Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод



Pdf көрінісі
бет101/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   134
7. Өзін-өзі бақылау
8. Сізге төлеген мөлшерден де артық 
жұмыс істеу әдеті
9. Қызықты тұлға
10. Ойдың дәлдігі
11. Назар салу қабілеті
12. Байланысқа бейімділік
13. Сәтсіздіктен пайда түсіру
14. Шыдамдылық
15. Алтын ережені қолдану
«ӨМіР ЫДЫСЫ» ТҰСПАЛЫ
Бірде бір дана өзінің шәкірттерінің алдында, үлкен 
шыны ыдысты алып, оны ірі тастармен ернеуіне 
дейін толтырыпты.Осыны жасап біткеннен кейін, 
ол шәкірттерінен ыдыс толды ма деп сұрапты. 
Барлығы «иә, толық» деп жауап беріпті. Сол кезде 
дана майда тастар қорапшасын алып, ыдысқа ша-
шып, оны сәл сілкіпті. Майда тастар ірі тастардың 
арасына жайылып, ыдысты толтырыпты. Осы-
дан кейін дана шәкірттерінен ыдыстың толған-
толмағандығын сұрапты. Олар тағы да ыдыстың 


181
Құмырсқалар мұқтаж адамдардан теріс айналмайды
181
толғанын растапты. Ақырында, дана құм салынған 
қорапшаны үстелден алып, жаңағы ыдысқа себеді. 
Әрине, себілген құм тастардың арасындағы ашық 
аралықтарды толтырды.
– Енді, – дана шәкірттеріне қарап, былай 
депті: – Осы ыдыстан өз өмірлеріңді көргендеріңді 
қалаймын. Ірі тастар өмірдегі ең маңызды заттар-
ды бейнелейді: сіздердің жолдарыңыз, сенімдеріңіз, 
отбасыларыңыз, сүйікті адамыңыз, денсаулығыңыз, 
балаларыңыз – бұлар басқаларға қарамастан сіздің 
өміріңізді әрқашан толықтырады. 
Майда тастар онша маңызды емес заттарды, 
мысалы, жұмыс, үй немесе қызығушылықтарды 
білдіреді. 
Құм – өмірлік ұсақ-түйектер, күнделікті әбігер-
шілік. Егер басында ыдыстарыңызды құммен тол-
тырып тастасаңыз, ірі тастарға орын қалмай 
қалады. Өмірде де солай: егер сіздер бүкіл күш-
қуатыңызды ұсақ-түйектерге жіберсеңіз, ірі және 
маңызды істерге ешнәрсе қалмайды. Сондықтан, ең 
алдымен маңызды заттарға назар аударыңыз, бала-
шағаларыңа және сұйгендеріңізге уақыт тауып, 
денсаулығыңызды күтіңіз.
Сізде жұмысыңызға, үйіңізге, тойлауға және 
барлық қалған заттарға жеткілікті уақыт қалады. 
Ірі тастарыңызға қараңыз, тек солар құнды, ал 
қалғандары – жай құмдар....


182
Мен және Ақша
қҰМырсқА
ФӘлсАпАсы
Ежелден құмырсқалар өздерінің ортақ 
қозғалыстарының айқын ұйымшылдығымен, 
өз өмірлерінің тәртіптілігімен адамдардың на­
зарын аудартып, еңбекқұмарлығымен және 
шыдамдылығымен таң қалдырып келеді. Табиғат 
үндестігінен адамдар көптеген сауалдарға жауап 
алуға тырысты. Құмырсқалар қашанда адам үшін 
мақсатқа талпынушылық пен қажырлықтың үлгісі 
болды, адам олардан кедергілерден қорықпауды
өз күшіне сенуді, мақсаттарына жетуді үйренді. 
Құмырсқаларға көптеген афоризмдер мен нақыл 
сөздер арналған. 
Олардың кейбірлері мыналар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет