395
жолай суық атмосфералық ауамен салқындаған дəндерге кезігеді.
Олардың өзара əсерге түсуі салдарынан астықтың үстіңгі қабаты
дымқылданады. Ауаның шық түсетіндей температураға дейін
салқындауынан да буға айналған ылғал пайда болуы мүмкін.
Үйіндінің бетіндегі ылғал буланып ұшып кетеді. Ал 0,70-1,5 м
тереңдікте жатқан қалған дымқыл дəндер көп кешікпей екпінді
жылу көзіне айналады.
Жылу мен ылғалдың астықта жоғарыға қарай ығысып
ауысуына жоғарғы қабат пен төменгі қабат арасында
температураларының айырмашылығы салдарынан туындайтын
жылу жəне ылғал өткізгіштік құбылысы орын алып, ықпалын
тигізеді.
Көктемде атмосфералық ауа жылы, ал қысқы сақтаудан
шыққан астық əлі салқын болады. Жоғарғы қабат жылуы ауа
ағынының бағытымен төмен қозғалады (жоғарғы жылыған
қабаттан төменгі салқын қабатқа қарай). Жылумен бірге үйменің
жоғарғы жағынан ылғал да төмен түседі. Жылы да ылғал ауа
салқын астықпен тоғысып, ылғалдың булануына жағдай туады.
Соның нəтижесінде физиологиялық үдерістер күшейіп, аталған
қабат температурасы өседі.
Көктемгі кезеңде үстіңгі қызу, əдетте, тоңазыған астықта
байқалады. Бұл уақытта жұқа жайылған құрғақ астықтың да
қызатыны болады.
Достарыңызбен бөлісу: