Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқас (роман)



Pdf көрінісі
бет42/45
Дата19.05.2023
өлшемі1,68 Mb.
#94921
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
199Бауыржан Момышұлы-Москва үшін шайқас 230330 123802

ДАҒДАРЫС 
Рдей көлінің көлемді аймағын Рдей ойпаңы деп атайды. Ойпаң шалшыққа ну өскен 
орманды. Қар астындағы су қатпайды. Шаңғыдан түссең қарға малтыға суға аяғыңды 
тығып малшып аласың. Тиман мен шұлғауың суды сорып алады. Оларды кептіретін от 
жоқ. Сирек кездесетін хуторларға тоқтамай өтіп барамыз... Түп ортасы ауа бір хуторға 
ендім. Бөлменің бұрышында автоматтың құндағын тізесіне тірей жоғары түңдікке қарата 
серт ұстап, дуалға сүйене еңгезердей қара жігіт шалқая ұйықтап отыр. Meн дыбыс 
бергенде ол шошына оянып, шүріппеге басып қалғанда автоматы тарсылдай үш - төрт оқ 
атты. Құйқам шымырлап, денем селт ете қалды. Мені танып ол шүріппені босатты да, 
сасқалақтап орнынан ұшып тұрды. 
— 
Басымнан асыра атып оқтарыңды маңдайшаға тидірдің ғой, — дегеніме әлі есін 
жинай алмай: 
— 
Ұйқылы көзіммен қалай басқанымды өзім де білмеймін... Қудай сақтап қалды... 
Шүкір... Кешіргін, бауырым. 
— 
Мен сенің бауырың емеспін, командиріңмін! Бұнда не ғып ендің? Heгe мүлгіп 
отырсың? 
— 
Күн бата аяғымды қар астындағы суға малып алып едім... Кептіріп алған соң суық 
сорған бойымды жылылыққа билетіп алып, қалғып кетіппін... 
— 
Топтарыңды тез қуып жеткін! — деп мен оның сөзін бөлдім. 
Түс қайта бір хуторға жақындай бергенде сол жақтағы орманнан жүгіре, жүре атқылап бір 
тон біздің жауынгерлер хуторға енер - енбесте жаудың тобы қаша жылғаға түсіп, орманға 
жөнелді. Біздің топтың алдында түндегі еңгезердей қара жігітті таныдым. 
— 
Булар болмағанда біз дұшпанның азуында болмақ екенбіз ғой, — деді адъютантым 
жауды қуып бара жатқан олардың соңынан қарал. 
*** 
Рдей ойпаңынан өткен соң ашық жондарға орналасқан селолар кездесе бастады. Оларды 
алу үшін полкті жинақтап, батальондардың бастарын қоса ұстауға тура келді. Жау 


226 
қорғаныстары көбінесе бекімі осалдау болғандықтан табан тірес ұрыстар аз болды. Кейбір 
қыстақтарды ат үстінен (схода) алып барамыз. Дұшпан жол бойы тосқауылдар қалдырып, 
негізгі күштерін кейінге тартып барады. 
Қосжігіт аязы бұрынғыдан да танауымызды қусыра, сүйекті сырқырата, сықырлата қыса 
бастады. Қатты аязды ашық даладан гөрі орман іші де жылылыққа жатады. Дала жонында 
жалданып жатқан ормандар жолымыздан қашықтау қарауытады. 
Алдағы бір топты қуып жетсем кешегі еңгезердей қара жігіт алдында командирмен қатар 
келеді екен. Тізгін тартып сөйлесіп тұрмыз. Оның бозара көгерген еріндері жауап 
қатқанда тістері сақ-сақ етеді. Қалшылдап тұр. 
Менің киімім жылы еді. Аттан түсіп шешіндім де, оған тон ішінде бешпет орнына киіп 
жүрген мақталы сырып тігілген телогрейкамды ұсынып: 
— 
Мынаны шинеліңнің ішінен киіп алғын. Жаудың оғынан аман қалып, аязға ұшып 
өліпті деген ат жаман болар, — дедім. 
— 
Өзіңіз тоңасыз ғой... 
— 
Шешін! — деп өзім киіне бергенімде, ол жалма-жан шешініп жатқанда Николай: 
— 
Бұл телогрейканың арқасында мына мақтасы шығып тұрған тесікті көріңіз. Бұл 
командирге тиген оқтың ізі. Ең алғаш та білінер-білінбес еді, енді күннен күнге ұлғайып 
барады екен, — деп телогрейканы оған ұсынды. 
— 
Аштықта жеген құйқаның дәмі кетпес дегендейін, бұныңыз есте қаларлық болды, 
— деп ол киіп алды. 
*** 
Олардан озып алдыңғы бір үлкен селоға кіреберісте біреу бізді қол бұлғап шақырды. Үйді 
паналап жүріңдер дегендей ишарат көрсетті. 
— 
Генерал осында отыр, •—- деді маған лейтенант. Аттан түсіп үйге ендім. 
— 
Рдей ойпаңындағы әр шоқының басындағы хуторларды тінтемін деп күллі 
дивизияны бытыратып, әлі басын қоса алмай өзім де сандалып осында келдім, — деді 
генерал. 
— 
Батальондардың топталғаны болмаса полктің басы әлі де түгелінен қосылған жоқ, 
жолдас генерал. 
— 
Сіздің бір батальон осы селоны алды деген соң мен осында бұрылып едім... 
— 
Мен де сол батальонның соңынан жете алмай келемін... 
— 
Ия, араларын өте шалғайлата бытыратып алған екенбіз. Жау да бытырай шегініп 
барады. Мына аяздың қысымызда о да шыдар емес... Алға асығу өте қажет. Етек - жеңіңді 
жинап алмай асыға да алмайсың... Бородино мен Соколоводай бір бекініске кез болсақ 
роталап, батальондап тиісу жанып жатқан пешке біртіндеп шыбық салғанмен тең... 
Қомағайдың құлқынына асамға толмас ет тығумен тең. Ол шмірікпей жұта салады... Жер 
жағдайы өте ыңғайсыз, шалғай. Мына құмалақша сирек шашылып жатқан селолар мен 
хуторлардың түйін шешуге тұратындары аз, — деп генерал картаға қарап, — 
Алғандарымыздың көбінде гарнизондары аздаған топтар ғана емес пе? — деп менен 
сұрады. 


227 
— 
Бір ротадан асар-аспас тосқауылдар екені рас. 
— 
Солай. Аз күшпен әр бағытта бөгет істеп, ол күшінің бастарын құрастырып уақыт 
ұтып, негізгі қарсыласты мына алдағы Холм, Локня қалаларының маңайында 
ұйымдастырмақ. Барлығын сол маңайға тартуда. 
— 
Менің болжауымша ол бізге сол маңайда «қош кепсіздің» анық әкемтегін айтпақ... 
Мына майда жағалас жанжалды қойып біз де негізгі күштерімізді солай қарай тіп - тікелей 
тартқанымыз жөн болар... Демек, сіз де саусақтарыңызды тарбита бермей, полкті жинап 
алып, солай қарай бейімделуге кірісіңіз. Старое — Руссо — Холм жолымен тартып 
отырыңыз. Дұшпан да сол жол бойымен шегініп барады... — деп генерал Чистяков 
бұйрығын аяқтады. 
* * * 
Полк бөлімдерінің басын жүре қосып алдық. Жол бойындағы селоларды ұрыспен алуға 
тура келді, бірақ та қасарысқан қарсыласулар сирек кездесуде. Түс қайта, түн бойы қар 
жапалақтап жауған. 
Новички селосы үлкен, қалың орманның ортасындағы алаңда. Таң ата солай қарай бет 
алуға бұйрық берілген. 
Сәскеде он шақты аттылар мен алдыңғы батальондарды қуып жеттім. Барлықтары жол 
бойы ығысып - тоғысып тұр екен. 
— 
Не қып тоқталдыңыздар? 
— 
Қалың қар астында миналар бар көрінеді. Арттағы саперлерді күтіп турмыз. 
— За мной по два галопом марш! — деп, қасымдағы аттылардың алдына түсіп алға шаба 
жөнелдім... Елу-алпыс метрден кейін соңыма қарасам аттылардың бәрі де шауып келеді 
екен. Тағы елу метрден кейін орағыта құйындата шауып полкке жолдың екінші шетімен 
бұрылдық. Тұрғандарға келіп тізгін тартып тура қалып: 
— 
Ал, біз салған екі ізбен полкті бастап алға тартыңдар! — деп бұйыра ақырдым. 
Роталар жалма-жан сап құрып қозғала бастады... Бір ротаның алдыңғы қатарында төмен 
қарап бара жатқандардың арасында еңгезердей қара жігіт — біздің полктің комсоргін 
таныдым. 
Холм, Локня қалаларының арасында желідей тартылған жол бойында тынысымызды бір-
ақ алдық... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет