Генетикалық кодтың қасиеті Генетикалық код – ДНҚ нуклеотидтерінің көмегімен аминқышқылдарының ретін жазу жүйесі. Ғалымдар ұзақ уақытқа дейін тұқымқуалаушылықтың материалдық тасымалдаушысы нуклеин қышқылдары емес, нәруыз деп есептеді. Себебі олар едәуір алуан түрлі. Нәруыздар да, нуклеин қышқылдары да – полимерлер. Бірақ нәруыз мономерлері аминқышқылдарының 20 түрі, ал ДНҚ-да мономер-нуклеотидтің бар-жоғы 4 типі бар. Алдымен ұзындығы әртүрлі, түрлі төрт түсті моншақты, кейін 20 түрлі түстен құралған моншақты көз алдарыңа елестетіп көріңдер. 20 түрлі түстен (мономер түрлері) тұратын моншақ (полимер тізбектері) едәуір алуан түрлі болады. Бірақ тұқымқуалаушылық заты нәруыз емес, нуклеин қышқылдары.
Генетикалық кодтың қасиеті. Триплеттік – генетикалық кодтың маңызды қасиеті. Оның мәні: ДНҚ-ның үш нуклеотиді бір аминқышқылын кодтайды. Бұл қасиет ДНҚ нуклеотидтерінің бар-жоғы 4 типін пайдаланып, аминқышқылдарының 20 түрін кодтауға мүмкіндік береді. Неге генетикалық код триплетті? Егер ДНҚ-ның екі нуклеотиді бір аминқышқылын кодтаса, бұл аминқышқылдарының барлық 20 түрін жазу үшін жеткіліксіз болар еді. Диплетті генетикалық код аминқышқылының тек 16 түріне жетер еді, себебі: 4² = 16. Егер ДНҚ-ның үш нуклеотидімен кодтаса, бұл жеткілікті болар еді. Себебі: 4³ = 64.
Құлдырау. Сендер, сiрә, маңызды триплеттер санының 61 екенiн, 20 аминқышқылдар санынан үш еседен астам артық екенiн байқаған боларсыңдар. Алайда мұнымен ештеңе iстей алмайсың. Егер генетикалық код триплеттi болмаса, 20 аминқышқылдар құрамалауға (16) жетпеген болар едi. Шындығында, аминқышқылдардың көпшiлiгi 1 триплеттенгөрi артығырақ кодпен жазылады (1-кесте). Бар болғаны 2 аминқышқыл – метионин және триптофанда тек қана 1 триплет бар. Генетикалық кодтың бұл қасиетi «құлдырау» деп аталады.
Генетикалық кодтың құлдырау ұғымына оның бірмәнділігі қайшы келедi.
Математикалық логика бойынша әрбір аминқышқылын 3 триплет (64/20 = 3,2) кодтауы керек еді. Шындығында, олай емес. 1 аминқышқылын – изолейцинді – 3 триплет кодтайды. 2 аминқышқылын – метионин мен триптофанды – тек 1 триплет кодтайды. Көптеген аминқышқылын 4 триплет кодтайды. Бірде-бір аминқышқылын 5 триплет кодтамайды. Серин, лейцин және аргининді 6 триплет кодтайды.