Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет5/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230
Байланысты:
Тіл-құрал

сы келмейтіндігі анықталып отыр, үкімет 2116 кісінің ғана 
расходын  көтермекші,  ал  балаларды  тегіс  оқытуға  20.000-
нан  артық  кісі  керек.  Сондықтан  бір  ауылнай,  не  бір  болыс 
ел  күш  біріктіріп,  байға  байша,  кедейге  кедейше  үй  басына 
салық  салып,  сол  жиналған  салықты  оқытушылардың  һәм 
басқа  қызметкерлердің,  ақысына,  школдың  керек-жарағына 


11
жұмсауға міндетті болып, жергілікті оқу бөлімдерімен дого-
вор жасап, школ ашу керек. Ол школдардың жанында интер-
наттар ашу керек», – деп жазды. («Қызыл Қазақстан» журна-
лы, 1923. № 14).
Осы  айтылғандардың  барлығы  А.Байтұрсынұлының  оқу-
ағарту жайындағы ой-пікірлерін, көзқарасын, тілек-талаптарын 
танытады. Өткен ғасырдың ІІ-жартысынан бастап көтерілген 
оқу-ағарту мәселесі қазақ қоғамы үшін әлеуметтік мәндегі үлкен 
проблема болса, оны іс жүзінде қолға алған тұңғыш ағартушы 
Ыбырай Алтынсарин екендігін білеміз. Осы салада одан кейінгі 
нақты іс атқарған екінші адам («екінші Алтынсарин») Ахмет 
Байтұрсынұлы  болды.  Ол  –  халықты  оқуға  шақырған,  білім-
ғылымның  қажеттігін  түсіндірген  жалаң  үгітші  емес,  қазақ 
арасында ағартушылық жұмыстарын, жалпы мектеп ісін жолға 
қоюға көп күш салған, бала оқытып, ұстаздық еткен тәжірибелі 
жан. Сонымен қатар ол – оқу-ағарту ісін жолға қою үшін қажет 
өзге де іс-әрекеттерді қолға алған қайраткер. Бұл іс-әрекеттер: 
қазақ жазуына лайық графика түзу, жазу тәртібі – емлені жа-
сау, қазақша сауат ашатын «Әліппе» жазу, ана тілін танытатын 
мектеп оқулықтарын жазу, бала оқытудың әдістерін көрсету. 
Осы  орайда  Ахмет  Байтұрсынұлы  қазақ  мәдениеті  көгінде 
жалаң ағартушы емес, ғалым-ағартушы болды. Ол – қазақ тілі 
мен  әдебиетін  пән  ретінде  қазақ  тілінде  тұңғыш  баяндаушы 
ғалым.
А.Байтұрсынұлы – қазақ тілін зерттеуші. А.Байтұрсынұлы 
мұғалімдер даярлайтын оқу орнын бітірісімен, 1895-інші жыл-
дардан бастап бала оқытуға кіріседі. 13-14 жыл бойы (1895-1909 
жылдар  арасын да)  ауылдық,  болыстық  бастауыш  мектептер 
мен 5-6 жылдық екі сыныптық училищелерде мұғалім болып 
істеді.  Бала  оқыта  жүріп,  сол  оқыту  ісіне  қажетті  жағдайлар 
(нәрселер) жайын ойлап, ең алдымен, қазақ балаларының сауа-
тын қазақша ашатын ұлттық, жазу таңбалары (графикасы, сол 
кездегі термин бойынша «әліп-би») бар ма; екіншіден, оқыту 
жүйесі  жолға  қойылған,  үкімет  тарапынан  ашылған  мек-
тептер  бар  ма;  үшіншіден,  ондай  әліпбиі  мен  мектебі  болған 
күнде  қазақ  тіліндегі  «Әліппесі»  («Букварь»  оқулығы),  ана 
тілі оқулықтары («Грамматика» кітаптары) бар ма; баланы ана 
тілінде оқытудың тиімді әдістері қайсы? Міне, осыларға назар 
аударады. Әрине, бұлардың бірде-біреуінің жоқ екенін біледі 


12
және  осыларды  дүниеге  келтіргенінше,  жүзеге  асырмайын-
ша, қазақ даласындағы оқу-ағарту ісін дұрыс жүргізу мүмкін 
еместігін де жақсы түсінеді. Енді ол «барымен базар» бо лып, 
күнделікті бала оқытумен қатар, жоғарыда айтылған жоқтарды 
түгендеуге кіріседі. Атап айтқанда, А.Байтұрсынұлы 1910 жыл-
дардан  бастап  қазақ  жазуымен  (графикасымен)  айналыса  ба-
стайды. Сол күнге дейін өзге түркі халықтары сияқты, қазақтар 
да пайдаланып отырған араб таңбалары таза сол күйінде қазақ 
тілі үшін қолайлы емес екендігін біліп, оны қазақ тілінің дыбыс 
жүйесіне икемдеп, қайта түзуді қолға алды. Ол үшін алдымен 
қазақ тілінің фонетикалык құрамын зерттеді.
1929  жылы  1-мамырда  өз  қолымен  жазған  (орыс  тілінде) 
«Өмірбаянында»:  «...1901  жылдардан  бастап,  бала  оқыт- 
қан  кездерден  бос  уақыттарымда  өз  бетіммен  білімімді 
толықтырдым, әдебиетпен шұғылдандым. Ал Орынборға кел-
геннен кейін ең алдымен қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен 
грамматикалық  құрылысын  зерттеуге  кірістім.  Одан  кейін 
қазақ алфавитін және емлесін ретке салып, жеңілдету жо-
лында  жұмыс  істедім.  Үшіншіден,  қазақ  жазба  жұмысын 
бөгде  тілдік  қажетсіз  сөздерден  арылтуға,  синтаксистік 
құрылысын  өзге  тілдердің  [жағымсыз]  әсерінен  тазартуға 
әрекеттендім. Төртіншіден, «қазақ прозасынң (яғни іс қағаздар 
тілін, публицистика мен ғылыми тілін) жасанды кітаби си-
паттан  арылтып,  халықтың  сөйлеу  тәжірибесіне  икемдеу 
ушін, ғылыми терминдерді жасауға кірістім және стильдік 
өңдеу үлгілерін көрсетумен шұғылдандым» деп жазады (Архив 
КазПИ им. Абая. Опись Л-1, связка № 6 «Б», д. 209).
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер ту-
ралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап «Айқап» журналы мен 
«Қазақ»  газетінің  беттерінде  білдіре  бастайды.  «Айқаптың» 
1912  жылғы  9-10  нөмірлерінде  «Шаһзаман  мырзаға»  атты 
көлемді мақала жазып, онда: қазақ дыбыстарын білдірмейтін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет