«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар



бет46/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   130
Эксперттік бағалау әдісі тауардың тұтынушылық құндылығын және оның бағасын анықтауда пайдаланылады. Бұл әдіс бойынша мүмкін болатын тауардың нарықтық құндылығы, сол тауарға қалыптасатын сұраныс көлемі және тауардың бағасы бойынша ұсыныс жасау, тұтынушылардан сұрап білу нәтижесіне және эксперттердің коллективтік пікіріне негізделеді.
Экономикалық және қоғамдық құбылыстар мен процестерді болжамдаудың дамуына байланысты, эксперттік бағалау әдісінің қазіргі кезеңде көптеген түрлері кездеседі.
Эксперттік бағалау әдісі, дұрысында, ұқыпты әзірлікті және эксперттермен ойланып ұйымдастырылған жұмысты қажет етеді. Олар төмендегідей:
- эксперттік бағалаудың мақсаты мен мәселелерінің дәл, айқын қойылуы, кейде эксперттік қорытындылар және бағалаулардың картасын, әлде сұрақтары бар анкеталар жасау қажет болады;
- эксперттік жұмыс объектілері аумағында өте жетік білетін, өз қорытындыларында тәуелсіз және бір беткей ықпалдан азат сарапшыларды таңдау;
- коллективтік, топтық талқылау әлде, керісінше сарапшылар арасындағы тікелей қатынасты болдырмау;
- сарапшылардың қорытынды ұсыныстарын өңдеу үшін неғұрлым қолайлы әдістерді таңдау;
- эксперттік жұмыс нәтижесінде алынатын қорытындыларды айқын тұжырымдау.
Эксперттік бағалау әдістерін пайдалану баға саясатының күрделі мәселелерін шешуге мүмкіндік туғызады. Осы әдістер нарықта кәсіпорынның бағытын және оның өнімдерін бәсекелестермен салыстыра отырып бағалау құралы болып саналады.


7.5. Трансферттік баға және оны анықтау әдістері.


Трансферттік баға дегеніміз, бұл – өзара байланысты тараптар арасында қалыптасатын баға. Сонымен қатар, трансферттік баға тәуелсіз тараптар арасында мәмілелер жасау кезінде де қалыптасады. Ол бағалар ауқымы ескеріле отырып, объективті түрде қалыптасады. Трансферттік баға - нарықтық бағаға қарағанда айырмашылығы болатын баға. .
Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім дегеніміз, бұл белгілі бір кезеңге нарықтық бағаны айқындау әдісі анықталатын және нарықтық бағаны айқындау үшін, қандай ақпарат көзі қолданылатындығы белгіленетін, мәмілеге қатысушының арасындағы жазбаша шарт болып саналады.
Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің нарықтық бағасын және нарықтық бағаны айқындау әдістерін қолдану үшін қажетті өзге де деректерді айқындау үшін ақпарат көздері мынадай кезектілікпен пайдаланылады:
1) нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздері;
2) биржалық баға белгіленімдері туралы ақпарат көздері;
3) мемлекеттік органдардың, басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының және ұйымдардың мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқуына ықпал ететін бағалар, дифференциал, шығыстар және жағдайлар туралы деректері;
4) трансферттік баға белгілеу мақсатында пайдаланылатын ақпараттық бағдарламалар, мәмілеге қатысушылар беретін ақпарат және өзге де ақпарат көздері.
Қазақстан Республикасының трансферттік баға  белгілеу туралы заңнамасына сәйкес, нарықтық бағаны айқындау мақсатында мынадай әдістердің бірі қолданылады:
1) салыстырымды бақыланбайтын баға әдісі;
2) "шығындарға қосу" әдісі;
3) кейіннен өткізу бағасы әдісі;
4) пайданы бөлу әдісі;
5) таза пайда әдісі.
Салыстырымды бақыланбайтын баға әдісін қолдану мүмкін болмаған жағдайда, аталған әдістердің бірі дәйектілікпен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет