Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет179/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   269
    Бұл бет үшін навигация:
  • Aspergilus
Зең саңырауқұлақтары 

Зең  саңырауқұлақтары – астық  құрамында  мəні  жағынан 

екінші  орында  тұратын  микроорганизмдер  тобына  жатады. 

Жалпы  микроорганизмдер  мөлшеріндегі  олардың  үлесі 1-2%. 

Қатты  қоректік  ортада  саңырауқұлақтар  мақта  тəрізді  немесе 

үлпілдек колониялар түзеді. 

Зең  саңырауқұлақтары  қоршаған  орта  жағдайына  онша  қөп 

талап  қоймайды,  соған  орай  ылғалдылық  пен  температураның 

жоғарғы жəне төменгі шегі аралығында өсіп-өнуіне қабілетті. 

Қолайлы  жағдай  туған  кезде  зең  саңырауқұлақтарының 

споралары өніп, мицелий жəне өнім беретін орган пайда болады 

(99-сурет). 

Зең  саңырауқұлақтары  дəндердегі  органикалық  заттар 

есебінен  өсіп-өнетіндіктен,  дəндердің  салмағы  кеміп,  сапасы 

төмендейді  немесе  бүтіндей  бұзылады;  дəндердің  түсі  өзгеріп, 

жағымсыз дəм мен иіс пайда болады. 

Зеңдердің  жалпы  құрамына  жалпы  саңырауқұлақтың 60-тан 

астам  түрі  енеді.  Дəндердің  сақталуы  мен  сапасына  əсер  ететін 



 

377


 

«сақтау  зеңдері»  деген  атқа  ие  болған  Aspergilus  жəне 



Penicillium  (туыстастар)  тобына  жататын  саңырауқұлақтар. 

Астықта  өсіп-өніп,  олар  эпифитті  флораны,  соның  ішінде 

эпифитті бактериялар мен егістік зеңдерді ығыстырып шығарады. 

Астық 


қорында 

кездесетін 

мицелийлерінің 

құрылысы  



100-101-суреттерде көрсетілген. 

 

 



 

99-сурет. Зең саңырауқұлағы спорасының гифтерге  

(жас талшықтарға) айналуы (өсіп-өнуі). 

а – жетілген  (толған)  спора;  б,  в – өсіп-өніп  бара  жатқан 

споралар;  г – жас  талшықтардағы  (гифтердегі)  қалқалардың 

құрылуы  (пайда  болуы);  д,  е – гифтердің  одан  əрі  дамуы  жəне 

мицелийдің түзілуі. 

 

      100-сурет                      101-сурет              



а – Aspergilus glaucus а – Penicillium glaucum 

б – Aspergilus flaurus б – Mucor mucedo 




 

378


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет