Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқас (роман)



Pdf көрінісі
бет43/45
Дата19.05.2023
өлшемі1,68 Mb.
#94921
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
199Бауыржан Момышұлы-Москва үшін шайқас 230330 123802

АНЫҚТАУ 
Соғыс пен жорықтың әуресі билеп ерлік көрсеткен жауынгерлердің қарызынан уақытылы 
құтылуға қолға тізгінімді тидірмей жүруші еді. Төлеген мен Алешин екінің бірі емес. 
Олардың аруағының алдында олқылық істегендей айыпты, кінәлі сезім жатсам ұйқы 
бермей жүрген кезі. Ерлікті елеусіз қалдырған командирге күнә. Оның адамгершілігіне 
қаттысын. 
Кейінгі күндері менің еңсемді зілдей басып жүрген ауыр жүктің бірі сол еді. 
Барлық жер тегіс бола бермейді. Соғыс майданында да көпірте сөйлеу, бояп, борандата 
мақтау, «жоғалған пышақты алтын сапты» ете салу сияқты өтіріктер атам заманнан бергі 
келе жатқан емі жоқ аурудың бірі. Мен солардан сау болғым келеді. Өтірік мақтау — 
қиянат. Қиянатпен елді алдап, қылмысты болғым келмейді. Елге ер туралы шын айтсам, 


228 
шынды сыр етіп, шынықтыра айтсам деген ниет ойымда. Шыным мен сырым Төлегендей 
таза, ақ пейіл, ақ ниет болса, ақ қағазға түсіріп, елге сөз жеткізсем мен Төлегеннің 
қарызынан құтылған болар едім. Қыранның қиядан соғып ентелеп, басып келе жатқан жау 
қанатын қырық қағып көргенмен, жан тәсілім еткенде басында болғаным жоқ. 
Білмегенімді басында болғандардан біліп, толықтырайын деген ой мені осы уақытқа дейін 
жетектеп келді. 
Олар — оның ұстаздары Гундилович, Трофимов, Мәлік, үзеңгі жолдасы Балтабек, 
Төлеген туралы шынның да, сырдың да кілті соларда, менде емес. Соз соларда. 
Бүтін февральдың 22-і. Биыл Совет Армиясының 24 жылдық мерекесін майданда 
тойлаудамыз. Тарихи баяндаманы оқ пен от жасауда. Ауылдағы қарттар құранды оқып 
бітіріп от басынан әлдеқашан төсекке жантая орналасқан болар. Уақыт түн жарымына 
жақындап келеді. Біз отырмыз. Кішкене аташ үйдің шаршы бөлмесі, алдымызда жез 
құтыда лапылдай жанған білте шам. 
Монтайған момын қара торы жас жігіт, айғыз ақ киімді Мәлік қара дәптерін парақтап 
отыр. Оның қасында сырма, жеңілтек сары мақталы пешпет киген, еңгезердей Балтабек 
отыр. Оның мұрнының ұшы қарауыта үсіген, қалың қабағы түсіңкі, қалғығандай, шаршап, 
иығынан дем алып отыр. Балтабек полк жастарының ағасы — комиссаріміз. Бір жолы 
оның келбетіне қарап: 
—Мына олпы-солпы жаратыла салған біреуді ел несін мақтап, несін жақсы көреді! 
Балташ, Балтекең деп барлығы қадір тұтады. Өзі аузынан сөзі түскен біреу. Мұның не 
қасиеті бар? — деп комиссардан сұрағанымда, Мұхамедияров жымың күліп: 
— 
Мұның қасиеті мол адам. Көзі жоқ батыр, адал ниет, ақ көңіл, өте сыпайы жігіт. 
Кебенек киген ердің бірі осы, - деп жауап беріп еді. 
Міне,. батальонның комиссары Трофимов, көзі кіртиген, жүзі солғын. Тымағын шалқайта 
киген. Ол темекі орап отыр. Тамағына суық тиген, қырылдай сөйлейді. 
Отырғандардың бірі батальон командирі Гундилович. біраз жүдеген, шаршаған. Ашаң 
жүзінде қыр мұрны сорайып, көз жанары солғындау, тымағын басынан алғанда кере 
қарыс маңдайы жалтырап отыр. 
Барлығымызда үн жоқ. Төлеген туралы ой үстіндеміз. Менің көз алдымда полктың 
мыңдаған солдаттарының таныс кейіптері. Олардың ішінен мен Төлегенді іздеймін. Көп 
жігіттердің ішінде Төлегеннің түрі жадымда, есімде қалмапты. Мені қинап отырған сол. 
Мәлік менің Төлегенмен кездескен жерлерімді есіме салады. Бірақ мен оның сымбатын 
ұмытқандаймын. Екеуміз есте қалғандай бетпе-бет жолыққан емеспіз, сондықтан оның 
түр - сипаты есімде жоқ. 
— 
Міне, аға, Төлегеннің комсомолдық билеті, мына қағаз оның партияға өту жөнінде 
берген арызы еді, — деп Мәлік маған кітапша мен бір парақ қағазды ұсынды. 
Мен біздің жастардың мақсат - паспортын алып аштым, қарасам кітапшаның ішкі бетінде 
Төлегеннің суреті. 
Екі көзі мөлдіреген, ашаң жүзді, қара торы жас жігіт маған тесіле қарап қалғандай болды. 
Москва өлкесіндегі Иахабино қыстағының бір үлкен салқын үйі. Январь айының аяқ кезі 
«Екі жігіт» теңселе сырқырап тұрған мезгіл. Сол үйде елден келген жігіттерді 
бөлімшелерге таратып жатқанбыз. 


229 
Сұңғақ бойлы, қыр мұрынды, айбынды тік көзді, әдемі қара торы жігіт, шекпенінің белін 
қыса буған, қадамын дікілдете басып келіп, әскери әдет сақтап, сіресе тұра қалып: — 
Жауынгер Төлеген Тоқтаров, — деп аты-жөнін мәлімдеді. | 
— 
Кім болғың келеді? — деп оған сұрақ қойдым. 
— 
Қайда бұйырсаңыз, сонда барамын, жолдас капитан, деп ол жауап берді. 
— 
Дұрыс, автоматшылар тобына бара ғой, — дедім мен. 
— 
Құп болады, жолдас командир, —- деп шұғыл бұрылып шығып кетті. 
Мәлік менің ойымды тапқандай: 
— 
Таныдыңыз ғой, ия сол жігіт, — деді маған. 
Алдымыздағы торт бүктелген бір парақ қағазды алып оқыдым. 
«Мені большевиктер партиясының қатарына алуыңызды өтінемін. Егер Отан үшін ұрыста 
қаза тапсам, мені большевик деп санаңыздар. Шаруаның баласымын. Өзім жұмыскермін», 
— деп қысқа ғана, бөтен сөзге килікпеген Төлегеннің арызы екен. 
— 
Ал бастан-аяқ байқағын, — дедім Мәлікке. 
— 
Тоқтарұлы Төлеген, — деп алдындағы дәптерінің бір бетін Мәлік оқи бастады, 
жасы жиырма бірде... Өскемен қорғасын заводының жұмыскері. Туған жері Шығыс 
Қазақстан өлкесінде... Автоматшылар тобына январьдың 17 күні келді. 
— 
Білгеніңді ауызекі айтшы, — дедім. 
—Жолдас капитан, менің дәптерімде Төлеген туралы бірнеше жазуларым бар. Солардың 
кейбіреулерін алдымен оқып берейін деп едім, — деді ол. 
— 
Жарайды. 
—Тәртіпті, әдеп сақтаған, ибалы жауынгер. Қару-жарағын өз қолыңдай пайдалана біледі. 
Жол бойы топ арасына үгіт-насихат жұмысын жауынгерлерге нақыл сөз айтып өткізіп 
келеді. Ақылды, ақ ниетті, сөздің орнын тауып айтатын жігіт. Жауынгерлер арасында 
қадірі бар солдаттың бірі неміс басқыншыларымен бірінші рет соғысқа февральдың екі 
жаңасында қатысты. Ново - Свинухово қыстағына шабуыл жасағанда алдымен көтеріліп, 
айбынды соғысты. Жаудың 15 солдаттың серігі Жұмажан Батталұлы тағы басқалармен 
бірге он солдат, үш жау офицерін тұтқынға алды. 
6 февральда Бородино қыстағына, түнде бірінші боп еніп барып, бір үйдегі немістердің 
үнін шығармай, жатқан орындарынан тұрғызбай жойды. 
Дұшпанның қарсы шабуылында, өз ақылымен орнынан атып тұрып, жолдастары 
Батталов, Соколов, Егембердиев, Шумилов, 
— Өздеріңіз білесіздер, — деп бастады ол, түс қайта бергенде үстімізге дұшпанның 
зеңбіректерінің оғы жауып, әлемді жаңғыртып, жатқан жеріміздің қарын қопара көтеріп, 
бүл і к салды. Снарядтың жаңқасы зуылдап бас көтертер емес. Айнала тарс - тұрс 
күмпілдей соғып, суыра борап, қарды көкке ұшырып тұр. Тек кірпік қаққандай тыныс 
алғанда ғана бас көтеріп анталап келе жатқан неміс тобына оқ жұмсап қалып, қайта 
бұғамыз. Қыстақ бықсып өртене бастады. Ащы түтін тұншықтырып барады. Күтпеген 
жерден айнала біраз саябырсығандай болды. Бас көтерсек немістер жан-жақтан анталап 
келіп қалыпты. Мен отыз шақты жігітпен оларға қарсы жүгірдім. Айнала сарт-сұрт атыс. 


230 
Атқылай жүгіре араласып кеттік. Екі жақтың қорамсағындағы оқтары таусылып, сойыл -
соғыс, төбелес басталды. Қолға түскенімен ұрып, иін тіресе арпалысып жүрміз. Өгіздей 
бір сары неміс қолымдағы автоматымды қағып түсіріп, жағамнан ала кетті. Итере 
сырғытып алып келіп дуалға тіреп, қылғындырып тамағымды езе бастады. Булыға барып 
тіземмен екі бұттың арасын теуіп жібергенімде неміс шалқалақтап барып қулады. Ол тура 
бергенде пистолетті қабынан суырып алып, атып жықтым. Сол кезде қыстақтың сол 
іргесінен біздің адамдардың дауыстары шығып, атыс үні ұлғая бастады. Жаңағы үйдің 
қорасын аралай, сол жаққа қарап жүгіріп бара жатқанымда, аяқ астынан тарс етіп оқ 
атылды. Қарасам жарақаттанған неміс офицері сол қолымен жер тіреп, бөксесін сүйретіп 
оң қолындағы прабеллюмен қайта көздей нұсқап жатыр екен. Көзді ашып-жұмғанша біреу 
ыршып барып автоматтың шүйдесімен офицердің шекесінен перін қалып, өзі шалқалақтай 
барып, жерді құша құлады. Офицер тырп етпей қатты. 
Өзіміздің жауынгерді аударып, басын сүйей берсем, бетінде қасық қаны жоқ Төлеген... 
Көзі жұмулы, тыныс жоқ. Бауыры ұйыған қара қан. Кейінгі әңгіме өзіңізге мәлім, жолдас 
командир, — деді Мәлік аяқтай беріп, — мына дәптердің ішінде Төлеген туралы тағы 
бірнеше жазғандарым бар. Уақытыңыз болса қарап шығарсыз,— деп қара дәптерді маған 
ұсынды. 
— 
Ал, жолдастар, сіздер не айтасыздар? 
— 
Алтайдың қыраны еді, бауырым, бір елдің баласы едік. қыршын кетті, — деді 
қамыға күрсініп Балтабек. — Жолдас Ғабдуллиннің жазбаларындағы Тоқтаров жойған 
жаудың саны өте аз. Ол жалғыз Бородиноның өзінде ғана одан көп қырды, — деді 
Гундилович. 
— 
Ия, жолдас капитан, ол кемінде жүз жауды қырды, — деді оған Мәлік, — 
жауынгерлердің айтуынша Төлеген ордың әр жеріне орналасып жүріп, жау құшатын 
көпке дейін жаздырмай қырғаны рас. 
— 
Әрине, жолдас командир, соғыста қай оқтың қай неміске тигенін білу қиын, — деді 
қарлыққан дауыспен Трофимов, — әйтсе де Тоқтаровтың ерліктерінің көркем, көлемді 
болғандығы туралы оқиғалар, оның батырлығы басқаларға нұсқау, үлгі болып, 
жолдастарын еліктіре өткендігі, байтақ, кекті орыс жерін жау табанынан азат етуге 
алыстағы Алтайдан келіп, орыс жігіттерінен кем туспей, дұшпанға кектене тиіскендігі, — 
деп біраз, тоқтап, 
— 
басы - қасында болған адамдардың айтуына қарағанда, Төлеген кейінгі қызу 
соғыста бірнеше рет жарақаттанса да, алда жүріп катысқан. Жаңағы Мәлік айтқан 
офицерді жоярдың алдында жарылған снарядтың үлкен жаңқасы оның ішін жарып өткен. 
Қансырап жатқанда жаңағы офицерге кез болған. Шынында өліп бара жатқан жігіт 
ақырғы бір қасық қанын жауға қарсы шабуылға жұмсаған, — деп ол сөзін аяқтады. 
Тағы басқа жауынгерлер туралы сөздер аяқталған соң, олар кетіп, мен жалғыз қалдым. 
Алдымда Төлегеннің комсомол билеті, оның соғыс алдында жазған арызы. Мәліктің 
дәптерін ашып қарай бастадым. Әдемі сүйрік жазумен ол майдандағы ой-пікірін, 
жауынгерден естіген сөздерді, қай уақытта қандай оқиға болғанын, қарамағындағы 
жауынгерлердің аты-жөнін осы дәптеріне жазып жүр екен. Жазудың көбі тек басталып 
қана, аяқталмай тур. Үзінді - үзінді, қысқаша ой-пікірлер. Дәптердің кей беттерінде 
жаңбыр, қардың, автордың кабинеті — ор, орындығы жер, столы — тізесі екендігінің ізі 
де әр бетте ап-айқын. Кейінгі бір жағында ірі жазылған «Төлеген Тоқтаров» деген 
жәйттердің бетінде біраз кідіріп, оқып отырмын. 
Бір жерінде: 


231 
«Өлім көзіне жасқанбай тіке қарасаң, ол тайсалады. 
Өмірді сүйген — өлімнен қорықпақ емес...» деген екі жол, арада үш-төрт жол тастап 
барып. 
«Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, 
менше сүй», — деп Абай айтпақшы Төлегеннің кейінгі қимылы — барлығымызға ой 
салып, өмірді сүйсең мендей сүй деді - ау, — деп жазыпты. 
Алдымда қағаз, қолымда қалам, кейде ойлап, кейде жазып отырмын. Қарасай, Қобыланды, 
Алпамыс, Исатай, Аманкелділер бұрын өткен еді. Сауыт киіп, қалқан ұстап, найза алған 
батырлар жондардан жорытып, белдерден асып барады... Міне, көз алдымда Павлодардың 
жігіті — Андрей Алешин. Өзі де, аты да бекзада емес, кәдімгі көптің бірі. Ауылдағы тек 
мал басындағы шаруаның баласы. Түнгі сұрапыл боранда құрыш болатпен жекпе-жек 
арпалысып, оны шегіндіреді деген кімнің ойында бар еді? Біздің жеңістегі оның сыбағасы 
мол. 
Міне, Лениногордағы қорғасын еріткен жай жүмысшылардың бірі, жап-жас қазақ жігіті — 
Төлеген. Екеуі де бұқара жауынгер еді. Екеуі де жана өспірім, әлі қабырғалары қатпаған 
жігіттер еді. 
Ең ақырғы тынысын дұшпанға шоқпар етіп жұмсау үшім қандай кекті жүрек, қандай 
айбынды күш керек! Оларды тербеткен, оларды қозғаған күштің тамыры қайда жатыр! 
Біз — совет адамдарымыз, біздің салт-санамыз жаңа. Біз де сүйек, еттен жаралған жанбыз. 
Біздің жанымызды тебіренте соққан жүрек болаттан құралған емес, бірақ біздің жүрек 
отты жүрек. Оның оты болатты ерітіп, жаңқадай жандыратын от. Біздің жүрегімізде қауіп-
қатерді көтеріп, өлімді жеңетін бір жарақ — ана сүтін ақтап, туған елді, Отанымызды сүю 
сезімі. Бізде ер атасы — махаббат, өмір атасы — халық, ел намысы — ер қолында, ер 
намысы — ел қолында. Біз намысты елдің ұлымыз. Жеңілмес күшіміз сонда. 
Мен маздап жанған білте шамның алдында ерлікпен жауынгерлік борышын атқарғандар 
туралы жоғары орынға мәлімдеме жазып отырмын... 
Даладағы боранның мұңды сарыны ер өлімін аза тұтып, сай - сүйегіңді сырқырата, 
қайғылы күй тартып тұрғандай. 
Мен жазып отырмын — «Совет Одағы Батыры атағын беруге ұсынылсын», — деп бір 
бетті аяқтап: 
«Қас батыр жауға шабар жағаласа, Ел үшін ар мен намыс қолқа салса, Мәңгілік өмір 
жасап өлмегені, Батырдың ел аузында аты қалса», — деген жолмен өзімді-өзім деу 
баттым. Ия, арнасын тапсаң су арқырай ағады. Бабын тапсаң тұлпар шабады. Біз совет 
адамдарымыз — біздің арымыз арналы ар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет