2.3. Кептіру агенті жəне жылу тасығыш
Кептіргіш жұмыс істеу үшін астықтағы ылғалдың буға
айналуы жеткіліксіз, оны аппараттан шығару керек. Ол үшін
жылумен кептіруде əдетте, кептіру агенті, ал сорбциялы тəсілде –
барлық сорбциялы материалдар қолданылады, мысалы, кебу,
астықтың осы жəне басқа да тұқымдастары. Кептіру агенті (кейде
кептіргіш агенті дейді) – жұмысшы денесі термодинамикалық
жұмыс істейді, өзінің энергиясын астықтың ылғалға булануын
шығындайды. Кептіру агентінің сапасын анықтауда ауа немесе
қоспа қолданылады.
Кейбір жағдайларда кептірудің терморадиоционды əдісі
қолданылады. Күн сəулесімен жəне ауамен кептіруді үй
шаруасында тұқым мен жүгері кептіру үшін, ал инфрақызыл
сəулемен кептіруді зертханалық
зерттеу
жұмыстарында
қолданылады.
Конвективті кептіру кезінде ылғалдың буға айналуы қажет,
астықты кептіру агентіне жіберіп, астықты қыздырады. Егер
кептіргіш агентке жылу жеткіліксіз жіберілсе, онда астық кептіру
үдерісі кезінде өзінің жылуын ылғалдың буға айналуы үшін
салқындатып жібереді.
Кептіргіш агенті жылу алмастырғышта қыздырылады
(калориферде), жылудың жылу ұстағышқа енгізілуі: ыстық газбен
(1-сурет, а), сумен, бумен (1-сурет, ə) немесе электр
қыздырғышпен (1-сурет, б) қыздырылады. Кептіргіш агентін
қыздыру үшін күн сəулесінің энергиясын да пайдалануға болады.
24
1-сурет. Кептіргіш агрегат сызбасы
Кептіргіш агентінің жылу ұстағыштан негізгі айырмашылығы
ол жұмысшы дене болып табылмайды, яғни жұмыс жасайтын
дене астықтан ылғалды шығарумен байланысты.
Қазіргі заманғы кептіргіштерде бір агрегаттық күйде
кептіргіш агенті сияқты (кептіру үшін) жылу тасымалдағыш
(астықты кептіру алдында жылыту үшін қыздыру агенті)
қолданылады.
Пеш оттығындағы ауа ысыған кезде ауа мен отынның жанған
өнімдері араласады. Бұл жағдайда кептіру агенті жылу тасығыш
(пеш оттығының газдары) пен ауаның қоспасы болып табылады.
Мұндай тəсілмен алынған кептіру агенті химиялық құрамы
жағынан атмосфералық ауадан көмірқышқыл газы, көміртегі
оксидтері, көмірсулардың мөлшері көп болуымен ерекшеленеді.
Дегенмен, кептіру агентіндегі жылутасығыш концентрациясы өте
аз. Мəселен, тікелей ағысты шахталық астық кептіргіштерде 5%-
дан аспайды, ал камералық жүгері кептіргіштерде – 1...2%.
Сондықтан көп жағдайда мұндай кептіру агенті физикалық
қасиеттері жағынан атмосфералық ауадан ерекшеленбейді.
Отынның жағылуы кезінде түзілетін балласт ылғалдылығының
біршама ұлғаюы кептіру үдерісіне айтарлықтай əсер етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |