Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет192/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   269
Байланысты:
Iztaev astyk keptiru

Ұялы  қызу.  Үйіндінің  кез  келген  жерінде  пайда  болуы 

мүмкін.  Оған  себеп  болатын  жағдайлар:  қойма  төбесінің  дұрыс 

болмауы  немесе  қабырғасының  ылғал  өткізуі  салдарынан 

сақтаулы астықтың қандай да бір жерінің (бөлігінің) дым тартуы; 

бір  қоймаға  ылғалдылығы  əркелкі  дəндер  құйып,  ылғалдылығы 

жоғары  ошақтың  пайда  болуы;  сақтауға  қойылған  дəндер 

партясында 

қоспалар 

мен 

тозаңы 


көп 

(соған 


орай 

микроорганизмдер  де)  бөліктерінің  пайда  болуы;  жəндіктер  мен 

кенелердің үйіндінің бір жерінде жиналып, шоғырлануы. 

Сөйтіп ұялы қызу дəндерді орналастыру мен күтімге алудың 

негізгі  ережелері  бұзылғанда  пайда  болады.  Үйіндінің 

физиологиялық  екпінділігі,  үдемелігі  жоғары  бөлігі  өздігінен 

қызу ошағы ұясына айналады. 

Қабатты  қызу.  Астықты  қоймаларда,  элеваторларда, 

үймелерде  сақтау  кезінде  пайда  болады.  Қызатын  қабаттың 

орналасуына  қарай  оның  үстіңгі,  астыңғы  (төменгі),  тік  қабатты 

түрлері  кездеседі  (103-сурет).  Қызу  түрлерінің  атына  сəйкес 

қызған  дəндер  қабаты  үйменің  жоғарғы,  төменгі  жəне  бір  бүйір 

жағында  болуы  ықтимал.  Бұл  қабаттарда  сыртқы  ауаның, 

қабырға, еденнің əсерімен температура ауытқып отырады. Соның 

нəтижесінде  аталған  жерлердегі  астықтың  температурасы 

өзгереді.  Оның  шық  түсетіндей  температурадан  төмен 

салқындауынан ылғал буға айналып, микроорганизмдер, əсіресе, 

зең саңырауқұлақтары қаулап өрбиді. 

Үйменің  жекелеген  қабаттарының  дымқылдануы – қабаттың 

өздігінен  қызуының  міндетті  шарты.  Сақтау  кезінде  астықтың 

ылғалдығына жасалған. 




 

394


 

 

103-сурет. Астықтың қабатты қызуының түрлері 



а,ғ – астыңғы  (төмеңгі);  ə,  в – үстіңгі  (жоғарғы);  б-тік 

(вертикаль) қабатта (қоймада); г-тік (вертикаль) қабатта (элеватор 

қорабында)  бақылау  бұған  айқын  дəлел,  өйткені  дəндер 

қабатының  қызудың  бастапқы  кезеңіндегі  ылғалдығы 1-2% 

жоғары болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет