Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет75/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   151
жанын   шүберекке   түю    образ.  Сондай-ақ  көлеңкесінен   қал-
тыраған   (қорыққан  болса   керек),  қылтасы   қалтырап   (тізе-сі
қалтырап  деудің   орнына),  жүрегіне   мұзды   су   құйып
жібергендей (жүрекке су құю  деген образды қазақ айтпаса ке-
рек), біреу қыз алып қашса, біреу босқа (қызығына болу ке-рек)
қашады   (Қ.Жұмаділов),   мұрттарын  балта   кесер   ме  (бал-та
шабар   ма  деудің   орнына),  аузынан   азу   тісі  аршылғанша
(түскенше  болса керек,  егер  аршылу  етістігі қолданылса,  аузы-
нан  емес,  аузы  болуы керек,  өйткені аршылатын    азу тіс емес,
ауыз ғой, демек, бұл қолданыста бір ауытқу, бір грамматикалық
қате бар), елмен (көппен болуы керек) көрген – ұлы той, абы-
ройын айрандай ақтарып алған (Қажыбаев) (төгіп болса
168


керек: ақтару – саналы түрде істелетін нәтижелі іс, ал төгу
– абайсызда болатын шығынды іс, демек, бұл етістік атаула-
ры бірін-бірі алмастыра алмайды), жібек шыттай үлбіреу
(жібектей немесе жібек матадай болса керек, өйткені шыт
– мақта матаның атауы, бір мата әрі жібек, әрі шыт деп атал-
майды ғой), менің көңілім қайысты – қабырға қайысады, ал
көңіл қалады, жабырқайды) т.т. Осылардың барлығы тұрақты
құрылымдарды   уәжсіз   құбылту   болып   шығады.   Бұлар   –
норма-дан жөнсіз ауытқулар.
Мақал-мәтелдердің құрамындағы сөздерді себепсіз өзгерту
тіпті жиірек кездеседі. Мысалы, «жерден жеті теңге» (халық
қоян деп айтады) тапқандай; қызғыштай қорғап (қорып болуы
керек); «қуырдақ (дұрысы: ет) тәттілігін қойса,
мен ұрлығымды қояр ем»; «бір аязын екі етікке тығып»
(С.Досанов);  «алақанындағы  аялысы»  (аяулысы  болар?  –
Тілеуханов); «хабарына кіріп шықпайды» (қаперіне болар? –
Қ.Исабаев).   Жазушының   (Т.Жұртбаев)  Ерегіскен   ел   болмас
деп   келтірген   мәтелі   –   сірә,   Махамбет   ақынның   атақты
Егескен  жау   ел   болмас  деген   өлең   жолының   қайталанған
варианты бо-лар. Жазушы егер бұл әдемі сентенцияны орайы
келіп   тұрғанда   қолданғысы   келген   болса,   сөздерін   бұзбай
алуы қажет еді, өйткені  егесу  етістігінің де,  ерегісу  сөзіндегі
сияқты   «аразда-су»,   «жанжалдасу,   дауласу»   семантикасы
болғанмен, бұл сен-тенция осы бір бейтаныстау, бірақ тілде
бар тұлғаның (егесу сөзінің) қатысуымен әсерлі болып тұр.
Сөздерді   өз   орнында   жұмсамау   этнографиялық   ұғымдарға
байланысты   қалыптасқан   қолданыстарды   (сөз   тіркестерін,
күрделі   етістіктерді,   мақал-мәтелдерді   т.б.)   бұзып,   олардың
құрамын   өзгертіп,   компоненттерін   мағыналас   синонимдер-мен
ауыстырып  атауда  көзге түседі.  Мысалы,  құйрық-бауыр  жеу  
этнографиялық   рәсім   атауы,  ол  құда   түскендерге  келісім   беру
рәсімі,   сондықтан   бұл   тіркес   көбінесе  құда   бо-лып,   құйрық-
бауыр жесті түрінде қолданылады. Осы күрделі этнографизмді
құйрық-бауыр   асасып   тарасты  деп   өзгертіп   қолданғанда
(У.Қалижанов) оны рәсім атауы ретінде емес, жай ғана тағам жеу,
қонақ болу мағынасында деп түсінуі керек бо-лады. Сол сияқты
бел  сөзі  бел   баласы,  бел   құда  тіркестерінде   келіп,   біріншіде
«әкесінің өз баласы, туған баласы» ұғымын
169


береді, ал бел құдалар деген этнографиялық атау – тумай жа-
тып ұл-қыздарын атастырған адамдардың атауы. Сондықтан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет