Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


  Астық массасының микрофлораларының



Pdf көрінісі
бет177/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   269
16.2.  Астық массасының микрофлораларының  

сипаттамасы жəне жіктелуі 

 

Астық  микрофлорасы  тіршілік  ету  сипатына  қарай  жəне 

дəндерге 

қалай 


əсер 

етуіне 


байланысты: 

сапрофитті, 

фитопатогенді,  патогенді  (адамдар  мен  жануарлар  үшін)  болып 

үш топқа бөлінеді . 

Сапрофитті 

микроорганизмдер 

эпифитті 

жəне 


өзге 

сапрофитті  болып  бөлінеді.  Сапрофитті  микроорганизмдер 

ішінде  өсімдікке  зиян  келтірмейтін,  өсімдік  пен  дəндердің 

зақымданбаған қабығынан оның ішіне өте алмайтын, қоректі көп 

талап  етпейтіндері  де  болады,  өйткені  олар  торшық  бөлінуі 

арқылы тіршілік етеді. Бұл микробтар эпифитті деп аталады жəне 

олар дəндер жетіліп, қалыптасқан кезде сау өсімдіктерге түсетін 

микроорганизмдерге  жатады.  Сан  жағынан  эпифиттер  түрлері 

шектеулі.  Өзге  сапрофиттер – астыққа  кездейсоқ  топырақтан 

немесе өнім жинау кезінде түсетін микроорганизмдер. 

Сапрофитті микроорганизмдер дəндер мен тұқымның сыртқы 

қабығының  макроқуыстарында  орналасады.  Олардың  өсіп-өнуі 

үшін  органикалық  заттар  қажет.  Кейбір  сапрофиттер  қоректік 

заттарды  дəндернен  алады,  сөйтіп  оның  химиялық  құрамы  мен 

физикалық  қасиеттерін  өзгертеді  жəне  дəндердің  сапасын 

нашарлатады.  Сақтау  кезіндегі  дəндердің  сапасын  тек 

сапрофиттер  мен  кейбір  жартылай  паразитті  микроорганизмдер 

өзгертетіні  дəлелденген.  Сапрофиттер  дəндердің  сапасын,  тіпті, 

олар жақсы сақталған жағдайда да төмендете алады. 

Фитопатогенді 

микроорганизмдер 

өсімдіктерді 

ауруға 

ұшыратып, дəндер сапасына нұқсан келтіреді. Астыққа патогенді 

микроорганизмдердің  түсу  мүмкіндігін  ескеру  жəне  инфек- 

цияның таралуына жол бермеу жағын қарастыру қажет. 




 

374


 

Сапрофитті микроорганизмдер. 

Сапрофитті  микроорганизмдерге  бактериялар,  ашытқылар, 

зең саңырауқұлақтары мен актиномицеттер жатады. 

Бактериялар 

жаңа 

орылған 


жəне 

сапалы 


астық 

партияларында  басқа  микроорганизмдер  түрлеріне  қарағанда, 

көбірек  кездеседі.  Бактерияның  негізгі  өкілдері Pseudomonas 

дейтін түрлеріне (тобына) жатады. 



32-ші 

кестедегі 

Л.А.Трисвятский 

мəліметтері 

дəнді 


дақылдардағы  микроорганизмдердің  əртүрлі  топтарына  түсінік 

береді.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет