Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті


Сынау. Төмендегі сөздерді буынға бөліндер. Буындар ара- сына сызықша (-) қойыңдар. Үлгі



Pdf көрінісі
бет12/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   230
Сынау. Төмендегі сөздерді буынға бөліндер. Буындар ара-
сына сызықша (-) қойыңдар.
Үлгісау-да, са-йақ, а-сық, тұш-қыл-тым, са-рым- сақ, мақ-
та-ну-ға, жал-пыл-дау-ға, а-тыс-ты-ру-ға.
Ел  құлағы  елу.  Бұлт  ала,  жер  шола.  Дауыл  болмай,  жау-
ын болмас, ит баласы сауын болмас. Жақсы келсе құт, жаман 
келсе  жұт.  Тисе  терекке,  тимесе  бұтаққа.  Ер  туған  жеріне, 
ит  тойған  жеріне.  Көп  қорқытады,  терең  батырады.  Ұяда  не 
көрсе, ұшқанда соны алар. Арзанның сорпасы татымас. Бақыр 
қазан піскені баршамызға пайдалы. Көшсе, көш қасындамыз, 
отырса  от  басындамыз.  Үйге  келгенде,  үйдей  өкпеңді  айтпа. 
Ac  қадірін  білмесең  ашаршылық  берер  сазаңды,  ат  қадірін 
білмесең  жайаушылық  берер  сазаңды.  Шақырғандарға  бар, 
шаққандардан қаш. Шақырғандарды шақырармын, шақырма- 
ғандарға қақырармын.


30
БУЬІН ҺӘМ ДЫБЫС
Бір буынның ішінде бірнеше дыбыс болады. Мәселен, «не?» 
«же!», «мә!», «ат», «аш» деген сөздердің ішінде бір-бір буын-
нан  бар.  Мұндағы  һәр  буында  екі-екі  дыбыстан  бар.  «Н-е?» 
(бірінші дыбыс «н», екінші дыбыс «е»); «ж-е!» (бірінші дыбыс 
«ж»,  екінші  дыбыс  «е»);  «м-ә!»  (бірінші  дыбыс  «м»,  екінші 
дыбыс  «ә»);  «а-т»  (бірінші  дыбыс  «а»,  екінші  дыбыс  «т»); 
«а-ш» (бірінші дыбыс «а», екінші дыбыс «ш»).
Қап, бас, жел, күл, мес, бай, жау деген сөздер бір буынды, 
бірақ бұлардың һәр буынында екіден емес, үш-үштен дыбыс 
бар: қ-а-п, б-а-с, ж-е-л, к-ү-л, м-е-с, с-о-р, б-а-й, ж-а-у.
Бір дыбысты буындар да болады. Мәселен, а-ра, а-та, а-ғу, 
а-су,  а-зу,  а-сы  деген  сөздердің  бірінші  буындарында  бір-бір 
дыбыстан, екінші буындарында екі-екі дыбыстан бар.
Дыбыс таңбасын харіф деп атаймыз, сондықтан жазған сөз 
ішінде пәлен харіф бар дейміз; айтқан сөз ішінде пәлен дыбыс 
бар дейміз. Дыбыс һәм харіф – екеуі екі басқа нәрсе. Біріне-
бірін  қатыстырып  шатастырмасқа  тиіс.  Дыбыс  естілетін, 
көрінбейтін нәрсе, харіф көрінетін, естілмейтін нәрсе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет