қазақ қосымшаларын жіңішке жалғауға бейім тұрады. Мыса-
лы:
педагокке, педагоктік, участокке, участогтер, участогі,
рояльдің т.б.
Өйткені қазақтың өз сөздерінде
к, г дыбыстары
еш
уақыт жуан
а, ы, о дыбыстарымен келмейді (айтылмайды).
§20. Қазақ тілінде сөз соңында екі дауыссыз қатар келетін
сөздер бар. Бірақ кез келген дауыссыздар сөз соңында қатар
келе бермейді. Тек алғашқысы
л, р, м, н, ң деген сонор ды-
быстар, соңғысы
т, с, п, ш, қ, к деген қатаң дыбыстар болып
тіркесіп келеді. Мысалы:
жалт, қалт-құлт, қарт, қант, ант,
қарс (
қарс айрылды дегендегі),
күмп (суға
күмп берді),
қарш-
қарш, дүңк (дүңк етті),
қарқ-қарқ (қарқ- қарқ күлді)
т.б.
Мұндай
сөздердің басым көпшілігі
жалт-жұлт, қарқ-қарқ,
күңк (етті) сияқты еліктеуіш сөздерде екі дауыссыз қатар
айтылып, қатар жазылады.
Бұл сөздерді айтуда сөз соңындағы екі дауыссыз күрт, шұ-
ғыл дыбысталады, яғни араларына
ы, і сияқты дауыстыларды
салмайды:
жалт (жалыт емес),
күрт-күрт (күріт-күріт
емес),
жалт-жұлт (жалыт-жұлыт емес) т.т.
Қазақ тілінде сөздің үш дауыссызға аяқталуы – мүлде жоқ
құбылыс. Сондай-ақ жоғарыда көрсетілгендей, сонорлар мен
қатаңдардың қабаттасуынан өзге дауыссыздардың қатар ке-
луі де – орын алмайтын құбылыс. Қазақ тіліне енген орыс
және интернационалдық сөздер, әсіресе жер-су, қала аттары
қатарынан бірнеше дауыссыз дыбысқа аяқталып келе бер-
мейді. Мысалы:
пункт, Омск, фонд, митинг, штамп, шланг,
факт, рецепт, экспромт, киоск, лифт. Бұл сөздер қазақ тілін-
де жеке айтылғанда, соңғы қатар келген екі-үш дауыссыздың
не сондарынан, не орталарында
ы, і дәнекер дыбыстар салып
айтылады:
пункіт, Омскі, фонды, митингі, штампы, шлаңгі,
факті, рецепті, экспромты, киоскі, лифті. Бұлардың ішінде
қатаң дыбыста
(факт, рецепт , киоск, лифт), сонор мен қатаң
да
(шланг, штамп, экспромт), сонор мен ұяң дыбыс та
(фонд,
митинг), тіпті үш дыбыс та
(алдыңғысы сонор,
қалған екеуі
қатаң –
пункт) қатар келген.
Қазақ тілі үшін үйреншікті емес (яғни фонетикалық
жүйесіне сай келмейтін) дыбыстарға аяқталатын мұндай
сөздердің бірқатарына, атап айтқанда:
нд, мп, кт, нк, нг, мб,
Достарыңызбен бөлісу: