Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет22/159
Дата29.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#111758
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   159
Байланысты:
Әдеби тіл қалыптануы

арқасында
деген көмекші есім тек 
жағымды мағынада айты-
латын тұста келеді: табыстың арқасында, денсаулықтың 
арқасында, байлықтың арқасында
,
 
ал 
кемшіліктің, шығын- 
ның, сәтсіздіктіңарқасында, науқастың арқасында,
қайыршы- 
лықтың, кедейліктің, бейшаралықтың арқасында
деп айтыл-
майды. Тағы бір мысал: қазақ тілінде көптеген тіркестердің 
етістік компоненті тек қана болымсыз түрде келеді: 
көз алмау, 
көз айырмау, ұйқы көрмеу, күн көрсетпеу, шаңын көрсетпеу.
Бұлардың 
көз алу, көз айыру, ұйқы көру, күн көрсету, шаңын 
көрсету
деген қарама-қарсы оппозициялық қатарлары жоқ. 
Тас қараңғы
деген консервіленген тіркес бар, оның 
тас жарық
оппозитиві жоқ.
Орыс тілінде ең қатаң және бұзылғаны көзге ұрып тұратыны 
– сөздегі екпін нормасы болса, қазақ тілінде – сөздің үндестік 
зандарын сақтап айтылуы. Бұл тұста әсіресе қатаң /ұяң, 
еріндік /езулік дыбыс заңдарын бұзып айту – орфоэпиялық 
нормалардан ауытқу ретінде көзге түседі, құлаққа естіледі. 
Қалыптасқан тұрақты тіркестердің, мақал-мәтелдердің компо-


55
ненттерін уәжсіз (себепсіз) ауыстырмай қолдану да – қазіргі 
қатаң сақталуға тиіс лексика-фразеологиялық нормалардың 
бірі. Айталық, «жел 
тұрмаса,
шөп басы қимылдамайды» де-
ген мәтелді жел 
соқпаса...
деп өзгертіп жұмсағанда, мәтелдің 
мағынасында аз да болса логикалық сәйкессіздік байқалады: 
желдің тұруы мен соғуы дегенде жел екпіні екі түрлі беріледі: 
желдің тұруы – жалпы оның пайда болуы, соғуы – біршама 
қарқынмен келуі. Мәтел үшін желдің қарқынды соғуын емес, 
әйтеуір пайда болуын, сәл байқалуын айту керек, өйткені бұл 
мәтел «бір нәрсенің пайда болуында сәл болса да себебі, бел-
гісі, негізі сезілуі керек» дегенді аңғартады.
Ал стилистикалық нормаларға келсек, бұл жерде оларды 
сақтауда қатаңдықтан гөрі, стильдік мақсат көздейтін уәж-
ділік басым түсіп жатады. Мысалы, жазушы Сейдахмет 
Бердіқұловтың спортшылар туралы жазған көркем шығар-
масының бірінде «велосипедшілер құйысқан тістесіп бара жат-
ты», тағы бір тұсында «екі велосипедші үзенгі қағыстырды» 
деген сөйлемдерді оқимыз. Егер фразеологияларды орнымен 
қолдану нормасына келсек, 
үзеңгі қағыстыру
да, 
құйысқан 
тістесу
тіркесі де салт атты адамдардың шабысына қатысты 
ғана айтылуы керек, ал велосипедтерде құйысқан да, үзеңгі де 
болмайды, соған қарамастан, бұл жерде норманы берік ұстану 
емес, стильдік мақсат алға шығып тұр: жазушы бұл «қазақы» 
фразеологизмдерді қазіргі техника көлігіне жаңастыра 
қолдануы арқылы оқырман сезіміне оң әсер ететін образдар 
жасап тұр. Велосипедші қазақ жігіті – Тұйғынның жарыстағы 
күресі, күйі, психологиясы дегендерге «қазақы» үн берген, бұл 
жердегі ұлттық бояу осы шығарманың тұтас өн бойындағы 
көркемдік стиліне сай келеді, яғни дәл осы қолданыс осы 
шығармада ұтымды, қолайлы деп танылған. Бұл жерде сти-
листика тұрғысынан сөзқолданыстың нормаға сай дұрыстығы 
емес, қолайлылығы, ұтымдылығы көзделген.
Норма туралы түсініктің ішінде, яғни оны бағалауда 
«дұрысы/дұрыс емесі», «сәттісі/сәтсізі», «дәл/дәл емес» деген 
танымдар жол алады.
Әдеби тілдік норма тілдің даму барысының әр кезеңіне 
қарай айқындалуы керек. Тілдің құрылымдық табиғи норма-
лары негізінен қай кезеңде де тұрақты болып келеді. Бірақ 


56
ішінара тілдің құрылымдық заңдары да өзгеріске ұшырауы 
мүмкін. Мысалы, қазақ тілінде 
туралы, үшін
шылаулары біздің 
кезеңімізге дейін, яғни XX ғасырдың 20-30-жылдарына дейін 
ілік септіктегі сөзбен меңгеріліп тұрды: 
менің үшін, оның ту-
ралы, баланың үшін, баланың турасында>баланың туралы. 
Қазіргі норма бойынша 
мен үшін, мен туралы, бала үшін, бала 
туралы
деп атау тұлғасындағы сөзбен қабысады. Демек, тілдік 
норманың қалыптасу, даму, өзгеру тарихын зерттеу барысында 
болмаса, жалпы сөз еткенде, нақты бір кезеңді алып қарастыру 
керек болады. Мысалы, біз осы жұмыста қазақ әдеби тілінің 
қазіргі, яғни соңғы 70-80 жылдың барысындағы жай-күйін 
әңгімелеп отырмыз.
Сөйтіп, қорыта айтқанда, әдеби тілдің нормасы дегеніміз 
– қоғамның белгілі бір кезеңдегі әдеби тілді жазба және 
ауызша түрде қолдану тәжірибесінде қалыптасқан, көпшілік 
қауым дұрыс деп таныған, жалпыға ортақ сөз қолдану, сөйлем 
құрастыру, сөз жасау, сөзді дұрыс дыбыстау, сауатты жазу 
заңдылықтары, яғни тілдік амалдарды дұрыс жұмсаудың 
көрінісі. Тілдік норманың құрылымдық табиғи түрлері және 
ереже бойынша ұсынылған түрлері болады. Олардың қай-
қайсысы да, әсіресе соңғы түрлері – таңдаудың, сұрыптаудың 
және өңдеудің жемісі. Тілдік нормалар, тілдің өзі сияқты – тари-
хи-өзгермелі құбылыс. Тілдің қолданылу тәжірибесінде әбден 
қалыптасып, біршама (яғни сол кезең үшін) тұрақтандырылған 
ереже-қағидаларды норманың эстетикалық және прагматика-
лық теориялары негізінде жүйелеп заңдастырылуы олардың 
кодифиациясы деп аталады. Тілдік нормалардың кодифи-
кациясы мектеп оқулықтарында, әр алуан орфографиялық, 
терминологиялық, түсіндірме, екі тілдік, үш тілдік сөздіктерде, 
анықтағыш құралдарда баяндалып, хатқа түседі. Аталған 
сөздіктердің басым көпшілігі нормативтік сипатта түзіледі. 
Олардың сөзтізбесінде орын алатын нормативтік емес эле-
менттерге «диалектизм», «жаргон», «қарапайым сөз», «арго», 
«көне» деген сияқты белгілер қойылады.
Осы ұсынылып отырған кітап тіл мәдениетінің өзекті 
мәселесі – қазақ тілінің әдеби нормаларын айқындап, оның ко-
дификациясын көрсетуге арналады.


57


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет