353
ҒЫЛЫМИ ТҮСІНІКТЕР
Қазақ балаларына ана тілінде сауат аштыру ниетімен үш жылдық
білім беру жүйесі бойынша жоспарланып, 1914, 1915, 1925 жылда-
ры үш бөлімнен тұратын А.Байтұрсынұлының «Тіл – құрал» атты
оқулығы жарық көрді. Мұнда автор қазақ тілінің грамматикасын әp
жылғы оқу біліміне лайықтандырып белгілі бір жүйемен окытуды
мақсат еткендігі төмендегідей оқулықтарынан аңғарылады.
Оқулық алғаш 1914 жылы Орынбор қаласынан «Тіл – құрал».
Қазақ тілінің сарфы. 1-ші жылдық» деген атпен жарық көреді.
Мұнда А.Байтұрсынұлы балаларға сауат аштыруды дыбыс жүйесі
мен түрлерінен бастайды. Яғни әріптердің таңбалануы, олардың
дыбысталуы, сөйлеу һәм сөйлем, сөйлем һәм сөз, сөз һәм буындар,
буын һәм дыбыс, жазу қағидалары, сөз тұлғалары, жұрнақтар туралы
қысқаша мағлұмат береді.
1914 жылғы «Тіл – құрал» – 1922 жылы Ташкент қаласынан «Тіл
– құрал (қазақ тілінің сарфы)» деген атпен қайта басылып шығады.
Бірақ мұнда «III. Сан есім» деген тараудан кейінгі беттері түпнұсқада
сақталынбаған. Ал біздің қолымызға тигені бұл оқулықтың тек 1925
жылы «Тіл – құрал. Дыбыс жүйесі мен түрлері. 1-ші тіл танытқыш
кітап» деген атпен бесінші рет толықтырылып, қайта басылған
нұсқасы. (Бұл – 1925 жылы Қызылорда қаласынан «Тіл – құрал.
Сөйлем жүйесі мен түрлері» деген атпен жарық көрген үшінші
жылдық оқулықтан басқа!).
Екінші жылдық оқулық «Тіл – құрал. Қазақ тілінің сарфы. 2-ші
жылдық» деген атпен 1915 жылы Орынбор қаласынан басылып
шықты. Мұнда автор сөз жүйесі мен түрлерін оқытуды қолға алады.
Бұл – кейіннен 1922 жылы Ташкент қаласынан қайта жарық көрген.
Үшінші жылдық оқулық 1925 жылы Қызылорда қаласынан «Тіл
– құрал. Сөйлем жүйесі мен түрлері» деген атаумен жарық көреді.
1925 жылғы «Тіл – құрал. Сөйлем жүйесі мен түрлері. ІІІ-ші тіл
танытқыш кітап» атты оқулығы 1927 жылы Қызылорда қаласынан
осы
атпен толықтырылып, қайта басылып шықты.
А.Байтұрсынұлының араб әрпінде (төте жазу) әр жылдары
толықтырылып, өзгертіліп, қайтадан жарық көріп отырған осы
– «Тіл – құрал» оқулығы 1992 жылғы «Ана тілі» баспасынан «Тіл
тағылымы» (құрастырушылар – Ғарифолла Әнесов, Аманқос Мек-
тепов) деген атпен жарық көрді. Жинақта А.Байтұрсынұлының тек
1914, 1925, 1915, 1925 (бұл басқа оқулық!) жылдары жарық көрген
«Тіл – құрал» оқулығының нұсқалары берілген. Бұл туралы жинақтың
алғы сөзінде: «А.Байтұрсынов оқулықтарының бірнеше басылы-
мы (кейбірі 6-7 реттен) болға ны мәлім. Мұнда бұлардың бір басы-
354
лымы ғана ұсынылды. «Тіл – құралы» мен «Тіл жұмсардың», «Ба-
яншы» мен «Сауат ашқыштың» барлық жылдардағы басылымдары
қолымызға түспегендіктен, олардын арасындағы айырмашылықтар
көрсетілген жоқ. Бұл – арнайы жүргізілетін келешектің ісі» деп, келер
істің ауқымын көрсеткен екен. Сондықтан қолымызға түскен «Тіл –
құрал» оқулығы түпнұсқаларымен салыстырылып, ұсынылып отыр.
«Тіл тағылымы» жинағында берілген «Тіл – құрал» (1914, 1915,
1925, 1925) оқулықтарымен осы жинаққа енбеген, 1922, 1922, 1927
жылғы оқулықтардың түпнұсқасы
қарастырылып, салыстырылды.
Аталған жылдардағы оқулықтарды салыстыру барысында 1922
жылы Ташкент қаласынан бірінші және екінші жылдық оқу құралдары
алдыңғы жарық көрген 1914 және 1915 жылғы басылымдардың
қайталанған нұсқасы екендігі айқындалды.
Тағы бір айта кететін жайт – 1915 жылғы «Тіл – құралының»
түпнұсқасы қолымызға түспегендіктен, «Тіл тағылымындағы»
нұсқасы 1922 жылы жарық көрген оқулықтың түпнұсқасымен салы-
стырылды.
Сондай-ақ, 1927 жылғы оқулық 1925 жылы жарық көрген «үшінші
тіл танытқыш» кітаптың толықтырылған басылымы.
А.Байтұрсынұлының әр жылдары қайта-қайта жарық көріп
отырған «Тіл – құрал» оқулығының алдыңғы жарық көрген
нұсқаларын түпнұсқасымен, ал қайта жарық көрмеген нұсқаларының
түпнұсқалары (қолда барларының) қарастырылып, алдыңғы
оқулықтардан айырмашылықтары салыстырылып анықталды.
Төменде осы оқулықтардың түпнұсқасымен және қайта басылып
шыққан жылдардағы басылымдарымен салыстыруларды ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: