«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Баға қалыптастырушы факторлар



бет10/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   130
Байланысты:
Saginova-Baga-j-baga-bel (1)

1.3. Баға қалыптастырушы факторлар.
Отандық экономикамыздағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы баға қалыптастыруға жаңа талаптар қояды. Кәсіпорынның баға саясаты оның нарықтағы келбетін тауардың сапасы, төлем қабілеттілігі, алынған міндеттерді орындау сенімділігі сияқты көрсеткіштермен қатар анықтаудың мүмкіншілігін туғызады.
Экономикалық процестердегі бағаның маңыздылығына қарамастан, оны анықтау қазіргі кезеңде әлі де талас мәселе болып табылады. Бағаның келесі классикалық анықтамасы, яғни баға құнның ақшалай көрінісі, дегеннен басқа «баға сатушы тауарды сатқысы, ал тұтынушы сатып алғысы келетін ақша жиынтығы», «баға – нарықтық бәсекелестің құралы», «баға- тауардың құндылығының, қызметтердің, айырбас процесіндегі өндіріс факторларының ақшалай көрінісі» деген анықтамалар жиі кездеседі.
Көптеген авторлар бағаны баға қалыптастырушы факторлар жүйесінің ақшалай көрінісі ретінде қарастырады. Дегенмен, баға анықтамасының көптігіне қарамастан кәсіпорындар нақты қалыптасқан жағдайларды ескере отырып баға қалыптастырудың өзіндік тәсілдерін істеуі қажет.
Экономикалық негізделген бағаны белгілеу баға қалыптастырушы факторларды есепке алуды қажет етеді. Баға қалыптастырушы факторлар – бұл бағаның деңгейіне , құрылымына, динамикасына және өзарақатынасына әсер ететін факторлар.
Негізгі баға қалыптастырушы факторлар:

  • өндіріс шығындары;

  • тауар құндылығы (сапалық фактор);

  • тұтынушылар сұранысы;

  • бәсекелестік;

  • баға саясатына мемлекеттің араласу деңгейі.

Тиімді баға қалыптастыру өндіріс шығындарын ескерусіз мүмкін емес. Бағаны белгілеу шешімдері сату көлеміне тәуелді, ал ол өндіріс шығындарымен тікелей қатысты.
Өндіріс шығындары – бұл өнім өндірісі шығындарының шикізат, материалдар, жанар - жағар май, еңбек ресурстарының құндық бағалануы. Кәсіпорындар өндіріс шығындарын баға арқылы неғұрлым мол өтеуге тырмысады, ал ол ғылыми техникалық прогрестің дамуына, өндірісті және еңбекті ұйымдастыру деңгейіне, өндірілетін өнім көлеміне, өнім ассортиментіне, тауардың өмірлік циклына байланысты.
Баға шешімін қабылдағанда өндіріс шығындары өндірілетін өнім көлеміне байланысты өзгермелі және тұрақты шығындар болып бөлінетінін ескерген жөн.
Экономикалық табиғатына байланысты өндіріс шығындары, кез- келген кәсіпорынның мақсатты қызметін іске асыруына тәуелді және өндірілетін өнімнің көлеміне тәуелді болып саналады.
Тұрақты өндірістік шығындар, мақсатты қызметті жүзеге асыруға, қажетті жағдай жасау шығындары болып саналады. Бұл шығындардың мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне сай өзгеріске ұшырамайды. Дегенмен, өндіріс шығындарының бұлай бөлінуі шартты, сондықтан тұрақты шығындарды көбіне шартты-тұрақты деп атайды. Тұрақты шығындардың кейбіреулері өндіріс көлемінің белгілі бір деңгейінде ғана тұрақты бола алады. Егерде, өндіріс масштабын ұлғайтуға кәсіпорынның өндірістік аумағы, құрал- жабдықтары жетіспейтін болса, оларды кәсіпорын сатып алады немесе жалға алады, мұндай жағдайда амортизациялық төлемдер әлде жалға алу шығындары тұрақты болып қала алмайды.
Баға туралы шешім қабылдағанда өзгермелі шығындар ескеріледі. Өзгермелі шығындар - бұл бағаның деңгейі мен өткізу көлемінің өзгеруіне сай, өзгеріске ұшырайтын шығындар. Осы шығынды анықтау, қосымша өндірілген өнім көлемін өткізуге болатын минималды бағаны анықтау мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, ол қосымша өндірілген өнімнің бір өлшемін өткізу нәтижесінде алынатын ұтыс көлемін сипаттайды.
Жоғарыда атап өткендей, шығындар деңгейі тауардың өмірлік циклына тәуелді.
Тауардың өмірлік циклы тауардың ерекшелігіне, оның табиғи және моральдық ескіру деңгейіне,тауарлық нарықтардың жұмыс істеу жағдайларына, олардың конъюктурасына және т.б. тікелей байланысты. Негізі, тауардың өмірлік циклының тауарды өндіру және нарыққа енгізу немесе шығару, өсу, жетілу, өткізу көлемінің төмендеу, басылу сатыларында өндірістік шығындар деңгейі де өзгеріске ұшырайды.
Тауарды өндіру сатысы оның «өмірлік жолын» болжайды. Бұл сатыда тауарды істеуге қатысты шығындар, соның ішінде тауарды сынау, байқау партиясын өткізу шығындары есептелінеді.
Тауарды нарыққа енгізу сатысы өндірісті игерумен сипатталады. Бұл сатыда өндіру шығындары, сонымен қатар маркетингтік шығындар, әсіресе жарнама шығындары өте жоғары, бірақ өткізу көлемі зор емес. Осы себептен, жаңа тауардың бағасы өте жоғары, бірақ икемді болғандықтан, тауардың өтуін қамтамасыз етеді. Дегенмен, тауарды өткізу тиімсіз, өзін өзі ақтамайды. Бұл сатының екінші сатысында ғана, тауарды жаппай көпшілікке шығарғанға дейінгі пайда болған шығындарды өтейтіндей пайда мөлшері мүмкін болады.Бірақ, бағаның құрамындағы пайда көлемі мардымсыз болғандықтан, рентабельділік деңгейінің төменгі шегін де қамтамасыз ете алмайды.
Өсу сатысы (өткізу көлемінің өсімі) тауардың тұтынушыға ұнап, танылғандығының және нарықта орнықты орын алғандығының кепілі. Өсу сатысы жалпы тауардың нарыққа енуін көрсетеді.Тауарды сериялы өндіру кәсіпорынның жобалық қуатына сай келеді. Бұл сатыда өндіріс шығындары азаяды, бірақ әлі де жоғары, ал маркетингтік шығындар тұрақтандырылады, жарнама шығындары арзандайды.
Тауардың жетілу, кемеліне келу сатысы тауардың нарықтың белгілі бір үлесін жаулап алуына байланысты оның нарықтағы жағдайы тұрақтанғанын көрсетеді.
Тауарды нарықта тұтынушылар көптеп тұтынады, және оған деген сұраныс толық қанағаттандырылады. Дегенмен өткізу көлемі ең төменгі сын көтермейтін деңгейде болады. Өткізу пайдасының артуы өндірістік шығындарды азайту, оларды орнықтыру негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, өткізу қарқынының төмендеуі (белгілі бір кезеңде, өткізу, сату көлемі тұрақтанды) маркетингтік, соның ішінде жарнама шығындарының азаюына әсер етеді.
Соның салдарынан, аталған сатының соңында өткізудің пайдалылығы төмендейді.
Басылу сатысы (өткізу көлемінің төмендеуі) – бұл тауардың өмірлік циклының соңғы сатысы. Бұл кезеңде өткізу кенеттен азаяды, соған сәйкес өндіріс көлемі де төмендейді. Өнімнің бір өлшеміне шаққандағы шығындар деңгейі ұлғайып, өткізуден алынатын пайда азаяды. Тауар өндірісі тиімсізденеді, тауарды өндіру тоқтатылады. Тауардың нарықтан толық жойылып кетуін өндірісті модернизациялау, яғни оның сыртқы түрін жақсарту, тауар дизайнын жақсарту және бағасын арзандату, өткізуді ынталандыру әдістерін пайдалану арқылы тоқтатуға болады.
Баға қалыптасуында шығындардың ролі зор болғанымен, баға саясатында ол жалғыз ғана пайдаланылып қоймайды.
Баға қалыптастыруда тауардың құндылығы факторына, оның тұтынушылар үшін пайдалылығына ерекше көңіл бөлінеді.
Баға қалыптастыру тұрғысындағы көзқараста көптеген авторлар бұл категорияны, айырбастауда көрінетін экономикалық құндылық деп қарастырады.
Тауардың экономикалық құндылығы дегеніміз – «Тұтынушы үшін қолайлы арзан альтернативті тауарлардың ең жақсысының бағасына (талғаусыз баға) аталған тауарды, ең жақсы альтернативті тауардан, тұтынушы үшін ерекшелейтін қасиеттерінің құндылығының қосындысы». (Липсиц В. И.Коммерческое ценообразование. 2001, с.34).
Тауардың құндылығын анықтаған кезде, тұтынушы оны керегін қанағаттандыратын өзіне қолайлы тауар түрлерімен салыстырады, және ұсынылған тауар мен оған ұқсас тауардың (альтернативті) тұтыну қасиеттерін бағалайды.
Тауардың сапасы және тұтыну қасиеттері жұмыс істеуі, беріктігі, қасиеттерінің пайдалылығы, құрамындағы пайдалы (зиянды) заттар құрамы, қызмет көрсету шығындары (соның ішінде техникалық), басқалай параметрлері жағынан қарастырылып талқыланады.
Тауардың құндылығы және баға арақатынасы бірсыпыра факторларды есепке алу негізінде қалыптасады.
Техникалық жағдайлар деңгейі жоғары болған кезде және тұтынушылар жаңа құндылықты бағалау дұрыс деп қараған жағдайда ғана, тауардың құндылығын, оның жекелеген параметрлерін жақсарту арқылы арттыру, оған бұрынғы баға деңгейін сақтай отырып жаңа қасиеттерді беру ұтымды болып саналады.
Тауардың бағасын және соған сай құндылығын арзандату ауқаттылығы төмен және талғамы нашар тұтынушыларды жаулап алу мақсатында жүргізіледі. Дегенмен, мұндай баға саясаты аталған тауар өндіру саласында өндіруші ең төмен шығын деңгейіне қол жеткізіп, жаппай көпшілікке арналған арзан тауар өндіруге қабілетті, ең көп пайда деңгейін қамтамасыз ете алған жағдайда және бәсекелестер одан төмен баға белгілей алмағанда ғана ойдағыдай табысты болады.
Құндылығы өзгеріссіз тауардың бағасын, тек бәсекелестік басымдылығы бар (мысалы, өндірістік шығындардың арзандауын қамтамасыз ететін, неғұрлым жетілген өндіріс технологиясын пайдалану арқылы), тауар өндірушілер мүмкін ете алады.
Бәсекелестік стратегиясының неғұрлым үйлесімді варианты, ол – тауардың құндылығын арттыра отырып бағасын арзандату. Бұл іс жүзінде кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестік позициясын жақсартып, өткізу өсімін қамтамасыз етеді.
Алайда, тауардың сапасын арттыру қосымша шығындарды қажет етеді.
Сондықтан мұндай саясатты, өндірістік шығындарды азайту және өнімнің сапасын арттыруға мүмкіндік туғызатын, өндірістің тек бірегей технологиясын пайдалана алатын кәсіпорындар ғана жүргізе алады.

Бақылау сұрақтары.



  1. Бағаның экономикалық мәні?

  2. Баға белгілеу дегеніміз не?

  3. Баға белгілеудің негізгі қағидаттары?

  4. Баға белгілеудің негізгі жүйелері?

  5. Баға белгілеу механизмінің күрделілігін қалай түсіндіруге болады.

  6. Бағаның экономикалық функцияларына сипаттама беріңіз?

  7. Бағаның ынталандыру функциясының мәні?

  8. Баға қалыптастырушы факторлардың мәні?

  9. Баға қалыптастырудағы өндірістік шығындардың ролі?

  10. Баға қалыптастыруға әсер ететін сапалық фактор?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет