Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет17/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   230
Ескерту
**
. Сөз басында «أ» дыбысы жоқ жерде ا харфі тұрса, 
ол басқа дауысты дыбысқа сүйеу үшін қойылған таяқ есебінде 
қойылса да айтылмайды.
6
 Жақша ішінде таңба үстіндегі кішкене ирек сызық көрсетілген.
* Бұлар жорта қате жазылған, түзетіп жаздыру керек.
** Жоғарыдағы ескертулер төте жазудың ерекшеліктеріне орай айтылған (Құраст.)


35
2-нші ереже.
«О» дыбысы сөздің бас буынында ғана естіледі. Басқа бу-
ындарында һәм дауысты дыбыстардан соң қазақ сөзінде һеш 
орында естілмейді, сондықтан бас буыннан басқа орында яки 
дауысты дыбыстан соң و (о) жазылса, ؤ (ұ) қылып оқу тиіс.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіртіп, و (о) келетін жеріне و 
(о) қойдырып, ؤ (ұ) келетін жеріне ؤ қойдырып жаздырту.
Күресін қар көбейтер, қара қарын дау көбейтер. Бәрің бірдей 
қойшы болсаң, құл боларсың, бәрің бірдей тойшы болсаң қу 
боларсың.  Ауыл  қонағы  айда-жылда  бір  қонар.  Құтты  қонақ 
келсе, қой егіз табар, құтсыз қонақ келсе, қойға қасқыр шабар. 
Ауруда шаншу жа ман, сөзде қаңқу жаман. Ac – адамның арқауы. 
Аман болса бұл басым, тағы шығар бұл шашым. Дертің тұмау 
болсын, қысың тұман болсын. Татулық – байлық. Төртеу түгел 
болса, төбедегіні алады, алтау ала болса, ауылдағы кетеді. Бай 
бір жұттық, батыр бір оқтық. Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп 
құлағынан  айырылған.  Алуан-алуан  жүйрік  бар,  әліне  қарай 
жүгірер.
3-нші ереже.
«У» қысқа айтылатын дыбыс, «у» ұзын естілсе, ол жерде екі 
«у» болғандықтан, оның алдыңғысы бүтін «у», соңғысы жар-
ты «у», шолақ «у», «у» ұзын естілетін жерге екі «у» жазу тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет