Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


  Ұн, жарма жəне құрама жемнің физикалық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет165/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   269
14.7.  Ұн, жарма жəне құрама жемнің физикалық қасиеттері 

 

Ұн  жəне  жарманың  да  сақтау  жəне  тасымалдау  барысында 

сусымалылық, қуыстылық, сорбциялық сияқты қасиеттерін жəне 

жылу  физикалық  сипаттамаларын  біліп,  оны  ескеріп  отыру 

қажет. Бірақ, ұн мен жарманың қасиеттері олардың шыққан тегі 

дəндерден өзгеше болып келеді. 



Сусымалылығы. Ұн өлшемі, формасы бойынша сан түрлі өте 

майда бөлшектерден тұрады. Бұлардың үйкелу коэффициенттері 

едəуір  жоғары,  сондықтан  ұнның  жəне  кебектің  сусымалылығы 

дəндердікінен  төмен.  Ылғалдылығы  жоғарылаған  сайын  ұнның 

сусымалылығы  төмендейді.  Ылғалдығы 16%-дан  асса,  ұн  тіпті, 

сусымайтын өнімге айналады. 

Жарманың  түрлері  көп.  Олардың  сусымалылығы  да  əртүрлі. 

Жарма  алынған  дəндернен  оның  сусымалылығы  аз  да,  көп  те 

болуы  мүмкін.  Мəселен,  күріш  дəндердің  сусымалылығы  оның 

жармасының  сусымалылығынан  аз,  ал  тары  дəндердің 

сусымалылығы жармасынан əлдеқайда жоғары.  

Бөлшектері  сынғыш  құрылымды  жарма  өзі  төгетін 

қондырғыда  жылжығанда  үгіліп  қалады,  сондықтан  оны  ыдыста 

тасымалдап, сақтайды.  



Қуыстылығы.  Ұн  мен  жарманың  қуыстылығы  шамамен 40-

60%  болады.  Ұнның  бөлшектері  өте  майда  болып  келетіндіктен, 

оның  қуыстылығы  майда  тесікті  құрылымды  болып  келеді.  Бұл 

ұнның  газ  өткізгіштігін  төмендетеді,  газ  алмасуды  қиындатады 




 

347


 

жəне кене мен басқа да жəндіктердің ену мүмкіндігін тарылтады. 

Тек  кейбір  қоңыз  бен  көбелектердің  шымыр  денелі  дернəсілдері 

ғана қаптағы не қоймадағы ұнның ішіне еніп жайлай алады. 

Жарманың қуыстылығы оның бөлшектерінің өлшеміне қарай 

дəндердің  не  ұнның  қуыстылығына  ұқсас.  Мəселен,  қарақұмық 

пен  күріш жармаларының  бөлшектері  ірі  болғандықтан олардың 

қуыстылығы  дəндердікіне  жақындау.  Өте  майда  бөлшектерден 

тұратын  ұнтақ  жарманың  қуыстылығы  ұндікіне  жақын.  Кебек 

бөлшектерінің  ірі  құрылымы  жəне  дəндер  қабықтары 

бөлшектерінің  кеуектілігі  кебекті  борпылдақ  жəне  жеңіл 

салмақты өнім жасайды. 

Ұнның  қуыстылығы  бөлшегінің  пішіні  мен  ірілігіне  ғана 

байланысты  емес,  сонымен  қатар  силос,  шанақ,  тасымалдауға 

арналған  контейнер  немесе  қапты  толтыру  əдісіне  де 

байланысты.  

Ұн  мен  жарманың  сорбция  мен  десорбциялық  қасиеттері 

жоғарырақ,  бірақ  сорбциялық  сыйымдылығы  дəндердікінен 

айтарлықтай  төмен.  Бұл  ерекшелікті  əрі  қуыстылықтың 

сипатымен əрі дəндердің құбырлығының бұзылуымен түсіндіруге 

болады.  Дəндердің  қабыршақтарының  алынып  тасталуына 

байланысты  түтікшелік  ылғалдың  үлесі  дəндердегіден  гөрі  күрт 

азаяды.  Осыған  байланысты  ұн  мен  жарма  қоршаған  ортадан 

ылғалды тезірек сіңіреді. Дегенмен, ұн мен жарманың тепе-теңдік 

ылғалдылығы  дəндердікінен  азырақ  болады.  Ылғал  ұнның 

бөлшектерімен адсорбция мен абсорбция жолымен байланысады. 

Ұн дəндерден гөрі едəуір су буын ауадан тез сіңіріп жəне ертерек 

тепе-теңдік  ылғалдылық  деңгейіне  жетеді.  Бірақ  ұнның  тепе-

теңдік  ылғалдылығы  əруақытта  дəндердікінен  аз,  төмен,  себебі 

ұнда капиллярлық конденсация аз деңгейде болады.  

Ұнды  қоймада  қаптаулы  күйінде  сақтаған  кезде  оның 

ылғалдылығы  қаптың  тысынан  шамамен 10 см-дей  қабатында 

ғана өзгереді де, одан іш қабатында ылғалдылық тұрақты болып 

қала береді. 

Ұнға 

да 


сорбциялық 

гистерезис 

құбылысы 

тəн. 


Десорбцияның  салдарынан  ұнның  гидратты  қасиеті  төмендейді. 

Мұндай  ұн  дымқыл  ауалы  қоймада  сақталып  жатқанда,  кейде 

ылғалды  аз  сіңіріп,  тепе-теңдік  ылғалдылығы  соған  орай  аз 

болады.  Ұнның  тепе-теңдік  ылғалдылығының  шамасы  оның 




 

348


 

шығымына  байланысты.  Ең  жоғары  ылғал  сіңіргіштік  қабілеті 

шығымы 96%-дық  ұнда  анықталған.  Əрине,  бұдан  ұнның 

сорбциялық  сыйымдылығы  төмендігінен  оны  сақтау  кезінде 

физиологиялық үдерістер өрбімейді деген тұжырым тумауға тиіс. 

Ол құбылыстар үшін ұндағы ылғалдың жалпы мөлшері жеткілікті 

болуы  əбден  мүмкін.  Бұл  сақталып  жатқан  ұнның  ылғал 

мөлшерінің  əр  қабатында  əртүрлі  болатындығында.  Іс  жүзінде 

ылғалдылықты  анықтайтын  əдістер  ұнның  сынама  өлшемінде 

ғана ылғалдың жалпы сан мөлшерін ғана анықтайды, бірақ оның 

əртүрлі  қабаттарында  қалайша  бөлінгенін  біле  алмауы  мүмкін. 

Сондықтан  ұнның  сорбциялық  қабілетінің  оның  əр  қабатында 

əртүрлі  болатындығын  есте  ұстау  керек.  Ылғалдың  біркелкі 

бөлінбеуі,  əсіресе,  ұнның  ылғалдылығы  біршама  жоғарылау 

болатын бет жағында жəндіктердің өсіп-өнуіне жағдай туғызады. 

Ұнды  сақтау,  фумигациялау  жəне  тасымалдау  кезінде  есте 

болатын жайт- ол ұнның əртүрлі заттардың булары мен газдарын 

тез  сіңіруімен  бірге,  олардың  иісін  де  сондай  тез 

қабылдайтындығы. 

Жарманың 

ылғал 

сіңіргіштік 



қабілеті 

дəндердің 

сіңіргіштігіндей не одан сəл ғана төмендеу болып келеді. 

Күріш,  арпа,  бидай  жармаларының  ылғал  сіңіргіштігі  осы 

дақылдардың  дəндерінен  төмендеу.  Ал  тары  жармасының  тепе-

теңдік  ылғалдылығы  тары  дəндерінен  жоғарылау.  Жармаға  да 

сорбциялық  гистерезис  тəн.  Мысал  ретінде  тары  мен  күріш 

жармаларының  тəжірибе  жүзінде  алынған  сорбция  жəне 

десорбция изотермаларынан көруге болады (95-96 -суреттер).

 

Ұнның,  жарманың  жəне  кебектің  дəндердікі  сияқты  жылу 



жəне  температура  өткізгіштік  қабілеттері  өте  төмен.  Дəндерден 

гөрі бұл өнімдердің жылу конвекциясы жалпы баяу түрде жүреді. 

Оның себебі олардың қуыстылығының ерекше құбырлығында. 

Өте төмен жылу өткізгіштігіне байланысты ұнды ұзақ уақыт 

сақтау үшін алдын ала салқындатып мұздату керек. Ұнның жылу 

физикалық  қасиеттерінің  ішінде  оның  жылу  сыйымдылығының 

орны  бөлек.  Ол  қамыр  илеу  кезінде  ашытуға  қажет 

температуралық жағдай жасалу үшін керек. 

 



 

349


 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет