Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет8/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   230
Рәбиға Сыздық
 филология ғылымдарының докторы,
 ҚР БҒМ ҰҒА-ның академигі.


ОҚУЛЫҚТАР


22


23
А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
титул
ТІЛ - ҚҰРАЛ
(қазақ тілінің сарфы)
Бірінші жылдық
Орынбор – 1914


24
СӨЗ БАСЫ
Тіл  –  адамның  адамдық  белгісінің  зоры,  жұмсайтын 
қаруының  бірі.  Осы  дүниядағы  адамдар  тілінен  айырылып, 
сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді. Осы күнгі 
адамдар  жазудан  айырылып,  жаза  алмайтын  күйге  ұшыраса, 
ондағы күйі де тілінен айырылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің 
заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден 
артық  дәрежеге  жеткен  заман.  Алыстан  ауызбен  сөйлесуге 
болмайды:  жазумен  дүнияның  бір  шетіндегі  адам  екінші 
шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу қандай 
керек болса, жаза білудің керектігі онан да артық. Сөйлегенде 
сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, 
жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек. Сөздің 
жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге: қай сөз қандай орында 
қалай  өзгеріліп,  қалайша  біріне-бірі  қиындасып,  жалғасатын 
дағдысын  білу  керек.  Халық  өмірі  бір  жылдап,  он  жылдап, 
хәттә
1
 жүз жылдап та емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзақ 
өмірінің ішінде һәр халықтың дағдылы тұтынып келе жатқан 
сөздері, ол сөздерінің біріне-бірі жалғасып тізілетін дағдылы 
жолы, жүйесі, қисыны болады, һәр жұрттың түрінде, тұтынған 
жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде һәм сондай 
басқалық болады. Біздің жасынан орысша я ноғайша оқыған ба-
уырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп 
жаза алмайды я жазса да қиындықпен жазады. Себебі жасынан 
қазақша  жазып  дағдыланбағандық.  Орысша  оқығандар  орыс 
сөзінің  жүйесіне  дағдыланып  үйренген.  Ноғайша  оқығандар 
ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін 
алып,  орыс  я  ноғай  сөзінің  жүйесімен  тізсе,  әрине,  ол  нағыз 
қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін һәр 
жұрт  баласын  әуелі  өз  тілінде  оқытып,  өз  тілінде  жазу-сызу 
үйретіп,  өз  тілінің  жүйесін  білдіріп,  жолын  танытып,  бала-
лар  әбден  дағдыланғаннан  кейін  басқаша  оқыта  бастайды. 
Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз 
тілімізбен  оқытып,  сонан  соң  басқаша  оқыту  тиіс.  Қазақтың 
бастауыш  мектебінде  басқа  білімдермен  қатар,  қазақ  тілінің 
наху,  сарфы  да  үйретілерге  керек.  Үш  жылдық  бастауыш 
1
 «Хәттә» (арабша) – ىتح тіпті деген мағынаны білдіреді.


25
мектептегі  оқуға  шамалап  қазақ  тілінің  наху,  сарфын  бөліп, 
балаларға оқытуға ыңғайлы түрмен осы – «Тіл – құрал» деген 
кітапшаларды шығарудамыз.
«Тіл – құрал» деген аты қандай жат көрінсе, ішкі мазмұны 
да әуелгі кезде сондай жат көрінер, үйткені бұл – қазақта бұрын 
болмаған жаңа зат. Халықта бұрын болмаған нәрсе жаңа шыққан 
кезінде жат көрініп, бірте-бірте бойы үйренген соң жатырқау 
қалатын.  Арабша  һәм  орысша  наху,  сарф  үйренгендерге  жат 
көрінгенмен,  түсініксіз  болмас.  Араб  һәм  орыс  наху,  сарф-
ларында  оқылатын  заттар  мұнда  да  оқылады.  Айырмасы  сол 
ғана: онда арабша я орысша айтылған есімдер мұнда қазақша 
айтылады. Олай болғанда оқылатын заты бір, аты ғана басқа.
«Тіл – құрал» 3 жылға бөлінгенде бірінші жылда оқытуға 
ұйғарғанымыз:  Сөйлеу  мен  сөйлемді  айыру,  сөз  бен  сөздің 
буынын  айыру,  буын  мен  буындағы  дыбысты  айыру,  қазақ 
тіліндегі дыбыстар һәм оларға арналған харіфтер; Қазақ сөзіне 
жазылатын  харіфтер  турасындағы  ережелер,  қазақ  тіліндегі 
сөздердің  тұлғалары.  Бірінші  жылда  үйретуге  осы  жеткілікті 
болар, үйткені «Тіл – құралдағы» заттар қазақша һәм араб ша 
алифбалардағы  харіфтерді  балалар  үйреніп  болғаннан  кейін 
үйретіледі.  Балаларға  көп  үйретем  деп,  асығып  шала-шарпы 
үйретуден,  аз  да  болса,  анықтап  нық  үйрету  абзал.  Әсіресе, 
бірінші  жыл  оқылатын  «Тіл  –  құралы»  тіл  білімінің  негізі 
болғандықтан нық үйретілерге керек.
Қазақ тілі – түркі тілінің бір тарауы. Дүниядағы жұрттың 
тілі  негізінде  үшке  бөлінеді:  1)  Түбіршік  тіл.  2)  Жалғамалы 
тіл. 3) Қопармалы тіл. Түбіршік тіл түпкі қалпынан өзгерілмей 
жұмсалады,  мәселен,  қытай  һәм  иапон  тілдері.  Жалғамалы 
тіл – сөздің аяғына жалғау қосылып өзгерілетін тіл, мәселен, 
түрік, фин тілдері. Қопармалы тіл – сөз түбірімен қопарылып 
өзгерілетін тіл, мәселен, орыс тілі, араб тілі. Біздің қазақ тілі 
түркі тілдің бір тарауы болғандықтан жалғамалы. Қазақ сөзінің 
түбірі өзгерілмей аяғына жалғау
2
 қосылып өзгеріледі. Жалғау 
екі  түрлі:  бірі  сөздің  тұлғасын  өзгертсе  де,  ішкі  мағынасын 
2
 Жалғау – бұл жерде «қосымша» деп ұққан жөн, себебі жұрнақ пен жалғау екі түрлі 
екендігі бізге мәлім (Құрастырушы). 


26
өзгертпейді, екіншісі сөздің тұлғасын да, мағынасын да өзгер- 
теді. Сондықтан бастапқысы тысқарғы, соңғысы ішкергі жалғау 
деп аталады. «Құлақ» деген сөзге «-тың» деген жалғау қоссақ 
«құлақтың» болады. Тұлғасы өзгерді, мағынасы өзгерген жоқ. 
«Құлақтың» дегенде бастың мүшесінің атын көрсетеді. Егерде 
«құлақ» деген сөзге «-шын» де ген жалғау қоссақ «құлақшын» 
болады.  Мұнда  тұлғасы  да,  мағынасы  да  өзгерді.  «Құлақ» 
бастың мүшесін көрсетуші еді, «құлақшын» болған соң, басқа 
киетін  киімнің  атын  көрсетіп  тұр.  Міне,  сондықтан  «-тың» 
тысқарғы, «-шын» ішкергі жалғау
3
 
болады.
Екі  түрлі  жалғаудың  тысқарғысы  –  сөйлегенде,  жазғанда 
сөздерді біріне-бірін қиындастырып тізу үшін қажет, ішкерігісі 
– бір мағыналы сөзден екінші мағыналы сөз шығарып, сөзден 
сөз  туғызып,  көбейтіп  тілді  байыту  үшін  қажет.  Ішкергі 
жалғаудың бірсыпырасы осы бірінші жылдық «Тіл – құралда» 
сөз тұлғасын сөйлеген орындарда көрсетілді. Тысқарғы жалғау 
туралы  екінші  жылдық  «Тіл  –  құралда»  айтылмақшы.  Сөзді 
дұрыс  тізіп  сөйлеу,  әсіресе  дұрыс  тізіп  жазу  туралы  үшінші 
жылдық «Тіл – құралда» айтылмақшы.
«Тіл – құралда» дағдыландыру, сынау деген сөздер ұшырай- 
ды.  «Тіл  –  құралымен»  балаларды  оқытқанда  һәр  қағида  я 
ережені оқытқаннан кейін, балалар әбден түсіну үшін сөйлем, 
сөздерді,  мақалдарды  үлгіге  алып,  олардың  ішінен  қағида  я 
ережеге  келетін  жерлерін  балаларға  таптыртып,  басқалардан 
айыртып  үйрету.  Солай  бірнеше  ірет  істеп  көрсеткеннен 
кейін  балалар  керек  сөздерді  өздері  тауып,  өздері  айыруға 
дағдыланады. Сонан соң балалар дағдыланып, үйреніп болды 
ғой  дегенде,  нық  біліп  болған-болмағанын  байқау  керек,  сы-
нау  керек.  Сынағанда  үйренген  қағида  я  ережелерді  орнына 
келтіріп жаза ала ма? Жаза алмай ма? Соны сына, сондықтан 
мұғалім балалардың үйренген қағидасы, ережесі келетін сөздер- 
ді, ауыздан жаздыру тиіс. Яки кітапшадағы жорта қате жазып 
қойған сөздерді дұрыстап жаздыру тиіс. Бір қағида я ережені 
балалар әбден үйреніп, тиісті орнында жұмсай білгеннен кейін 
ғана келесі қағида я ережені үйрету.
А.Б.
3
 Ішкергі жалғау – «жұрнақ» деген атауға ие (Құрастырушы).


27


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет