ТҮНГІ ЖОРЫҚ
Біздің батальонның, екінші ротасы — Краевтың ротасы тас жолдың аржағында қалған.
Ал, Бозжанов пен Филимоновтың ротасы бер жақта.
Кеше кешке қарай Горюныны алған жау бұл роталардың арасын бөліп жатыр.
Матрениноға келдік. Рахимов, Бозжанов адамдарының темір жолдың ар жағында, орман
ішінде жиналып жатқандығын, ал, Филимоновтың адамдары Матренинода жиналып
жатқандығын айтты. Краев байланысшы жіберіп темір жол будкасының солтүстік-батыс
жағында екенін, бұйрық күтіп отырғанын хабарлапты. Ал, Борисовтың асханасында
таңертеңгі ас әзірленіп жатыр.
—
Бір сағаттан бері пісетін емес. Отты сөндіріп, асты төгіп кетеміз бе, қайтеміз, :—
деді Рахимов. Бұл сөзді айтқанда Толстунов:
—
О не дегенің, Хаби? Тамақты қалай төгіп тастап кетуге болады. Кім біледі, қай
уақытта солдаттарға ыстық ас ішкізе аламыз, қайнай берсін, пісіре беріңдер. Сіз қалай
ойлайсыз, комбат? — деді.
Біз кеңескеннен кейін мынадай шешімге келдік. Краев Гусеновоға қарай кете берсін. Икс -
игрик координатындағы орманда бізді тосуы керек. Филимонов басқаларға қарағанда тың
күш ретінде ең алдымен жүреді, ал, Бозжанов көлікті, қаруларды және жаралыларды
қорғап, соңынан жүріп отырады. Краевқа қосылғаннан кейін ол батальон колоннасының
ең соңында болмақ. Сапарымыздың беталысындағы таңдауымыз тас жолдың сол жағы
болды. Өйткені полковник Иван Иванович Серебряковтың хатында біздің дивизияның
полктері осыдан екі тәулік бұрын жолдың осы жағында соғысты деген еді. Жау ішке тас
жолдың бойымен ғана кірді, дивизияның негізгі күші жолдың сол жағында болар-ау деген
тұжырымға келдік.
138
...Жау біздің шегініп кеткенімізді байқап қоймасын деп Рахимов орман шетіне бір взводты
екі-үш пулеметпен қалқан ретінде қоя тұрайық деді. Толстунов екеуміз Рахимовтың бұл
пікірімен келістік.
Адамдар орман ішіне жиналды. Борисов кухнялардың, жүк тиеген арбалардың,
аспазшылардың арасында зыр жүгіріп, оларды асықтырып жүр.
Рахимов орман шетінде қалатын взводты ертіп алып кетті. Осы бір спортшы - альпинист,
ботаник, тәртіпті офицер басқаға емес, тіпті өзіне де сенбейтін, барлық істі қолмен
қойғандай жайғастырмаса, көңілі тыншымайтын еді. Ептеген жастық қызбалығы бар, ақ
көңіл Бозжановты солдаттардың бәрі жақсы көретін. Ұдайы асығып, кейде сөзінің артын
да жөнді аяқтамаушы еді. Орысша сөйлегенде қазақы үні білініп тұратын. Ол нағыз
майдан жауынгері, политрук, жақсы командир еді. Солдаттарды ең қысқандағы айтары:
«Мен саған не дедім, осылай орында деп пе едім». Келістіріп боқтағаннан оның осы сөзі
солдаттарға қатты өтімді еді. Мұны Жалмұхаммед қатты ашуланғанда айтатын.
Филимонов болса тікірейіп, менменсіп жүретін-ді. Толстунов менімен қатар келе жатыр,
оның бір қасиеті солдаттардың аты - жөнін білетін еді. Кейде қалжыңдап «қыраным»,
«балапан бүркіт», «қара солдат», кейбіреулерге «сен нені көрмедім дейсің, күшік түгіл
итті де бітеу жұтқан мықты емессің бе» деп қоятын.
Взводтар бірінен соң бірі үш жорық кухнясы тұрған жерге жинала бастады. Аспазшылар
бұрқылдап қайнап жатқан қазанға ожауды тереңдете жіберім, солдаттарға толтыра -
толтыра сұйық ботқа үлестіріп жатыр.
Буы бұрқыраған котелоктерді әкетіп бара жатқан жауынгерлер. Әскерде жүргелі котелокті
мұншама толтырып ас бергенді көрген жоқ едім. «Мұнысы несі» деп таң қалдым.
—
Көже орнына қою ботқа беріп жатқандарың қалай? — деп сұрадым, тапалтақ,
семіміз келген аспазшыдан.І
—
Лейтенант Борисом барлық крупа мен етті сал деп бұйырды. Miнe, көрдіңіз бе,
жолдас комбат,—деді ол кішкене ожаумен қазаннан ботқа алып, крупа қанша болса, еті де
сонша. Жетпей қалады деп тұрсыз ба? Барлығына да жетеді, кейбір қомағайларына жарты
ожаудан тағы да беруіме болады, — деп күлімдеді ол.
Басқа кухняларда да тап солай. Борисовты шақырып алдым да:
—
Сен қашан өлмексің, лейтенант Борисов? — дедім. Борисовтың есі шығып кетті.
Сасқалақтап, не дерін білмей қалды.
—
Не деп тұрсың, комбат, — деп Толстунов жеңімнен тартты.
—
Мен сенен сұрап тұрмын, қашан өлмексің, Борисов? Жауап беріңіз. Айт қашан
өлетініңді, — дедім.
Борисов көзін жыпылықтатып, сасқалақтаған күйі:
—
Жау қашан өлтіреді, сонда... Әйтпесе ажал жеткенде, жолдас комбат...
Толстунов күлді де, қалжыңдап:
—
Өз ажалымыздан бұрын бізді ешкім де өлтірмейді, — деді.
—
Қалжыңдағым келіп тұрған жоқ, Федор Дмитриевич, — деп оның бетін қайырып
тастадым да, қайтадан Борисовке:
139
—
Сен неге барлық қолда барды қазанға бір-ақ салғыздың? Түске дейін батальон
құрып бітеді деп пе ең? Енді ешкімді тамақтандырмаймын ғой дедің бе, әлде? Түсте,
кешке, ертең не бермекпін?
—
Иә, бұл жерде ойланбаған екенсіз, Борисов, — деп Толстунов сөзге араласты. —
Мен енді түсіндім, жолдас комбат. Неге олай еттіңдер, тамақты неге тауыса салдыңдар,
батальонға әлі күн көру керек қой.
—
Маған солай істе деп Рахимов бұйырды. Мен оның бұйрығын орындауға тиіспін
ғой. Өйткені ол менің бастығым,
—
деді жыламсырап, тұншыққан Борисов.
— Жарайды, барыңыз олай болса, — деді Толстунов. — Рахимов өзі жауап берер.
—
Краевқа тиісті сыбағасына қол тигізуші болмаңдар, — дедім мен кетіп бара жатқан
Борисовқа.
—
Борисовтың жазығы жоқ екен ғой, бекер ұрыстың. Рас, қазанға бар тамақты салып
жібергені дұрыс болмаған. Рахимовпен мен сөйлесейін, рұқсат ет, — деді Толстунов.
Осы сәтте бытырлаған мылтық даусы естілді. Танкіге қарсы зеңбіректің үні де бір рет тарс
ете қалды.
Толстунов екеуміз бір котелоктен ботқа жеп отырғанымызда Рахимов келді.
—
Немене, Хаби, неміспен таң ата «амандасып» алдыңдар ма,
—
деп күле сөйледі Толстунов. — Бізді көрдің бе, тәтті тамақ жеп, рахаттанып
отырғанымызды.
Рахимов шаршаған болу керек, сылқ етіп отыра кетті де, менің атшыма тамақ әкеліп
беруге бұйырды.
Біз жаудың тылында өз құрамымызға қарай орман арасындағы жалғыз аяқ жолдармен
жүріп келеміз. Тас жолдың кей жерлерінен соғысып өттік. Бір уақытта тас жолға тағы да
тақап келіп қалдық. Қарасақ дұшпан әскерлері машинаға мініп, зымырап өтіп бара жатыр
екен. Тас жол енді олардың өздерінікі сияқты. Біз жолдың дәл жиегіне келіп жатып бір
мотоколоннаны өткіздік. Екіншісі жақындап келеді. Машиналар толған жаяу әскерлер.
Машина жүргізушілерді атпай, оның үстіндегі солдаттарды ғана атуға бұйрық берілді.
Колонна бізге қатарласып келіп қалғанда бастырмалата атқылап қоя бердік.
Аяқ астынан атысқа тап болған машина шоферлары сасқалақтап бар пәрменімен зымырай
жөнелді. Бір шалағай соңғы машинаның алдындағы шоферді атып жықты. Машина
үстіндегі жаяу әскерлер қарғын - қарғын түсті де, бізге қарай оқ ата бастады.
—
Алға!
Жауынгерлер ілгері қарай ұмтылды, немістерді басып - жаншып өте шықты. Тас жолдан
өткеннен кейін орман ішіне кіріп, әрі қарай тереңдей жөнелдік.
Гусеново маңындағы орманның шетіне іліктік. Краев Гусеновоны немістердің алып
қойғандығын айтты. Жан-жаққа күзет қойып, екі сағаттық демалыс жасауға, айналаны
шолып шығуға келістік.
Барлаушылар тапсырмаларын орындауға кетті. Жауынгерлер демалуға кірісті. Краевтың
ротасын таңертеңгі, түскі тамағын қосып бір-ақ ішті. Рахимовтың көңілі бос, сірә,
140
Толстунов онымен біраз сөйлескен болу керек. Рахимов менен тас жол жақты шолып
келуге рұқсат сұрап, өзінің атқосшысымен кетіп еді, содан қайтып оралмады.
Үлкен үйеңкінің түбінде сүйеніп отырып, көзім ілініп кетіпті. Бір уақытта автоматтың
пырсылдаған даусы естілді. Көзімді ашып орнымнан үнін тұрдым. Үш тәулік бойы
қаһармандықпен күрескен батальон алды-артына қарамай, тым-тырақай безіп барады.
Үстеріне халат киген немістің бір взводы автоматтарын кезеніп келе жатыр. Кухнялардың
жанында біздің аттар тұр. «Бәрі де бітті» деген ой келді маған. Не болғанын білмей, есім
кетіп, тұрған жерімнен қозғалуға шамам келмей қатып қалыппын.
—
Комбат қалды, ал, сендер қашып барасыңдар, қайтыңдар кейін! — деген
Толстуновтың даусы шырт ұйқыдан оятқандай құлағыма саңқ-саңқ естіледі. Қым - қиғаш
атыс бола қалды. Айқай-шу, төңірек даң-дұң болып кетті. Әлде біреу «ура» деп
айқайлайды. Мылтықтарын кезеніп, ашынған кейіппен адамдар қайта қайтып келеді. Мен
қалшиып тұрмын, көзім қарауытып кетті. Иә қолым, иә аяғым өзіме бағынбайды, мең-зең
ұйқыда жатқан адамдай тілім де ешнәрсеге келмейді. Ес шығудың не екенін мен сол сәтте
білдім. Дәл осы арада он минут ішінде он жылға қартайған болуым керек.
...Рахимов жер танығыш еді. Күндіз де, түнде де адаспай жақсы бастап жүре алатын. Ол
кетіп қалды, қайта оралған жоқ. Ал, батальон алдындағы ротаны бастап келе жатқан
Филимонов топографиядан сауатсыздау адам. Взводты басқаратын лейтенанттар Ташкент,
Алматы училищелерінен жаңа ғана шыққан тәжірибелері аз жас жігіттер.
Амалдың жоқтығынан саптың басына өзім тұрдым. Әрбір әскери адам батальон
командирінің шолушы болып алда жүруі өте сирек кездесетінін жақсы біледі.
Біз жалғыз аяқ жолдар, ашық алаңқылар арқылы орман ішімен келе жатырмыз. Қолымда
топографиялық карта мен компас бар.Әрбір бұрылыста бағыттарды белгілеп, жүріп келе
жатқан жерімізді картамен салыстырып қоямын...
Шырттай қараңғы түн. Жалғыз аяқ жол бізді бір даңғыл жолға әкеп тіреді. Екінші жолға
түсу үшін болжауымша тағы екі шақырымдай жер жүру керек. Ал әлгі жолдан жау
танктері, машиналары, мотоциклдері бірінен соң бірі шұбырып барады. Сірә, бір бөлім
алдыңғы шептегі бір әскери құрамаға қосылуға асығып кетіп бара жатқан болу керек.
Біз қараңғы орман ішінде түн жамылып, өтіп бара жатқан колонналарға қарап тұрмыз.
Жаяу әскерлер келе жатқан болу керек. Аяқтың дүбірі естілді. Олар өтіп кетті.
Барлаушылар әскерлердің екінші тобы біз тұрған жерден екі-үш километр қашықтықта
деп хабарлады. Біз жолға шықтық та бірінші өткен неміс әскерлерінің колоннасы артынан
500-600 метрдей жүріп келеміз. Бір жарым километрдей жүргеннен кейін біздің
жанымыздағы мотоциклге мінген неміс зымырап өтіп бара жатып:
—
Русь, Русь — деді.
—
Жүрісті жылдамдатыңдар, — дедім мен сыбырлап. Бүл бұйрық соңғыларға бірден-
бірге сыбырмен жетіп отырды. Мен жолдың сол жағын ала дәл ернеуіне таяу жүріп
келемін. Ойым жалғыз аяқ жолды қараңғыда байқамай адасып қалмау, өткізіп алмау.
Жалғыз аяқ жолға да келіп іліктік те, солға қарай бұрылдық. Біз орман ішіне кіріп сүңгіп
кеткеннен кейін немістер байқап қалды. Соңымыздан қуғындауға жүрексінді білем, 5-10
минуттен кейін бірнеше ракеталарды аспанға жарқырата атып, орман жаққа қарай бірнеше
миналарды тастады.
Достарыңызбен бөлісу: |