Генетикалық кодтың әмбебаптығы – барлық тірі ағзаларда бір аминқышқылын бір триплет кодтайды. Бүкіл тірі ағзалар үшін туған кезде қалыптасқан міндетті тіршілік үдерістері (гликолиз, репликация механизмдері, ферменттердің жұмысы және т.б.) шамалы өзгереді. Сондықтан генетикалық код – әмбебап.
1965 жылы оны ғалымдар толық шифрлады. Енді зерттеушілер бұрын белгісіз тірі ағзалардың жасушаларын алса да, генетикалық кодты пайдаланып, ДНҚ-ны шифрлап, осы ағза нәруыздарының аминқышқылдарының қандай реттен тұратынын анықтай алады.
Гендер хромосомада бірінен соң бірі ретпен орналасады және бірін-бірі жаппайды. Генетикалық кодтың бұл қасиеті көлегейленбейтін код деп аталады. Бір нәруыз аминқышқылдарының реті жазылған ДНҚ молекулаларының үлескісі ген деп аталады.
Ген аминқышқылдарды кодтамайтын, тек бір геннің аяқталуын және келесі геннің басталуын көрсететін кідіртпе-кодон – триплеттер арқылы бөлінеді. Жасуша бір нәруыздың соңғы аминқышқылы мен басқа нәруыздың бірінші аминқышқылын өзара байланыстырмау үшін кідіртпе-кодондар қажет. Генетикалық кодтың 64 комбинациясынан 61-і аминқышқылын кодтайды. Бұл триплеттер маңызды деп аталады. Ал 3 триплет нәруыздың аяқталуын кодтайды және «тыныс белгілері», «нүкте», «үтір» немесе жай кідіртпе-кодондар деп аталды.
NCBI дерекқорынан бірізділіктерді (нуклеотидтік және аминқышқылдарының) іздеу алгоритмі