Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод


Құмырсқалар мұқтаж адамдардан теріс айналмайды



Pdf көрінісі
бет99/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   134
Байланысты:
2 5332646650437436556

Құмырсқалар мұқтаж адамдардан теріс айналмайды
сылай болады – біз жоғалтудан қорықсақ – 
жоғалтамыз, ауырып қалудан қорықсақ – ауыра­
мыз, мәселелерден қорықсақ – олар қаптап кетеді. 
Өз қорқыныштарыңызға қадалып қалмаңыз, олар 
сізді артқа сүйреп, үміттеріңізден айырады.
Өзіңізді оң энергиямен қуаттандырып, деніңіз 
сау болғанын қаласаңыз, денсаулығыңыз жай­
лы ойлаңыз, бай болғыңыз келсе, байлық жай­
лы ойлаңыз, сізді жақсы көргенін қаласаңыз, 
жақсы көре біліңіз. Қаламаған нәрсеңізге қадалып 
қалмаңыз, өз қалауыңыз бен армандарыңызға 
бағытталыңыз. Бұл олардың іске асырылуына 
қажетті жағдайларды жасайды.


178
Мен және Ақша
10. ТӨРТ БІРЕГЕЙ КІТАП
А. Жетістіктер туралы кітап
В. Даналық туралы кітап
С. Жеңістер туралы кітап
D. Идеялар туралы кітап
Осы төрт бірегей кітап сіз үшін қажет болып та­
былады. Осы кітаптар сіздің өмірлік жетістіктеріңіз 
туралы, сіздің үлкен және кіші жеңістеріңіз туралы, 
өмірде жол көрсететін даналық кеңестер туралы, 
іске асырылуды талап ететін жақсы идеялар туралы 
жазылады. 
Төрт дәптер немесе блокнот алып, олардың 
әр қайсысына атауын жазыңыз: «Жетістіктер ту­
ралы кітап», «Даналық туралы кітап», «Жеңістер 
туралы кітап», «Идеялар туралы кітап». Аталған 
кітаптардың тақырыптарына сәйкес келетін барлық 
ойларыңыз бен әрекеттеріңізді жаза бастаңыз. Ең 
дұрысы оны әр өткен күнге талдау жасай отырып, 
өзіндік қорытынды жасай отырып күнделікті жа­
зып отырған дұрыс. Бұл өз істеріңізді келесі күнге 
жоспарлауға және оң нәтижелі жолды көрсетуге 
мүмкіндік береді. 
Жетістіктер туралы кітапқа өзіңіздің барлық 
табыстарыңызды, оң нәтижелеріңізді жазуыңыз 
қажет. Сонымен бірге, табысқа қандай жол­
мен жеткеніңізге баса назар аудара отырып, 
барлығын толық және тыңғылықты етіп баяндауға 
тырысыңыз. Табысқа жеткен кезде сезінген 
қуаныштар мен сезімдеріңізді де сипаттауыңызға 
болады. Өмірде қиындықтар туындағанда
табыстар мен жетістіктеріңіз туралы осы 


179


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет