Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет126/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   230
есімдер.  Үшінші,  бастауыш  бо латын  атау  тұлғалы  сан  есім
мысалы:  Берерменге  бесеу  көп.  Біреу  тойып  секіреді.  Ішкі 
белгісі бойынша бастау ыш – бесеу, біреу болуға тиіс, өйткені 
1-інші  сөйлемде  сөз  болып  отырған  бесеу,  2-інші  сөйлемде 
біреу деген сөздер.
Тысқы белгісімен іздесек: берерменге не көп? – бесеу, кім 
тойып секіреді? – біреу.
Бұл  бастауыштың  тысқы  белгілері  бесеу,  біреу  деген 
сөздерден табылған соң, бастауыш осылар болады.
Бесеу, біреу атау тұлғасында тұрған сан есімдер. Төртінші, 
бастауыш  болатын  –  атау  тұлғалы  есімдік.  Мысалы:  Мен 
келдім, сен кеттің. Ол терең, бұл тайыз.
1-інші  сөйлемде  мен  туралы,  2-інші  сөйлемде  сен  тура-
лы,  3-інші  сөйлемде  ол  туралы,  4-інші  сөйлемде  бұл  туралы 
сөйленіп тұр. Сондықтан мен, сен, ол, бұл бастауыш болады. 
Бұл ішкі белгісі бойынша. Енді тысқы белгісімен қарайық: Кім 
келді? – мен, кім кетті? – сен, не терең? – ол, не тайыз? – бұл. 
«Кім?»,  «не?»  деген  сұрауларға  жауап  беріп  тұрған  сөздер  – 
мен, сен, ол, бұл. Сондықтан бұл сөздер бастауыш болатыны 
даусыз. Сүйтіп мен, сен, ол, бұл деген сөздер ішкі белгісімен 
де  бастауыш  болып  шығып  тұр.  Бұл  сөздер  атау  тұлғасында 
тұрған есімдіктер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет