Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет11/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   230
Дағдыландыру.  Төмендегі  жазылған  сөйлемдердің  һәр 
бірінің ішінде неше сөзден барын айырту.
Үлкен бастар, кіші қостар. Қоянды қамыс өлтірер, ерді на-
мыс өлтірер. Орақшының жаманы орақ таңдайды. Хас жорға-
дан  жортақ  туар,  хас  батырдан  қорқақ  туар,  хас  шеберден 
шорқақ  туар.  Өз  ақылын  шамалаған  қор  болмас.  Өзі  білмес, 
өзгенің тілін алмас. Тентектің ақылы түстен кейін енеді. Ата-
дан бала туса игі, ата жолын қуса игі, бетіне келер ұятын өзі 
біліп жуса игі. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада. 
Көп баланың ішіндегі қарт бала болар, көп қарттың ішіндегі 
бала – дана болар. Білген кісі тауып айтады, білмеген кісі қауып  
айтады.  Жібекті  сақтай  білмеген  жүн  етеді,  қызды  сақтай 
білмеген күң етеді.
Сынау. Төмендегі сөйлемдер ішінде неше сөзден бар екенін 
айырып, һәр сөйлемнің ішіндегі сөздерді бастан-аяқ нөмірлеп, 
жақша
4
 ішіне нөмірлерін қойып жазыңдар.
Үлгі:  «Балалы  үй  базар»  жазу  керек:  1)  балалы,  2)  үй,  
3) базар.
Өлген келмес, өшкен жанбас. Берген алар, еккен орар. Жер 
таусыз болмайды, ел даусыз болмайды. Біреу тойып секіреді, 
біреу тоңып секіреді. Шам жарығы түбіне түспес. Аузы жаман 
елді былғар, аяғы жаман төрді былғар. Білегі толық бірді жығар, 
білімі толық мыңды жығар. Екі қатын алғанның дауы үйіңде, 
жаман қатын алғанның жауы үйінде. Қайтып кірер есікті қатты 
серіппе. Төс табаны жайылған атан жүрер жол екен, төсегінен 
айырылған адам жүрер жол екен.
4
 Жақша деп мынаны – ( ) айтады.


29
СӨЗ ҺӘМ БУЫНДАР
Бір сөздің ішінде бірнеше буын болады. Мәселен,  деген 
сөзде бір-ақ буын бар. А-тa дегенде екі буын, а-та-лар дегенде 
үш буын; а-та-лар-ға деген де төрт буын; а-та-ла-ры-ма деген-
де бес буын. Сөз буын санына қарай бір буынды, екі буынды, 
үш буынды, төрт буынды, онан көбі көп буынды сөз деп ата-
лады.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің буындарын айырту.
Бал, бала, балалар, сау, саулық, саусақ, сауда, саудагер, тай, 
тайау, тайғақ, тайлақ, тайғанақ, тайсалу, тайпалу, тайану, аш, 
ашық, ашқыш, ашқан, ашқарақ, ашқылтым, жан, дене, самай, 
сақал, мойын, кеуде, алақан, шеміршек, апа, қарындас, немере, 
нағашы, құдаша, қаз, қарға, қарағұс, қарлығаш, жапалақ, балық- 
шы,  жағалтай,  күйкентай,  безгелдек,  қызғаншақ,  қарғануға, 
сақтануға, аударуға, құлатуға, сескенуге, өстіруге, солқылдауға, 
сандырақтауға, шашыратуға, аударыстыруға, ұшыратуға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет