харіфтер деп аталады. Жар ты дауысты харіфтер шолақ «у»,
шолақ «й» деп те аталады.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің ішіндегі жарты дауы-
сты «у» һәм «й»-лерді айырту.
Бай – байға құяр, сай – сайға құяр. Өзі тойса да көзі тоймай-
ды. Айбар керек, әл керек, әлсіз айбар не керек? Ауру қалса да
әдет қалмайды. Денсаулық – зор байлық. Айналдырған ауру ал-
май қоймас. Сарт байыса там салар, қазақ байыса қатын алар.
Тойға барсаң тойып бар, жұмысыңды қойып бар. Ат аяғын тай
басар. Айудан қорыққан тоғайға бармас. Жер таусыз болмай-
ды, ел даусыз болмайды. Тай тулап үйірінен шықпас. Ішің удай
ашыйды, һеш амал жоқ етерге.
Сынау. Төмендегі сөздердің ішіндегі жарты дауыс ты
харіфтердің астын сызып көрсетіңдер.
Той – тондынікі, ас – аттынікі. Бәрің бірдей тойшы болсаң
қу боларсың, бәрің бірдей қойшы болсаң, құл боларсың. Ақсақ
қой түстен кейін маңырайды. Май сасыса тұз себер, тұз сасы-
са не себер. Түйенің үлкені көпірде тайақ жейді. Бір байдың
жұртына екі тышқан таласыпты. Ат аунаған жерде түк қалады.
Атты қамшымен айдама, жеммен айда. Қойшы көп болса,
қой арам өлер. Атпен ойнасаң күйерсің, баламен ойнасаң
шаршарсың. Соңғы түйенің жүгі ауыр. Тай тулап, үйірден
шықпас. Шірікке шыбын айналар. Жыртық үйге тамшы үйір,
арық атқа қамшы үйір. Байтал шауып бәйге алмас. Екі кеме
құйрығын, ұста, жетсін бұйрығын.
Дауыссыз дыбыстардың кейі қатаң, кейі ұяң болады.
Соған қарай харіфтері де қатаң һәм ұяң деп аталады. Қатаң харіфтер: б, п, т, д, ш, с, ғ, қ, к, г.