Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Температураның əртүрлі микроорганизмдер тобы үшін мəні



Pdf көрінісі
бет185/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   269
Температураның əртүрлі микроорганизмдер тобы үшін мəні 

33-кесте 

Микроорганизмдер 

тобы 

Температура,



о

С 

ең жоғары /max/ 



ең төменгі 

/min/ 


ең қолайлы 

/opt/ 


Психрофильді -8-0 10-20 

25-30 


Мезофильді 5-10 20-40 

40-45 


Термофильді 25-40 50-60 

70-80 


 

Температураның 

қолайлы 

деңгейден 

жоғары 

болуы 


микроорганизмдердің 

тіршілік 

қабілетін 

төмендетіп, 

термофильден  басқа  микробтарды  өлтіреді (40-50

о

С-тан  жоғары 



температура).  Əйтсе  де,  тым  жоғары  температура  дəндердің 

сапасы үшін де қауіпті. 

Төмендегі 

температурада 

микроорганизмдер 

өсуін 


тежегенімен, одан олар өлмейді. 

Микроорганизмдер  тіршілігінің  нашарлауы  температура 8-

10

о

С  болған  жағдайда  байқалады.  Мұндай  кезде  ылғалдылығы 



жоғары  емес  дəндерде  бактериялар  мен  зең  саңырауқұлақ- 

тарының  дамуы  баяулайды.  Астықтың  ылғалдылығы  жоғары 

болса, 8-10 

о

С  температурадан  пайда  жоқ,  бұл  уақытта  онда  зең 



саңырауқұлақтарының өршуі мүмкін. 

Астықты  минус  температураға  дейін (-5; -8; -12

о

С) 


салқындату микроорганизмдер дамуын тек тоқтататындығын есте 

ұстаған  жөн.  Микробтар  тіпті, -20

о

С-та  да  өлмейді.  Жылыған 



кезде  олар  қайта  көбейе  бастайды.  Сонымен,  астықты 

салқындату,  оны  микроорганизмдер  кеселінен  қорғап,  сапалы 

сақтауға мүмкіндік беретін пайдалы шара болып табылады. 

Дəндераралық ауа да микроорганизмдер тіршілігін шектеуші 

факторлардың бірі. Оттегін қажет етуіне не етпеуіне қарай, олар 



 

383


 

аэробты  жəне  анаэробты  деп  бөлінеді.  Мұның  біріншілері  үшін 

оттегі  қажет,  екіншілері  оттегі  белгілі  бір  мөлшерде  болатын 

ортада  жəне  тіпті,  оттексіз  ортада  тіршілік  ететін  екі  топқа 

бөлінеді. 

Астық  микрофлорасы  негізінен  аэробты  микроорганизмнен 

тұрады,  олар  дəндераралық  ауада  оттегі  жеткіліксіз  болған 

жағдайда тіршілігін тоқтатады. Дəндераралық ауа жеткілікті жəне 

басқа  да  қолайлы  жағдай  болғанда  (ылғалдылық  пен 

температура) 

микроорганизмдердің, 

ең 


алдымен, 

зең 


саңырауқұлақтарының  жедел  дамитыны  байқалады.  Астық 

массасы  микрофлорасының  дамуындағы  мұндай  заңдылықтың 

зор  практикалық  мəні  бар,  олар  дəндерде  ауасыз  ортада  сақтау 

тəсілін негіздеу үшін пайдаланылады. 

Жаңа  жиналған  астықта  сақтаудың  бастапқы  кезінде 

микроорганизмдердің  өсуі  үшін  қажетті  жағдай  жеткілікті 

болады.  Бұл – дəндер  үшін  ең  қауіпті  кезең.  Сақтау  мерзімінің 

ұзаруы,  дəндер  арасында  көмірқышқыл  газының  жиналуы, 

сондай-ақ  астықтың  барлық  жанды  бөлшектерінің  тыныс  алуы 

үшін  пайдаланылатын  оттегі  мөлшерінің  азаюына  қарай 

микроорганизмдер  үшін  қажетті  жағдай  нашарлайды.  Бұл 

аэробты микрофлора тіршілігін басып, микроорганизмдер санын 

азайтады. Мұндай жағдай зең мицелийлері өсуін тоқтатып, спора 

жасау  қабілетінен  айырылады,  бар  споралардың  өзі  одан  əрі 

өнбейді, анаэробты микроорганизмдер дамымайды. 

Астық  массасын,  ең  алдымен,  оның  микрофлорасын  қорғау 

кейбір  зерттеушілер  пікіріне  қарағанда,  жоғары  мөлшердегі 

көмірқышқыл  газының  əсер  етуі  нəтижесінде  аэробты 

микроорганизмдердің,  ең  алдымен,  зең  саңырауқұлақтарының 

қырылуы  арқылы  жүзеге  асады.  Əйтсе  де,  көптеген 

зерттеушілердің  тəжірибе  мəліметтері  микроорганизмдердің 

тіршілігіне қажетті оттектің жоқтығынан өлетінін дəлелдейді. 

Сонымен  астық  сақтау  кезіндегі  қолданылатын  желдету 

барысында  ауаның  өтуін  тиімді  пайдалану  керек.  Астықты 

аэрациялау  микрофлораға  былайша  əсер  етеді:  ауаның  азаюы, 

оттегі  қорының  кеміп,  дəндер  аралықтағы  көміртегі  газының 

жиналуы  микрофлораны  тұншықтырып,  оның  санын  азайтады; 

дəндерді  салқындату  мен  ылғалдығын  төмендету  арқылы 

берілетін  ауада  микроорганизмдер  дамуын  тоқтатады;  ылғалды 



 

384


 

дəндерді  желдетіп,  қопсытқанымен  оның  ылғалдылығы  мен 

температурасы  қолайлы  деңгейге  түсірілмесе  мұның  өзі 

микроорганизмдердің,  ең  алдымен,  зең  саңырауқұлақтарының 

дамуына себепші болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет