Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет125/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   230
§ 1БАСТАУЫШ
 Бастауыш болатын сөз таптары
Әуелі  бастауыш  болатын  –  атау  тұлғасындағы  зат  есім. 
Мысалы:  Бала  ойнайды.  Ат  шабады.  От  жанады.  Бұл 
сөйлемдердің  ішінде  бастауыш  қай  сөз  екенін  әуелі  ішкі 
белгісімен  тауып  қарайық.  Олай  табу  үшін  мысалға  алынған 
сөйлемнің  әрқайсысында  не  туралы  сөйленіп  тұрғанын  ашу 
керек.
1-інші сөйлем: Бала ойнайды. Мұнда кім турасынан сөйле-
ніп тұр? – Бала турасынан.
2-інші сөйлем: Ат шабады. Мұнда не турасынан сөйленіп 
тұр? – Ат турасынан.
3-інші сөйлем: От жанады. Мұнда не турасынан сөйленіп 
тұр? – От турасынан.
Сүйтіп, бұл сөйлемдерде бала, ат, от турасынан сөйленген 
болып  шықты.  Олай  болса,  бұл  сөздерде  бастауыштың  ішкі 
белгілері бар, сондықтан бұлар бастауыш болуға тиіс. 
Енді  тысқы  белгілерімен  тауып  қаралық.  Олай  табу  үшін 
«кім?», «не?» деп сұрау салу керек. Сол сұрауға қай сөз жау-
ап берсе, ашып айтқанда, қай сөз сұрауға жауап болып табыл-
са,  сол  сөз  бастауыш  болмақ.  1-інші  сөйлем:  Бала  ойнайды. 
Кім  ойнайды?  –  Бала.  2-інші  сөйлем:  Ат  шабады.  Не  шаба-
ды? – ат. 3-інші сөйлем: От жанады. Не жанады? – от. Сүйтіп, 
бұл  сөйлемдер:  «кім?»,  «не?»  деген  сұрауларға  жауап  берген 
сөздерде бала, aт, от болып шықты. Олай болса, бұл сөздерде 
бастауыштың тысқы белгілері бар болып табылды. Ішкі, тысқы 
екі белгісі де бар болған соң, бұл сөздер бастауыш болады.


207
Бала,  ат,  от  –  атау  тұлғасындағы  тұрған  зат  есімдер
Екінші, бастауыш болатын – атау тұлғасындағы сын есім. Мы-
салы:  Көп  қорқытады,  терең  батырады.  Бұл  сөйлемдерде 
сөйленіп, сөз болып отырған – көп пен терең. Солай болған 
соң ішкі белгісі бойынша бастауыш көп пен терең болуға тиіс. 
Тысқы белгісімен қарағанда, «кім қорқытады?» – көп, «не ба-
тырады?» – терең. Мұнда да «кім?», «не?» деген сұрауларға жа-
уап беріп тұрған «көп» пен «терең» деген сөздер. Ішкі, тысқы 
белгісі бірден табылып тұрған соң, бұл сөздер бастауыш бола-
ды. «Көп», «терең» деген сөздер атау тұлғасында тұрған сын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет