, жүрегің 
ауырады, — деді. 
— 
Қасірет әлі алда, Петр Васильевич. 
AAA 
Біздің алдыңғы шеп те орындарында былқ етпей жатыр. Жау атқылауын тоқтатты. Айнала 
жым-жырт. Орман шетінен қатар тізілген автоматшылар тобы андыздап шыға бастады. 
Олар автоматтарын қарына тіреп, серт кезеп бытырлатып атқылаумен жүріп келеді. 
Әзірше біз жақтан үн жоқ. Келе жатқан жау қатарында шамасы бір жарым, екі 
батальондай бар. «Соңында танктері де бар ма екен» деп, біз қауіптеніп қарап турмыз. 
Жоқ, әзірше танктер көрінбейді. Байқауымша жау жаңағы артиллерия төмпешінен кейін, 
Соколовоны жаяу әскермен алғысы келді. Біз орнымыздан қозғалып шегіне бастағанда, 
танктерін бізді өкшелей қуу үшін пайдаланбақ. Дұшпанның ойы — бізді енді қуса, еш 
жерге кідіруге мұршамызды келтірмей қумақ. Тым-тырақай бездіре қуып, шат - 
шәлегімізді шығармақ. Мен осы ойымды комиссарға айттым. Ол бұл болжауды 


176 
мақұлдады. Жау қатары біздің алдыңғы шепке 200- 250 метрдей жақындағанда ентелеп 
жүгіре бастады. Біздің жақтан пулеметтер мен мылтықтардан жаппай атыс басталды. 
Кургановтың дивизиондары да жау үстіне снаряд жаудырып жатыр. Оқ пен снаряд 
астында қалған жау қатары ыдырай бастады. Дұшпанның сағы сынып, жер бауырлап 
жатты. 
— 
Че добре! — деді комиссар, маңдай терін жеңімен сүрте күрсініп, демін бір алып. 
Полковник Серебряковке жағдайды баяндадым. Ол кісінің айтуы бойынша, бізбен 
көршілес полк та дұшпанның шабуылын тойтарыпты. Авиацияның мәлімдемесі бойынша, 
жиырма - жиырма бес километр қашықтықта жаудың танк колонналары шұбатылып 
келеді. Танкке қарсы қорғануды күшейту жағын бұйырды полковник. Мен Серебряковпен 
сөзімді аяқтап орнымнан тұрғанда, Соколовоның үстінен біздің самолеттер топ - тобымен 
ұшып ата бастады. 
— 
Танктерді бомбалағалы ұшып барады, — деді комиссар жоғары қарап тұрып. — 
Ал, ендігі шабуыл басталғанша елді тамақтандырып, жаралыларды жөнелту керек болар. 
Комиссар жүруге ыңғайланды. 
— 
Кургановтың дивизиондарын сіздерден алып, басқа жаққа ауыстыруға тура келіп 
тұр, — деді Серебряков. 
— 
Біз қалай құр қол қалмақпыз? 
— 
Сол жақта бұлт қоюланып келеді, — деп ол сөзін аяқтады. 
Полковниктің бұл хабары маған ауыр тиді. 
Комиссармен ақылдасып, кейбір топтарды, полктағы өзіміздің зеңбіректердің орындарын 
ауыстыруға келістік. Комиссар сол қанатқа, мен он, қанатқа кеттім. 
*** 
Сарайдың ішінде бір топ жауынгер тамақтанып отыр. 
— 
Қалай, жолдастар, көжелерің дәмді ме? 
— 
Сұйықтау, жолдас командир, — деп жауап қатты орта жастағы бір жауынгер. 
Түріне қарап тұрып, кешегі «соғыс жаңа ғана басталды ғой, жақында біте қоймас» деген 
жауынгерді тани кеттім. 
— 
Сұйықтау болса да, әйтеуір, ыстық тамақ қой, — деді ол және. 
— 
Атыңыз кім сіздің? 
— 
Менің фамилиям, жолдас командир, — Гапоненко. Ал өз есіміңіз? 
— 
Спиридон Остапович. 
— 
Бұрын ұрысқа қатысқан ба едіңіз, Спиридон Остапович? 
—Жоқ, бұрын әскер қатарында болып көрмегендердің бірімін. 
Кешеден бері ұрыстың шет жағасында болғандаймыз ғой. 
— 
Келе салысымен, соғыспай жатып гвардиялық атаққа ие болдыңыз ғой, — деп бір 
жауынгер оған әзілдеді. 


177 
— 
Маған сенгендіктен алдын ала гвардия атағын беріп отыр да
— 
Дұрыс айтасыз, Спиридон Остапович, — дедім мен. 
Басқа бір топ мақтаның теңінен пулемет үшін ұя қалап жатыр екен. Оларды басқарып 
жүрген маған бейтаныс сержант. 
— 
Біздің полкке келгендеріңізге көп болды ма? 
— 
Кешелі бері ғана осындамын, жолдас командир. 
— 
Партия қатарындамысыз? 
— 
Сегіз жылдан бері большевиктер партиясының қатарындамын, — деп ол 
мақтанғандай қалт тура қалып жауап қайтарды. 
—Деревняның сырт жағындағы бір сарайға бардым.Ұзын бойлы, еңкіштеу, жалпақ иек 
қырғыз батареяның старшинасы Әлішеров бес-алты жауынгермен бір зеңбіректі 
орналастырып; жатыр екен. 
— 
Бұл зеңбіректің оз командирі қайда? — Командирі жарақаттанып кетті. Оның 
орнына мені тағайындады, — деді Әлішеров. 
— 
Жаудың танктері өте қашықта емес көрінеді. Сондықтан сендерді де алға шығаруға 
тура келді. 
— 
Түсінікті, жолдас командир. Айқасып көрелік. 
Штабқа қайтып келе жатырмын. Көргендерімнің барлығы да көкірегімде сайрап келеді. 
Алдыңғы шепте бірінші рет болып, ондағы адамдарды бірінші рет кездестірген 
сияқтымын. 
Бұрынғы уайым-қайғыдан арылғандаймын. Комиссарға қайда болғанымды, кімдермен 
жолыққанымды айтқанда ол жымия күліп: 
— 
Өзің өте көңілді қайтыпсың ғой, — деді. 
*** 
Күндізгі сағат екіде дұшпанның самолеттері топтана ұшып келіп, жемтік үстінен айнала 
ұшып жүрген қара құстардай, бізді бомбалай бастады. Ірілі-уақты бомбаларды араластыра 
тастап, оралып ұшып, үстімізден пулеметпен атқылап өтеді. Біздің қолда аспандағы 
дұшпанға қарсы жұмсар қару-жарағымыз жоқ. Жарылған бомбалардың түтіндері 
тарқамай-ақ артиллерия атыстарының сарыны шықты. Көп уақытқа созылған жоқ. Бұршақ 
аралас шатынап жауған нөсердей сабалап, құйындата өте шыққандай болды. 
— 
Халдеріңіз қалай? — деп сұрады телефонная Серебряков. 
— 
Орман шетінен танктер көрінді. Әне, үш-үштен қатарласып, кідіре тоқтан, атқылап 
келеді. Көріп тұрмын. Біздің зеңбіректер де оларды атқылай бастады. 
— 
Алдынан тосқауыл қалдырып, негізгі күшіңізбен Дедешино совхозына қарай 
шегінуге кірісіңіз! Бұйрық солай, — деді полковник. 
— 
Демек, бір жерден тағы да майдан шебін опыра бұзған екен ғой, — деді комиссар. 
— Әйтпесе бізге шегін демес еді. 


178 
Алдағы зеңбіректер мен танктер жекпе-жекке шығысып атқыласып жатыр. 
Исламқұловтың жауынгерлері сол іргеден бастап, ашылып-шашылып жатқан мақталарға 
керосин құйып, от қоюға кірісті. Қара түтін лезде бұрқырап, деревняны қоршай бастады. 
Сол жақта ұрыс жүріп жатыр, зеңбіректердің барлығын сонда ауыстырғанбыз. Орталық 
пен оң жақтағы күштер шегінуге кірісті. 
Соколовоға келген неміс танктері біраз кідіріп тұрды да, кейін бұрыла бастады. Себебі: 
олар деревняға ене бергенде мақтаның қою ащы түтініне тұншығып, лаулап жанған от 
үстінен өтуге «өзім де өртеніп кетермін» деп қауіптеніп, амалы болмай, кейін бұрылған 
көрінеді. Ең соңынан Исламқұловқа шегінуге рұқсат етілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет