5
тын таныстыру ең алғашқы басылымында орын алса, 1925
жылғыда бұл жоқ. Сондай-ақ, алғашқы басылымда автор әріп
пен дыбыс деген атауларды ажыратпай, дауысты өріп, дауыс-
сыз әріп деп қолданса, кейін дауысты, дауыссыз болатындар
әріп емес, дыбыстар деп түзетеді. Дыбыстардың классифи-
кациясында да өзгешеліктер бар. 1914 жылғыда сонор
у мен
й дыбыстары жарты дауыстылар деп көрсетілсе, 1925 жылы
бұлар дауыссыздардың қатарында берілген немесе 1914 жылғы
оқулықта ұяң дыбыстар деп
ж, р, з, л, м, н, ң дыбыстарын
көрсетсе, 1925
жылы ұяң деп м, н, ң, дыбыстарын атайды.
А.Байтұрсынұлының «Нұсқаушы», «Әліппе астары» кітап-
тары Алматы, Санкт-Петербург, Мәскеу, Уфа қалаларынан күні
бүгін табылмаған. А.Байтұрсынұлы мұрасы араб графикасы-
мен жазылғандықтан қазіргі таңда қалың жұртшылық бұл жа-
зуды оқи алмайды. Қолда бар ғалым мұрасы түгелімен қазіргі
графикаға көшірілді.
XX ғасырдың басындағы қазақ әдеби тілінің лексикалық
және орфографиялық нормасы қазіргіден өзгеше екені сөзсіз.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілімен оқу-ағарту сала-
сына қатысты еңбектері жинақталған «Тіл тағылымы» (1992)
кітабын негізге ала отырып, оларды сол басылымдардың
түпнұсқаларымен қайта салыстырып, жіберілген орфогра-
фиялық қателер, түсіп қалған сөздер, грамматикалық қателер
түзетіліп, сөз тіркестері мен сөйлемдер өз қалпына келтірілді.
Ертеде тоталитарлық идеология салдарынан «Ахмет
Байтұрсынов» болып жазылып жүрген автордың тегі, оның өз
төл туындыларында қолданылған қалпына сай өзгертілді. Яғни
«Байтұрсынұлы Ахмет» деген мұсылман жолымен қойылған
аты-жөнін қайта қалпына келтіруді бүгінгі ұрпақтың ата-баба
алдындағы парызымыз деп санадық.
Сондай-ақ, «Тіл тағылымының» жүйесін сақтай отырып,
шығарушылардың алғы сөзін және академик Рабиға Сыздық-
тың «А.Байтұрсынов» атты ғылыми мақаласын негізге алдық.
Осы жинақта берілген «Тіл – құралдың» (1914, 1915, 1925: екі
басылымы) мәтіндері, жинақка енбеген 1922 жылғы: екі басы-
лымы, 1927 жылғы басылымдардың мәтіндерімен салыстыры-
лып, қарастырылды.
6
Ұлттық кітапхананың сирек қор бөлімінде «Тіл – құрал»
оқулығының әр жылдардағы жарық көрген басылымдары
тіркелген яғни 1914-1928 жылдарда аталмыш оқулықтың (үш
кітап) 25 рет басылғаны анықталды.
Қазақ тіл білімі, әдебиеттануы ғылымдарының негізін
қалыптастырған Ахмет Байтұрсынұлының әр сөзін түпнұсқа-
сына сай орнына келтіруді басты мақсат деп санадық.
Тәуелсіздік заманының ғалымдары «Ұлт ұстазы» деп мой-
ындап, дәріптеген А.Байтұрсынұлының «Тіл – құралы» атты
ғылыми еңбегі ғалымның зерттеушілік ойларының халықтың
білім беру саласына, қазақ баласының білімін, ілімін ашуға
бағындырылғанының нақты дәлелі екені анық.
Нағыз ғылыми еңбек өз ұлтына, еліне қызмет ету қажеттілі-
гінен тууы абзал екенін А.Байтұрсынұлы осы «Тіл – құралымен»
ғылыми қауымға үлгі етіп берді. Олай болса, ғалым ұсынған
қазақ тілін оқыту жүйесін, тіл үйретудегі басты құралдың осы
уақытқа дейін А.Байтұрсынұлыныкі екені айтылмай, қолданып
келген терминдерінің
қасиетін қадірлеп, меңгеретін кез келді.
А.Байтұрсынұлы қазақша әліппе жасап яғни араб алфавиті-
нің негізінде ұлттық әліппеге реформа жасап, өзгеріс енгізіп,
қазақ тіл білімінің терминдерін алғашқы болып қалыптасты-
рып және оның негізгі салаларын:
Дыбыс жүйесін (фонети-
ка);
Сөз жүйесін (мор фология);
Сөйлем жүйесін (грамматика)
тұңғыш рет зерттеп, ғылыми негізін салып берді. Бұл іргелі
зерттеулер бірнеше оқулыққа арқау болып, кезінде өз заман-
дастары тарапынан лайықты бағасын алып қана қоймай, күні
бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. А.Байтұрсынұлының
лингвистикалық еңбектерінде қазіргі қазақ тілі теориясының
негізі қаланып, бізге үйреншікті категориялар алғаш рет
қалыптастырылып, қолданысқа енгізілді.
Теоретик А.Байтұрсынұлы таза ғылыми зерттеулермен шек-
телмей, күнделікті сұранысты өтейтін оқулықтар жазу арқылы
да білім беру саласына нақты үлес қосуға мән бергені яғни
ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қолданыстан шықпайтын
өміршең оқулықтары арқылы қалың қазақ елінің игілігіне асы-
руы – шынайы зиялы іскерліктің үлгісі болып қала бермек.
Достарыңызбен бөлісу: