Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет6/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230
ؤ ،ح ،ز және жуан т,с сияқты араб таңбаларын қазақ алфавитіне 
енгізбеу керектігін, сөздің тұтас жіңішкелігін білдіру үшін оның 
алдына  дәйекші  дейтін  таңба  (ء)  қою  қажеттігін  дәлелдейді. 
«Қазақ» газетінің 1913 жылғы 34-інші және әрі қарайғы сан-
дарында «Жазу мәселесі» деген үлкен ма қала жариялап, онда 
кейбір дауысты дыбыстарды (ى ،ى ،ي ،ؤ ،و ِ) таңбалау жайындағы 
өзінің пікірлерін ай тады.


13
Әрі  қарайғы  ізденістерінде  араб  графикасын  қазақ  жазуы 
үшін былайша лайықтап алуды ұсынады: 1) Араб алфавитіндегі 
жуан  дыбыстарының  таңбаларын  алмау.  2)  Қазақ  тіліндегі 
ы,  е,  и,  о,  у,  у  дыбыстарының  әрқайсысына  таңба  белгілеу; 
3)  К,  г  дыбыстарынан  бас қа  дауыссыз  дыбыстармен  келген 
сөздердің  жіңішкелігін  (яғни  қазіргі  ә,  е,  і,  у  дыбыстарымен 
айтылатындығын) білдіру үшін сөздің алдынан дәйекші таңба 
қою. Бұлайша түзілген алфавиттің сауат ашудың дыбыс жүйесі 
әдісіне сай келетіндігі байқалады.
А.Байтұрсынұлының  араб  жазуын  қазақ  тіліне  икемдеген 
нұсқасын  қазақ  жұртшылығы,  әсіресе  мұғалімдер  қауымы 
ешбір  талассыз  қабылдады,  себебі  Байтұрсынұлының  ре-
формасы  қазақ  тілінің  табиғатына  сүйеніп,  ғылыми  негізде 
жасалған  болатын.  Сонымен  қатар  оның  1912  жылдардан 
бастап ұсынған, осы алфавитті негізге алған жаңа жазуы (ол 
«Жаңа емле» деп аталды) іс жүзінде қолданыла бастады. 1915 
жылы  осы  емлемен  (жазумен)  15-тей  қазақ  кітабы  басылып 
шығыпты және бұл жазуды («Жаңа емлені») 1912 жыл дардан 
бастап  мұсылман  медреселері  мен  қазақ-орыс  мектептері  де 
қолданыпты.
«Жаңа  емлені»  А.Байтұрсынұлы  әрі  қарай  қырнап,  поли- 
графиялық  жағынан  қолайлы-қолайсыз  жерлерін,  оқыту 
процесіндегі  тиімді-тиімсіз  жақтарын  салмақтайды.  Сөйтіп, 
араб  әріптері  негізінде  лайықтап  жасалған  қазақ  графикасы 
1924 жылы Орынборда маусымның 12-сінде басталған Қырғыз 
(қазақ)  білімпаздарының  тұңғыш  съезінде  талқыланады.  Бұл 
съезде мынадай мәселелер қойылады: 1) Жазу ережелері (яғни 
орфография мәселелері); 2) Әліп-би (яғни ал фавит) мәселесі; 
3) Қазақша пән сөздер (яғни терми нология); 4) Ауыз әдебиетін 
жию шаралары; 5) Оқу, ғылым кітаптарын көбейту шаралары; 
6) Бастауыш мектептердің программасы.
А.Байтұрсынұлы  реформалаған  араб  жазуы  өз  кезеңінде 
қазақ мәдени дүниесінде үлкен рөл атқарған. Қалың көпшілікті 
жаппай сауаттандыру ісіне, жазба дүниелердің дамуына, баспа 
жұмысының жандануына игілікті қызмет еткен, прогрессивтік 
құбылыс болды. А.Байтұрсынұлының бұл тәжірибесін сол кез-
де өзге түркі халықтары, мысалы өзбектер мен татарлар үлгі 
тұтып, олар да өз жазуларына реформа жасайды.
А.Байтұрсынұлы  –  қазақ  балаларының  ана  тілінде  сауат 
ашуына көп күш салған ғалым.


14
1912  жылы  мектеп  балаларын  қазақша  сауаттандыра-
тын  әліппені  («Оқу  құралын»)  жазғаннан  кейін,  көп  ұзамай 
енді  мектепте  қазақ  тілін  пән  ретінде  үйрететін  оқулық 
жазуға  кіріседі.  «Біздің  заманымыз  –  жазу  заманы...  Сөздік 
жүйесін,  қисынын  келтіріп  жаза  білуге,  сөз  қандай  орында 
қалай  өзгеріліп,  қалайша  бір-біріне  қиындасып,  жалғасатын 
жүйесін  білу  керек  болғандықтан,  «қазақтың  бастауыш 
мектебінде басқа білімдермен қатар қазақ тілінің дыбыс, сөз, 
сөйлем жүйелерін де үйрету керек» дегенді өзіне міндет етіп 
алады да, сол міндетті атқару үшін «Тіл – құрал» деген атпен 
үш  бөлімнен  (үш  кітаптан)  тұратын  оқулық  жазуға  кіріседі. 
Бұл оқулықтың фонетикаға арналған І-бөлімі алғаш рет 1915 
жылы жарық көрді. Одан әрі қарай жөнделіп, толықтырылып 
бірнеше рет басылды. 1927 жылғы Қызылордадағы басылымы 
7-нші деп көрсетілген.
Қазақ тілінің морфологиясына арналған ІІ-бөлімі бұдан бір 
жыл  бұрын  1914  жылы  баспадан  шыққан.  Ол  да  қырналып, 
толықтырылып бірнеше рет (1927 жылғысы 6-басылым) қайта 
басылған.  Синтаксиске  арналған  ІІІ-бөлімі  де  1916  жылдан  
бастап 6 рет басылған.
«Тіл – құрал» – қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны 
құбылыс.  Оның  жалғыз  тіл  емес,  өзге  де  пәндерден  ойып-
үйренетін  қазақша  жазылған  кітап,  құрал  дегендерді  білмей-
көрмей  келе  жатқан  қазақ  жұртшылығы  үшін  мүлде  тың 
дүние  екендігін  автордың  өзі  де  ескертеді.  Кітаптың  «Сөз 
басында»:  «Тіл  –  құрал»  деген  аты  қандай  жат  көрінсе,  ішкі 
мазмұны да әуелгі кезде сондай жат көрінер, үйткені қазақта 
бұрын болмаған жаңа зат. Халықта бұрын болмаған нәрсе жат 
көрініп, бірте-бірте бойы үйренген соң қалатынң дейді. Шы-
нында да ол жат болмақ түгіл, бірте-бірте соншама үйреншікті, 
қазақ балаларының бірнеше буынын тәрбиелеген, 14-15 жыл 
бойы мектеп оқушыларына ана тілінің табиғатын танытқан ет 
бауыр дүниеге айналды: «Тіл – құрал» десе, жұртшылық қазақ 
тілі  оқулығын,  оқулық  десе,  тек  қана  Ахмет  Байтұрсынұлын 
білетін болды.
«Тіл – құрал» тұңғыш оқулық болуымен қатар, бастауыш 
мектепке яғни алғашқы 4-5 жыл оқитын шәкірттерге арналғаны- 
мен,  бұл  –  қазақ  тілінің  фонетикалық  және  грамматикалық 


15
құрылымын талдап, жүйелеп, танытқан қазақ тіліндегі тұңғыш 
ғылыми жұмыстың басы болды. Бұл оқулықтар – «Қазақ тіл 
білімі» атты ғылым саласының ана тіліміздегі дұрыс жазылған, 
жақсы бастамасы, өйткені, қазақ тілінің дыбыстық құрамының 
классификациясы да, сөз топтарын ажыратып, сөз тұлғаларын 
көрсетуде  де,  сөздердің  септелу,  тәуелдену,  жіктелу  тәртібін 
танытуда  да,  сөйлем  түрлерін  ажыратуда  да  бүгінге  дейін 
А.Байтұрсынұлының аталған оқулықтарының негізі сақталып 
келеді.  Тілдік  әр  категорияның  классификациясынан  бастап, 
барлық  терминдеріне  дейін  қазіргі  мектеп  оқулықтарында 
А.Байтұрсынұлының ізі бар.
Қазақ тілін талдап-тануда Байтұрсынұлының еңбегін және 
бір  тұрғыдан  ерекше  атау  керек:  ол  дұрыс  жазылған,  жақсы 
термин  жасаудағы  іс-әрекеті.  Ғалым  қазақ  тілі  фонетикасы 
мен  грамматикасына  қатысты  категориялардың  әрқайсысына 
қазақша  балама  ұсынды.  Осы  күнгі  қолданып  жүрген  Зат 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет