Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет15/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   230
Дағдыландыру.  Төмендегі  сөздердің  ішіндегі  қатаң 
харіфтерді  айырту.  Соқырдың  қолына  түспе,  саңыраудың 
астына  түспе.  Берсең  аларсың,  ексең  орарсың.  Ат  ерінді  ке-
лер,  ер  мұрынды  келер.  Базарға  бар  да,  бағың  сына.  Ұлың 
өссе ұлықтымен ауыл бол, қызың өссе қылықтымен ауыл бол. 
Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер. Атаңа не қылсаң, 
алдыңа сол келер. Бүркіт қартайса, тышқан аулар. Ит жеңгенін 
талайды. Қуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.
Сынау.  Төмендегі  сөздердің  ішіндегі  қатаң  харіфтердің 
астын сызып көрсетіңдер.
Өлген келмес, өшкен жанбас. Жақсы келсе құт, жаман кел-
се жұт. Тисе терекке, тимесе бұтаққа. Жемісті ағаштың басы 
төмен. Көп тілегі көл. Ел құлағы елу. Жеті рет піш, бір рет кес. 
Көз қорқақ, қол батыр. Жер анасы, мал баласы. Күлме досыңа, 
келер басыңа. Тамыр тартқан тарықпас. Сақтықта қорлық жоқ. 
Шөп біткен жерге бітер. Аспанға қарай оқ атпа, өзіңнің түсер 
басыңа.  Аш  тамағым,  тыныш  құлағым.  Тез  қасында  қисық 
ағаш жатпас. Шам жарығы түбіне түспес. Қойшы көп болса, 
қой арам өлер. Ит семірсе, иесін қабар. Ат аунаған жерінде түк 
қалады. Аман болса бұл басым, тағы шығар бұл шашым.
Ұяң харіфтерж, р, з, л, м, н, ң.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің ішіндегі ұяң харіфтерді 
айырту. Талтаңдасаң талтаңда, ақшаң болса қалтаңда. Берсең 
аларсың, ексең орарсың. Базар бар да бағың сына. Ата көрген 
оқ  жонар,  ана  көрген  тон  пішер.  Оқу  –  білім  азығы,  білім  – 
ырыс қазығы. Асың барда ел таны, атың барда жер таны.
Сынау. Төмендегі сөздердің ішіндегі ұяң харіфтердің астын 
сызып көрсетіңдер.
Жақсыдан жаман туады, жүйріктен шабан туады. Тон жаға- 
сыз  болмас,  ел  ағасыз  болмас.  Батыр  ортақ,  ай  ортақ,  төресі 
әділ  би  ортақ.  Ханның  басын  хан  жұтар,  қардың  басын  қар 
жұтар. Сенікі, менікі деген – көңіл тарлығы, әрі жат, бері жат – 
төсек тарлығы. Тау мен тасты су бұзар, кісі арасын сөз бұзар. 
Кімнің жерін жерлесең соның жырын жырларсың. Берген жо-
март емес, алған жомарт. 


34
Ұяң  харіфтер  өзара  екіге  бөлінеді:  1)  Ымыралы  харіфтер.  
2) Ымырасыз харіфтер. 
Ымыралы харіфтерж, р, з, лЫмырасыз харіфтерм, н, ң.
Дағдыландыру.  Төмендегі  сөздерді  көшіріп,  ымыра лы 
харіфтердің астын бір сызып, ымырасыз харіфтердің астын екі 
сызып көрсетіңдер.
Сан  тимеске  сан  тиді,  табақ-табақ  нан  тиді.  Саңырауға 
сәлем берсең, атаңның басы дер. Көне садақты деме, атқанын 
көрерсің,  көне  етікті  деме,  атасын  білерсің.  Жорға  мінген 
жолдасынан  айрылады,  көп  жасаған  құрдасынан  айрылады. 
Жығылған  күреске  тоймас.  Саяқ  жүрсең,  таяқ  жерсің.  Тың- 
дамасқа  сөйлеген  есіл  сөзім,  жыламасқа  жылаған  екі  көзім. 
Аузы күйген үріп ішер. Жеген білмес, тураған білер. Бұйдалаған 
тайлақтай, жетелеген мойнақтай. Көңіл кірі айтса кетер, көйлек 
кірі жуса кетер. Шын жомарт жоқтығын елемес, шын жүйрік 
тоқтығын елемес. Түлен түртпесе, түнде қайда барасың?
(ЖАЗУ) ҚАҒИДАЛАРЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет