Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқас (роман)



Pdf көрінісі
бет44/45
Дата19.05.2023
өлшемі1,68 Mb.
#94921
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
АДАМ ҚАЙРАТЫ 
Жадыраған көктем күні. Жер көгере бастаған. Жауынгер шинелін иығына тастап, арқасын 
жеңілдеткен. Мен дивизия командирімін. Полктарды аралап жүрмін. Машинам орманнан 
шыға берістегі бір жылғадан тайғанақтай барып артқы дөңгелектерімен шұқырға түсіп, 
қанша тырбанса да шыға алмай қойды. Мен орнымнан тұрып алаңға қарай жүріп кеттім. 
Алаңның арғы шетінен бір рота шеру тартып келеді. Соларды күтіп тұрып қалдым. 
Жақындай бергенде: 


232 
— Смирно! Равнение на-пра-во! — деп дауыстап команда берген ашаң жүзді капитан 
аяғын нақ-нақ басып, қолын шекесіне ұстап маған қарай бет алды. Рота болса аяқтарын 
көсіле, сілтей сермеп, беттерін бері бұрып, сарт-сұрт етіп өтіп барады. 
— 
Жолдас полковник!.. — деді капитан қалт тұра қалып. Екі көзім ротада, 
капитанның рапортын қабылдамастан: 
— 
Сабыр етіңіз. Ротаңызды көруге мұрша беріңіз, өзіңіз менің қатарыма келіп 
тұрыңыз! —дедім. Капитан келін менімен қатар тұра қалды. 
— 
Аяқ алыстарың жақсы екен, жігіттер! — дедім рота жанымнан өте бергенде. 
—- Слу-жим Со-ве-тс-кому Co-юзу! — деп айқайлады рота. Өтіп бара жатқан саптың ең 
ортасында бір жауынгердің гимнастеркасының оң көкірек тұсындағы кере қарыс қызыл 
белгіге көзім түсті. 
— 
Сіздің ротада бір жауынгердің көкірегінде ұзыннан ұзақ қызыл белгі бар ғой? — 
деп сұрадым капитаннан. 
— 
Ол бізге жақында келді, жолдас полковник. Әскери атағы старшина екен. 
— 
Онда неге сапта жүр? 
— 
Атағы старшина болғанмен, қызметі қатардағы жауынгер. 
— 
Қазір оны маған жіберіңіз? 
— 
Құп болады, жолдас полковник. 
Шалшықтан шыққан машина мен тұрған жерге келді... 
— 
Добарищ болкоуных!.. — дей бергенде күжірейген қазаққа: 
— 
Иә, орысшаны өте жақсы біледі екенсің, — дедім күліп. Денесі аюдай, аяқ-қолы 
добалдай, жалпақ бет, салпы ерін, кең маңдай, қыр мұрын, қою қас, шүңірек көз, бура 
caн... Әйтеуір барлығы олпы-солпы. Түрі қазаққа ұқсайды. Өзінің білгенінше әскери 
әдепті сақтаған болып қақшиып тұр. 
— 
Атың кім? — деп сұрадым қазақшалап. 
— 
Атым Андрей еді. 
— 
О, саған «Андрей» деп ат қойған әкеңе болайын... 
— 
Жоқ! Шыны сол, жолдас болкоуных, — деп сасқалақтап қалды старшина. Балалары 
тұрмағаннан кейін, ырым ғып, мен туғанда атымды Андрей қойған екен... 
— 
Ой, ырымыңның ата-бабасын... 
— 
Шыны сол, жолдас болк... 
— 
Енді көп оттамағын, шынын айтқын! 
— 
Әскерге мені шақырғанда бай үкіметтің (военкоматтың) бай сары (писарі) бір қарт 
орыс екен... Маған кезек келгенде ол менен атың кім деп сұрады. Мен Әкімгереймін 
дедім. Әлгі шалдың құлағы мүкістеу ме, қайдам... Сол кісі менің книжкама Андрей деп 
жазған екен... Содан бері мен Андрей болдым да кеттім... 


233 
— 
Кейіннен неге түзетпедің? 
— 
Шынымды айтсам, жолдас болкоуных, ырым ғып едім. 
— 
Е, ырымшыл әке - шешең емес, өзің болып шықтың той, 
— 
деп күлдім де, ал енді, ерім, бір кең отырып сөйлесерміз, 
— 
деп старшинаға кетуге рұқсат бердім. 
— 
Сіз білесіз бе, капитан Ложкин,—дедім қайтып келе жатып адъютантыма, мына 
старшина, бұл Отан соғысында аса бір сирек кездесетін айрықша адам болса керек. 
— 
Иә, жолдас полковник, оның омырауындағы белгісіне қарағанда он алты жарақаты 
бар, алтауы ауыр... Қайранмын. Адам қандай сірі жанды десеңізші!.. 
— 
Ол сайға басқалардан кейін адымдап келе жатқан жоқ. 
— 
Таңқаларлық нәрсе екен... 
— 
Тексеру керек өзін. 
— 
Бекер бола қоймас. 
— 
Бүгін кешқұрым маған әкеліңізші, мен оның анық-қанығын білейін. 
*** 
— 
Разрешите, добарищ болкоуных! —- деп Әкімгерей ымырт жабыла блиндажға кіріп 
келді. 
— 
Ал, жақсы кепсіз. Төрге шығыңыз, ақсақал! — деп орнымнан тұрып Әкімгерейге 
төрдегі орындықты көрсеттім. 0;г қауқалақтап барып отыра бергенде орындық сықыр ете 
қалды. 
— 
Капитан Ложкин, қонаққа мықтырақ орындық әкеліңіз? — деп дауыстадым. Оған 
түсінген старшина, жас балаша қысыла - қымтырыла орнынан түрегелді. 
Дастарқан үстінде старшинадан жөн сұрастым. Әкімгерей ата - тегін жақсы білетін 
қазақтардың бірі болып шықты. Өзі менен бір мүшел үлкен екен. Соғыстан бұрын әскерде 
болып көрмеген қазақ қой. Қоныстары Ембінің мұнай шыққан жері. Әкесі ерте қайтыс 
болып, шешесі елгезер елеп, нан илеп дегендей жасынан Ембінің наубайханасында жұмыс 
істеп, күнін көрген кембатал кісі болыпты. 
Қазақстанда туып-өскен орыстардың ішінде қазақтың бір сөзі дарымағандар да толып 
жатыр ғой. Сол сияқты Әкімгерейге орыс ішінде жүрсе де олардың бір сөзі дарымаған 
қазақ екен. Ол соғыс кезінде ғана долбарлап орыстың кейбір сөздерін үйрене бастаған 
көрінеді. 
— 
Ал, ақсақал, аты-жөніңізді айттыңыз. Енді мына көкірегіңіздегі он алты 
белгілеріңізді айтып беріңіз. 
— 
Ол ұзақ әңгіме ғой, жолдас болкоуных. 
— 
Мен сізді әдейі шақырдым. Ұялмаңыз, қысылмаңыз. Тамақ алып, шай ішіп отырып, 
аспай-саспай, жайбарақат баяндаңыз. 


234 
— 
Шешем байғұстың көкірек ауруы бар еді. Өзім кеш үйлендім. Қатыным бір 
жұмыскердің қызы еді. Мен әскерге кеткенде аяғы ауырлап қалып еді... 
— 
Аман-есен босанған шығар? 
— 
Қайдам. Өзім шоланнан (эшелоннан) түскелі бері бір жасқа (частьқа) тұрақтай 
алмастан қайта-қайта болобой (полевой) поштамыз өзгеріп, үйге хат та жаза алмадым... 
Кім білсін, бір жаман неме... 
— 
Е, елден хабарсызбын деңіз. 
— 
Иә, солай. 
— 
Неге сонша уақыт хабарсыз жүргеніңізге мен әлі түсіне алмай отырмын. 
—Ә, қарағым болкоуных,—деп айтарын айтса да сасқалақтап, — иә, шырағым командир... 
жолдас, добарищ болкоуных... — деп қызарып, шып-шып терлеп қара суға түсті. Беу, 
аллай, өзім не деп сандырақтап кеттім?... Қай жерде, кімнің алдында отырғанымды 
ұмытып, — деп қалтасынан орамал алып терін сыпырып сүртті. 
— 
Оқасы жоқ, — дедім күліп. — Бірақ басқа адам есіте көрмесін, мені қарағым-
шырағым дегеніңізді. 
— 
Иә, солдатпыз ғой, әдеп сақтай білуіміз керек қой. Сізбен бүйтіп дәмдес болмақ 
түгіл, сіздің маңайыңызға да жолай алмай жүргендер аз дейсіз бе? — деп Әкімгерей тағы 
да қысыла терледі. 
— 
Сіздің бірнеше ауыр жараланып жүріп өмірден, елден күдер үзбегеніңіз туралы 
әңгіме бөлініп кетті. Жалғастырыңыз. 
— 
Мені жолдан шығарған сіздің мені «ақсақал» дегеніңіз ғой. 
— 
Жеңгей есіңізге түспей ме? 
— 
Иә, ол әрқашан да есімде ғой... Егер аман-есен босанса, жаман неме ме, қызалақ па 
деп ойлаймын да жүремін. Білгім келеді, бірақ та... 
— 
Несі бірақ та? Енді хабар алу оңай ғой. Сіз біздің дивизияда, аманшылық болса, 
біраз кідіресіз деп ойлаймын. 
— 
Қайдам. Бір шастан бір шасқа өте көп кідірмеуші едім... 
— 
Капитан Ложкин! Старшинаны комендант взводына орналастырыңыз! — деп 
адъютантқа айтып, — ал, ақсақал, бүгін осы отырысымыз да жетер. Мен істейтін бірнеше 
шаруалар бар еді. Жақсы жатып, жайлы турыңыз. Ертең сөйлесерміз таты да, — деп 
старшинамен қоштастым. 
Ертеңіне мені соғыс кеңесіне шақырды. Таң ата машинаға мінер алдында начсандивті 
шақырып алып: 
— 
Мен келгенше әлгі старшинаның документтерін, жарақаттарын тексеріп 
анықтаңыз. Керек болса, қайта куәландырарсыз! —деп бұйырдым. 
Кешке начсандив маған келіп старшина туралы толық баяндады: 


235 
— 
Қайран қалдым, жолдас полковник! деп бастады ол. — Адам да мұншама жансебіл, 
сірі жанды болады екен. Старшинаның барлық документтерін тексердік, өзін рентгенге де 
салып көрдік. Денесінде бір оқ, бір жарықшақ бар екен. 
— 
Оларды алуға болмай ма? 
— 
Алуға неге болмасын, бірақ ол үшін оның көп істерін, пышақты төрт-бес елі 
бойлата, кесу керек. Әлдеқашан бітіп кеткен бітеу жараларға әзірше тиюдің керегі де 
болмас. 
— 
Одан кейін ше? 
— 
Балтыр сүйектері екі рет жарақаттанған екен. Оларды кезінде дұрыс операция 
жасапты. Бір бүйрегін алып тастаған екен. 
— 
Бүйрексіз адам қалай... 
— Бір бүйрегі бар адам кәдімгідей-ақ өмір сүре береді. Сыңар бүйрегі таза көрінеді, ол 
жағып да тексердік... Өкпесіне оқ тигенде операция істеу үшін екі оң сүбе қабырғасын 
алып тастаған екен... Ішінен оқ тигенде ішектерін де кескілепті. Қалғандары жеңіл - желпі 
жаралар. Оларға анықтамалары бар. 
— 
Оның негізгі дәлелі тыртықтары ғой, доктор. 
— 
Иә, солай, бірақ формально әр тыртыққа айғақ ретінде госпитальдан анықтамалар 
керек қой, ол жағынан ұқыпты жігіт екен. 
— 
Жарайды, доктор, рақмет сізге. Старшинаны ертең кешке маған жіберіңіз. 
*** 
Кешкі дастарқан үстінде Әкімгерей имене кіріп келді. 
— 
Манадан бері айтып отырған старшина осы кісі, Геннадий Фадеевич! — деп 
старшинаны орынбасарым, Советтер Одағының Батыры полковник Шляпинге 
таныстырдым. 
— 
Қысылмаңыз, тамаққа отырыңыз, жолдас старшина, деп күлімсіреп Шляпин оған 
қазақшалап. 
— 
Отырыңыз, тамақ ала отырып сөйлеселік, дедім Шляпийнің сөзін мақұлдап. 
Әкімгерей алғашқыда жасқа 
отырғанмен Шляпиннің жайдары түрі, мүдірмей 
сөйлеген қазақша тілі, орынды әзілдері оны көңілдендіре, жадырата бастады. Шай үстінде 
әңгіме қыза түсті. 
—- Ережептің түбінде абыройнада тұрғанымызда, — деді бір жараланған кезін айтып 
отырып старшина. Оған түсінбеген Шляпин екеуміз бір-бірімізге қарадық. 
— 
Ережеп дейтін қала ғой, — деп түсіндірді старшина. 
— 
Ржев екен ғой бүл кісінің Ережеп деп отырғаны, — деді Шляпин қарқ-қарқ күлігі. 
— «Абыройнадасы» оборона шығар,- деп ол тағы да күліп маған қарады. 
— 
Оқасы жоқ, азаматым, біз түсіндік, әңгімеңізді айта беріңіз,- дедім мен. 
Әскери адамдар соғыс кезінде жараның қалай жанға батқанын әңгіме етпейді.Әңгіменің 
негізгісі қандай жағдайда, қай жерде жарақаттану болады. Әкімгерей де сол ережеден 


236 
шыққан жоқ. «Абыройнада тұрғанымызда, жау үстімізге оқты нөсерлете жаудырды, 
«арпеткасын» бастан құйындата ұйқы-тұйқымызды шығарды. «Жыланбауыр» танкілері 
соңына анталаған жаяуларын ертіп шабуыл жасады. Қалбалақтап жүгіріп бара 
жатқанымда неміс жалп етіп қулады», «Сүріне - жығыла омақаса түсті». «Немістер 
бытырай қашып барады. Біз ентелей өкшелей қуып келеміз» деген сияқты сөздермен ұрыс 
жағдайын түйіп айтып отырды. 
— 
Бізді көп ойнатқан жоқ. Жиырма шақты күннен кейін-ақ Ақтөбеде шалонға 
отырғызды. 
— 
Бірінші рет соғысқа шалоннан шығысымен-ақ салындық. Жау соңынан қуып бара 
жатқандарды қуып жете өтіп алға кеттік. Түс қайта кідіріп қалдық та қайтадан атыс 
басталып, командирдің бұйрығымен алға тура жөнелдік. 
Біздің взводқа алдан кейін қайт деген бұйрық бар деген соң қайтып келе жатсам біреу: 
«Комрад! Комрад!» дейді, барсам шұқыр түбінде жаралы неміс жатыр екен, Жас жігіт 
екен. Мен оған ымдап қай жеріңнен жарақаттысың дегендей, аяғымды, қолымды 
көрсеттім. Ол түсініп, маған жамбасын сипап көрсетті. Одан кейін алыста жатқан 
автоматын көрсетіп, қолын шекесіне алып саусағымен «Мені ат» дегендей белгі берді. 
Жау да болса адамның баласы ғой деп мен оның жарасын таңып болып, автоматын алып, 
өзін көтеріп келе жатқанымда балтырым тыз ехе қалды. Бұлшық етіме оқ тиіпті. Алыстан 
әлсіреп келген оқ болуы керек. Ет пен терінің арасында қалыпты. Взводтың ең соңынан 
немісті арқалап келдім. «Ей, сен өзіміздің біреуді десек, жүгің фриц қой» деп күлісті. 
Санитар келіп немістің жарасын қайта байлап, оны зембілге (носилка) салып алып кетті. 
Мен докторға өз аяғыммен барып, балтырымдағы оғымды алдырып қайттым. Бір жолы 
таң сәріден алға басып, күн бойы соғысып күн батар алдында кейін қарай шегіндік. 
Әйтеуір басым айналып құлап бара жатқаным ғана есімде. 
Көзімді ашсам қап-қараңғы. Өлген болуым керек деп ойладым да, — әй өлген кісі 
ойлаушы ма еді деп қозғала бергенімде, шүйдем қатты ауырып, миым, зырқ ете қалғаны 
ғана есімде... Госпитальда бір ай дегенде аяғымды зордан тәлтіректеп басуға іліндім. 
Уралап ентелеп бара жатқанда омақаса қуладым. Турайын деп ұмтылғанымда сол аяғымда 
жан жоқ. Жантая қулай кеткенім — тапа жілігімді аралап жатқандай ауруға шыдай 
алмастан айқайлап жібергенім есімде... Госпитальда үш ай жатып шықтым. 
Пленге түстім. Қалайынша дейсіз ғой. Бір шабуылда біздің рота алды-артына қарамай тым 
ұзап кеткенбіз. Күтпеген жерден жау қоршады да алды. Жартымыздан көбіміз қырылдық. 
Лаж жоқ, қалғандарымыз қолға түсті. Еңгезердей бір неміс офицері стройға тұрғызып 
қойып, шетімізден шапалақпен тартып - тартып ұрып шықты да, офицерлерден тірі қалған 
лейтенантты, бір грузин сержантты (оны еврей деп) стройдан шығарып, көз алдымызда 
атып тастады. Бізді бір сарайға қамап қойды. 
Кеш батар алдында төрт неміс бізді айдап барады. Бір солдат орыс жігіті аяғынан 
жарақаттанған еді. Қаншама қатты таңғанмен ілесе алмай келеді. Стройдың соңында 
екеулеп сүйемелдеп келеміз. Біраздан соң қалыңқырап қойдық. Кейінгі неміс бұрылып 
келді де, сүйемелдеп келе жатқан ортамыздағы жарақат солдаттың қақ маңдайынан атып, 
бізді автоматтың дүмбісімен тоқпақтап алдағы топқа қуып тықты. 
Қараңғы түсті. Өгіз аяңмен сылбып келеміз. Мен стройдың қақ ортасында келемін. Бір 
арықтан өте бергенде бұғып отыра беріп, арықтың түбіне созыла сұлап жата қалдым. 
Қатардағы жолдастарым көрмегенсіп аттап өте берді. Арықтың түбіне жабыса жыландай 
иреңдеп, шынтағым мен тіземнің томпайына тіреліп жылжып барам. 


237 
Орманға жеткенде бір-ақ көтерілдім. Шырттай қараңғы түнде Темірқазықты сол иығыма 
алып шығысқа қарай аяңдап келемін. Алдымнан өзен кез болды. Жиналған шөптің үстіне 
шығып кеулеп, тыныс аларлықтай тесік қалдырып жаттым. Жылынып, қатты ұйықтап 
қалыппын. Оянсам түс мезгілі екен. Әжептәуір тынығып қалыппын. 
Өзен оншама енді емес, бірақ та жағалары биік екен. Бір жақсы жері табандағы су жиегіне 
дейін ну өскен ағаш. Шинелімді скаткалап алып, ағаштарды паналап ылдилатып суға 
жеттім. Еңкейіп қолыммен екі-үш ұрттап отырғанымда арт жағымнан зу-зу етіп екі оқ өте 
шықты. Өзімді суға тастап жібердім, сүңгідім. Тұншыға су түбінде малтып барам. Булыға 
басымды шығарып ауа жұта бергенімде айналама шолп - шолп етіп, суды шаптыра 
пулеметтен оқтар жауды. Алған демімді ішіме тарта терең сүңгідім. Аяғым жағаға тиді. 
Үстім зілдей. Бір ағаштың тамырынан ұстап, жағаға жабысып, басымды судан иегімнен 
жоғарыға қылтитып біраз тұрдым. Пулемет атқылап оқтарын су бетіне шортаңдата сеуіп - 
сеуіп қояды. Санымның қоң еті шым ете қалды... Госпитальдан екі айдан кейін шықтым. 
Кейінгі жарақаттанғанымда госпитальда көп жатып қалдым, — деп ол арадағы көрген - 
білгендерінен сөйледі. Мен де ішімнен оған қарсы болғаным жоқ. 
Неміс тынымсыз контратак (контратака) жасауда. Біздердікі де оны тұмсықтан перді - ай 
кеп. Тыныс алмастан соғысқан күндеріміз де болды. Қолға түскен тамақты жұмарлап 
ауызға тығып, қақала, түйіле жұтып, алдан көз алмай ата береміз. Сол күндері не жеп, не 
ішкенім есімде болса бұйырмасын, — деп жағасын ұстай қарғана сөйледі ол. Шляпин 
көзінің қиғашымен қарап, мейірлене езуін жиды. 
— 
Тамақ ала отырып сөйлеңіз, — деп мен оның сөзін бөліп, бір-бір рюмкадан арақ 
құйдым. 
— 
Көбірек болып кетпес пе екен? 
— 
Алып қоялық, — деп Шляпин соғыстырдым. Әрине, мұндай әңгімені ауылға 
барғанда соғыста болмайтындарға майын да, қанын да тамызып, терін сорғалатып айтып 
берермін, сіздерге тоқ етерін ғана айтып отырмын. Сіздер де бұл соғыста не 
көрмедіңіздер. Біз болсақ өз басымызға, өз қимылымызға ғана жауаптымыз. Біреулер 
келіп, біреулер кетіп жатыр. Сіздерден қаталдық та есітеміз, қамқорлық та көреміз. 
Көппен көрген ұлы той да, әділ биде туған жоқ демекші, командирдің әділ болғанын 
тілейді солдат.Оған не керек тамақ, бүтін киім,сайманды қару-жарақ, түсінікті бұйрық 
болса солдат байғұс неден аянсын. Олардың барлығы командирдің қолында. Зекіп, 
жерлегенше қамқорлықпен көтерсеші», деп ойлайтын да кездеріміз болады. Әрине, бес 
саусақ қайдан бір болсын, солдаттар қауымында да әртүрлі адамдар кездеседі... 
— 
Офицерлер арасында да барлығы мінсіз емес, — деп Шляпин оның сөзін бөлді. 
— 
Әрине, бірақ та біз оны айта алмаймыз. 
— 
Бірақ, ойлайсыңдар ғой. 
— 
Иә, ойлаймыз, жақын сенімді деген жолдасымызбен күбірлесіп те қоямыз... 
Көбінесе ішімізден тынамыз. 
— 
Страшно не то, что говорят, страшно то, что думает. Он не плохо философствует. 
Верно рассуждает, — дегенімде старшина «страшнодан» басқаға шала түсініп, өңін 
өзгертті. Мен әдейі орысшалап — товарищ правильно, правильно, хорошо, хорошо — 
оған түсінікті болсын деп «говориттің» орнына — сказал, — дедім. 
— 
Құлды төрем десең төрге шығады болып кеткен жоқ па? 


238 
— 
Ол не дегеніңіз, старшина, комдив сіздің сөздеріңізді орынды тауып отыр. Бұндай 
сөздер кез келгендердің аузынан шыға бермейді. 
— 
Олар оз аузына мықтап ие болып жүргендер ғой... — Біз күліп жібердік. 
— 
Ешнәрсе асып кеткен жоқ, ерім. Жақсы соз жарым ырыс дегендейін, сіз ойға ой 
қосарлық сөздер бастап отырсыз. Аспай - саспай, қысылмай - қымтылмай жалғастыра 
беріңіз сөзіңізді, — дедім мен. 
— 
Өзім бір жасағандай болып отырмын... Қысылыңқырап отыр ем, рұқсат болса 
сыртқа шығып келсем. 
— 
Ойбай, рұқсат, рұқсат, — дедім мен. 
— 
Өзінің сыртқы пішіні олпы-солпы, алғашта сөздері добалдау көрінсе де кейіннен 
шешіліп келеді. Бірақ та қызғанын сезіп қысылып қалды, — деді Шляпин старшина 
шығып кеткен соң. 
— 
Дегенмен саналы бұқараның бірі көрінеді... 
— 
Жолдас комдив, корпус командирі келе жатыр, — деп адъютантым сөзімді бөлді. 
Шляпин екеуміз сыртқа Комкорды қарсы алуға шықтық. 
Старшинаның әңгімесі осылай бөлінді. 
Екі-үш күннен кейін дивизияға қайта оралдым. Бір полкымыз орын ауыстырып еді. Әлі 
орналасып, жайғасып үлгере алмай, ашылып шашылып жатқанының үстінен шықтым. 
Колхоздың қырманына райком жақындап келе жатқанда бұрынғыдан гөрі даусын 
өктемдей шығарып «бол-бол», «те» тездің» астына алатын бригадирлерге ұқсап, капитан 
лейтенантқа, лейтенант сержантқа, сержант солдатқа дауыстай бұйырып, ұршықтай 
айналдыра бастады. 
Мен жаңа қонысты аралап келемін. 
Неге қарап тұрсыңдар? 
— 
Ана бөренені алып келіңдер. 
— 
Қазық неге жөнді қағылмаған? 
— 
Мына жатқан жүктің үсті неге жабылмаған? 
— 
Тезден жүгір! 
— 
Бермен қайт, — деген зіркіл шыққан дауыстарды естіп келемін. Тіл алғыш 
аласұрып жүгіріп жүргендерін көріп келемін. 
— 
Прыказыбай! Прыказыбай! Дэлат бойдым, дэллт бойдым, — деген қазақ үнін оң 
жақтағы топтан естіп, бұрынып қарасам, кіші лейтенанттың алдында тікесінен тік сіресіп 
Әкімгерей тұр екен. Мен оны байқамаған боп жүре бердім. Оның «...түсінікті бұйрық 
болса, солдат байғұс неден аянсын» деген сөзі есіме түсті. 
— 
Офицерлерді штабыңызға шақыртыңыз, — деп полк командиріне бұйырып, өзім 
алға кеттім. Жолда: 
«Жұмсай білсең солдат байғұс неден аянсын». 


239 
«Қалауын тапсаң қар жанады». 
«Қолақасын тапсаң кигіз қазық жерге кіреді». 
«Арнасын тапсаң су азады». 
«Қадірін білмеген жібекті жүн етеді,әйелді күң етеді, ерді күл етеді». 
«Ақымақ бастан аяққа тыным жоқ». 
«Ұйымсызда ұя жоқ». 
«Ауызбірлік айдын көл, тірлігінің берекесі мол». 
«Жұмыс істегендердің тірлігі жұмыртқадай жұп-жұмыр». 
«Ынтымақтылар ынталана істейді, 
Алауыздар соңынан бармағын тістейді». деген сияқты сөздер есіме түсіп келеді. 
*** 
Біздің корпустың командирі қасқа бас, жалпақ бет, аласа бойлы, салмақты мінезді, егде, 
тартқан сары кісі генерал Бахисов еді. Ол кісімен екі–үш күн жаңа бағытқа 
барлауларында(рекогносцировка) жүргенде Әкімгерейдің қанша рет жарақаттанғанын бір 
сөздің кезегінде айттым. 
— 
Ерекше, өте сирек кездесетін жағдай екен. Бірақ та анық - қанығына жетіп тексеру 
керек болар, — деді генерал. 
Мен начсандивті шақырып алып оған тапсырма беріп отырып: 
— 
Күмәнді мәселе болса оған әсіресе көңіл бөлгейсіз. Маған оның он алты 
жарақатына дәлелді документтер керек, — дедім. 
— 
Оны он-он бес күнге медсанбатқа алуға рұқсат етіңіз. Мамандарға көрсетелік. 
Жатқан госпитальдарынан анықтама керек болса сұраталық, — деді ол. 
— 
Оныңыз дұрыс. Солай етіңіз. 
*** 
— 
Біздің взводтың позициясында бір зеңбірек орналасқан болатын. Соған ор қазуға 
барлық взвод болып жәрдемдескенбіз. 
Зеңбіректің снарядын таситын бала жігіт жарақаттанғам соң, лейтенант мені соның 
орнына жіберді. Сержанттың айтуы бойынша екі жәшік снарядтарды алып келіп 
траншеяның түбіме қойдым. Бір жәшік болат тескіш сүйір тұмсық, екіншісі оқ бүріккіш 
(шрапнель) жұмыр тұмсық снарядтар еді. 
Алдымызда дөңнің төбесінен танктің өркеші көрініп, кейіннен зеңбірегінің соясы сорайып 
көріне бастады. Сержант команда берді. Мен болат тескіштің біреуін отаушыға 
(заряжающий) беріп, екіншісін дайындап қолыма ұстап тізерлеп тұрмын. Танктың тула 
бойы көрінгенде көздеуші (наводчик) сержанттың «Огонь!» дегенінде зеңбіректің білте 
арқанын тартып қалды. Гүрс етіп атылғанда мен қолымдағыны оқтаушыға бере салып, 
үшіншісін жерден еңкейіп қолыма алдым. Сержант командасын беріп жатыр, біз жалма-


240 
жан атып жатырмыз. Тыныс ала берісте алға қарасам жаңағы танкті қара түтін орап 
алыпты. 
«Картошу! (картечью)» дегенде сержант, мен оқтаушыға оқ бүріккіш снарядты ұсындым. 
Дамыл-дамыл ата бастады. Андап, ентелеп «улюяп» жүре атқылап келе жатқан немістер 
жапырыла баудай түсіп жатыр. Қойсын ба, ондаған зеңбіректер, жүздеген пулеметгер, 
мыңдаған винтовкалар... 
Үстімізден жер бауырлай ұшып, оқ себелеп, бомба тастап штурмовик самолеттер өтіп 
жатыр. Ордың босағасына жарқанаттай жабысып турмыз. Оқтаушы орта жастағы сары 
мұртты ефрейтор op түбіне сылқ қулады. Мен басын көтере бергенімде жан тәсіл етті. 
Оны жәшіктердің қасына көтеріп барып, өзінің дорбасындағы орамалымен бетін жаптым.
Немістің шабуылы тойтарылды. Сержант көздеушінің орнына өзі отырды да, зеңбіректің 
соясын алға туралап бағыттай бергенде құлағым шың ете қалып омақаса ордың түбіне 
құлағаным ғана есімде. 
Көзімді ашып қарасам: қараңғы түн, аспанда бұлттар жылт - жылт етеді, айнала жым-
жырт, басым мең-зең, құлағым тастай біткен, қозғала алмаймын, денем жансыз 
ұйығандай. Оң қолымды әрең көтеріп денемді сипасам екі саным, сол қолым, көкірегім 
мықтап таңулы — тапа құндақтап тастағандай. Бесік шайқағандай қимыл сеземін. 
«Ойбай» деп ем өз дауысымды өзім естімедім. Оған сенбестен барынша «Ау!» деп 
айқайлап едім, оны да естімедім. Мойнымды бұрын «Қасымда кім бар екен?» дей 
бергенімде басым айналып, лоқсығаным есімде. 
Көзімді ашсам күндіз екен. Госпитальдың палатқаеында жатыр екенмін... 
Докторлардың еңбегіне тіптен баға жоқ шығар. Көбімізді ажал аузынан алып қалды ғой 
олар. Ай, бағасыз еңбек - ау солардыкі... Бірақта қатты жарақаттанып, ес-түсіңді білмей 
жатқанда сені кім өлім аузынан ажыратып алып қалғанын білмейсің,—деп ол кінәлі 
адамша барлық кеудесімен күрсініп. Сестра байғұстар болса, қашан аяқтанғаныңша 
жөргектегі жас баладай әлпештейді - ау. 
— Ал, өзіціз қалайша старшина атағын алдыңыз? 
—Мен өзім тіл алғыш едім. Сәл айыға салысымен қарап отыра алмастан жұмыс 
сұрайтынмын. Ең алдымен қолыма сыпырғы ұстап қора сыпырып, аяқтанып келе жатқан 
жаралыларды сүйемелдеп далаға шығарысып, ауыр жатқандарын зембілге салып 
сестралармен тасысып, отын жарып, от жағысып, әйтеуір әлім келсе қарап отырмаймын. 
Бір жолы Таржақтағы (Торжок) госпитальда үш айдан аса төсек тартып жаттым. Айыққан 
соң шамамның келгенінше жұмысқа айналыса бастадым. Күздің қара суық кезі еді. 
Отынды орманнан барып алып келетінбіз. Ауыр нәрсеге жарамаймын. Бастығымыздың 
маған жаны ашыды ма, ол маған айыққан жігіттерден он жеті жігітті қосып беріп, «сен 
осыларға старший боласың» деп, бізді отынға жұмсады. Жігіттер мені сыйлайды, бәріміз 
бірге жатқанбыз. Жайбарақат барып, отын дайындап жүрдік. Кейіннен бәрімізді маржабан 
ротаға жібергенде де оларды басқаруды маған тапсырды. 
.— 
Старшина деген атағыңызға бұйрық бар ма, жоқ па? 
— 
Қайдан білейін, болса болған шығар. 
— 
Значит, выходит самозванец, — деп күбірлеп төмен қарадым орысшалап. 
— 
Как же, товарищ полковник, — деді Шляпин де орысшалап, — он же старшина, 
возглавлял команду дровосеков, вел группу людей в маршевую роту как их старшина... 


241 
— 
Не как старшина, а как старший. 
— 
Теперь придется произвести его в старшину Вашим приказом, и этим самым 
узаконить его звание, товарищ полковн и к. Ее?ей, товарищ полковник, он этого 
заслуживает... 
Біздің сөзімізге шала-шарпы түсініп отырған Әкімгерейдің сұсы кете, қуыстана бастады. 
— 
Он заслуживает как войн большего, но войнское звание, как вы знаете, Геннадий 
Фадеевич. 
— 
Простите, товарищ полковник, все таки... 
—Сіздің әскери атағыңыз,—деп орынбасарымның сөзін бөліп, Әкімгерейге қарай қазақша 
сөйлеп кеттім, — бұйрықсыз атақ көрінеді. Сіз ефрейтор болған жоқсыз, кіші сержант, 
сержант, аға сержант болған жоқсыз, ешқандай бөлімшелерді басқармағансыз. 
Командирлік сатыларының бірінен де өтпегенсіз... 
— 
Қайдан білейін, өздері ғой мені старшина деген... 
— 
Мына батыр полковник маған сіздің әскери атағыңызды бұйрық жазып, заңды 
етіңіз деп отыр, оған мен не істерімді білмей қобалжып отырмын. 
— 
Өздеріңіз біліңіздер... 
— 
Да, Геннадий Фадеевич, придется отдать приказик. 
-— Өте дұрыс, жолдас комдив, — деп Шляпин қуана орнынан ұшып тұрып Әкімгерейдің 
қолын алып, оны құттықтады. 
— 
Ал, енді бұл жігітке қайтеміз? — деп сұрадым Шляпиппеп Әкімгерей шығып 
кеткен соң. 
— 
Қайткені бар, өзі момын, адал, еңбекқор кісі көрінеді ғой, тылдағы он шақты 
арбакештерді басқара алар, — деді Шляпин. 
Арада екі-үш күн өтті. Әкімгерей өз ротасында жүр. Старшина деген шен алды. Менде екі 
рет қонақ болды. Қазірше оның көрген жақсылығы сол-ақ. 
Жадыраған көктем күні. Жер беті қылтанақтай көгеріп, ағаштар бүршік жара бастаған. 
Машинаның артқы орнында адъютантпен қатар орта бойлы, ақ құба майор қолына 
портфель ұстап отыр. Майор дивизия штабының офицері, фамилиясы Мазурин.
Алаңның арғы шетінде шатырлана құрылған күркелер орман ішінде. Орманның жиегінде 
сап құрып тұрған батальон. Машина жақындағанда еңсесі түсіңкілеу, ұзын бойлы, қара 
торы подполковник Ужвак сапты тұрғызып, менің алдымнан шығып рапорт берді. Полк 
командирінің рапортын қабылдап, саппен сәлемдесін, жайбарақат тұруға рұқсат еттім. 
—Гвардий старшина Әкімгерей, ко мне! —дегенде саптың сол жақтағы қанатынан 
қоржаңдап жүгіріп келе жатқан Әкімгерейге солдаттардың барлығы мойын бұрып, қарап 
турды. 
Әкімгерейдің орысша долбар, шала-шарпы рапортын қабылдап, оған қазақшалап: 
— 
Сәл ілгері, менімен қатар тұрыңыз, — дедім. Ол турды. Жауынгерлердің екі көзі біз 
жақта. 


242 
— 
Жолдастар, мен бүгін сіздердің полктарыңызға әдейі бір шаруамен келдім. Ол 
шаруамды сіздердің алдарыңызда, барлығыңызға көрсете, барлығыңызға да естірге 
атқармақпын. Мына сіздердің алдыңызда тұрған старшина Әкімгерей бәріміздің жауынгер 
жолдасымыз. Бұның денесіне салған соғыс таңбаларын моншада ғана көруге болады. 
Олардың айғағы көкірегіндегі он алты белгілердің тігістері. Бұл кісі біздің дивизияға 
жақында ғана келді. Кейінгі өткізген ұрыстарға қатысты... 
Біздің докторлар бұл кісінің қан майданда алған жарақаттарын тексерді. Барлығы да рас, 
барлығына да денесіндегі тыртықтар мен қолындағы госпитальдардан алған анықтамалар 
түгелімен айғақ. Бұл жауынгер көп ұрыстарға қатысып, Отан үшін майданда көп қан 
төккендердің бірі. Әрбір жараланғанда орта есеппен бір жарым стаканнан қан төгілсе, бұл 
кісі жиырма төрт стақан қан төкті деуге болады, оның қанша литр екенін өздеріңіз есептей 
беріңіздер. Жеңіл жараның ауыр жарақаттанудың бабын көргендер араларыңызда аз емес. 
Құдайға шүкір, аман-есен, төрт мүшесі түгел, әлі де қатардан қалар емес, жауынгерлік 
борышын аянбастан тағы да орындауға даяр азамат. Бұл кісі қарапайым халықтың 
қарапайым да қаһарман улы. 
Бұл кісі — өздеріңіз сияқты қатардағы жауынгер. Бұл кісіге жаудан көп оқ дарыған. Бұл 
кісіге атышулы атақ, дабыл қаққан даңқ дарыған емес. Оларды бүл кісі керек етіп те 
жүрген жоқ. Бұл кісі қатардағы адал азаматтардың бірі болғандығына шүкір етіп жүрген 
адам. Бұл кісі біздің гвардияның қатарында. Майор Мазурин, старшинаның 
гимнастеркасына гвардия значегін қадаңыз! 
Майор значек тағып жатқанда, полк командиріне: 
— 
Мұны сіз өзіңіз әлдеқашан-ақ істеуіңіз керек еді, — деп кейідім. Ужвак төмен 
қарады. Батальон қол шапалақтады. 
— 
КСРО Жоғарғы Советі Президиумының атынан старшина Әкімгерейді 
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградтаймын. 
Батальон қол шапалақтады. 
Майор Мазурин медальді тағып болғаннан соң ерлігі үшін медалімен және Даңқ, Қызыл 
Жұлдыз ордендерімен де наградталатындығын жеке-жеке жарияладым. Бұл наградалар да 
Әкімгерейге сол жерде табыс етілді. Сосын: 
— 
Енді сізді үкімет наградаларымен құттықтауға рұқсат етіңіз, — деп ду қол 
шапалақтаудың үстінде Әкімгерейдің қолын алдым. Әкімгерей кемсеңдеп қамығып келе 
жатыр еді, «тәйт, ұят болады!» — деп зекіп тастадым. 
— 
Қайтейін... Мен не дерімді білмей турмын. 
—Дауысыңды қаттырақ шығарып: «Служу Советскому (окну» дегін. 
— 
Исслужим Советской Союзом! —деп дірілдеген даусымен старшина сапқа қарап 
айқайлады. Солдаттар қол шапалақтады. 
— 
Ал, жолдастар, менің келген шаруам осы, — дедім жауынгерлерге қарап. Тағы да 
қол шапалақтау. 
— 
Бүгін жолдас-жораларыңызбен қоштасып, кешке маған келіңіз, — деп бұйырдым 
старшинаға. 
Кешке Шляпиннің көзінше Әкімгерейге былай дедім: 


243 
— 
Сізді он жетінші peт жаралануға жіберуге болмайды, ал әскерден босатуға правом 
жоқ. Сіз дивизияның наубайханасына барып өз мамандығыңызбен жұмыс істегеніңізді 
дұрыс көріп отырмын. Қанша айтқанмен, ол алдыңғы шептен 40-50 километр жерде ғой. 
Дұшпанның самолеті бомбаламаса, оқ, снарядтары жетпейді... Одан кейін айтайын 
дегенім, енді сіз еліңізге, үй ішіңізге хат жазып хабарласып тұрыңыз. 
— 
Дұрыс, құп болады. 
Майданда да соз жерде жатпайды. Тез тарап кетеді. Соны біліп «біреу болмаса, біреуі 
ақпарлар» деген оймен Әкімгерей туралы жоғарғы орындарға ресми мәлімдеме жасаған 
жоқпын. 
— 
Екі-үш күннен кейін армия штабынан телефон соқты. Командашы старшина 
туралы сұрақтар қойып: 
— 
Әрине, кімді қалай наградтау өз еркің. Бірақ оны үлкенірек орденге ұсынуға да 
болатын еді ғой. Ал, сіз оған бірден торт награда... 
— 
Сіз оған үлкен орден берсеңіз, артық болмас, — деп әзілдедім. 
— 
Тапсырыңыз. Біз әскери кеңесте қарап көрелік. 
— 
Бермейтін болсаңыздар, тапсырмаймын. 
— 
Қызыл Ту орденіне тапсырыңыз. 
— 
Құп. Дұрыс... Сол жігітті ауылына жіберіп алсақ қайтер еді, жолдас командашы. 
Өзі кеткенде әйелінің құрсағында... 
Командашы сөзге келген жоқ, көнді. 
— 
Мына қазақ мүлдем олжалы болды-ау, жолдас комдив, — деп қуанды сөздің бас - 
аяғын аңдап отырған Шляпин. — Ал, енді оны демалысқа жіберсек, жақсылап киіндіріп 
жіберелік. 
— 
Ол жағын өзіңізге тапсырдым, Геннадий Фадеевич! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет