Құмырсқалар біріксе, арыстанды да жеңеді. Жалқау болсаң, құмырсқаға барып ақыл ал. Ешқандай дыбыс шығармай өмір сүретін құмырсқадан артық тілі шешен уағызшы жоқ. Құмырсқа әлсіз, бірақ соған қарамастан та- сты да жарады. Құмырсқа денесімен кішкентай болса да, ісімен ұлы. Кішкентай құмырсқа кішкентай нәрсеге тоқ. Құмырсқаның басы тарының дәніндей болғанмен, ақылы – шолан.
183
Философия муравья Құмырсқа кішкентай болса да, тау қопарады. «Әй, жалқау, құмырсқаға барып, оның қимылына қарап, ақыл ал. Оның бастығы да, сақшысы да, әміршісі де жоқ, бірақ ол жаз- да нанын дайындап, егін жинаған уақытта өз тамағын жинайды». Библия «Кішкентай болса да құмырсқа жаз бойы қыстық асын дайындайды, әлсіз болса да ор қоян өз баспанасын шыңдарға салады». Соломоновтардың нақыл сөздер кітабы «Егер кімде-кім аспаннан жерге қарай алса, адамдар мен құмырсқалардың, екінші жағынан бал аралары мен құмырсқалардың жұмыстары арасындағы қандай айырмашылықты байқар еді?» Цельс «Бізді көбінесе киттердің үлкен денелеріне қарағанда, кішкентай құмырсқалар мен аралардың қимылы таң қалдырады.» Св.Августин «Кішкентай болса да, ұятты емес. Ақыл- парасатымыз жеткізуге мүмкіндік бергендей,