«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Есеп -6 Тозу нәтижесінде тауардың бағасы пайыз мөлшерімен қаншаға арзандаса, сонша теңгеге арзандады. Тауар бастапқыда қанша теңге құраған? Есеп -7



бет77/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   130
Есеп -6
Тозу нәтижесінде тауардың бағасы пайыз мөлшерімен қаншаға арзандаса, сонша теңгеге арзандады. Тауар бастапқыда қанша теңге құраған?
Есеп -7
Тауарлардың бағасы 150 есе қымбаттады, ал еңбек ақы 100 есе өсті. Нақты жалақы деңгейі қанша пайызға азайды?



  1. Баға саясаты.

2.1. Әдістемелік нұсқаулары бар есептер.


Есеп – 1.
Егер, тауардың ағымдағы бағасы 450 теңге, жоспарланған өткізу көлемі 1250 мың дана болса тауар өндіруші үшін, баға деңгейін 27 теңгеге арзандату пайдалы әлде пайдасыз екендігін анықтаңыз. Бәсекелестер де осы кәсіпорын секілді баға деңгейін арзандататындығы мәлім. Баға бойынша сұраныстың икемділігі 1,4%.
Формуласы: ei = ∆Q/Q : ∆P/P = ∆Q/∆P x P/Q
Шешімі:
Бағаның 450 теңгеден 423 теңгеге дейін арзандауы 6% құрайды. Бұл, икемділік 1,4 болғанда, тауарды өткізу көлемі 8,4%-ға артатындығын көрсетеді. (1,4 x 6 % = 8,4 %) соның нәтижесінде өткізу көлемі 1355 мың дана құрайды.
-Арзандағанға дейінгі баға бойынша саудадан түсетін түсім:
450 x 1250мың дана = 562 500 мың теңге.
- Арзандаған баға бойынша саудадан түсетін түсім:
423 x 1355 мың дана = 573 165 мың теңге.
Сонда, саудадан түсетін түсім 10 665 мың теңгеге өсті.


Есеп – 2.
Спорттық жылы тоқыма киімнің нарықтық бағасын 4000 теңгеден 3200 теңгеге дейін арзандататын болсақ, тоқыма киімнің аптасына сатылатын мөлшері 24 данадан 30 данаға дейін ұлғаяды. Аталған жағдайда саудадан түсетін түсім қалай өзгереді?
Шешімі:
Жалпы саудадан түсім (TR) = Баға(P) x Сатылған тауар саны(Q).
TR1 = 4000 x 24 = 96 000 теңге
TR2 = 3200 x 30 = 96 000 теңге
Бөлшек сауда бағасын арзандату арқылы, саудадан түсетін жалпы түсімді тиімді түрде арттыру үшін, өткізілетін тауар санының ұлғайтылған шамасы, әр өткізілген тауардың өлшеміне есептелінген шығынды өтейтіндей шама болуы қажет:
Тауардың ең аз мөлшері = Р1 x q1/ Р2,
Мұндағы: Р1 – ағымдағы баға, Р2 - арзандатылған немесе қымбаттаған баға,
q1 – ағымдағы немесе күтілетін сату көлемі.
Спорттық жылы тоқыма киімнің бағасын одан әрі, 3200 теңгеден 2800 теңгеге дейін арзандату, аптасына тауарды сату шамасының 30 данадан 34 данаға дейін артуына әсер етеді, (3200 теңге x 30) / 2800 . Сонымен, саудадан түсетін түсімді тұрақты шамада (96000 теңге) ұстап тұру үшін, сатылатын тауардың ең аз мөлшері 34 данаға тең.
Есептеу әдістемесі, баға деңгейі әр түрлі тауар ассортиментіне қолдануға жарамды, егер, бағаны арзандату пайызы бір деңгейде қарастырылатын болса.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет